Назым Қызайбай: Бұл жәй ғана жарнама емес

Опубликовано Август 4, 2016 by admin

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Бокстан қазақстандық қыздар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Назым Қызайбайды соңғы кезде жарнамадан жиі көретін болдық. Әлем чемпионатында топ жарған қызымыз алдағы Олимпиадаға қатыса ма, қазір немен айналысуда деген сұрақтармен іздеген едік. Таптық. Өзі оқыған Шаңырақтағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылармен кездесу өткізіп жатыр екен. Шарадан соң біздің бірқатар сұрақтарға жауап берді.
-Назым, соңғы кезде теледидардан жарнамадан жиі көретін болдық. Кеше Жетіген ауылындағы өзің білім алған мектепте, бүгін Шаңырақтағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларымен кездесудесің. Мұның барлығы не үшін деген сұрақ туады?
-Иә, қазір мен Kaspi Bank-тің «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» атты жарнамалық науқанына қатысып жатырмын. Телеарналардағы жарнамалық роликтер мен кеше, бүгінгі кездесулердің барлығы осы жарнамалық науқан аясындағы шаралар. Бұл науқан маған несімен ұнады? Әдетте банктер немесе жеке компаниялар танымал, жетістікке жеткен адамдарды өнімін жарнамалату үшін шақырады. Бұл банкте өнім жарнамасымен бірге сенің еңбегіңді насихаттау жүзеге асады. Сол арқылы барлық қазақстандықтарға үлгі ретінде көрсете отырып, осындай жетістіктерге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуге, тер төгуге шақырады. Оның үстіне маған дейін 7 рет рекордтар кітабына енген, әйгілі марафоншы Марат Жыланбаев, 350 баланы асырап алған Тұяқ Есқожина, әлемнің ең биік 8 шыңын бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев кейіпкер болған екен. Бұл кісілердің барлығы шынымен әйгілі тұлғалар. Яғни, бұл жәй ғана жарнама емес. Былтыр Марат Жыланбаевтың қатысуымен болған роликті теледидардан көріп құрбыларыма «мені де шақырмай ма екен», деп қалжыңдағанмын. Жақында Kaspi Bank-тен ұсыныспен хабарласқанда өзім де таңқалдым.
-Сені көпшілігі Нарынқол өңірінің тумасы дейді. Барлық жерде Жетігенде туып-өскен деп жазылып жүр.
-Әкем Нарынқол өңірінің тумасы. Өзім Алматы қаласында дүниеге келдім. Кейін Жетігенге көшіп барып 3-8 сынып аралығында сонда оқыдым.
-Google-ден Назым отбасы деп жиі іздейтінін байқадым…
-Онда артық сұрақ болмас үшін толық айта кетейін, біз отбасыда алты ағайындымыз. Мен үйдің үшіншісімін. 8 сыныпты бітірген соң Шаңырақтағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа түстім. Қазір Қазақтың спорт және туризм академиясында білім алудамын. Әлі тұрмыс құрмадым. Ол болашақтың еншісінде. Қазіргі басты мақсат — Олимпиадаға қатысу, жүлдегер болу.
-Танымал брендтің жарнамасына түстің. Бет-әлпетің кореялық әртістерге келеді, ұсыныс болса, спортты қойып киноға кету ойыңда жоқ па?
— Мен өмірге келгенде қызық оқиға болыпты. Әкем ұл бала күткен екен. Бірақ мен дүниеге келіппін, соған әкем ұл болмады деп, үш күн бойы үн қатпай, ренжіп жүрген көрінеді. Бәлкім, әкем ұл болғанын қатты қалағандықтан ба екен, бала кезімнен ұлдармен алысып ойнайтынмын. Әпкелерім мен кішкентай ініме біреу тиіссе солар үшін төбелесетінмін. Көбіне ұлдармен төбелесуге тура келетін. Кейде адам жаратылысынан бір іске жақын болады ғой. Мен ата-анам қалағандай ұл болмасам да, спортқа жақын болдым. Мектепте баскетбол, футбол ойнадым. Менің бала кезде спортқа жақын екенімді байқап, ауылда бокс пен күресті қатар үйрететін жалғыз жаттықтырушы спортқа шақырды. Бірер ай ол кісіден бокс әліппесін үйрендім. Кейін ағам Алматыда осы қазір біз отырған интернаттың ашылғанын айтты. Сосын сынақ тапсырып түстім. Мұның бәрін айтып отырғаным спорт менің жаратылысымнан бар нәрсе. Сондықтан мен үшін ол өте маңызды. Блог - fb_100001420305951: Назым Қызайбай: Бұл жәй ғана жарнама емес
-Әлем чемпионы болғалы өміріңде қандай өзгерістер болды?
-Әлем чемпионатынан кейін адамдар тани бастады, теларнаға, газет-журналдарға сұхбатқа, түрлі салтанатты шараларға шақыра бастады. Айтпақшы, осы салтанатты шараларға шақырудың арқасында киімдеріме ұзын көйлектер де қосылды. Бұрын көбіне спорттық киім киетінмін. 8 наурыз қарсаңында Президенттің қабылдауында болдым. Бұл екінші кездесуім. Біріншісі мен түскен жылы мектеп-интернатқа Президент келген. Бірге суретке түскен едік. Былтырғы кездесуге бару үшін бірінші рет бірнеше сағат биік өкше киіп жүрдім. Кейін Алматы қаласныың әкімімен кезедсуде тағы көйлек киюге тура келді. Барлық іске жаттығу керек екен. Өзім үшін ашқан жаңалығым: бірнеше сағат биік өкше кигеннен, жарыста жұдырықтасу оңай екен.
-Бокс қыздардың спорты емес дейді. Бұған келісесің бе?
-Жоқ, қазір кез-келген спортта қыздар бар. Мүмкіндігің болса, қабілетің болса айналысуға болады.
-Әлеуметтік желілердің бірінде сенің басты қарсыласың Жайна Шекербекова екендігін жазыпты.
-Қарсылас дегенді дұрыс түсіну керек. Біз тек рингта қарсыласпыз. Ал негізінен бірге жаттығу жасаймыз. Спортта қарсыластық керек. Қарсылас болмаса спротшының өсіп-жетілуі қиын. Барлық нәрсе өз қолымызда. Кім көп еңбек көрсетеді соның жолы болады. Алдағы Қазақстан чемпионатында кездесеміз, сол кезде жеңіске жетемін деп ойлаймын.
-Дәл қазіргі уақыттағы мақсатың қандай?
-Әрбір спортшының басты арманы — Олимпиада шыңын бағындыру. Ол үшін алдағы жарыстарда олимпиада лицензиясын алуым керек. Биыл Астанада өтетін әлем чемпионатында атағымды қорғаймын. Сол үшін дайындалудамын.
-Сұхбатыңа рахмет! Жеңіс тілеймін!

Оставить комментарий

Загрузка...