Загрузка…

Оңтүстік Қазақстанда «Ақ орамал» акциясы бастау алды

04 08 -ak oramal 1

Мемлекет басышы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ oрамал» республикалық акциясын өткізуге бастама жасаған болатын. Бүгінде қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясы ұлысымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік Қазақстанда бастау алды.

Акциясының мақсаты – қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, облыстық №1 перинаталдық орталығында болып, жаңа босанған жас аналарға ақ орамал жауып сый-сияпат жасады.

Сонымен қатар, бұл игі шара неке сарайында «Аналар шаңырақ шуағы» тақырыбында жалғасын тапты. Балқия Көмекбаева бастаған ардақты аналар Бәйдібек ауданынан келген Еламан Тұрарбек пен Гүлнаурыз Сейтбектің неке қию салтанатты рәсіміне қатысып, қалыңдыққа ақ орамал тарту етті. Жастарға орамалдың қасиеті жайлы айтып, инабатты келін, ақ жаулықты ана болуға тілектестігін білдірді.

Бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін «Ақ орамал» акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде аналарымыз соғыста ерлік көрсеткен батырлар мен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, бейбітшіліктің нышаны ретінде ақ орамалдар іледі. Сондай-ақ ақ орамал таққан аналардың жалпыреспубликалық шеруі ұйымдастырылады.

04 08 -ak oramal 2

Айдар ӨРІСБАЕВ

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar