Загрузка…

«Оразаны қалай тұтады?»

Ораза туралы жиі кездесетін сұрақтарға Арман Қуанышбаев ағамыз жауап береді.

Ораза ұстау тәртібі

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары

1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін Оразаның казасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, Ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу — абзал.
2. Ниет: Барлық Оразаға жүрекпен ниет ету — жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің Ораза екенін біліп, бұл айда Ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәресіге тұрса, бұл ісі Ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық Оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету — абзал. Рамазан Оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл — факихшілердің басым көпшілігінің пікірі. Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші -түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған Оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы, ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл Оразаның казасы және кәффәрат Оразасы мен жалпы атау (нәзір) Оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай Оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып, ниет етуі шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәресіге тұру да ниетке жатады. Екінші — түнде ниеттену мен анықтау шарт емес Оразалар: Бұған Рамазан Оразасы, уақыты белгіленген атау Оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл Оразалар жатады. Мұндай Оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай Оразаға ниет ететін адам екінші шанақтан бері ешнәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл Оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір күні Айшаға былай деді: «Бесінғе тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», — деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», — деді. Кісі түнде қандай да бір Оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді Оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, Оразасы дұрыс болып саналады. Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, Оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл Оразаға ниет етсе, ол Рамазан Оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын еш

ОРАЗА ДҰҒАЛАРЫ

Ауыз бекіту дұғасы:
Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім.
Ауыз ашу дұғасы:
Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр…

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar