Загрузка…

Орал әуежайында канадалық ұшаққа таныстырылым жасалды

wordpress.com

wordpress.com

Орал әуежайында Канаданың Viking Air компаниясы «Twin Otter Series 400» әуе лайнерінің таныстырылымын өткізді. Әуе кемесі Қазақстанның климаттық ерекшілігіне өте қолайлы. Он тоғыз адамға лайықталған бұл ұшақ жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, құтқару операцияларын жүргізуге және санавиацияға да аса ыңғайлы. Оның тағы бір ерекшелігі, ұшу-қону жолағын қажет етпейді.

Viking Air компаниясы маркетинг бөлімінің директоры Дэвид Хиздің айтуынша, аталған ұшақтың асфальт төселмеген қара жерге, тіпті, қар мен су үстіне де қона беру мүмкіндігі бар екен. Бұл үшін арнайы құрылғылар орнатылыпты. Оның жоғары және төменгі температураларға шыдамдылығы да өз алдына бір бөлек әңгіме. Бүгінде компания шығарған 900-ге тарта ұшақ түрі әлемнің 57 елінде қолданысқа енгізіліпті.

«Әрине, мұндай үлгідегі ұшақтар біз үшін қажет екендігі анық. Дегенмен, қазір нақты есептер мен талдаулардың, қаражатты үнемдеу үрдісінің заманы екенін ескергеніміз жөн. Яғни, шетелдік ұшақ бізге экономикалық және қаржылық тұрғыдан тиімді бола ала ма? Мәселенің осы жағына баса назар аударсақ, еш ұтылмасымыз анық. Келешекте мұндай талдаулар жасалады деген ойдамын. Бұл үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы инвесторлар тарту мүмкіндігін қарастырып көруге болады. Қайткенде де, бұл – келешегі кемел жоба», – деді таныстырылу рәсіміне қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, «Twin Otter Series 400» ұшағының бағасы 7 миллион АҚШ долларын құрайды.

Темір ҚҰСАЙЫН

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar