1930­-жылдардың басындағы Алматы сәулетінің шығармашылық бағыты

Жоспарлы, дамыған заманауи құрылысы Қазақстанда тек 1920 жылдардың соңында, Алматы астана болған шағында ғана іске асты. Қаланың сәулеттік бейнесі Мәскеу мен Петербургтан келген сәулетшілердің қатысуымен белсенді түрде қалыптасты, өйткені, сол жылдары республикамызда өзіміздің сәулетшілеріміз болған жоқ. Алматы үшін ұйымдастырылған бүкілодақтық конкурстарға Мәскеу мен Петербургтың ең мықты сәулетшілері қатысты: А.Гегелло, М.Гинзбург, И.Леонидов, Д.Кричевский, В.Кокорин, В.Владимиров, Н.Круглов, Б.Рубаненко, Г.Симонов, Д.Фридман. Бірінші жылдары­ақ қалада әкімшілік­басқару, мәдени­ағартушылық, оқу және ғылыми мекемелер мен тұрғын үй комбинаттары салынды. Құрылыс қаланың алдағы жылдардағы дамуының ерекшеліктері алдын­ала белгіленген арнайы ойластырылған жоспар бойынша жүрді. Жобаның маңызды ерекшелігі­табиғи фактордың (таулар, көк шөптер, суландыру жүйесі, сейсмика басым жерлер) периметрлік құрылысында қалыптасқан қағидалардан шыққан жаңа қаланы тұрғызу талпынысы. Жобалаушылар Алматыны XX ғасырдың басында Говард концепциясының контекстінде танымал болған қала­бау етіп жасауды ұсынды. Бірақ қала бұны аса қажет етпеді. Оның осы бір ерекшелігі­тау етегіндегі жомарт табиғат пен көкке боялған көшелер­тарихи қалыптасып, ешбір түзетулерді қажет етпеді. Көптеген мекемелердің 1929 жылы Қызылордадан жаңа астанаға көшуі республикалық мәндегі біршама ғимараттар кешенінің құрылысын салудың қажеттілігін тудырды. Олар «Қызыл алаң» аталатын ансамбльді қалыптастырды. Оның периметрі бойынша Үкімет үйі, Түрксіб Басқармасы, Баспошта (сәулет. М.Гинзбург, Ф.Милинис, 1931 ж.) орналасты. Қоғамдық, әкімшілік­ басқармалар мен мәдени­ағартушылық мекемелер ең басты магистраль Төле би көшесінің бойында орналасты. Оның Абылай хан даңғылымен қиылысында алаңдар жүйесі қалыптасты. Батысында әлі тұрғызылмаған кітапхананың алдында­аваналаң (сәулет. А.Гегелло, 1933 ж.), сонымен қатар, «бұқаралық әрекет» театры мен стадионы және үкімет мінбелері (сәулет. Н.Круглов, 1933 ж.).

Оңтүстікте қала орталығы «Қызыл алаңмен» тоғысады. Жобалық жүйе орталық ауданда әкімшілік­мәдени ғимараттарының композициялық жинақталған орталығын жасау идеясымен байланысты. Тарихи қалыптасқан көшелердің майда «торлары» есебінен салынған алаңдардың алып кеңістігінде мыңдаған демонстрацияларға арналған дене шынықтыру шерулерін өткізу ойластырылды: «…астана пролетариатының қажеттілігін қанағаттандыру» [6]. Шығыстан алаң шекараларын Мембанк (сәулет. А.Риттих, 1934 ж.), Наркоматтар (сәулет. Г.Коростин, 1933 ж.) мен Облыстық ұйымдар (сәулет. Ф.Михайловский, А.Ульбрихт, 1934 ж.) ғимараттары орналасқан Панфилов көшесі құрылысының жолағымен шектесетін. Шығармашылық қайта құру үрдісіне байланысты 1930 жылдардың аяғында орталық композициясы бірнеше өзгерістерді басынан кешірді. Жобалардың жартысы жүзеге аспай қалды («бұқаралық әрекет театры, кітапхана, университет кешені»), Алаңды жасауға бағытталған, жобалаушылардың ойын бар мүмкіндігінде жеткізуге кедергі жасаған кейбір ғимараттар қайта жөнделді (Түрксіб Басқармасы, Облыстық ұйымдар үйі). Алайда, Алматы «әлеуметтік қаласы» (оны осылайша атайтын) дамуының мекемелері мен болашағы оның масштабтылығын, бірлігі мен логикасын қала кеңістігін шешу қағидаларындағыдай оның кұрама бөліктерінің деңгейінде—кешендер мен жекелеген ғимараттарда толықтай анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа астанада көптеген мекемелерді салу құрылысына деген қажеттілігі сол жылдардың көптеген сәулеттік новаторлық идеяларын практикада тексеріп көруге мүмкіндік беріп, сәулеттік ізденіс пен экспериментке оң әсерін тигізді. Өз кезіндегі сәулеттік ирактикадағы басты оқиғалардың бірі Алматыға арналған Үкімет үйі ғимаратының 1927 жылғы МАО конкурсы болды. Г.Гурьев­Гуревич, К.Соломонов, И.Леонидов жобаларындағы Конструктивті­функционалдық әдіс ұстанымындағы (корпустарға бөлу, функционалдық байланыстарды анықтау) еліміздегі жетекші сәулетшілер орындаған графикалық материалдар жобалардың стилистикалық біртектілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Конкурс жеңімпазы М.Гинзбург жобаға республиканың дәстүрі мен жағдайының бірлігі жолымен жаңа әлеуметтік құрылғылардың ерекшелігі, жаңа құрылыс техникасы бар деп өзі құрастырып айтқанындай ауданның халықтық сәулетінің ассоциацияларын енгізуге тырысты. Сәулетші көне сәулет өнерінің декоративтік қайта жанданған «атавистік» пішіндерін емес, шығыс қалалары мен тұрғын үйлерін зерттеуге шақырды. Уақыттың демократиялық құрылғыларын жүзеге асыра отырып, жаңа құрылысты жергілікті жағдайға, дәстүрге жақындатуға тырысты. Үкімет үйінің ғимаратында халық сәулетінің эстетикасына деген жақындық ауданның тұрғын үй кешендерінің кеңістіктік шешімінің ұқсастықтарында, қабырғаны, шатырдағы күншуақты, интерьер мен экстерьерге көгалдар мен суды қосуды трансформациялау көмегімен климаттық сипаттарды жақсартатын жекелеген әдістердің қолданылуында мәнерленеді.

Читайте также:  Рукиннің Маңғыстауға келуі

Ол шеп пен кеңістіктің көлемінде кескіндемелік топтаманы, өткелдерді, галереяны пайдаланып, аудандық сәулетке тән сыртқы сатылар мен лоджиялардың қасбетін көлеңкелейтін ақ қабырғаға орналасқан есіктік және терезелі әдістердің ассиметриясын жасады. Алайда, сыртқа көріністердің, ұлттық мәдениет белгілерінің мүлде болмауы (авторды мазалаған аудандық дәстүр емес) сәулетшінің еңбегін жоққа шығарып, оған әдейі арнап жасалған пайдаланушылар ­ қолданушылар, кейіннен сәулетшілердің өздері де немқұрайлылық танытты. Алматыдағы ғимараттардың жаңа түрлерін жасау барысында олардың образын ашқан сәулеттік әдістер мен тәсілдер өздерінде әртүрлі шығармашылық құрылғылардың таңбасын ұстады. Олардың басым бөлігі авангардты ұстанушылар, сонымен қатар жаңа сәулет өнерін тарихпен «табыстырғысы» келген (ауданды немесе классиканы, кейде тіпті оларды тоғыстыра отырып) жобалаушылар болды. Бәрінен бұрын конструктивтік құрылыстардың тобын бөліп алу керек. Бұл бағыттың стилистикалық белгісі мен формальдық сапасы Үкімет үйінде, Түрксіб Басқармасында, Баспоштада, Облыстық ұйымдар үйінің жобасында және әкімшілік ғимараттар қатарында бір тізбекті іске асырылған болатын. Мекемелер сол кездерге үдемелі болған техникалық құралдың қолданылуымен темір­бетонда орындалған болатын. Сондай­ақ темір­бетонды имитациялайтын кірпіш, ағаш, іші толтырылған каркас құрылыстар пайда болды: клуб­театр ГПУ (1933 ж.); Тубдиспансердегі №4 қонақүй (сәулет. Твердохлебов, 1933­35 жж.); «Ала­Тау» кинотеатры (қайта өңделгеннен кейін ЖКТ; сәулет. А.Руднев, В.Твердохлебов, 1933­35жж.). Сол жылдардағы жоспарлы­құрылыс практикасындағы едәуір салмақты «пролетарлық классика» сарынында орындалған жұмыстар иеленді. Аталған шығармашылық құрылғыларды Орталық пен Алматыда жұмыс істеген көптеген сәулетшілер ұстанатын. Ең бірінші болып петербургтік мектептің өкілдері болды. «Ала­Тау» кинотеатрының қасбетінің шешімінде петербургтік сәулетші А.Руднев осы қаладағы ең танымал «жеңілдетілген классиканы» пайдаланды­қосарланған цилиндрлік бағандар, қарапайым капительдер мен карниздер. Мәдениет сарайының ғимаратында (сәулет. Д.Фомичев, Е.Цейтц, 1933­36 жж.) аталған мектептің өкілдері авторлар жаңа және классикалық сәулетті тоғыстыра отырып (дәлірек, тарихи образдармен ассоциацияланатын элементтер), белгілі бір деңгейде олардың констуктивтік әдістердің контекстінде қолданылуын «ақтап алуға» тырысты. Ұлттық театр жобасында (сәулет. Н.Круглов) ғимараттың пастикалық функциясы мен конструкциясын дәл берген новаторлық көлемді­жобалық шешімдерді автор классиканың сәулеттік мұрасымен біріктірді.

Читайте также:  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Үкіметтік балкон­театр мінбесі (басты шығатын есіктің төлесіндегі) антикалықтың салтанатты баспалдақтар маршын трансформациялағаны сөзсіз. Бағандар тізбегі балконның антаблементі ретінде төртінші қабаттың кулуарларын, алаң стадионындағы көрермендер мінбесіне қанатымен енген абристі ұстап тұрды. Классиканың көркемөнер жүйесімен ұқсастықтар­ырғақты және пропорционалды ұйымдастырылуы, композициялық және формальдық әдістер­қарастырылған жұмыстарда дарынды стилизациялаудың сипатын ұстанған. Дегенмен, біртіндеп классикалық әдістерді трансформациялаудың функциялары функционалдық ұстанымда емес, сонымен қатар қасбеттердің таза ордерлік шешімінде өсе бастады: университеттің жобалары (сәулет. Н.Селиванов, В.Сергеев, 1935ж.); жаңа Үкімет үйі (алғашқы нұсқалары; сәулет. Б.Рубаненко, 1936 ж.) және театр (сәулет. А.Гегелло; В.Кококрин және В.Владимиров, 1934 ж.); ауылшаруашылық институты (сәулет. Н.Петров, 1935 ж.). Мединститут ғимаратында А.Гегелло ризолиттегі бағандар мен түзетілген бағандарды қолданды. Қасбетті дәлдеп тігінен бөлуі, үстінде жеңіл аттигі бар бағандар тізбегі қарапайым және ықшамды тәсілдермен осы мекемеге анық әрі айқын бедер беріп тұр. Аталған әдіс (тік ырғақтағы түзетілген пилястралар) өзінің қарапайымдылығымен және классикаға ұқсастығымен көзді жаулап алып кейіннен сәулет өнерінің 1930 жылдардың басындағы бағыттан бас тартуынан кейін кеңінен қолданыла бастады (ДОСААФ ғимараты ­ сәулет. А.Риттих, 1936 ж. және Түрксіб басқармасының қайта өңделуі ­ сәулет. М.Шугал, 1939 ж.). «Пролетарлық классика» ендігіде тек шығармашылық қағида ретінде емес (бұл кейіннен теориялық бағалауды бекітті) алайда аталған нысандарды қайта өңдеудің әдісі ретінде немесе 1940 жылдардың сәулеттік стилистикасындағы өтпелі түрдегі құрылыстардың белгісі ретінде қабылданды. Ұлттық сәулеттік дәстүрге бейтарап қатынаста тарихи қалыптасқан қала аумағында еуропалық құрылыстардың дамыған қатпарының болмауы (сондай­ақ олар колониялық мұра ретінде қабылданатын), әртүрлі шығармашылық топтардың шығармашылық ізденістерінің беталысын анықтап берді. Өздерінің жұмыстарының ерекшелігін олар мынадан көрді: «…алдарына ендігіде өмір сүріп жатқан әлде бір стильдік конондарға бой үйрету мәселесінен гөрі, енді ғана өзінің ұлттық мәдениетін дамыта бастаған, республиканың жас орталығының көркемдік бейнесін енді ғана жасауға кіріскен қоғамдық мекемелері мен ірі тұрғын үйлері бар қаланың орамын жасау міндетін қойған еді» [11]. Конструктивизмнің, «пролетарлық классиканың» және аудандық дәстүрдің «қатынасы» шығармашылықтың функционалдық параметрлеріне негізделеді. Осы шығармашылық құрылғылардың негізгі өзара әрекетінің мысалы, тартымдыларының бірі (1960 жылдардың басында өртеніп кетті), «үлгілі асхана» ғимараты болды (сәулет. А.Гегелло, 1933 ж.). Сәулетші функционалды­конструктивті әдістерді және халық сәулетінің дәстүрін пайдаланды. Павильон түріндегі асхана ғимаратында тұтастай оңай жылжымалы терезелер жолағы бар қабырғалар интерьер мен экстерьердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Читайте также:  Өркениет. Сөз тарихына кіріспе

Терассалар, балкондар, көгалдар мен жеңіл ағаш каркастар (түпбейне­киіз үйдің ағаш каркасы)­ұлттық­аудандық әдістермен ассоциацияланды. Ғимаратты жергілікті және классикалық дәстүрдегі новаторлық сәулет өнері әдістерінің дарынды интерпретациялануы ерекшелеп тұрды (ғимараттың жеңіл бағандар тізбегімен белдеуленуі, іргенің ірі бедері.). Шығыстың сәулеттік пішіндерін модернизациялау тенденциялары жергілікті дәстүрді білмеудің нәтижелері және ескі мен жаңаны механикалық байланыстыра салудың бедері ретінде В.Кокорин мен В.Владимиров (барлық конкурстық нұсқалар) жасаған театр жобасы сипат берді. Ұлттық республикада сәулеттік декорация көмегімен заманауи ғимаратты «шығысша мәнерлеу» мүмкіндігі ешқандай мәселені шешпегені сөзсіз. Конструктивтік ұқсастықтан гөрі ұлттық көркемдік дәстүрдің, оның көзге көрініп тұратын образдары мен пішіндерінің қажеттілігі біртіндеп өткір сезіле бастады. Мәдениеттің қазіргі өмірі мен барлығын мазалаған нәрсе барынша айқындала бастады. Ұлт үшін жаңа көркемдік­образдық жүйесі мен типологиясындағы сәулет өнерінің өзі әлеуметтік өзгерістердің пафосын жүзеге асырған ассоциациялаудың сол бір қабатын жасады. Сол жылдары Қазақстанда ұлттық сәулет өнеріне деген өздерінің теориялық және практикалық түсініктерін, дәстүрге деген қатынастарын қарсы қоятын жергілікті сәулетшілер мүлде болмады. Ұлттық «бояуы» болмаған қаланың тарихи құрылысының өзіндік ерекшелігі тек бетін ғана стилизациялау қажеттілігінен шектеп, Орталықтың сәулетшілеріне қысым көрсетпеді. Сәулетшілердің әртүрлі контекстіде Шығыстың тарихи мұраларына бет бұруы қазақ халқының мәдениетін зерттеуде маңызды роль ойнағаны даусыз. Алдағы уақытта ұлттық сәулет өнерін іздестіруде теориялық және практикалық тұғырнама жасалды.

Оставить комментарий