Қабдеш Жұмаділовтың 80 жылдығына арналған
«Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері»
атты республикалық шығармашылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Байқаудың мақсаты
Ұлтымыздың көрнекті қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын, тарихымызға сіңірген еңібегін мектеп оқушыларының санасына сіңіру мақсатында «Мәртебе.кз Республикалық мәдениет және білім порталы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты республикалық байқауын жариялап отыр. Бұл осы кезге дейінгі өткен «Менің елім — Мәңгілік ел!», «Тәуелсіз ел ұланымын», «Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат» атты республикалық байқаулардың заңды жалғасы.
- Байқауды өткізу тәртібі
2.1.Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен «Mәртебе.kz Республикалық мәдениет және білім порталы» ЖШС айналысады. Сараптау комиссиясы байқау үшін уақытша құрылады. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
2.2. Байқау номинациялары:
- «Тарих тудырған талант» шығармалар немесе эссе номинациясы
- «Орамды ой, өткір тілдің алдаспаны» ақындық номинациясы
- «Жазушы туралы үздік бейнебаян немесе презентация»
- «Жазушы шығармаларын жатқа оқу» (аудио немесе видео нұсқада)
3.Байқауға қатысатындардың жас ерекшелігі:
Байқау екі жас ерекшелік бойынша өткізіледі:
Орта топ: 5-8 сынып;
Жоғарғы топ: 9-11 сынып.
Бір үміткердің екі номинацияға қатысуына мүмкіндік беріледі.
Байқауға жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды.
Қатысушы үміткерлердің жұмыстары Zhumadilov_80@bk.ru электронды почтасына қабылданады.
4.Бағалау критерилері
«Шығарма» номинациясы:
- Тақырыпқа сәйкестігі;
- Тақырыптың толықтай ашылуы;
- Оқырманға эмоциональды әсері;
- Шығарманың идеясы және мазмұндылығы;
- Пунктуациялық және орфографиялық сауаттылық.
«Ақындық» номинациясы:
- Тақырыпқа сәйкестігі;
- Тақырыптың толықтай ашылуы;
- Оқырманға эмоциональды әсері;
- Өлеңнің идеясы және мазмұндылығы;
- Өлеңнің түпнұсқалылығы.
«Жазушы туралы үздік бейнебаян немесе презентация»
- Тақырыпқа сәйкестігі;
- Тақырыптың толықтай ашылуы;
- Оқырманға эмоциональды әсері;
- Бейнебаян немесе презентацияның идеясы және мазмұндылығы;
«Жазушы шығармаларын жатқа оқу» (аудио немесе видео нұсқада)
- Тақырыптың толықтай ашылуы;
- Оқырманға эмоциональды әсері;
- Актерлік шеберлік;
- Шығарма мазмұнының толық ашылуы;
Шығарма жұмысы келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-5 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).
Ескерту: Жоғарыда жазылған талаптардың орындалуын басты назарда ұстауды сұраймыз. Сонымен қатар бөтен адамның және Интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Байқауға ұсынылатын жұмыстарда қатыгездік және адамның қадір-қасиетін кез-келген түрде кемсітетін ақпарат болмауы қажет.
4.Байқаудың қорытындысы және марапаттау
Байқау жұмыстары Zhumadilov_80@bk.ru электронды почтасына қабылданады. Қабылдау уақыты 10-25 сәуір аралығында жүргізіледі. Байқауға қабылдау уақыты өткен соң жұмыстар қабылданбайды.
Әр номинациядағы жас ерекшелік бойынша жеңімпаздар анықталады.
-Бас жүлде-диплом және медаль;
— I орын –диплом және медаль;
— II орын – диплом және медаль;
— II орын – диплом және медаль;
— III орын – диплом және медаль;
— III орын – диплом және медаль;
-III орын – диплом және медаль;
Сонымен қатар ақынның қолтаңбасы қойылған кітаптары сыйға беріледі.
Байқаудың бас жүлде иегерін дайындаған жетекші мұғалім мен оқушы Алматы қаласында өтетін Қабдеш Жұмаділовтың 80 жылдық мерекесіне шақырылады. Арнайы марапаттау рәсімі өтеді. Қаражатты келуші жақ өзө мойнына алады.
Байқаудың барлық қатысушылары және жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Байқау қорытындысының соңында жеңімпаз қатысушылардың ең үздік жұмыстары www.martebe.kz білім порталында жарияланады.
Қатысу құны- 1500 тг. Жинақ құны-3000 тг.
Біздің реквизит:
Банк атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; БИК: HSBKKZKX БИН: 960941000145
«Мәртебе.кз Республикалық мәдениет жән білім порталы»ЖШС
KZ806010002107688994- 4277045509503291
Кбе 17, КНП 859
Төлем ақы мақсаты: «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» байқауы (қатысушының аты-жөні мен төлемақы мақсаты міндетті түрде көрсетілуі тиіс).
Байланыс телефондары: 87029812964, 8747 184 09 33
Байқау жұмысының титулдық парағын толтыру реті:
- Облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
- Білім беру ұйымының атауы;
- Байқаудың және номинацияның атауы;
- Автордың аты-жөні;
- Электронды почта және байланыс телефоны;
- Жетекшісінің аты-жөні, телефон нөмірі;
- Почта индексі.
Оставить комментарий