Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек

Жаннат жеріміз Жетісудың жеті өзененін артқа тастап, арманы мен алмасы көп Алматыға табан тіредік. Негізгі бағытымыз киелі де қасиетті қарт қала Тараз. Республикамыздағы интернет белсенділері мен блогерлердің осы қалада бас қосатынын етіген күннен бастап, аңсарымыз артпаса, кемімеді. Тіпті, күн мен сағат санамызды жаулап, көңілімізді аулады.
Ұлттық мерекеміз 22 наурыз күні Алматы–Бішкек тас жолымен жүйткіп келеміз. Мереке болғанан соң ба жолда көлік те аз, жол күзеткен полиция да аз. Көптен бері алыс жолға шықпағанымыз бір бөлек, әрбір артта қалып жатқан шақырым алдағы болар қызықты сапардың елесін көз алдымызға әкеліп әлек. Былтырғы «Блогқұрылтай–2015» шарасы аясында Талдықорған қаласында кездесіп, таныстығымыз достыққа ұласқан игі жақсыларды көруге деген аңсарымыз ауып, бірте-бірте жол қысқарып жатқандай көрінді. Әне-міне дегенше көздеген елді мекенімізге де келіп жеттік. Кіреберіс қақпадағы «Тараз» жазуы екі мың жылдық тарихы бар қаладан хабар беріп тұрды. Көктемнің нағыз көрінісіне..

Жаннат жеріміз Жетісудың жеті өзененін артқа тастап, арманы мен алмасы көп Алматыға табан тіредік. Негізгі бағытымыз киелі де қасиетті қарт қала Тараз. Республикамыздағы интернет белсенділері мен блогерлердің осы қалада бас қосатынын етіген күннен бастап, аңсарымыз артпаса, кемімеді. Тіпті, күн мен сағат санамызды жаулап, көңілімізді аулады.

Блог - MaulenAnerbaev: Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек
Ұлттық мерекеміз 22 наурыз күні Алматы–Бішкек тас жолымен жүйткіп келеміз. Мереке болғанан соң ба жолда көлік те аз, жол күзеткен полиция да аз. Көптен бері алыс жолға шықпағанымыз бір бөлек, әрбір артта қалып жатқан шақырым алдағы болар қызықты сапардың елесін көз алдымызға әкеліп әлек. Былтырғы «Блогқұрылтай–2015» шарасы аясында Талдықорған қаласында кездесіп, таныстығымыз достыққа ұласқан игі жақсыларды көруге деген аңсарымыз ауып, бірте-бірте жол қысқарып жатқандай көрінді. Әне-міне дегенше көздеген елді мекенімізге де келіп жеттік. Кіреберіс қақпадағы «Тараз» жазуы екі мың жылдық тарихы бар қаладан хабар беріп тұрды. Көктемнің нағыз көрінісіне кәу болып, көк шөпке қарап таңлай қағыстық. Орналасатын қонақүйімізді таппай біраз әбігерге түстік. Бір жақсысы тоқтап жөн сұрасаң, барлығы да барынша түсіндіруге тырысады. Сол күні Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев үздік блогерлерді қабылдап, өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайымен таныстырды. Кешке Алматымыздағы Балуан Шолақ спорт кешенінен кем түспейтін Тараз аренада бас қостық. Көк күмбезді көркі көз жауын алатын ғимараттың іші де заман талабына сай жасақталған. Спорттың кез келген түрімен айналысуға мүмкіндік мол. Мысалы, кіші футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, бассейн сынды жаныңызға жақын спортпен еш кедергісіз айналыса беруге болады. Бұл арена барлығымыз үшін ыстық мекен болып қала бермек. Себебі, көптен бері көрмеген жолдастарымызды көріп, көзайым болып, сағынышымызды басып, арқа-жарқа болып қалдық. Әрмен қарай салаутты өмір салтын ұстанатынымызды дәлелдеп, өз өнерімізді көрсеттік. Кешкі асымызда дәмі тіл үйірер ұлттық наурызкөже ішіп, концерттік бағдарламаны тамашалап көңіл көкжиегіміз тағы бір сатыға көтерілді.
Блог - MaulenAnerbaev: Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек
Келесі күні Н. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде бейресми Республикалық алтыншы блогқұрылтайдың ашылуы орын алды. Алыстан ат терлетіп Мұхамеджан Тазабеков, Есен Елеукен, Қанат Әуесбай сынды халық алдында жүрген азаматтар арнайы келіп, тәжірибе алмасып, ойларымен бөлісті. «Бұрын құлақтан кіріп, бойды алатын болса, қазір интернеттен кіріп ойды алып жатыр» деп тереңнен тартқан Мұхамеджан Тазабеков бүгінгі күндегі ақпараттың маңыздылығына назар аудартты. Ал Қанат Әуесбай «Вертер синдормы» туралы кеңінен шешіліп сөйледі. Ол не десеңіздер, дәл қазір біздің қоғамда орын алып жатқан, жаға ұстатар ақпаратар. Мысалға, өзін-өзі өртеп жіберу, ерте жүкті болып қалу туралы хабарлар. Осы ақпараттар қаншалықты көп тараса саңырау құлақтар сынды әр аймақтан соның белгілері байқала береді. «Сондықтан осы сынды ақпаратты таратудан аулақ болғанымыз жөн», – деп түйіндеді өз сөзін Қанат Әуесбай. Әрмен қарай арнайы мамандардың семинарлары әр аудиторияға бөлініп, өтікзілді. Көптеп қаралған негізгі тақырыптар: «ақпараттың шын-өтірігін тексеру жолдары», «әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану», «ақпараттық қауіпіздік» және тағы сол сияқты.
Блог - MaulenAnerbaev: Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек
Арнайы Астанадан Таразға алғашқы жұмыс сапарымен ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келіп, баяндама оқып, блогерлердің сауалдары мен ұсыныстарына құлақ түрді. Бұрыннан бұғылып қалған білім мен ғылымға қатысты біраз ұсыныстар айтылды. Мектепте химия пәнінен сабақ беретін Аятжан Ахметжан алдымен мұғалімнің мәртебесін көтеріп, қағазбастылықтан құтқару керек деген ой тастады. Айтылған мәселелер жақында шешіліп қалады деген үмітіміз министрдің қойындәптерімен бірге Астанаға жол тартты.
Блог - MaulenAnerbaev: Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек
Сөйтіп блогқұрылтайтың соңғы күні де келіп жетті. Таң ата «Көне Тараз» тарихи-мәдени оралығына тал егу рәсімін орындадық. Әрмен қарай сол жердегі еліміздегі бір ғана «Ашық аспан астындағы музеймен» таныстық. Көна Тараз шаһарына әлі де археологиялық жұмыстар жүргізілу үстінде, тіпті, бұл жерде моншалармен қатар кәріз жүйесі де болған екен. Тектұрмас күмбезі, Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелерін аралай отырып, таңдай қазғып, керемет сәулет өнерінің кәугері атандық. Сондай-ақ, Қарахан кесенесінің жанында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының болашақ ұрпаққа жазған аманат хаты сақталған, ал ол 2100 жылы ашылуға тиіс. Ата-бабамыздың сондай үлкен мәдениет қалыптастырып, ұрпақтарына мұра етіп қалдырғанына іштей шүкіршілік етіп, көкірегімізге мақтаныш сезімі орнады. Қарт Таразда жақында ғана аталып өткен «Қазақ хандығының – 550 жылдығының» ықпалымен көркіне көрік қосылып, одан бетер сұлулана түскен екен. Қаланың батыс бөлігінде ортналасқан «Қазақ хандығының – 550 жылдығы» монументі тамыры тереңде жатқан түркі халқы үшін Тараз қаласының маңыздылығын тереңдете түскендей.

Читайте также:  Ұлттық элита (озық ойлы кауым)

Әсері бойымыздан әлі де ажырай қоймаған үш күндік саяхаттан соң туған жерге бет алдық. Біз қимаған, бізді қимаған, сағынышпен еске алатын Тараз қаласы жаңбырын төкті келіп. Бәлкім бұл қуаныштың көз жасы болар, біз солай топшыладық. Қордай асуына жете бере Алматы облысына кіргенше қырғыз тілі радиомызды жаулап алды. Қазақ тіліне аударса хит болатын біраз әндер шырқалып сала берді. Сөйтіп көргенміз бен білгеніміз, түйгеніміз бен үйренгеніміз молая түскен сапарымыз да аяқталды.
П/СЫ: «Келін алып қайт!» деп шығарып салған жерлестерім, тал екен cуретімді көргесін: «Келін де жоқ, күрек те жоқ», — деп реніш кейіп танытқандай болды.

Оставить комментарий