2003 ЖЫЛЫ ИРАКҚА АҚШ ӘСКЕРІНІҢ БАСЫП КІРУ СЕБЕПТЕРІ

2003 жылғы АҚШ-Ирак соғысының себебі Вашингтонның Ирактағы биліктен С. Хусейн режимін аластатуға және осы елде америкалық ұстанымдағы режимді орнатуға тырысуы болта- нын қазіргі уақытта бәрі біледі. Оған қоса С. Хусейн басшылық жасап отырған Ирак өкіметін құлатуға америкалық мүдделерді ескере келіп, Құрама Штаттардың билеуші тобы өздерінің геосаяси қызығушылықтарын Ирактың Жаппай қырып-жою (ЖҚҚ) қаруы тарапынан әлем қауымдастығына келетін қауіпті жою қажетті- гімен байланыстырды. Америкалық саяси истеб- лишимент пен Вашингтонның ресми үгіт-наси- хаты АҚШ жұртшылығын және дүние жүзін ирактық ЖҚҚ-ны жою антиирақтық коали- циялық күштің Иракқа басып кіруінсіз және С. Хусейннің режимін құлатпай мүмкін емес деп сендірді. Құрама Штаттардың Ирак режимін америкалық ұстанымдағы режиммен алмастыру ниетінен басқа, Вашингтон алдына саяси, сон- дай-ақ экономикалық құрамдастарды да көздей- тін ауқымды геосаяси мақсаттар қойғаны енді анықталып келеді. Әйтсе де, америкалық саяси элита Таяу Шығыста өзінің басқа да геосаяси мәселелердің барын ашық түрде жариялауға тырысқан жоқ. Себебі экономикалық қитұрқы- лықпен Ақ үйдің Бағдадқа әскери қақтығыс дайындап отырғанын айтпағанның өзінде, бұл мәселелердің шешімі ретінде АҚШ Иракқа қарсы соғыс отын тұтатуға ықпал етуі керек болатын. Америкалық, еуропалық араб және отандық саясаткерлердің кең спектрінің ойы бір жерден шығып отыр, Құрама Штаттардың Иракпен әс- кери қақтығыс бастамақ болған әрекеті, С. Хусейн режимін құлату – мұның барлығы Ва- шингтонның Таяу және Орта Шығыстағы, жал- пы бүкіл дүние жүзіндегі ықпалын күшейтуге арналған болатын. Ауғанстанда америкалық әскери күш сақталып отырған кездің өзінде Бағдадты АҚШ-тың геосаяси бақылау аймағына қосылуы және Вашингтонның Орталық Азия мен күнгей Кавказдағы әскери-стратегиялық бағытының күшеюі әлемдік аренада Иранның стратегиялық оқшаулануының аяқталуына әке- луі керек болатын. Соңғы жағдай, өз кезегінде Тегеранды америкалық ықпалдың аясына қай- таруға арналған жаңа саяси кампанияның құры- луына әкелетін еді. Егер Құрама Штаттар бұл мәселелерді шешсе, Таяу және Орта Шығыстың, сол сияқты Орталық Азия және Каспий аймақ- тарының мұндай-газ ресурстарына толық бақы- лау орната алушы еді /1, 48/. Ирактағы биліктен С. Хусейннің режимін аластату Ақ үйге, бола- шақта Сирияда да саяси режим орнатуға мүм- кіндік берер еді. Таяу Шығыс сарапшылары АҚШ-тың Таяу және Орта Шығыстағы геосаяси мақсаттарына қатысты жасаған өздерінің еуропалық және ре- сейлік әріптестерінің болжамдарымен келісті. Осылайша мароккалық саясаткер М.А. әл-Джаб- ри Иракқа қатысты АҚШ-тың шынайы ниеті Таяу және Орта Шығыстағы жағдайды Вашинг- тонның пайдасына түбегейлі өзгертуді жоспар- лаған деп пайымдады /2/. Оның үстіне, АҚШ-тың Иракқа қарсы соғы- сы америкалық экономикалық қызығушылығық- қа да әсер етуі керек болатын. Сондықтан, зерт- теудің бұл кезеңінде Вашингтонның С. Хусейн режимін құлатуға экономикалық қызығушылық танытуын бірнеше кезеңге бөліп көрсеткен орынды: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді америкалық экономикалық қызығушылықтың аясында Құрамы Штаттар Иракқа қарсы соғыс ашып, содан кейін оны ба- сып алады. Ирактың өндірістік қуаттарын басып алудың нәтижесінде, Вашингтонның әскери шығындарының көбеюі және мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі есебінен АҚШ економи- касының дамуына ықпал жасауы керек болатын. Орта мерзімді америкалық қызығушылыққа Иракқа бақылау орнату нәтижесінде АҚШ-тың энергетикалық қауіпсіздігінің алдын алуды жат- қызуға болады. 2002 жылдың маусымында Құ- рама Штаттардың вице-президенті Р. Чейнидің америкалық энергетикалық қауіпсіздік кіші Дж. Буш әкімшілігінің сыртқы саясатының негізгі бағыты болып танылады деп мәлімдеуі кез- дейсоқ емес /3, 75-76/. Америкалық саяси истеб- лишменттің АҚШ энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты қатты алаңдаушылығы Вашингтонның шет елдерден әкелінетін көмірсутекті шикізатқа тәуелділігінің айтарлықтай артқандығына бай- ланысты болатын. Егер 1973 жылы Құрама Штаттар пайда- ланатын мұнайының 36%-ын шеттен импортта- ған болса, 2003 жылы бұл көрсеткіш 57%-ға жетті. Оның үстіне, АҚШ энергетикасы депар- таментінің 1999 жылы жасаған бағасына сәйкес, 2010 жылы Американың мұнай импортына тә- уелділігі 68%-ға дейін өседі /4, 24/. Француз зерттеушісі Э. Тоддтың мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылы америкалық мұнай көздері таусы- латын көрінеді, демек 2002-2003 жылдары аме- рикалық саяси басшылықтың алдында АҚШ- тың энергетикалық қауіпсіздігі туралы өткір мә- селесі тұрды /5, 191/. АҚШ үшін қалыптасқан жағдайдан шығу- дың жолын табу 2002 жылы америкалық вице- президент Р. Чейни басқарған жұмыс тобына жүктелді. Олардың Құрама Штаттар үшін жаса- ған энергетикалық стратегиясына сүйенсек, Вашингтонның үш жаһандық міндеті бар. Олар: америкалық мұнай импортындағы Сауд Ара- биясының бағытын әлсірету, халықаралық аре- нада АҚШ-қа тәуелді болатын шикізат донор- ларын қалыптастыру мен Құрама Штатқа мұнай тасымалдайтын маршруттарды жаулап алу /6, 39/. Бұл саяси құрамда кіші Дж. Буш әкімші- лігіндегі америкалық мұнай концерндерінің бұ- рынғы топ-менеджерлерінің кездейсоқ емес ау- қымды өкілдіктерін қарастырған жөн. Бұл жер- де, АҚШ вице-президенті Р. Чейнидің, Пента- гон басшысы Д. Рамсфельдтің, АҚШ прези- денттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі К. Райстің ертеректе Құрама Штаттардың ірі мұнай компанияларының жетекшілері болван- дығын еске сала кеткен дұрыс /7, 111/. Тек Ирактағы С. Хусейннің режимін құлат- қаннан кейін Дж. Буш әкімшілігінің кейбір өкіл- дері Ақ үйдің Иракқа қарсы соғысының эконо- микалық себептері бар екенін мойындай баста- ды. 2003 жылғы маусым айының басында АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары П. Вульфо- виц «Гардиан» британ газетінің журналисі АҚШ-тың Солтүстік Кореяға емес, Иракқа ба- сып кіруінің себептері туралы сұрағанда «Сол- түстік Кореяда ЖҚҚ-ның табылу ықтималдығы жоғары еді ғой» деп, Ақ үйдің өзге өкілдеріне қарағанда айтарлықтай нақтырақ жауап берді. П. Вульфовиц сол кезде Ирактың Солтүстік Кореядан басты айырмашылығы – Бағдадтың орасан зор мұнай қоры бар екендігі, демек эко- номикалық тұрғыдан алғанда Вашингтонға Ирак Республикасынан басқа жерге басып кіру- ді таңдаудың қажеті жоқ екенін айтты /8, 23/. АҚШ-тың билеуші топтарының Ирак мұнайын бақылауға алуынан басқа, Парсы шығанағы аймағындағы әскери-саяси жадайдың шиеленісуіне қызығушылықтары артты, себебі бұл жайт Таяу және Орта Шығысқа қару-жа- рақтардың жаңа топтамасын өткізуге мүмкін- діктер тудыратын еді. Вашингтонның бұл жағдайдағы негізгі себебі – Таяу Шығыс елде- ріне ХХІ ғ. басында жаппай сатылымы сая- бырсып қалған өзінің қару-жарақтары мен со- ғыс техникаларын өте көп мөлшерде өткізуді қайтадан қалпына келтіру еді /9, 113/. Бірақ Құрама Штаттар С. Хусейннің режи- мін құлату мен Иракта марионеттік республика орнатудың ұзақ мерзімді нәтижелеріне аса үл- кен мән берді. Мәскеу Мемлекеттік Универси- теті Азия және Африка елдері институтының доценті В.М. Мазыдин мен Дж. Хопкинс атын- дағы университеттің профессоры У. Кларктың мәлімдеуінше, біріншіден, Ирак мұнайының өтімін бақылауға алу АҚШ үшін халықаралық аренда америкалық долларға деген сұранысты күшейту және Европалық экономикалық кеңіс- тікке (ЕЭК) мұнай бағасын еуромен белгілеуге мүмкіндік бермеу үшін қажет еді /9, 138-139/. Оның үстіне Парсы шығанағы аймағындағы мұнай бағасын белгілеудегі өзгерістің алдын алу еуроны болашақта америкалық доллардың халықаралық қаржы жүйесіндегі беделді қарсы- ласы болу мүмкіндігінен айырды. Екіншіден, Парсы шығанағы аймағында өндірілетін минай- дың өтімін бақылауға алу Вашингтон үшін халықаралық аренадағы ЕЭҚ, Жапония, Үндіс- тан, Қытай және басқа да Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жаңа индустриялық мемлекеттер се- кілді өз қарсыластарының экономикалық даму- ын бәсеңдетуге керемет мүмкіндіктер берді. Еске сала кетерлік бір жайт, жоғарыда аталған мемлекеттердің барлығы өздерінің мұнайға деген қажеттліктерін Парсы шығанағы айма- ғындағы елдерден жеткізілетін мұнайдың есері- нен қанағаттандырып отырған болатын. Егер Парсы шығанағы бассейніндегі елдер мен Сол- түстік Африка елдерінің ҚХР қажеттілігін қана- ғаттандырудағы үлесі 2003 жылы 58%-ды құраса, Батыс Еуропада ол 2/3 дейін жетті, ал Жапонияда тіпті – 3/42 болды. Сөйтіп, Америка Құрама Штаттары Иракты басып кіруге ниет еткенде, амеркалық саяси басшылықтың жариялауға тырыспаған саяси және экономикалық мақсаттарының толық кешені болды. Оның үстіне, Бағдад режиміне қатысты өзінің шынайы басымшылық ниетін Вашингтон С. Хусейннің қатыгез диктатурасын құлату және Иракта демократия мен бостандық салтанатын қамтамасыз ету қажеттігімен байла- нысты халықаралық қауіпсіздік пен моральдық ұстанымдарды қолдау ұмтылысымен ақтауға тырысты. Иракқа АҚШ-тың басып кіруі қарсаңында кіші Дж. Буштың әкімшілігі, әдеттегідей тағы да халықаралық аренда өзінің ізгі ниеті мен бейбітшілікке ұмтылатындығын атап көрсетті. 2003 жылы 18 наурызда АҚШ президенті кіші Дж. Буш өзінің Америка халқына жолдауында: «БҰҰ ҚК өз міндеттерін орындай алмады, бірақ АҚШ «өз уәдесін орындап», С. Хусейнді қару- сыздандырады», – деп мәлімдеді. Америка пре- зиденті өз мәлімдемесінде Ирак президенті С. Хусейнге өз еркімен биліктен бас тартып, 48 сағаттың ішінде елден кетуіне үзілді-кесілді талап қойды. Олай етпеген жағдайда, АҚШ президентінің айтуына қарағанда, С. Хусейн режимін құлатуға арналған әскери операция басталады /10/. Американың Иракқа басып кіруіне дүние жүзінің 45 елі әр түрлі қолдау көрсетіп, оның ішінде тек 2 мемлекет – Ұлыбритания мен Ав- стралия ғана Иракқа қарсы АҚШ-тың әскери операциясына тікелей қатысты, ал ауған кампа- ниясына 2001-2002 жылы тек 21 мемлекет қана қатысқан болатын. Иракқа Құрама Штаттар әскерінің басып кіруін бұрынғы Экономикалық өзара көмек кеңесі елдерінің көп бөлігі, кейбір ТМД-ға мүше-мемлекеттер, Балтық жағалауы мемлекеттері, экономикалық жағынан АҚШ-қа тәуелді Орталық және Оңтүстік Америка елдері, Африканың кедей елдері және т.б. қолдады. Бұл елдердің көпшілігі Вашингтонға қолдау көрсету сияқты немесе өз аумақтарының үстінен амери- калық авиацияның ұшып өтуіне рұқсат беру түрінде көмек көрсетті. Сонымен қатар Ирак пен АҚШ арасындағы соғыс түйінінің шешілуін жақтайтындар Ирак Республикасына америкалық-британ әскерінің басып кіруіне кедергі жасау үшін іс жүзінде ешқандай шаралар қолданбады. Ирак жерінде соғыс қимылдары басталып кеткенен кейін 2003 жылы 18 наурызда Франция, Германия, Ресей және Қытай Вашингтонның Таяу және Орта Шығыстағы жаңа әскери-саяси жанжалдың бас- тамашысы болғанын айыптап, оған әр түрлі қарсылық білдірді қойды, одан әрі аспады. Сон- дай-ақ, америкалықтардың Иракқа басып кіруін БҰҰ ҚК тұрақты мүшелері емес, кіп-кішкентай Малайзия қатты айыптады. Ираққа қарсы соғыс қимылдары басталып кеткеннен кейін іле-шала Малайзия премьер-минстрі М. Мохаммед Құра- ма Штаттар мен Ұлыбританияның әскери акція- ларын «БҰҰ мен халықаралық құқықтың өмір сүруін тоқтатқан, әлемді қайтадан тас ғасырына әкелген «империалистер мен қорқақтардың іс- әрекеті» деп атап көрсетті /11/. Иракқа қарсы әскери операцияларын баста- мас бұрын АҚШ өзінің британдық және айстра- лиялық одақтастарымен бірге Таяу Шығыс аймағы мен Парсы шығанағы бассейніне 207 мың әскери қызметкерді, 125 соғыс кемесі мен сүңгуір қайықты, 1007 соғыс ұшағын орналас- тырды. Америкалық әскери сарапшылардың бағалауы бойынша, Ирактың қарулы күштері антиирактық коалицияға қарағанда айтарлықтай аз болды. Мысалы үшін, АҚШ-тың Таяу Шығыс істері жөніндегі кеңесінің директоры К. Хамза 2002-2003 жылдары Ирак әскерінің қару-жарақ қуаты, оның 1990 жылғы қару-жарақ қуатының ¼ бөлігі ғана құрады деп мәлімдеді. Иракқа америкалық-британ әскерінің басып кіруі қар- саңында Бағдадта 292 мың әскери жеке құрам, 223 әскери ұшақ және 1 ӘТК (әскери-теңіз күш- тері) (6 су үсті кемесі мен 219 соғыс кемесі) болды. Сондай-ақ, Ирак әскері моральдық-аяси рухының әлсіздігімен және тәртібінің нашар- лығымен ерекшеленді. Оның үстіне, Ирактың қарулы күштерінің қару-жарақтары амери- калық-британ әскери құрамаларының қару-жарақтарымен салыстырғанда мүлдем ескеріп кет- кен болатын /12, 56/. Сондықтан, АҚШ пен Ирактың арасында қандайда болмасын әскери қақтығыс орын алған күннің өзінде, тіпті Ирак әскерлері алдын ала бекінген бекіністерде орналасса да, жеңіліске ұшырайтыны анық еді. Нақты қарсылық тек Ирактың ірі қалаларын- дағы көше соғыстарында ғана көрсетілді, себебі көшедегі соғыста әскери техника артықшылы- ғының қажеті шамалы болатын, сондықтан ба- сып алушылардың адам шығыны 10 есеге көбейді. 2003 жылы 19 наурызда америкалық-британ қарулы күштерінің Ирак жеріне басып кіруі жә- не олардың ирактықтарға қарсы соғыс қимыл- дарын бастауы Ирак әскери қорғанысының ұйымдасу деңгейінің тым нашар екендігін көр- сетті. Әлем ақпараттық агенттіктерінің мәлімет- теріне сүйенсек, қорғанысты ұйымдастыруда Бағдадтың күш-жігері барабар болмаған. Ирак әскерінің моральдық азғындауы апаттық дәре- жеге дейін жеткені соншалық, тіпті соғыс қарса- ңының өзінде әскерден ақшамен құтылып кету- ге болатын еді. Оның үстіне, Иракқа қарсы со- ғыс қимылдары басталғаннан кейін де Ирактың теңіз-әуе қорғаныс жүйесі ешқандай әрекет жасамады: Ирактың әскери басқармасы тара- пынан ешқандай сәйкес нұсқаулар берілмеген- діктен бірде-бір Ирак зымыраны не ұшағы әуеге көтерілген жоқ /13, 205/. Америкалық әскерлер Бағдадқа басып кірер- де де қарсылық көрсетілмеді. Сонымен қатар, 2003 жылы 9 сәуірде Бағдадта олар ешандай қорғанысқа арналған маңызды құрылыстарды, тіпті америкалық-британ әскерлерімен ұзақ шайқасуға жасалған дайындықтың нышанын да байқамады. Ирактағы көпірлер мен ғимарат- тарға миналар қойылмады, ұзақ мерзімді атыс орындары соғыс құралдарымен жабдықталмА- ды. Бір уақытта қайда екені белгісіз оншақты мың республикалық гвардияшылар, тұрақты әс- кер, қауіпсіздік қызметі, үкімет шенеуніктері жоқ болып кетті. Тіпті, Иракты америкалық- британ әскерлерінен қорғау үшін келген бір- неше мың шетелдік еріктілер де жоғалып кетті /14/. Ирактағы осыншама қысқа мерзімді әскери кампанияның ұйымдасу себептерінің қатарына америкалық-британ әскерлерінің әскери-техни- калық артықшылығын және Ирак әскери күште- рінің әлсіздігімен бірге, Ирак Республикасы жо- ғары басқармасының сатқындығын жатқызуға болады /15, 197/. Кейбір отандық зерттеушілер мен ақпараттық агенттіктер, Ирак астанасын жә- не Ирактың басқа да бірқатар стратегиялық ны- сандарын қорғауы тиіс Ирак әскери ұйымда- рының тарапынан болған келеңсіздіктерді, Ирактың әскери элитасын америкалық арнайы қызмет пара беріп сатып алғандықтан болған деп түсіндірді. Ирактың оңтүстігіндегі шейіттік аудандарда ирактық азаматтар мен әскери бөлімшелер тарапынан америкалық басқыншы- ларға қарсы ашу-ызаға толы қарсылық көрсе- тілді. Бірақ, америкалық басқыншыларға қарсы ирактықтардың тұрақты қарсылық үлгілері АҚШ пен Англияға қарсы соғыстың алғашқы кезеңінен еш аспады және ары қарай дамымады. Америкалық-британ әскерлері Ирактағы қарсылық көрсетуші барлық жергілікті ошақ- тарды басып тастай алмағандықтан, 2003 жылы 2 мамырда АҚШ президенті кіші Дж. Буш С. Хусейн режимінің құлағаны туралы ғана емес, сонымен бірге Вашингтон мен Лондонның Ирактағы әскери іс-әрекеттерінің аяқталған- дығы туралы да мәлімдеді. Тіпті Ақ үйдің Ирак- қа қарсы соғыс кезеңінің аяқталғаны жайлы ресми мәлімдемесінен кейін де, Ирактағы әскери-саяси жағдай тұрақтанған жоқ. Керісін- ше, уақыт өткен сайын Иракта америкалық- британ әскерлеріне қарсы партизан соғысы өр- ши түсті. Сөйтіп 2003 жылы көктемде С. Ху- сейн режимін Ирак билігінен аластатып, Құрама Штаттар өзінің Ирак пен Таяу және Орта Шығыстағы стратегиялық және экономикалық мақсаттарына қол жеткізіп қана қойған жоқ, сонымен бірге Ирактың әскери-саяси дағдары- сына «малтығып қалды» әрі Ирактағы діни соғыстың тұтану мүмкіндігін күрт өсірді. АҚШ пен Ұлыбританияның Иракқа басып кіруі және С. Хусейн режимін құлатуды жалғас- тыру Иракқа қарсы америкалық басқыншы- лыққа қатысты әлем қауымдастығы ұстанымда- рының қалыптасуына ықпал жасады. 2003 жы- лы сәуірде «Естен тану мен діріл» атты Иракқа қарсы әскери операция аяқталғанан кейін Гер- мания үкіметі Ирак индустриясының басты ны- сандарын қайта қалпына келтіруге қатысқысы келетіндігін айтты, ал Франция болса, соғыстан кейінгі Ирактың жағдайын реттеуде НАТО-ның рөлін атқаруға келісті. Бұрын Иракқа америка- лық-британ әскерінің басып кіруіне саяси қарсылық білдірген әлемінің басқа мемлекетте- рінің ұстанымы да жұмсара бастады. 2003 жылы 12 сәуірде «Үлкен жетіліктің» мүшелері Ирак- тың қалпына келуі мен дамуына Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры тарапынан әрекет жасау үшін жан-жақты күш керек екенін мойындады. 2003 жылы 22 мамырда БҰҰ ҚК №1483 қарарды қабылдады. Ол қарарда амери- калықтардың Иракқа басып кіруін сол елдегі ЖҚҚ-ны жою қажеттігінен туындады деген сылтаумен кейінгі мерзіммен заңдастырды және әлем қауымдастығынан Ирактағы әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайды тұрақтандыру үшін көмектесулерін сұрады /166, 65/. Сөйтіп, Иракта С. Хусейн үкіметін құлату Вашингтонға не саяси, не экономикалық диви- денд әкелген жоқ. Керісінше, Құрама Штаттар америкалық басқыншылыққа қарсы ирактықтар- дың жанкешті қарсылық көрсетулеріне ұшыра- ды, сондай-ақ Ирактағы ішкі саяси жағдайды қалпына келтіру жолында орасан зор қаржы шығынына ұшырады және әлі де ұшырап келеді.

Читайте также:  Ресейдің Ілені Қытайға қайтаруы. Ливадий және Петербург келісімдері

Оставить комментарий