"Құдай үшін", " Алла разы болсын", " Бәле-жаладан оман болуң" деп батасын беріп, кір-кір алақанын созып тиын тілейтін сығандар жоқ бұл күнде.
Атакенттің айналасында," Бәсенов" көшесінен "Әуезов" көшесіне дейінгі аралықта бақандай 6-7 кісі алдына қорапшасын қойып, мына күннің суығында бүрісіп отырады. Оның 3-еуі 70-80 аралығындағы төрінен көрі жақын қарт кісілер. Біреуі дертке шалдыққан қызын қасына алып жүретін қандасымыз. Ал қалғаны кейде ғана қылаң беретін " аяқ-қолынан" айырылған ер кісілер. Студент болғаннан соң, кейде қалтамыз қампиып, кейде — шұрқ тесік болып жүреді. Барында беріп, жоқ кезде, жандарынан жер шұқып өтеміз.
Қайыр тілеу өзі қайдан шыққан?
Статистика бойынша әлемде 100 миллион қайыршы бар екен. Өркениетті елдерде бұл арнайы кәсіп тәрізді. Көше бойларында жүктерімен жүріп-тұрады. Тіпті Еуропа елдерінде, жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік көмек бар. Сол үшінде ол жақта жұмыссыздар жетерлік. Себебі жеке басына мемлекет берген шағын көлемдегі қаржы жетеді. Ауырса аурухана, тиынсыз қалса- мүсіркейтін қоғам бар.
Ал біздерде белгілі мерзімде ала дорбасын арқалап, баласын бір бүйіріне қыстырып жүретін қара домалақтар мен " Бата бергіш" әйелдердің кәсібі, ежелгі " сыған" яғни «мугаттарға» тән. Себебі олардың ұшарын жел, қонарын сай біледі. Тұрақты мекен-жайы, тіркеуде тұрған елі болғанымен, қанға сіңген әдетін тастамайды. Бұл жандардың қайыр сұрауы — салты. Шекара шырғалаңы да, оқтай қадалған көздер де әсер етпейді оларға.Салтына берік!
Енді өзімізге оралайық! Үнемі назарда жүретін, екі көше бойындағы «отандастарымыздың» саны 6-ға жетсе, бір қаладағы, еліміздегі телміргендер саны қанша болғаны?
Оларға деген қоғамның көзқарасыда алуан түрлі. Бірі- мүсіркесе, бірі -жиіркене, енді бірі- жеңіл жол іздегенше, көше сыпырсада тиын таппайды ма?" деп, біреусі- " бұл кісілер сонда қайда тұрады?" деген сауалдармен жандарынан өтеді. Дінімізде "Қайыр тілеген мүсәпірдің азапты күйін шыбынның басындай қайыр берсең де азайт",- дейді Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с) Ия, ол жалқаулық танытып, жұмысқа ерініп осы жолға түссе де, тағдырды талқан болып, мұнан өзге таңдау қалмаса да, біздің қолдан келері — тарылмай, титімдей көмек беру. Ал күнә мен қайырымдылықтың ақысын Алла береді. Береріміз болмаса безбүйректік танытып, мұрын шүйірмейік! Барыңмен бөліскенге не жетсін!
«Құдай үшін», » Алла разы болсын», » Бәле-жаладан оман болуң» деп батасын беріп, кір-кір алақанын созып тиын тілейтін сығандар жоқ бұл күнде.
Атакенттің айналасында,» Бәсенов» көшесінен «Әуезов» көшесіне дейінгі аралықта бақандай 6-7 кісі алдына қорапшасын қойып, мына күннің суығында бүрісіп отырады. Оның 3-еуі 70-80 аралығындағы төрінен көрі жақын қарт кісілер. Біреуі дертке шалдыққан қызын қасына алып жүретін қандасымыз. Ал қалғаны кейде ғана қылаң беретін » аяқ-қолынан» айырылған ер кісілер. Студент болғаннан соң, кейде қалтамыз қампиып, кейде — шұрқ тесік болып жүреді. Барында беріп, жоқ кезде, жандарынан жер шұқып өтеміз.
Қайыр тілеу өзі қайдан шыққан?
Статистика бойынша әлемде 100 миллион қайыршы бар екен. Өркениетті елдерде бұл арнайы кәсіп тәрізді. Көше бойларында жүктерімен жүріп-тұрады. Тіпті Еуропа елдерінде, жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік көмек бар. Сол үшінде ол жақта жұмыссыздар жетерлік. Себебі жеке басына мемлекет берген шағын көлемдегі қаржы жетеді. Ауырса ауру..
Оставить комментарий