Загрузка…

«Оразаны кімдерге ұстау парыз»

Ораза туралы ғибратты әңгіме

Сабырдың шыңы
Құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «апырым-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па» деген ой келді. Осы мезет есік қағылды. Көршісі бір табақ сорпа әкелген екен. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойды. Майшамды әкелу керек болды. Шамды әкеліп жаққанда, тамақты мысықтың төгіп қойғанын көрді. Ештеңе етпес, сумен ауыз ашармын деп ойлады. Суды енді іше бергенде, қолындағы тостағаны түсіп кетіп қақ бөлінді.
Шарасыздықпен қолын жайып: – Уа, Раббым, бейшара құлыңды сынап жатырсың-ау, бірақ әлсіреп кеттім, сабырым жетер емес, – деп аһілеп-уһіледі.
Осы сәт ғайыптан бір дауыс естілді: – Уа, Рабиға, қаласаң, жер әлемнің байлығын үстіңе жаудырайын. Қаласаң, күллі рухани дертіңді жоқ қылайын. Алайда біліп қой, бұндай дерт пен байлық бір жерде тұрмайды!+
Бұны естігенде әулие:
– Уа, Раббым, бар есіл-дертім сенде ғана болсын, көңілімді басқаға бұрғызба, – деп күбірлеп дұға етті…

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar