ҚазҰУ-да журналистика бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр

Қазақстандағы маңдайалды оқу орны саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде болашақ журналистер арасындағы VIII республикалық «Ең дарынды журналист» олимпиадасы өтіп жатыр.
Аталмыш сынға еліміздің түпкір-түкпірінен студенттер келіп, бүгін екінші күн жарыспақ.
«Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Баспа ісі» мамандықтары бойынша студенттер алып жатқан білімдерін сарапқа салмақшы.

Олимпиада ережесіне сәйкес қатысушылар фото, бейне және блог аталымдары бойынша сыналады. Фотобайқау тақырыбы — «Қас-қағым сәт». Яғни, өмірде кездесетін бір сәтте ғана жүзеге асатын кадрды объективпен «аулау» шеберлігі. Ал, бейнебайқау тақырыбы – «Елімнің тағдыры – менің тағдырым». Жаңа патриотизм мен ел мәңгілігі жайында ұзақтығы – 3-5 минуттық сюжет ұсыну. Сондай-ақ үшінші сайыс – онлайн жазба. Яғни, дәл қазір сіздер оқып отырған жазба, байқаудың үшінші аталымы бойынша бақ сынайды.
Алдымен бейнероликтер байқауы басталып, топтар жеребе бойынша таңдалған реттерімен өз жұмыстарын қорғады. Жарыс..

Қазақстандағы маңдайалды оқу орны саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде болашақ журналистер арасындағы VIII республикалық «Ең дарынды журналист» олимпиадасы өтіп жатыр.
Аталмыш сынға еліміздің түпкір-түкпірінен студенттер келіп, бүгін екінші күн жарыспақ.
«Журналистика», «Қоғаммен байланыс», «Баспа ісі» мамандықтары бойынша студенттер алып жатқан білімдерін сарапқа салмақшы.
Блог - MeyrhanAmangeldiev: ҚазҰУ-да журналистика бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр
Олимпиада ережесіне сәйкес қатысушылар фото, бейне және блог аталымдары бойынша сыналады. Фотобайқау тақырыбы — «Қас-қағым сәт». Яғни, өмірде кездесетін бір сәтте ғана жүзеге асатын кадрды объективпен «аулау» шеберлігі. Ал, бейнебайқау тақырыбы – «Елімнің тағдыры – менің тағдырым». Жаңа патриотизм мен ел мәңгілігі жайында ұзақтығы – 3-5 минуттық сюжет ұсыну. Сондай-ақ үшінші сайыс – онлайн жазба. Яғни, дәл қазір сіздер оқып отырған жазба, байқаудың үшінші аталымы бойынша бақ сынайды.
Алдымен бейнероликтер байқауы басталып, топтар жеребе бойынша таңдалған реттерімен өз жұмыстарын қорғады. Жарыс жалпы жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бейнероликтер аталымынан соң «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бақ сынаушылар өз жобаларын қорғауын бастады.
Біз Ұлттық университеттің екінші курс білімгерлеріміз. Тобымызды «Фараби» деп атадық. Ендеше сіздерге, аталмыш олимпиададан фотосарқыт ұсынамыз. Кемшіліксіз адам болмайды. Сондықтан болашақ маман ретінде аздаған ағаттық жіберсек, айыпқа бұйыра көрмеңіздер. Сіздер де тақымдарыңызды қысып, тілеулес болғайсыздар. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бүгін шығады. Марапаттау рәсімі де бірер сағаттан соң. Кім жеңсе де, лайықты һәм мықты жеңсін. Жеңілгенді жер көтереді

Читайте также:  Жол жүру билетім қайда?

Оставить комментарий