1980-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕГИПЕТТІҢ САЯСИ ӨМІРІ

70-ші жылдардың аяғында Египетте «жаңа бағыт» елде «демократиялық тәжірибе» деген атауға ие көппартиялық жүйені құрды. Бірақ елдегі саяси дағдарыстың өршіген тұсында Египет президенті Әнуар ас-Садат көппартия- лық жүйені қалыптастыру өзіне қиын жағдай туғызатынын топшаламаған еді. Елде заңды және жартылай заңды партиялардың құрылуы билікке қарсы мықты оппозицияның пайда болуына әкелді. 1980 жылы көктемде құрамына оппозициялық партиялардың басым көпшілігі кірген Египет патриоттық майданының құры- луы «жаңа бағыт» жетекшілерін тығырыққа тірелтті. Мысыр президенті билігінің соңғы жылдары қоғамның дерліктей барлық күштерін, атап айтсақ, жасырын, солшыл және оңшыл оппозициясын, мұсылман-фундаменталистерін, христиан-коптары мен буржауаз топ өкілдерін өзіне қарсы қойып алған еді. Елде ауыр тәртіп дағдарысы орнады. Өзінің саяси тәртібіне қарсы шыққандармен күрес жүргізу үшін Садат «де- мократиялық институттарды» кеңінен қолдан- ды. Әсіресе билікке сын тағушы оппозиция қызметін шектейтін заңдарды қабылдау үшін референдумдар өткізілді. Антидемократиялық заңдар қабылданып, саяси тәртіп оппозицияны одан әрі қыспаққа ала түсті /1, 72/. Елде саяси қарсыластарға қарсы жаппай жазалау шаралары басталды. Мұсылман және қопт ұйымдары таратылды. Мемлекет көптеген мешіттерге бақылау орнатып, діни басылымдар- дың шығуы тоқтатылды. 1980 жылы универси- теттердегі барлық исламдық ұйымдарға тыйым салынды. Шектен шықты деп саналған мұсыл- ман экстремистеріне қатысты үкім шығарылды. 1981 жылдың қыркүйегінде Ә. Садаттың бұйрығы бойынша Израильмен бейбіт бітімге қарсы шыққан ислам ассоциацияларының 1500-ге жуық мүшелері тұтқындалды /2/. Оның ішінде Ұлттық прогрессивтік партиясынан бастап «аға- йынды мұсылмандар» жетекшілеріне дейін бар еді. Тұтқындау мен жазалау шаралары тек мұ- сылман оппозициясымен ғана шектеліп қойған жоқ. Шамамен 150-ге жуық қопт қауымының басшылары, насыршылдар, уафдистер, комму- нистер, социалситер және «тәуелсіздер» бостан- дықтарынан айырылды. Қопт патриархы Шену- да ІІІ-де қызметінен босатылып, оған 1981 ж. сот үкімінсіз «діни фанатизм» айыбы тағылды. Ол шалғайдағы ән-Натрун шөліндегі монастыр- ға айдалған болатын. Бұл жаппай жазалау шаралары елдегі саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне әкелді. Ислам- шылдар президентке Израильмен жасаған бей- бітшілік бітімін кешірмеді. Нәтижесінде египет президентіне фундаменталистер тарапынан со- ғыс жарияланды. 1981 жылы 6 қазан күні Қазан соғысының жеңісіне орай ұйымдастырылатын кезекті әскери шеруде Халед Исламбули бас- таған исламшылдар тарапынан президентке қас- тандық жасалынып, өлім жазасына ұшырады. 1981 жылы 13 қазанда Египтте референдум өткізіліп, жаңа президент Хосни Мүбаракқа сай- лаушылардың 98,46%-і дауыс берді. Билікке келе салысымен ел президенті елдегі әлеумет- тік-саяси қиыншылықты жою мақсатында қоғамдық өмірді либерализациялауға бағыттал- ған бірқатар қадамдар жасады. 1981 жылы 6 қазандағы саяси өрескелдіктен кейін ел ішінде оппозиция еркін қимылдап, ел- дің қоғамдық-саяси өмірінде өзінің ықпал өрісін кеңейте түскен еді. Оппозициялық күштер үкі- метке қарсы сот істерін қозғап, жаппай еркін түрде ереуілдер ұйымдастыра алатын болды. «Аш-Шааб», «әл-Ахали», «әл-Уафд» және «әл- Умма» басылымдары бостандықты пайдалана отырып, саяси тәртіпті, тіпті билік өкілдерінің жекелеген тұлғаларын ашық түрде сынауға қол жеткізген болатын. Бірақ саяси бағытты либерализациялау жаңа президентке елде төтенше жағдай енгізіп, тәр- тіпті күшейту үшін қатаң шаралар қолдануға кедергі келтірмеді. Әрине, бұл қиын қыстау саясат өте сақтық пен мұқияттылықты талап етті. Ең алдымен, экстремистік мұсылман ұйым- дарына бақылау орнату шаралары жүргізілді. Садаттың өміріне қастандық жасушылар мен оны ұйымдастырушы мұсылман экстремитері ұйымының мүшелері тұтқындалып, жазаға тартылды. Басқа да бірқатар экстремистік ұйым- дар мен жасырын солшыл топтарға қатысты сот істері қозғалды. 1981 жылы қазанда енгізілген елдегі төтенше жағдай туралы заң жалғасын тауып жатты. Оңшыл мұсылман ұйымдарға қатысты біраз қатаң бақылау орнатылды. Елдегі жағдайдың нашарлап кетуі мен біржақтылық АҚШ-пен қатынасқа қарсы шыққан әскерлердің шеруі қатаң жазаланды. Оларға қарсы бірнеше дивизия жіберіліп, шамамен 800 адам өліп, 2500 солдат тұтқынға алынды /3, 486/. Президенттің ауысуы авторитарлық тәртіп- тің өзгеруі мен демократияның өрлеуіне әкелді. Партиялар қызметі жеңілдеп, елдің мемлекеттік жүйесінде маңызды рөл парламентке берілді. Египет басшылығы өрістеп келе жатқан мұсылман дауы қозғалысын бірғана құғын-сүр- гінмен баса алмайтындығын түсініп, бірқа- лыпты ислам оппозициясын экстремистік ұйым- дардан алшақтатуға тырысты. Бірқалыпты партия жетекшілері қамаудан босатылып, қо- ғамда болып жатқан жайттарға қатысты өз пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік алды. Енді қайтадан «ад-Даауа» және «әл-Иатисам» діни журналдарының шығарылуына рұқсат берілді. Дегенмен Египетте 1983 жылы қабылданған «сайлау» туралы жаңа заң оппозицияға қатысты қатаң талабын сақтап қалды. 8%-тен кем дауыс жинаған партия сайлауға қатысу құқығынан айырылды. Сондай-ақ солшыл партия блокта- рын құруға мүмкіндік болмады. Мүбарак әкімшілігі конституциялық инсти- туттар қызметінің жандануына, мемлекеттік және сот органдарының күшеюіне баса назар аударды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Жаңа Уафд партиясы 1983 жылы тамызда өзінің қызметін қайта бастауға кірісті. 1984 жылы қаңтарда Мемлекеттік кеңес жанындағы жоғарғы әкім- шілік соты ҰДП білдірген қарсылығына қара- мастан Жаңа Уафд партиясын заңдастырды. Өйткені Х. Мүбарак оңшыл буржуазияшыл кон- сервативтік ұлттық партияның қайта құрылуына рұқсат етті. Бұл партия Мүбарактың ұлттық демократиялық партиясымен беделі жағынан бірдей. Партия өзінің «1952 жылғы 23 шілдедегі революция принциптерін» ұстанатындығын жа- риялай отырып, сондай-ақ экономиканы либера- лизациялау саясаты мен «өндіруші инфитахқа» өтуді қолдайтындығын білдірді /4, 10/. Олар конституциялық реформалар арқылы дамуды буржуазиялық-либералдық ағымға бұру керек деп көздейді. Әсіресе олар жеке меншік кәсіпкершілікті қолдайды. Сонымен бірге 1983 жылы сот органдары арқылы ұлттық бағытты ұстанатын алтыншы «әл-Умма» партиясы құрылды. «Әл-Умма» пар- тиясы аймақтағы әділеттілікті орнату және басып алынған араб жерлерін азат ету үшін ұлы державалармен тепе-тең қатынас орнату керек екенідігін мәлімдейді. Іс жүзінде партия КСРО мен АҚШ-қа қатысты кез-келген сын айтудан мүмкіншілік болса алшақ болды. «Әл-Умма» араб елдері Египеттің жағдайын түсініп, Изра- ильмен бейбітшіліктен бас тартпай-ақ қатынас орнатуы керек деп тұжырымдады. Египеттің оқшаулануын қолдаған қарсылас топтардың ойын өзгерутуге тырысты. Партия мүшелері Кэмп-Дэвид келісіміне қарсылық білдірген барлық топтарға, араб елдеріне Египет бауырлас араб мемлекеттерінің қолдауына мұқтаж екендігін білдіртті /5, 56, 70/. Сондай-ақ Мүбарак әкімшілігі ислам оппо- зиционерлеріне қатысты қатаң күрт шаралар қолданудан бас тартты. Өз билігінің алғашқы 12 айында түрмеден 4000 ислам белділерін боса- тып, елдегі саяси қысымды әлсіретті. Әрі өзінің жағына екі жақты болып тұрған ислам басшы- ларын тарта білді. Оларды ұлттық мүдде аясын- да диалог орнатуға шақырды. Мүбарак үкіметі ішкі саяси өмірді жандан- дыра отырып, оппозициялық партияларды қуда- лауды тоқтатты. Саяси партиялардың баспа органдарының қызметі қайта іске қосылды. Олардың көпшілігі белгілі деңгейде шетелдік партиялармен, ұйымдар және тіпті билеуші тәртіппен сыртқы байланыс орната бастады. Мысалы Египетте бұл үдеріс Социалистік еңбек партиясы (СЕП) мен ұлттық-прогрессивтік пар- тиясы (ҰПП) сынды оппозициялық партиялар қызметінен көрініс тапты. Олар египет-ливия арасындағы шиеленісті қатынас кезінде өзде- рінің елшілігін М. Қаддафиге жіберіп, Парсы Шығанағы дағдарыс кезінде С. Хұсейнмен ын- тымақтастық орнатып, палестиналық ұйым- дарымен байланыс жасаған еді. СЕП партиясы ұсақ буржуаз жастар мен студенттер мүддесін қорғайтын орган ретінде танылды. Бұл партия да аймақтағы бейбіт- шілікті талап ете отырып, 1982 жылы Израиль- дің Ливандағы басқыншылығын қатаң айыпта- ды. Бірқатар СЕП еріктілері Бейрутқа аттанды. Осы кезден бастап партия жетекшісі Ибраһим Шукридің Ясир Арафатпен жеке байланысы басталған еді. Кезінде Араб социалистік одағының (АСО) сол қанаты негізінде құрылған ҰПП Мүбарак тұсында өзінің белсенділігін жандандыра оты- рып, саяси бағытты қайта қарастыруды талап етті. ҰПП өзінің бағдарламаларында ашық түр- де батыстың, АҚШ-тың саясатын сынға алды. 1982 жылы сондай-ақ бұл партия басқа да ұлттық күштермен бірге Израиль агрессисына қарсы Ливан халқының күресін қолдайтын шерулер ұйымдастырған болатын. 1985 жылы қазанда ҰПП белсенділері антиамерикандық ереуілдерге қатысты. 1986 жылы көктемде ҰПП-сы үкіметті Ливиядағы американдық басқыншылыққа суыққандық танытқаны үшін күрт айыптады. Сонымен бірге Египеттің саяси құрылы- мында Социалистік-либерал партиясы (СЛП) едәуір рөл атқарды. АСО-ның оң қанаты негі- зінде құрылған бұл партия құрмына либерал буржуаз өкілдері, еркін кәсіпшілікті ұстанатын тұлғалар кірді. СЛП-ның конформистік бағыты, оның саяси құғын-сүргіннен аман қалу үшін биліктегілермен жақындаса түсуі өздерінің идеологиялық бет пердесін жоғалтуына әкелді. Египеттік оппозиция сыртқы саясатқа Ха- лық жиналысындағы өздерінің фракциялары ар- қылы әсер алатыны да мәлім. Олар жаңа прези- денттің біртіндеп «садатизмді» жоятындығына үміт артты. Египет президенті болса демократиялық ба- ғытты ұстануды жөн көрді. 1983 жылы консуль- тативтік кеңеске сайлау болып жатқанда, оппо- зициялық топтар бұл сайлауға қарсы шықты. Себебі бұл кеңес Садат тұсында құрылған сенат ретінде демократиялық жүйеге қарсы жүйе еді. Бұл сайлау халық жиналысына сайлау өткізуге бастама болды. 1984 жылы 27 мамырда өткен парламенттік сайлаудың алдыңғы өткен барлық сайлаулардан айырмашылығы болды. Алдын алғы сайлау кам- панияларында ашық түрде өткен елдің өзекті мәселелеріне қатысты пікір-таластар президент- тің абыройын көтеріп тастады. Атап өтетін тағы бір айырмашылығы оппозиция жетекшілері ра- дио, теледидар, ерулерде сөйлеуге мүмкіндік алды. Сайлау нәтижесінде ҰДП 73 % дауыс жи- нап, 342 депутаттық орынды иеленді. Жаңа сай- лау заңына сәйкес Халық жиналысында 390 де- путаттық орынды иеленуге құқығы болғанымен, 15,1 % дауыс жинаған Жаңа Уафд партиясына 58 депутаттық мандат берілді. 1984 жылы сайланған Халық жиналысы өзінің қызметінің аяқталуына аз қалған кезде таратылды. Маңызды әлеуметтік-экономиалық қиындықтар мен саяси бірліктің қажеттілігі тұ- сында президент алдымен экономикалық мәсе- лелерді шешуді көздеді. Ол үшін кең саяси негізі бар «теңестірілген» парламентке қажет еді. Мүбарак елдің алдында тұрған өзекті мәсе- лелерді шешу жауапкершілігін оппозициялық күштермен бөліскенді жөн санады. 1987 жылғы 6 сәуірде өткен парламент сайлауы нәтижесінде билеуші Ұлттық-демокра- тиялық партия қайтадан депутаттық орынның басым көпшілігін иеленегенімен, бұл жолы оппозиция өзінің мандатын екі есеге көбейтуге қол жеткізді. Сайлау барысында ҰДП 448 депу- таттық орынның 338-н (69,6%) иеленді. Әрі бұл сайлауда президент жемқорлыққа батқан партияның он қанатын жаңа күшпен толықтыруға үміттенді. Екінші орында құрамында СЕП, ЛСП және «ағайынды мұсылмандар» ассоциациясы бар ислам альянсы тұрды. 8% -дық көрсеткішті артта қалдырып, 36 депутаттық мандатқа ие болған Жаңа Уафд партиясы үшінші орынды алды. Дегенмен олар бұрынғы сайлауға қара- ғанда 22 орыннан айырылды. Өткен сайлауда басты оппозициялық күш ретінде Жаңа Уафд саналса, енді оны «ислам- бұл шешім» атты ұранмен алдын алғы сайлау кампаниясында алға шыққан фундаметалистік ислам коалициясы ығыстырды. Кезінде қызме- тіне тыйым салынған «Ағайынды мұсылман- дар» ислам альянсы жалпы алғанда парламент- тегі 60-ға жуық орынды иеленді. Ислам коали- циясының басы бола отырып, олар мемлекет шариат заңдарына сәйкес басқарылуы керек деп мәлімдейді /6/. 1987 жылғы сайлау оппозициялық партия- лар үшін жаңа қадам болып табылды. Парла- менттегі ислам фундаменталистердің басымы діни оппозицияны әлсірету, оның билікті сынау- ын жұмсарту, әртүрлі экстремистік фундамента- листік ағымдарды бейтараптандыру үшін шақы- рылды. Жалпы парламенттің жаңа құрамы бұрын- ғыға қарағанда елдегі шынайы саяси күштер ара қатынасын теңестірді. Бірақта елдегі көппартия- лық жүйе сөз түрінде қала берді. Өйткені билік сол қалпында «өз» партиясына сүйенген басшы- лықтың қолында қала берді. 1987 жылы қазанда жалпы ұлттық референ- думда Хосни Мүбарак елдің президенті болып алтыжылдық мерзімге қайта сайланды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісіп кетуі саяси жағдайдың қиындап кетуіне әкелді. 1988 жылы қаңтарда әл-Мине және әл-Махалл мекемелерінде өнеркәсіптік еңбекшілердің көтерілістері болды. Осы айда Александрия мен Асьютта студенттердің үкі- метке қарсы қозғалысы болып өтті. Осындай халде мұсылман-діни оппозициясы Египетті қайта қалыптастыру, яғни Египетті азаматтық қоғамнан шариат заңына негізделген теокра- тиялық мемлекетке айналдырғысы келген- діктерін білдіртіп, әрекет жасады. Үкіметке қарсы экстремистік мұсылман ұйымдары «әл- Жихад», «әл-Жихад «әл-Ислами» ұйымдары Асьютте, Каирде, Асуанда және де басқа қала- ларда ереуілдер ұйымдастырды. Біразға дейін бұрынғыға қарағанда үкіметтің ислам оппозициясымен едәуір жақсырақ болып келген қарым-қатынасы қазір күрделі жағдай- да. Елде ислам альянсының күшейіп кетуінен қауіптенген үкімет заңды және жартылай заңды діни оппозицияның қызметіне шектеу қоюды қарастырды. Өйткені олардың тарапынан үкі- метті сынау күшейіп кетті. Әсіресе 1988 жылы наурыз айында төтенше жағдай туралы заңды тағы да үш жылға, яғни 1991 жылдың қазан айына дейін созған соң тіпті күшейіп кетті. Сондай-ақ оппозиция конституцияға қайшы бірқатар заңдарды және азаматтық құқықтарға зиян келтіретін заңнамаларды жоюды талап етті. Бірақ билеуші ҰДП оппозиицямен кез- келген мәселені талқылауға дайын болғанымен, Конституцияға өзгерту енгізуді мүлдем естігісі келмейді. 1990 жылы сайлау заңына өзгертулер енг- ізілді. Парламент таратылып, жаңа сайлау жүргізілді. Бұған әрине алдыңғы сайлауда үлкен жетістікке жеткен «ағайынды мұсылмандар» мен СЕП қарсы шықты. Осыдан бастап олардың сайлау органдарынан, кәсіподақтан шығарылуы қарастырылды. Олардың кейбір мүшелері тұт- қындалып, «ағайынды мұсылмандар» бақылап отырған «әл-Азхар» майданы таратылды. 1990 жылы қараша-желтоқсанда жүргізілген сайлау нәтижесінде үкіметтік ҰДП 348 орынды иеленді. Бұл сайлауда жалғыз оппозициялық партия ретінде солшыл ҰПП кандидатурасы ха- лық жиналысына ұсынылып, 8 орынды иеленді. Ал 83 орынды «тәуелсіз» депутаттар иеленді. Келесі 1995 жылы қараша-желтоқсанда жүр- гізілген сайлауда ҰДП 454 депуттатық орынның 417 орынын иеленіп, тағыда жеңіске жетті. Бұл билеуші партия өкілдеріне Консультативті Ке- ңесте де басым орын берілген. Олар 90 дауыс- тың 84-н өздеріне иемденеді. 1999 жылы қыркүйекте өткен президентті сайлау бойынша жалпы ұлттық рефередум елдің саяси сахнасында жаңа әлеуметтік күштердің пайда болғанын көрсетеді. Алғаш рет сайлау науқанында ресми БАҚ-мен бірге Х. Мүбаракты қолдау мақсатында сөз сөйлеген іскер топтар өкілдері жүрді. Жоғары қарқындағ халық шар- уашылығының сақталуы ұлттық буржуазия мен орта тап өкілдерінің көбеюіне әкелетіндігі сөз- сіз. Бірақ соңғы жылдары мысыр қоғамында сайлауға деген сайлаушылардың көзқарастыры өзгере бастады. Кейінгі жылдары парламенттік сайлау науқанына сайлауға құқығы бар азамат- тардың түгелдей қатыспауы үрдісі байқалып келеді. Өйткені мысырлық кедей топтарын мем- лекеттік сектордың жұмысшылары құрайды. Елдегі жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Ресми мағлұматтар бойынша жұмыссыздық еңбекке жарамды тұрғындардың 10%-н құраса, биресми деректер бойынша ол 30% -дан асады. Сондық- танда қалай күн көрістің қамын ойлаған бұл категориядағы тұрғындарды ешқандай да саяси мәселе қызықтырмайтыны сөзсіз. Оған 2000 жылғы парламенттік сайлауда сайлаушылардың тек 23%-нің қатысуы айғақ. Осылайша оны елдегі ең басты екі мәселемен түсіндіруге бола- ды. Олар қоғамдағы кедейшіліктің кең етек жаюы және саяси жүйенің кейінгі жылдары түскен арнасынан қайта шыға алмауы. Дегенмен ауылдық жерлер мен кішігірім қалаларда сайлауға қатысушылар саны басымы- рақ. Егерде үміткерідің бірі жергілікті болса ғана, өйткені ол өзі көлік жалдап, сайлаушы- ларды дауыс беру орнына жеткізеді. Әрі әрбір сайлаушыға кішігірім ақшалай сыйақы төлейді. Ал әлеуметтік жағынан кедейшілікте күн көре- тіндерге елдегі саяси өмірден ақша маңыздырақ екені сөзсіз. Осындай жүйе «билеуші тапқа» заң шығару- шы да, атқарушы да билікті өз қолдарына шо- ғырландыруға мүмкіндік туғызады. Әрине қоғамның дамуын барынша қадаға- лап отырған мұсылман ұйымдарының пікірі елдегі тәртіпке қатысты қашан және қалай өзге- ріп кететіндігі ешкімге беймілім. Жағдайдың толыққанды тұрақты болуына саяси тәртіптің Батысқа қарай бағытталғаны, ал қоғамның әуелі исламға, дәстүрлік жүйе құндылықтарына сүйе- нуі әсер етеді. Осы екі саяси мәдениеттің қақты- ғысы нақты саяси институттардың қызмет етуі- не кедергі келтіреді. Египет қоғамының ішкі әлеуметтік-саяси қайшылықтары, оның сыртқы саяси қиындықтары мен оппозициялық күш қуаты болашақтағы Египеттің саяси құрылы- мының бір арнаға түсуін анықтайды.

Читайте также:  Философия тарихының мәселелері

Оставить комментарий