Оңтүстіккореялық орындаушы Psy-дың Gangnam Style бейнебаяны YouTube әлеуметтік желісіндегі көрушілер саны бойынша қойылған максималды көрсеткіштен асып кеткен болатын. 2012 жылдың 15 шілдесінде жарияланған аталмыш бейнебаянды осы уақытқа дейін 2 147 483 647 адам тамашалаған. Нәтижесінде Psy-дың Gangnam Style-ы YouTube тарихындағы ең көп көрілген видео болып есептелінді. Бұл әлемдік деңгейдегі көрсеткіш. Ал біз де ше? Жұлдыздарымыздың қалтасын қаққан қыруар қаражат көрермендерінің көңілінен шықты ма? Ендеше, бағамдап көрелік.
1. Бірінші орынды қанжығасына байлаған «Чип-Чип» аталып кеткен әнші Асхат Тарғыновтың әні «Мария, Арман едің». Аталмыш әнді YouTube әлеуметтік желісінде 4 550 308 адам тамашалаған.
2. Екінші орын Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әніне бұйырды. Оны YouTube әлеуметтік желісінде 4 258 526 адам қызығушылық танытыпты.
3. Үшінші орында Кайрат Баекенов пен «Формат» тобы орындайтын «Махаббат» әні. Аталмыш әнді YouTube әлеуметтік желісінде 2 366 665 адам тамашалаған.
4. Төртінші орында хит-әнші Қайрат Нұртастың «Ол сен емес» әні. Оны YouTube әлеуметтік желісінде 2 268 599 адам көріпті.
5. Бесінші орында аспанға қарап, жұлдызды санаған әнші Абай Бегейдің «Ай мүсін» әні. Аталмыш әнді YouTube әлеуметтік желісінде 2 049 384 адамның назарына түсіпті.
6. Алтыншы орында қазақ эстрадасындағы қос жұп Беркут пен Аишаның «Бәрі жақсы болады» әні — 1 608 888 адам тамашалаған.
7. Жетінші орында жас әнші Төреғали Төреәлінің «Бол жанымда» әні. Аталмыш әнді YouTube әлеуметтік желісінде 1 562 902 адам тамашалаған.
8. Сегізінші орында KeshYou тобының «Махаббат» ( «OST» Осторожно Корова ) әні — 1 328 622.
9. Тоғызыншы орында KeshYou тобына бұйырды. Бұл жолы «Ризамын» әнін YouTube әлеуметтік желісінде 1 053 666 адам тамашалаған.
Бұл ТОП-9-дың миллиондаған тыңдарманы бар екенін көрсеткен жұлдыздар. Алдағы уақытта тізбектелген тізім жалғасын таппақ. Ендеше, әншілерімізге «Жарайсыңдар!!!» демекпіз.
Ақбота Ерболқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің 4-курс студенті.
Оңтүстіккореялық орындаушы Psy-дың Gangnam Style бейнебаяны YouTube әлеуметтік желісіндегі көрушілер саны бойынша қойылған максималды көрсеткіштен асып кеткен болатын. 2012 жылдың 15 шілдесінде жарияланған аталмыш бейнебаянды осы уақытқа дейін 2 147 483 647 адам тамашалаған. Нәтижесінде Psy-дың Gangnam Style-ы YouTube тарихындағы ең көп көрілген видео болып есептелінді. Бұл әлемдік деңгейдегі көрсеткіш. Ал біз де ше? Жұлдыздарымыздың қалтасын қаққан қыруар қаражат көрермендерінің көңілінен шықты ма? Ендеше, бағамдап көрелік.
1. Бірінші орынды қанжығасына байлаған «Чип-Чип» аталып кеткен әнші Асхат Тарғыновтың әні «Мария, Арман едің». Аталмыш әнді YouTube әлеуметтік желісінде 4 550 308 адам тамашалаған.
2. Екінші орын Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әніне бұйырды. Оны YouTube әлеуметтік желісінде 4 258 526 адам қызығушылық танытыпты.
3. Үшінші орында Кайрат Баекенов пен «Формат» тобы орындайтын «Махаббат» әні. Аталмыш әнді YouTube әлеуметтік желісінде 2 366 665 адам тамашалаған.
4. Төр..
Оставить комментарий