Дубайдағы төтенше жағдайды анықтау үшін үш ай уақыт кетеді

040816-dubai

Фото: ria.ru

Дубай әуежайында болған төтенше жағдайды толығымен анықтау үшін үш ай уақыт кетеді. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірлігінің Азаматтық авиация басқармасы мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Дубай әуежайында қонған Emirates әуе компаниясының Boeing 777 ұшағы өртке оранды.

Авиакомпания өкілдері лайнер Үндістанның Тируванантапурам қаласынан Дубайға ұшып келгенін айтты. Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45 шамасында әуежайдың ұшып-қону жолағына апатты жағдайда қонған ұшақ жанып кетті.

РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 282 жолаушы және 18 экипаж мүшесі болған. 14 адам иіс тиіп ауруханаға түскен. Өкінішке орай, тілсіз жауды сөндіру кезінде Дубай әуежайы азаматтық қорғаныс басқармасының бір қызметкері опат болды.

«Аэропортқа қонар кезінде жоғары көтеріліп барып, жерге соғылғаны есімде. Ұшақтың іші түтінге толғанда бірнәрсенің дұрыс еместігін түсіндік. Бәріміз жанұшыра есікке қарай ұмтылдық. Қырсыққанда алғашында апаттық есікті ашу қиын болды. Егер біз бір минут кешіккенімізде тірідей жанып кетер едік», – деді жолаушылардың бірі.

Аян ӘБДУӘЛИ

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar