Биыл жоғары оқу орындарына 32 мыңға жуық грант бөлінді

Опубликовано Август 4, 2016 by admin

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

04.08.16-Grants

Фото: baq.kz

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мемлекет есебінен жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін 32 мыңға жуық грант бөлген. Министрдің сөзіне сүйенсек, тегін оқуға талпынғандардың саны 59 мың 677 адамды құраған.

«Білім гранттарын бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен 2950-і дайындық бөлімдеріне, 300 орын сырттай оқуға және қалған 28 мың 452 грант күндізгі оқуға қабылданатындарға берілмек. Айта кетейін, биыл мемлекет техникалық және технологиялық мамандықтарға басымдық беріп отыр. Мұндай факультеттерге 12 мың 593 орын бөлінеді», – деді Ерлан Сағадиев. Сонымен қатар, министр талапкерлердің көпшілігі мұғалім болуға ниетті екенін, құжат тапсырғандардың дені педагогикалық мамандықтарды таңдағанын айтты.

«Сұраныстың жоғары болғандығы сондай, педагогикалық мамандықтарға бөлінген бір гранттан 23 адам үмітті. Ал, бөлінген орын бар болғаны 5 мыңға жуық. Сондықтан да ұстаздық етуді армандағандарға қойылатын талап та күшті болмақ», – дейді министр.

Талғат РАЙЫМБЕК

Оставить комментарий