Біз қарастырғалы отырған 20 жылдық уақытты 153жылдық МанжурҚытай отаршылдығы дәуірінен бөлектей алып қарастыруымызға мынадай тарихи, саяси, әскери және мәдени оқиғалар себеп болғанын бірбірлеп атап өтуге тиіспіз. Біріншіден, тарихтан белгілі болғандай МанжурҚытай патшалығы ХІХ ғасырдың 40жылдарынан былай қарай Англия мен патшалық Ресей бастаған дамыған империялардың жанжақтылы соққысынан, әсіресе аты шулы «Апиын соғысынан» ауыр зардап шегіп күнненкүнге әлсірей бастайды. Тұтас Қытайға, оның ішінде Шығыс Түркістан қалаларына АғылшынРесей саудагерлері апиын әкеліп саудалау арқылы қыруар пайда тапса, МанжурҚытай байлары мен мемлекеттік қызметкерлер, тіпті әскери офицерлер жаппай апиынкештерге айналып азғындай бастады. Мемлекет істеріне бас қатыру жайына қалып, әр ұлт халқын сүліктей сорып алымсалықты күн санап ауырлатумен болды. Апиынкештікке МанжурҚытай, моңғолдар болмаса, Ислам дінін ұстанатын ұйғырдұңған, қазақтар онша беріле қоймады. Бүкіл Қытай көлемінде апиынға тиым салу қозғалысы 1838жылдан басталса, Шығыс Түркістанда 18391840 – жылдарда жаппай өрістеп патша ордасы ол жөнінде 6 рет жарлық шығарды. Бірақ бұл жарлықтардан пәлендей қорытынды шыға қоймады. Мемлекет пен жекенің қолындағы күміс ақша шетке ағылып, қазына тапшылығы пайда бола бастады. Осы аралықта әйгілі «Тайпиң тияңгошыл» дихандар көтерілісі (18531864) бұрқ ете қалды да Манчиң өкіметінің негізгі әскери күші осы көтерілісті жаныштауға жұмсалды. Ағылшын француз мемлекеттерінің көмегіне сүйенген Чиң үкіметі қыруар адам шығыны мен материалдық шығындарға белшесінен батып жатса да көтерілісті қанға бояп басып жаншыды. 1860жылдардан былай қарай Манчиң өкіметі экономикалық дағдарысқа ұрына бастады. Бұл дағдарыстан шығудың басты қайнар көзін кертартпа өкімет халыққа салынатын алымсалықты еселеп арттырудан таппақшы болып зұлымдыққа бет бұрды. Шығыс Түркістандағы жағдай тіпті адам төзгісіз еді. Шығыс Түркістан халықтарының жаппай көтеріліске шығуының экономикалық себебінің ең бастысы ретінде осыны атап көрсетуге болады. Ал, саясиәлеуметтік себеп отарлықұлттық қанаудың шектен шығуы екені белгілі. Екішіден, бұл кезеңде бүкіл Шығыс Түркістанның барлық өңірінде отаршыл МанжурҚытай билігіне және солардың жер жердегі итаршыл әкімдеріне қарсы шаруалар көтерілісі артартынан басталып кеткен болатын. 1855жылы Күшәр халқы өкіметтің ауыр алымсалығына қарсы көтеріліп Мәмтілі, Ибраиым Шаһ деген адамдарды өздеріне басшы етіп сайлап алады. Көтерілісшілер 1857 жылға дейін қарсыласып бақса да соғыс барысында басшыларынан айырылып жеңіліске ұшырайды. Бірақ отаршыл билік халық көтерілісінің қайтадан бұрқ ете түсуінен қорқып, алымсалықты біраз жеңілдетуге мәжбүр болады, сондайақ бір неше жемқор мансаптыларды жазалайды. Осыдан кейін шағын көлемді болса да 1858жылы Қашқар дихандары, 1860жылы Яркент өңірі дихандары, 1862жылы Хотанның алтын кен жұмысшылары, сол жылы Күшәрдің Бай ауданы дихандары қолдарына қару алып көтеріліске шығады. 1863жылы Іле аймағына қарасты Сүйдін күредегі дүңген халқы көтеріліске шығып біраз жеңіске жетсе де басым жау әскерінен жеңіліп, көтерілісішлер басшысы Яң Саншиң бастаған 26 адам өлтіріледі. Бұл көтерілістердің барлығы дерлік басыпжаншылып тасталып отырса да, алдағы тегеурінді, жалпы беттік ұлтазаттық қозғалысының басталуына түрткі болғаны үшін тарихи мәнге ие еді. 1864жылдың 6маусымында бүкіл өлкені дүр сілкіндірген күшәрлықтардың отаршыл өкіметке қарсы көтерілісі бұрқ ете қалды. Күшәр қаласы көтерілісшілер қолына өтісімен Тәңір тауының оңтүстігімен солтүстігіне ықпал етіп, Күшәр, Қашқар, Хотан, Үрімжі, Іле, Тарбағатай ірі көтеріліс ошақтарына айналды. Бұл көтерілісшілердің ішінде Күшәрлықтардың әрекеті ерекше тегеурінді болды. Ол туралы мынадай жазба дерек бар: «1864жылы Тәңіртаудың оңтүстігі мен солтүстігіне тұтасқан дихандар көтерілісі барысында Күшәр көтерілісі өте маңызды орынға ие болды… Көтерілісшілер Күшәрдағы Жалалидин Қожа әулетіне қол артты. Осы әулеттегі Рашидин көтерілісішлердің көсемі болып көрсетілді де «Пайғамбардың ұрпағы, жеңімпаздың атасы Рашидин қожа» деген құрметті есімге ие болып, өзін «Хан Қожа» (қытайша тарихи кітаптарда Хуаң Қожа деп аталған) атады.» [58] Рашидин Қожа таққа отырысымен жанжағына әскер аттандырып ірге кеңейтуге кірісті. 1865жылғы «Шығысқа жорық» деп атаған үлкен жорықта Тұрпан, Үрімжі, Манас, Шонжы, Құмұл қатарлы қалаларды басып алып, Баркөл қаласындағы Манчин армиясымен шайқасып қайтады. Бірақ батысқа жасаған оның үлкен жорығы Хотаннан шыққан Яқупбек әскерінің тосқауылына ұшырап Яркен қаласына қолы жетпей қалады. Бұл тұстағы Шығыс Түркістанның ішкі жағдайы аса шиеленіскен, билік таласы аяусыз қан төгістерге жалғасып жатқан аласапырңға толы болды. Көтерілісішлердің басы қосылып бір тұтас күшке айлана амады. Мәселен, Қашқардағы «Ақ таулық қожалардың» жетекшісі Тоқты Мақмұт Әлем Қашақрдың көне шаһарын иемденіп өзін бек деп жариялай салысымен Пайзуаттық дүңгендердің Шонжары әкелі балалы Жын Шанин. Қырғыздардың басшысы Сыдықпен астасып оның билігін тартып алады. Сол мезгілде Яркен әкімбегі көне шаһарды басып алады. 1864жылы 13шілдеде Үрімжінің оңтүстігіндегі дұңғандар Томиң (мұсылманша аты Дауыт) басшылығында көтеріліске шығып, 1865 жылдың наурыз айында Үрімжіде өзін «Мұсылман бегі» деп жариялайды. 1867жылы ТомиңДауыт Іледегі дұңғандармен астасып Іле сұлтандығының билігін тартып алу үшін әскер аттандырады. Бірақ жеңіліске ұшырап қайтады. 1863жылы МанжурҚытайлардың бүкіл Шығыс Түркістанға билік жүргізіп келген «Іле Жаңжұң» мекемесі орналасқан Алмалық бекінісі маңындағы мұсылмандар көтеріліске шықты. Көтеріліс үздік создық бірнеше жылға созылса да 1866жылы жеңіске жетіп, Іле өңірі отаршылдардан құтылды да Іле сұлтандығы құрылғандығын жариялады. Бұл шағын сұлтандық өз ішінен билікке таласып талай қырғыншылықты бастан өткере жүріп Әмір Әләхан 1866жылы наурызда сұлтандық таққа ие болды. Бұл сұлтандық 1871жылы орыс әскері Ілені басып алғанға дейін бес жыл салтанат құрды. Бұл кезде, Хотандық Темір қазы, қажылықтан енді ғана еліне келген ислам әмірі Қабиболла Хажымен астасып Хотанның билігін басып алады. Қабиболла өзін «Паша» деп атайды. Баласын Қоқан ханына жіберіп көмек сұрайды. Қохандық 250 әскер мен Қашқарға келгенде, сол жерде тұрған Яқұптың тосқауылына ұшырап, тұрып қалады. 1864жылы, тамызда Тарбағатайдағы дұңғандар мен қазақтар көтеріліске шығып қала бекінісіне шабуыл жасайды. 1857жылдан басталған үлкендікішілі шаруалар көтерілісі 1864 жылға келгенде бүкіл Шығыс Түркістандық сипат алып Манжур Қытайдың отаршыл билігін аударып тастай алды. Бір өкініштісі – көтерілісшілерде бірлікынтымақ болмады, көтеріліс басшылары жекедара билікке таласып көп күштерін мағынасыз, аса зиянды ішкі күресте әлсіретіп алды. Әйтсе де ұйғыр халқы басқа да бауырлас мұсылмантүрік халықтарымен тізе қоса отырып 100 жылға созылған МанжурҚытайдың отаршылкертартпа үстемдігінен толық құтылып, бытыраңқы кішкентай хандықтар болса да, өздерінше тәуелсіз өмір сүруге бет бұрған болатын. Тарихтың даму заңы бойынша қарағанда ұйғыр халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен ынтажігері қалай болғанда да, қанша уақыттан кейін болса да бір тұтас Шығыс Түркістан мемлекеттігіне қол жеткізер еді. Ол, шын мәнінде және ешқашан да МанжурҚытай империясы мен Хоқан хандығының немесе патшалық Ресейдің құтқаруына зәру емес еді. Ал, сатқындар жөніндегі сөз басқа ғой. Ағылшын тарихшысы Чарлиз Болгер [59] әділ атап көрсеткеніндей 1866жылдан былай қарай «…Қытай үстемдігінің Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы ізі мүлдем өшіп біткен болатын.» [60] Ал, осыншама тарихи жеңіс, ұлы оқиға не үшін баянды болмады, Қохандық Яқұп бек қайдан келіп, қайда кетті, патшалық Ресей оның ішкі ісіне қалай араласа қалды? Тұтас 10 жыл бойы Шығыс Түркістан жерінде ізі де қалмаған МанжурҚытайлар бұл қасиетті топырақты қайта басуына нендей жағдайлар себепкер болды? Шығыс Түркістанды мекендеуші ұйғырдан басқа жоңғар қалмақтары мен дұңғандар, қожалар мен қырғыздар, бадақшандықтар мен қазақтардың осынау қанқасап тарихи оқиғаларға қатысы қаншалық болған еді? Бұл, әрине тарихшылар жауап берер, қоғамдық ғылымдар айналысар сұрақтар екенін біле тұра, «Шығыс Түркістан халықтарының ұлтазаттық дәуірі әдебиеті тарихын» қарастырып отырғандықтан ұлттық саяси қоғамдық тарихына, оның геосаяси жағдайына, сол топырақта жасаған халықтардың ұлттықмемлекеттік тарихтағы орнымен рөліне соқпай кете алмадық. Бұл сұрақтарға бізге дейін де әр ел тарихшылары мен саясаткерлері өз көзқарастары мен мемлекеттікұлттық мүдделері тұрғысынан жауап іздеп, көптеген шығармалар жазғанын білеміз. Гитлер фашизмінің құрбаны болған француз тарихшысы Марк Блок бұндай сұрақтардың жауабын іздегендіктен де болар, былай депті: «…Өткеннің жәрдемімен бүгінгі күнді парықтайсың, ал бүгінгі күннің биігінен өткенді пайымдайсың… Көңіл жететін жердегі ғана тарих, көз жететін жердегінің бәрі саясат». Иә, бәрі де есімізде, көз алдымызда болып өткен оқиғалар мен тарих ғылымның халахуалы көзі ашық, көңілі ояуларға түсініктіақ. Біз шамашарқымызша саясиланған, астам державалар «жеңімпаздар» жазған тарихқа сын көзбен қарап, яғни тарихтытарих деп, әдебиеттіәдебиет деп қарайтын қағидаларға адал болғымыз келді. Шығыс Түркістандағы соңғы 300 жылдан бергі ұлтазаттық күрестер негізінен алғанда, ылғи да жеңіске жетіп тұрып, жеңістің жемісін татып, игілігін көру нәсіп болмағанына біз өзіміз тарапынан мынадай талдау жасап, тәжірибесабақтарды жүйелеуге талпындық. Ең алдымен, Шығыс Түркістан аталған осы бір бақытсыз елдің жағрафиялық орналасу жағдайындағы тиімдітиімсіз шарттар жөнінде айтып өту керек. Жағрафиялық орналасу жағынан алғанда асқар Тәңіртау екіге бөліп тұрғанына қарамай Батыс пен Шығысқа созылған Жібек Жолының оңтүстіксолтүстік бағыттарының осы ел аумағы арқылы өтуі экономикалықсауда мен мәдениеттер алмасу тұрғысынан аса тиімді болды. Сонымен бірге, тарихтан бергі ұлы жорықтар мен шапқыншылық соғыстардың да алаңы болып, жергілікті халықтың басына толып жатқан қайғықасірет те әкелуге себепші болды. Шығыстан Қытай патшалықтары дүркіндүркін қауіп төндіріп келсе, онтүстіктен Тибеттіктер де тоқтаусыз шабуылдап тұрды. Арғы тарихты айтпағанда Шыңғыс хан империясы ыдырап, оның ұрпақтары бақталастыққа түскен ХІІІХІҮ ғасырларда, әсіресе Шағатайлықтар мен Моғолстан билеушілері арасындағы қанды соғыстар тұсында Шығыс Түркістан жері ауыр күйзеліске ұшырап, қалалар қаңырап қалды. Ал, Ақсақ Темір мен оның ұрпақтары арасындағы қанды қырғындар тіпті адам төзгісіз жағдайға жеткенін саяхатшылар мен тарихшылар өздері аз жазған жоқ. Осы бір аянышты жағдай ЖаркентСаиидия хандығы құрылған 1514жылдан былай қарай түбірінен өзгерді. Бұл хандық тұсында Шығыс Түркістан аумағы алғаш рет бірлікке келтіріліп мемлекеттің тұтастығы қамтамасыз етілді. Соның арқасында ұйғыр халқы алғаш рет ұлт ретінде ұйып, тілдік, діндік, мәденирухани бірлікке келе бастады. Буддалық ТұрпанИдихұт хандығы Жаркент хандығы құрамына өткеннен былай қарай «Алтышаһар ұйғыр мемлекеті» деген атау орныға бастады. Тәуелсіз, қуатты Жаркент хандығы ең алғаш рет өзінің аса қолайлы жағрафиялық орналасу жағдайының игілігін көре бастады десе болады. Тәуелсіз патшалық төрт тарапындағы мемлекеттер мен барыскеліс жасап, тиімді алысберіске қол жеткізді. Хандықтың орталығы болған Жаркент пен Қашқарда көптеген ғылымбілім ордалары ашылды, оған дүниенің төрт бұрышынан дерлік шәкірттер келіп оқыды. Араб, Парсы, Үнді, Түркиядан ғұлама ұстаздар келіп жұмыс істеді. Жаркент хандығы аумағынан да көптеген жас талапкерлер шетелге шығып оқуға мүмкіндік алды. Ал базар дегеніңіз әлемдік тауарлардың көрмесіне айналғандай болды. Адамзат тарихы, хандықтар мен патшалықтар тарихы ешқашан да бір қалыпта тұрып көрмегені сияқты, Жаркент хандығының басында да зауал төніп келіп қалып еді, қайдан, кімнен дейсіз ғой? Айтуға ауыз бармайды, бірақ айталық. Шығыс Түркістан халқына, оның тәуелсіз елдігіне қатер Қытайдан да Тибеттен де, қырқысып жатқан Орталық Азиядағы хандықтардан да емес, қасиетті ислам туын көтеріп, өзін пайғамбардың ұрпағы, әулиелік дарыған қасиетті әулет деп кеуделеп келген Қожалардан – оның белді өкілі Абақ Қожадан төнді. Жоғарыда атап өткеніміздей тақ пен бақ үшін қасиетті дінді тәрқ етіп, тибеттік будда ламаларынан көмек сұраудан ұялмаған Абақ Қожа Ғалдан Серіннің 60 мыңдық қалың қолын бастап келіп ЖаркентСиидия хандығы билігін тартып алды. Мінеки, 1679жылдан бергі Шығыс Түркістан жерінде болып өткен барлық аласапыраңдар мен отарлық қамыттың киілуіне Абақ Қожа бастаған отан сатқындары, ислам дінінің қара ниет жаулары тікелей айыпты болған демекпіз. Шығыс Түркістан қасіреті ХҮІІІХІХ ғасырда тіпті ауырлап кетті. Оған Орта Азияны бөліске салуға жан таласқан МанжурҚытай империясы мен патшалық Ресей империясына, теңіз қарақшысы атанған Англияның араға сыналай кіріспек болған ашкөздігі тікелей себепкер болды. Англия мен патшалық Ресей арасындағы Қара теңіз бен Орта Азия жері үшін болған тайталасқа орыстар МанжурҚытай патшалығын өзіне одақтас еткісі келді. Сөйте тұра күн сайын құлдырауға бет алған жартылай отар, жартылай феодалдық жағдайдағы Манчиң патшалығын күштеп тежеп ұстай отырып ұлан байтақ шекара бойлап ірге кеңейтуге кіріскен болатын. Орыс империясы өзінің аяғы жеткен жерлерге ағылшындарды жолатпау, тіпті болмаса Манчиңдердің Шығыс Түркістанды жаулауына көмектесу арқылы ағылшындардың ықпалына түсірмеуді басты мақсат етті. 1860жылдан былай қарайғы бүкіл Шығыс Түркістанды дүр сілкінткен ұлтазаттық қозғалысын тежеп, оның жеңісжемісін талапайға салумен Қоқан хандығы, сосын тікелей патшалық Ресейдің қолымен істелді. Содан бергі ғасырға жуық уақытта патшалық Ресей мен оның мұрагері кеңестік Ресей Шығыс Түркістан халықтарының тәуелсіздік жолындағы шешуші шайқастарының жеңісіне кедергі келтіріп қана қоймай, ылғи да сатып кетіп отырғаны жөніндегі тарихи шындықы өз кезегінде нақты баяндап отыратын боламыз.
Оставить комментарий