Түрік билігі 74 мыңнан астам шетел паспортын жойып жіберді

04-08-16-zagran

Түрік билігі мемлекеттік төңкеріс жасауға сәтсіз әрекет етілгеннен кейін елдегі 74 562 азаматтың шетелдік паспорттарын жойып жіберді. Yeni Safak газетінің хабарлауынша, сыртқы істер министрі Эфкар Ала сондай-ақ бүліншілікке қатысы бар деген күдікпен жалпы саны 25 917 адамның ұсталғанын, қазір олардың 13 519-ы құлып астында отырғанын мәлімдеді.

Сыртқы істер ведомствосының басшысы бұдан бөлек бүлік кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жөнінде қорытынды мәліметтер берді. Путчистерден 238 адам құрбандыққа ұшырап, 2197 адам жарақат алған. Оның сөзіне қарағанда, елде осы күндері қауіпсіздік күштерін кең ауқымды қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Министр әскерилер құрамын заговорды жақтаушылардан тазартып, олардың тиімділіктерін арттыруға бағытталған.

Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпысын 16 шілде күні түнде орын алды. Бүліктен кейін әскерилер, полицейлер, соттар шенеуніктер мен оқытушылар құрамдарынан 60 мыңға жуық адам қызметтерінен босатылды, бірқатары ұсталды немесе тергеуге алынды.

Мұрат АЙТҚОЖА

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar