Дональд Трамп өзінің саяси қарсыласына айып тақты

epa.eu

epa.eu

АҚШ президенті лауазымына үміткер Республикашылар партиясының өкілі Дональд Трамп өзінің қарсыласы Хиллари Клинтонды биылғы жылы Иранға 400 млн. доллар төлеу жөніндегі келіссөздерге қатысы бар деп айыптады.

Tass.ru-дың мәліметі бойынша, Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасына: «Иранға 400 млн. доллар төлеу жөніндегі келіссөздерді біздің біліксіз мемлекеттік хатшымыз Хиллари Клинтон бастаған», – деп жазды.

Республикашылар өкілінің бұл мәлімдемені жасауына сейсенбі күні Wall Street Journal газетінің электрондық нұсқасында жарияланған хабар түрткі болған көрінеді. Онда АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі қаңтар айында 400 млн. доллар қаражатты ұшақпен Иранға құпия түрде бағыттағаны жазылған. Сондай-ақ ақшаның Иранда қамауда болған АҚШ азаматтарының босатылғаны жарияланғаннан кейін барып жіберілгені атап өтілген.

АҚШ әкімшілігінің өкілдері өз кезегінде Иранға берілген төлемнің Америка тұтқындарының босатылуымен ешқандай байланысы жоқ екенін алға тартты. «Бұл екі мәселе бойынша келіссөздер екі бөлек жүргізілген», – деп мәлімдеді бұл орайда АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Джон Кирби.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 қаңтарында АҚШ Иранмен екі елдің түзету мекемелеріндегі қос азаматтығы бар тұтқындарды айырбастау жөнінде келісімге келгенін мәлімдеген болатын. Иран билігі журналист Джейсон Резаянды, әскери қызметкер Амир Хекматты, сондай-ақ Саид Абедин мен Носратулла Хосрави-Родсариды және ортақ мәміледе болмаған бесінші америкалықты босатты. Өз кезегінде Вашингтон АҚШ-та қамауда болған жеті Иран азаматын еліне қайтарды.

Айдар ӨРІСБАЕВ

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar