Загрузка…

1980-1990- ЖЫЛ­ДАРДАҒЫ ЕГИ­ПЕТТІҢ АРАБ ЕЛДЕРІ­МЕН ҚАТЫНАСЫ

Мысыр сыртқы саясатындағы басты бағыт – Таяу Шығыстағы өзекті мәселе – араб-израиль шиеленісін реттестіру бол- ғаны сөзсіз. Осы бағытта Египет тәуелсіздік алғаннан бері байқау танытып келеді. Кезінде 1967 жылы үшінші араб-израиль соғысында өзінің негізгі стратегиялық нүктесі-Синай түбегінен айырылып қалуы, сол жерді қайтарып алуда АҚШ-тың делдалдығымен Израильмен бейбіт бітім жасасуы ХХ ғ. 70-жылдарының аяғы – 80-жылдары араб әлеміндегі аймақтық көшбасшылығынан айырылуына алып келген еді. 1979 жылы наурызда АҚШ-тың президенті Дж. Картердің делдалдығымен Египет президенті Әнуар ас-Садат және Израиль премьер-министрі М. Бегин Вашингтонда Египет-Израиль келісіміне қол қойған соң Судан, Оман және Сомали елдерінен басқа араб әлемі Каирмен дипломатиялық қатынасын үзген еді. Кейіннен Судан да келісімді айыптаушылар қатарына косылды. Сепараттық бейбіт бітімге қол қоюы араб әлемі тарапынан наразылық тудыртқан еді. Әсіресе, Таяу Шығыс шиеленісіне қатысы бар Палестинаны Азат ету ұйымы, Сирия, Ливан және Иордания елдері жетекші араб елінің бұл келісімдерін қатты сынға алды. Палестина жерінде жаппай қарсылық қозғалыстары жүрсе, 1978 жылы 2-5 қараша аралығында Бағдадта араб елдері басшыларының жоғары деңгейде өткізілген кездесуінде ЕАР үкіметімен қатынасты тоқтату туралы шешім қабылданды. Мәжіліске қатысушылар, сепараттық бейбіт бітімге қол қойылған жағдайда ғана Египетке қарсы саяси және экономикалық шаралар қолдану туралы бірқатар шешімдер қабылдады. Дегенмен, араб елдерінің басшылары Каирмен байланысты бірден түпкілікті үзуге бармады. 1979 жылы 27 наурызда араб елдерінің экономика және сыртқы істер министрлері қатысқан Бағдадта өткен конференцияда Египетті Араб Елдері Лигасы (АЕЛ) мүшелігі қатарынан шығарып, оның штаб-пәтерін Каирден Туниске ауыстыру туралы шешім қабылданды. Оның жаңа хатшысы болып тунистік Шедли Қлиби тағайындалды. Сонымен қатар ЕАР Ислам Конференция Ұйымы мүшелігінен (ИКҰ) шығарылды. Бұл шешімді араб елдері Египеттің өзі ұсынған ұсынысы бойынша, яғни 1950 жылы қабылданған шешімге сүйене отырып, жүзеге асырған еді. Онда араб елдері Израильмен сепарат­ 66 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 1980-1990-шы жылдардағы египеттің араб елдерімен қатынасы тық келісім немесе келіссөзге қол қоймауы, ал бұндай қадамға барған кез-келген араб елі Лига қатарынан шығарылатыны айтылған [1]. Садаттың бұл саяси қадамына әлі күнге дейін әртүрлі баға беріледі. Кейбір ғалымдар Кэмп- Дэвид шарты шындыққа негізделіп, бұл соғыс өртінсіз шиеленісті бейбіт жолмен шешуге бағытталған қадам, сондықтан да араб елдерінің Египет басшылығын айыптауы саяси қателіктен туындады десе, кейбір ғалымдар Садаттың бұл қадамын ұлттық мүддені жалпыарабтық мүддеден жоғары қойды деп бағалайды. Египеттің антиизраильдік күрес бойынша одақтастар қатарынан шығуы, оның Таяу Шығыстағы жетекшілік ету позициясының жоғалуына әкелді. Қайткенмен де Египет басшысының осындай саяси қадамға баруы өзінің өмірі үшін қымбатқа түсті. Әнуар Садат 1981 жылы 6 қазанда жыл сайын өткізілетін (1973 жылғы соғыс жеңісіне арналған) әскери шеруде экстремистер қолынан қаза тапты. Египет геосаяси жағынан араб әлемінің нақ ортасында болғандықтан, араб елдерінің оқшауландыруы оның шекарасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, әлеуметтік-экономикалық потенциалының өсуі үшін мүмкіншіліктерін шектеді. 1981 жылы қарашада өткен жалпыхалықтық референдумда ел президенті болып сайланған Хосни Мүбарак үкімет басынан келген соң, Египеттің аймақ елдерімен белсенділігін арттыру үшін араб елдерімен қатынасты қайта қалыптастыруды көздеді. Х. Мүбарак бірінші орынға Египеттің ұлттық мүддесін, екінші орынға араб елдерінің, ал үшінші орынға мұсылман әлемінің мүдделерін қойды [2,157]. Біртіндеп араб әлемімен байланысты қайтару мақсатында шаралар жүргізіле бастады. Мүбарак 1982 жылы Израильдің Ливанға басқыншылығын тоқтатуды талап етті. Ол 1982 жылы қыркүйекте болған Сабр мен Шатилдегі қанды төгістен кейін, өзінің Тель-Авивтегі елшілігін шақыртып алған болатын. Тек Израиль әскерлері Ливан территориясынан толық шығарылғаннан кейін ғана елшілікті қайтаратындығын жариялады. Египет Ливанның барлық саяси күштерін сыртқы қауіп алдында бірігіп, ел тәуелсіздігі үшін жұмыла күресуге шақырды. Сонымен бірге Х. Мүбарак біріккен позиция ұстану мақсатында барлық араб елдерінің қатысуымен конференция өткізуді ұсынды. Сондай-ақ Египет басшысы барлық араб елдерін АҚШ-тың Мемлекет хатшысы Д. Шульц ұсынған Израиль мен Ливан арасындағы келісімді қолдауға шақырды. Египет Франциямен біріге отырып, Ливаннан Израиль әскерлерін шығаруды және «Палестина халқының құқығын есепке ала отырып, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату туралы келіссөз жүргізуді» қарастыратын БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының жобасын даярлады [3,54]. Мысыр президенті өте сақтықпен өз елінің мүддесіне жауап беретін саяси бағыт жүргізе бастады. Оған, бір жағынан, жыл сайын берілетін көмектен айырылып қалмау үшін АҚШ әкімшілігімен тығыз байланысты сақтау керек болса, екінші жағынан араб елдерінің қатарына Египетті қайта қайтару мәселесін жылдамырақ шешу керек болды. Оқшаулау саясатынан шығу жолдарын іздеген Х. Мүбаракқа араб әлеміне қастық ретінде қабылданбайтын және өз ұлттық егемендігіне де нұқсан келмейтін бағыттарды қатар алып жүруге тура келді. ЕАР президентінің көмекшісі Мұстафа әл-Феки айтпақшы, «Алдыңғы ізашарларына қарағанда Мүбарак популистік қадамдардан бас тарта отырып, бірқалыпты және салиқалы саясат ұстанады» [4]. Әрі Египет президенті Кэмп-Дэвид келісіміне сәйкес міндеттерді сақтау – АҚШ пен Израиль ұсыныстарының бәріне көз жұмып келісе беру емес деп ашық түсіндірді. Египет президенті араб елдерімен дипломатиялық қатынасты қайта қалпына келтіру үшін, ең алдымен, ол 70-жылдары БАҚ-та араб елдеріне қарсы жайлаған мақалаларға тыйым салды. Егер Садат тұсында Египет басшылығы Тель- Авивпен отырған сепарттық келісімге қарсы шыққан араб елдеріне жауап ретінде Египет араб әлемінсіз де жақсы өмір сүре алады десе, Мүбарак «Египеттің Израильмен дипломатиялық қатынас орнатуы Араб әлеміне есіктің жабылғандығы емес» деп түсіндірді [5,16]. Сондай-ақ жаңа басшылық Каирге Аараб елдері лигасы (АЕЛ) штаб-пәтерін қайта қайтару қажеттілігін біртіндеп насихаттай бастады. Мысырдың АЕЛ-ға мүшелігін қайта қайтару барысында қол жеткізген ірі жетістігі – 1984 жы- лы қазанда Иорданиямен дипломатиялық қатынас орнатуы. 1984 жылы 30 қаңтарда Иорданияға Египеттің сыртқы істер министрі Исмат Абд әл-Мажидтің сапары барысында екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келіссөзге қол қойылды. Оның негізінде қажеттілік туындаған жағдайда әскери көмек көрсету қарастырылды. 1984 жылы 20 қыркүйекте Иордан үкіметі Каирмен толық дипломатиялық қатынас орнатылғандығын жариялаған еді. Каир мен Амманның стратегиялық серіктестікті орна­ ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 67 Жанатаева К.Б. туға талпынуы екі елдің 1985 жылы 7-11 сәуір аралығында қарулы күштер жаттығуларын өткізгенінен байқалды. Бұл араб әлемінен оқшаулау саясатынан кейінгі Египеттің сыртқы саяси сахнадағы ірі жетістігі. Бірақ 80-жылдардың бірінші жартысында Каир араб әлемі сахнасында белсенділік танытқанымен, мүшелікті қайтару үмітіне қол жеткізе алмады. Аймақтағы ықпалын күшейтуді көздеген Х. Мүбарак 1980-1988 жылдары иран-ирак соғысын тоқтатуға белсенді әрекеттер танытты. Бұл қанды шиеленісте араб елдерінің позициясы бөлініп кеткен еді. Парсы Шығанағы елдерімен қоса, Египет бұл соғыста Иракты қолдап, оған қаржылай және әскери көмек көрсетсе, Сирия және Ливия елдері Иранды қолдады. Нақ осы екі бауырлас араб елімен Египеттің қатынасы шиеленісті болғаны мәлім. Египет пен Ирақтың өзара байланысы, бір жағынан, жалпыарабтық істерге де қатысты өрбіді. Екі ел басшылары ұзақ жылдар бойы араб әлеміндегі жетекшілікке бәсекелес тудырғаны құпия емес еді. Бұл екі ел арасындағы қатынастың толыққанды жүргізілуіне кедергі келтірді. Садаттың Израильмен бейбіт бітімге қол қоюы Египет-Ирақ қатынасын тіпті нашарлатып жіберді. Бірақ Каир мен Бағдадтың арасындағы қатынас 1980-1988 жылдардағы Иран-Ирақ соғысы кезінде өзгерді. Парсы Шығанағы елдерімен қоса, Египет бұл соғыста Ирақты қолдап, оған қаржылай және әскери көмек көрсетті. Бағдад пен Каирдің арасындағы ресми байланыстың жоқтығына байланысты Египет президенті 1983-1986 жылдары Ираққа барды. Соғыс жылдарындағы екі елдің арасындағы қатынас негізінен әскери көмек саласында дамыды. Соғыс жылдары Ираққа көптеген соғыс техникалары сатылған болатын. Әрі иран-ирақ шиеленісінде араб елдерінің пікірі бөлініп кеткен еді. Каир Сирия және Ливия елдерін Иранды қолдағаны үшін айыптады. Нақ осы екі бауырлас араб елімен Египеттің қатынасы шиеленісті болғаны мәлім. 1984 жылы шілде-қыркүйек айларында минадан 19 сауда кемесі жарылуына байланысты Египет Иран мен Ливияны Қызыл теңіз бен Суэц каналындағы теңіз жолдарына мина қойды деп айыптады. Бұған жауап ретінде 1985 жылы шілдеде Муаммар Каддафи Ливияда жұмыс істейтін 100 мың египет азаматтарын еліне қайтарды. Жауап ретінде Мысырда Ливияға қатысты осындай шараны қолданды [6]. Екі ел қатынасы одан әрі ушыға түсті. 1985 жылы желтоқсанда Мальтада Египет ұшағын лаңкесшілердің жаулап алына байланысты Ливиямен шекараға өзінің қарулы күштерін топтастырды. Бұл екі ел шеиеленісі араб елдері бейбіт түрде араласпағанда үлкен қауіпке айналатыны сөзсіз еді. Уақыт өте Таяу Шығыста қалыптасқан шиеленісті жағдайда, көптеген араб елдерінің басшылары Египетті арабтардан оқшауландыруға тек Израиль мүдделі екенін түсіне бастады. ЙАР президенті Али Абдалла Салех өзінің сұхбатында, «қазіргі Египет Кэмп-Дэвид үшін жауап бермейтіндіктен», ЕАР-ның АЕЛ-на мүшелігін қайта қайтару туралы ұсынысты қолдайтындығын жариялады [7, 20]. Бірақ Сирия және Ливия сынды араб елдерінің басшылары өз елдерін араб әлемінің мүдделері мен қауіпсіздігін қорғайтын жетекші араб елдері ретінде таныта отырып, Каирден Кэмп- дэвид келісімін үзуді және Египет-Израиль бейбіт бітімінен шығуды талап етті. Өз кезегінде, Египет бұл елдерді араб әлеміндегі қиыншылықтарға жауапты әрі Иран-Ирак соғысындағы және палестина мәселесі бойынша позициясы үшін айыптады. Израильмен бір тақтайға отырғыза отырып, Ливандағы шиеленісті жағдайды сақтап отырғаны үшін Сирияны ашық айыптады. Египеттің Синай түбегін қайтарып алуы, араб әлеміне Каирдың сыртқы саяси бағыттары үлкен жетістікке жеткенін көрсетті. 1984 жылы қаңтарда бірқатар араб елдері және Пәкістан мен Түркияның қолдауы арқылы Египет Ислам Конференциясы ұйымының (ИКҰ) қатарына қайта қосылды. Осы жылы Египет ИКҰ-ның Каса- бланкада өткен саммитіне қатысып, араб бауырларының мүдделерін қайтадан қорғауға даяр екендігін жариялады. Сол жерде Марокко королі Хасан мен Х. Мүбарак арасында Каирдің араб елдері аясындағы ынтымақтастығын қайта жандандыру басымдықтары туралы келіссөздер жүргізілді. Египет басшылығы үшін ИКҰ-ға мүшелікті қайтарудың маңызы зор болды. 1987 жылы 11 қарашада Амманда өткен жалпыарабтық саммитте, АЕЛ мүшелеріне жеке тәртіп бойынша ЕАР-мен ресми түрде қатынастарын қалпына келтіруге рұқсат етілген қарар қабылданды. 1988 жылдың басына қарай Египет АЕЛ-ге мүше 21 мемлекеттің 14-імен толық дипломатиялық қатынас орнатты. 1990 жылы шілдеде он шақты жылдай шиеленісті қатынастан кейін Александрия қаласында Сирия және Египет президенттерінің кездесуі өтті. Осыған дейін мамыр айында Х. Мүбарак Дамаск қаласына сапар жасап, стратегиялық ма­ 68 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 1980-1990-шы жылдардағы египеттің араб елдерімен қатынасы ңызы зор Египет-Сирия қатынасының қалпына келтірілуіне жол ашқан болатын. 1990 жылы қазанда Араб Елдер Лигасы 11 жылдан кейін өзінің Каирдегі резиденциясына қайтарылды. Бір жылдан кейін 1991 жылы 15 мамырда АЕЛ бас хатшысы болып, Каир өкілі доктор Ахмед Исмат Абдел Маджид тағайындалды. ЕАР-дың араб елдерімен қатынысының реттестірілуі Араб ынтымақтығы кеңесінің құры- луына әкелді. 1989 жылы 16 ақпанда Бағдадта өткен конференцияда Египет, Ирак, Иордания және ЙАР елдерінің басшылары Араб Ынтымақтастығы Кеңесін (АЫК) құру туралы мәлімдеді. Кеңестің біріккен мәлімдемесінде бұл жаңа ұйым АЕЛ шеңберінде әрекет ететіндігі жарияланды. Жаңа ұйымның мақсаты Кеңеске мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеру, олардың арасындағы ынтымақтастықты жандандыру және бір-бірінің ішкі ісіне араласудан бас тарту болды. Сонымен бірге Кеңес өз алдына саяси және соғыс міндеттерін қоймайтындығын атап өтті [8]. Төрт мемлекет басшылары одақты құру, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие екендігін атап көрсетті. Кеңестің мүшелері бірлескен экономикалық жоспарлар даярлау, тарифтерді азайту және ішкі рыноктарды біріктіру міндеттерін алға қойды. Сондай-ақ АЫК заңында жалпыарабтық қауіпсіздікті нығайту қажеттілігі туралы да айтылды. Бірақ аталған ұйым көп өмір сүрген жоқ. Одақ Парсы Шығанағы дағдарысы жылдары ыдыраған болатын. Дегенмен, Х. Мүбарак араб аймағында сенімділікті жаулап, әрі Египеттің беделін қайтара білді. Б.Г. Сейранян жазғандай: «Мүбарактың шынайы жеңісі болып араб әлеміне қатысты саясаты саналады. Он жылдан аздай уақытта елдің президенті Египетті араб әлемі аясына қайтарып қана қоймай, ондағы жетекші орнын қайта қалпына келтірді» [9, 87]. Осылайша Египет бауырлас араб елдерімен қатынасын қалпына келтіре отырып, түпкілікті өзінің аймақтық үстемдігін бекіте түсті.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar