Загрузка…

«Дэдпул» фильмі жайында фактілер!

Кинокомикс: Дэдпул фильмі жайында фактілер!
Марвел әлемінің ең ақымақ кейіпкерлерінің бірі Дэдпулдың жеке фильмінің тұсаукесеріне аз ғана айлар қалды. Соған орай сіздерге арнап, фильм жайында қызықты фактілер жинадым:

ДЭДПУЛ: ФИЛЬМ ЖАЙЫНДА ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР:

1. Фильм режиссері Дэдпулдің жай ғана бір фильмнің кейіпкері екенін мойындайтынын айтты. Ол кей кездері тіпті кинотеатрдағы адамдармен тікелей сөйлесіп кетеді.
2. Бұл фильмде «Икс-адамдар жайлы басқа фильмдер көп еске алынады деп мәлімденді. Әсіресе Дэдпулдың алғаш пайда болған „Икс Адамдар: Тұңғыш қадам. Құну“ фильміндегі оқиғалар еске алынады.
3. Фильм авторлары титрлардан кейін көрерменді ғажап кадр күтіп тұр. Оны әзірге ешкім болжай алмауда.
Кинокомикс: Дэдпул фильмі жайында фактілер!
4. Фильм сценарийіне Дэдпулды сомдайтын актер Райан Рейнольдста араласқан.
5. Фильм бар болғаны 48 күннің ішінде түсіріліп болған.
6. Алғашында Дэдпулдың костьюмының қолдарына жасанды бұлшық еттер орнатпақ болған. Алайда шымыр денелі Райан Рейнольдс оны қажет етпеді.
7. Рейнольдстің бетіне грим жасау үшін бір күннің төрт сағаты кетіпті.
8. Фильмде 600-ден астам кадр арнайы эффектілермен жабдықталған.
9. Фильм Икс-Адамдар хронологиясына енеді. Сонымен қатар Дэдпулдың Икс-Адамдар жайлы басқа фильмдерде пайда болуы мүмкін.
10. Фильмдегі әуендер ХХ ғасырдың соңындағы хит әндер. Бұл „Галактика Сақшылары“ фильміндегі классика әндердің жетістігін қайталмақ ниетте жасалған.
11. Авторлар фильмде басқа мутанттар көптеген сілтемеер болатынына уәде берді.
Кинокомикс: Дэдпул фильмі жайында фактілер!
12. Авторлар фильмде КОлосстың рөлі ерекше болатынын мәлімдеді. Тіпті фильмнен кейін жанкүйерлер ол туралы жеке фильмді талап етуі мүмкін дейді.
13. Комикстерде Дэдпулдың бойы 232 сантиметр болған. Оған сәйкес болу үшін. Рейнольдс түсірілім алаңында биік аяқ киіммен жүрген.
14. Фильмнің 91%-ы арнайы түсірілм алаңында емес, ашық далада түсірілген.
15. Көптген қауіпті трюктердің кейбірін Райан өзі орындаған. Оның бар жоғы үшдублері болған.
16. „Дэдпул“ 2016 жылдың ең үздік фильмдерінің бірі болады!

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar