22 Наурыз мейрамы туралы шығарма

Опубликовано Июль 18, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (2 голосов)

 

Нұх пайғамбар заманынан бастау алған Әз-Наурыз мейрамы күллі түркі жұрты, Кіші Азия мен Орта Азия елдерінде (тіпті шығыс славян халықтарында Наурыз мейрамының атрибуттары сақталған) үш мың жылдан бері тойланып келеді. [1;262]Көнеден ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе», Түркия «Сұлтан- й-Наурыз» деп әрқилы атап, тойлап келе жатқаны халықаралық мереке ретінде Наурыздың тарихи тамыры терең әрі жағрапиясының ауқымды екенін айғақтаса керек. Көнедегі Русьте христиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болса, ағылшындар XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 мартта тойлап келді.Кеңес өкіметі тұсында «діни мейрам» деген сылтаумен 1926 жылы мерекелеуге тыйым салынған Әз-Наурызды арада 62 жыл өткен соң, яғни алғаш рет 1988 жылы ұлтымен қайта қауыштырған Өзбекәлі Жәнібеков: «Наурызды елден, елді Наурыздан ажыратуға болмайды», — деген еді.[2;1] Алайда Тәуелсіздік алғалы бері Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын асқақтата тойлаудың орнына ақ шаңқан киіз үйлерге шен-шекпенділер мен бай- бағландардан өзге жанды жолатпайтын сараңдық пиғыл мен елді мезі ететін жаттанды сахналық көріністер, даңғаза концерттер ұйымдастырудан әрі аспай, төл мейрамның қадір- қасиетін аяқасты еткеніміз жасырын емес. Ауылдағы ағайын өз бетімен ұйымдасып, тәп- тәуір атап өтеді. Ал қалалық жерде Наурызды әдеттегі өзіндік пәлсапа мен мән-мазмұннан ада көше мейрамы деп түсінетін болдық. Шыны керек, шаһарларда Наурызды қалай тойлау керектігін біле бермейміз. Өйткені оны тойлаудың тұжырымдамасы, кешенді бағдарламасы, не жобасы жоқтың қасы. Соңғы кездері зиялы қауым өкілдері, дәстүрді білетін үлкен кісілер, жазушылар мен этнографтар, тарихшылар мен әдебиетшілер, қоғам, мәдениет, өнер қай-раткерлерінің басын қосып, елімізде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесінің кешенді концептуалдық негіздемесі нақтыланып, оны жалпыұлттық ауқымда атап өтудің бағдарламасы жасалуы керектігі айтылып жүр. Бәлкім, елге идеологиялық бағыт-бағдар беруге тиісті мұндай бағдарлама жобасын «Наурызнама» деп атау керек шығар. Осы орайда, ұлық Наурыз мейрамын толық нәшінде тойлаудың ұлттық-тарихи жаңғыру, мәдени-рухани, бірлік пен татулық, ақпараттық-насихаттық, адамгершілік пен экологиялық, интеграциялық- бауырластық тұрғыдан жан-жақты зерделеу керек сияқты. Әдебиетші ғалымдар мен өнертанушылар Әз-Наурыз мерекесін қазақ халқы ислам дінін қабылдамастан бұрын тойлағанын айтады. Олардың пікірінше Наурыз мейрамы қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстоқсанның ішінде мал- жанын шүберекке түйіп, әупірімдеп көктемге әзер шыққан ел — өрістегі малдың аузы көкке ілініп, арқа-басының кеңігенінің құрметіне ұлыстың ұлы күнін ат шаптырып, аударыспақ ойнап, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр той жасайтын болған.[3,1] 244 ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Наурыз — жыл басы. Парсы тілінде «нау» — «жаңа», «руз» — «күн» [4,1] деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын — ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл — тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!», деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп бата береді.Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Жамбы ату» ойындары аса бір қуанышпен өтетін. 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестiк дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесiн терең зындан түбiнде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт- дәстүрлерi мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан — жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал 31 желтоқсан түнi Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбiреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрiн бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар — салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны. Ал 70 жыл идеология құрбаны болған мерекенiң көптеген ырым-жоралғылары кейiнгiлерге таныс емес. Наурыз — кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргенiндей, дiни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкiлхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндiстан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесi ретiнде тойлайды. Алайда, «Әр елдiң салты басқа, итi қара қасқа» демекшi, дәстүр өзгешелiгi де орын алған. Халқымыз жаңа жылға ертеден дайындалатын. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға саламын деп сақтаған. Жас келiндер, бойжеткендер болса, кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс бұйымдарын жасап, темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi — күн мен түн теңесетiн шақта кәдеге асатын «ұйқыашар», «селт еткiзер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың қар тiгiсi сөгiлген жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды. 245 Көне деректер көзiне сүйенсек, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама» деп аталады. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған. Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi. Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнiнде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ертеректе ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшiн қолданылған мынадай қызық дәстүр болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл iшiне бос жiбередi. Мөңкiп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкiм бұған өкпелемеген. Күлiмдеп көрiнген күнге сәлем берiп, шаруаға кiрiседi. Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егiлген талдың саясы мен жемiсi мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсы ырым. Ұлыс — жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Бұл күнгi қайын ата мен келiн, күйеу бала мен қайын ата арасындағы әзiл де жарасымды. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнiн кiргiзедi. Бойжеткендер соғымның соңғы етiн уызға салып пiсiрiп, ұнатқан жiгiттерiне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер «селт еткiзер» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша айна, тарақ, әтiр суын сыйлайды. Айна — пәктiктiң, жастықтың, тарақ — әдемiлiк пен сұлулықтың, ал иiссу — жаңа бүршiгiн жарған жауқазындай құлпыр деген белгi. Наурыз күнi думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, — жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Қалтырауық қамыр кемпiр» ойындары бар. Онымен қатар бұл күнi наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлi әзiл-қалжың, мадақтау өлеңдерi айтылады. Сең жүредi көктемде астан-кестең, Ақ атанның бауырын арқан кескен. Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен, — деп, қос-қостан жұптасып, айтысқа түседi. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. Бұл күнi наурыз көжемен қатар, ауыл адамдары өгiз сойып, қазан көтеретiн болған. Мұның тарихы өз алдына қызық аңыз. Ежелгi жыл санаушылардың есебiнше, үркер күздiң басында шығыстан, қыстың басында төбеден, көктем кезiнде аспан етегiнен көрiнiп, ал жазда тiптi батып кетедi екен. Бұл шақ қырық күнге созылып, оны халқымыз «қырық күн шiлде» немесе «үркердiң жерге түсуi» деп атаған. Көктем кезiнде, яғни наурызда күн жолы үркердiң үстiмен өтiп, үркердiң қос жұлдызы бұқаның мүйiздерi құсап күн жолының екi жағынан қылтиып көрiнедi. Бұған орай халқымыздың «әлемдi көк өгiз мүйiзiмен көтерiп тұр» деген нанымы да бар. Өгiз етiн арнайы нарқазанда балбыратып пiсiредi. Нарқазанның тарихы да жақсы ырымдармен астасып жатыр. Ежелгi сақ дәуiрiнде халық арасын алауыздық жайлап, ел татулығын тұман басқанда көсемдер келiсiп, үлкен қазан құюға шешiм шығарады. Алайда, қазан соғарлық мыс табылмай қалады да, бүкiл сарбаз жебелерiнiң мыс масағын жинатып, содан нарқазан құйдырады. Осы қазанда қайнатылған астан дәм алысқан араздасушылар өкпе-назын ұмытып, елде татулық орнапты делiнедi аңыздарда. Осындай тай, нарқазандарда қалың қауымға дәм татқызу кейiн үрдiске айналып, ол «шүлен тарту» аталып кеткен. Өгiздiң шекесi ауыл ақсақалдарына тартылады. Бұл сыбағаның аты — «бел көтерер». Ертедегi дәстүр бойынша наурызнама тоғыз күн тойланатын болса, соның сегiзiншi күнi «той тарқар» 246 болады. Мұнда бұған дейiн өнерiн ортаға салып, оза шапқан дарабоздарға, қарсыласының жауырынын жерге тигiзген балуандарға, тiптi тайы озып келген жас балаға да «ат терi» деп сыйлық берген. «Той тарқарда» жаңа көзi ашылған қайнардың суына қант қосып, оны қауым болып iшiседi. Көзi қарақтылар «салдама» аталатын кiтапты оқытып, ақсақалдар бата бередi. Айта берсең, наурыздың жөн-жоралғылары өте көп. Қазақстанның төрт түкпiрi түрлiше тойлайды. Бiрақ, қалай болғанда да, жақсылықтың аты — жақсылық, тойдың аты — той. Наурыз кҿ же қалай жасалады? Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Осы тұрғыда біз де үлкен әжелеріміздің біразынан Наурыз көжені қалай жасау керектігін сұрап білдік. Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз. Егер Наурыз көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтасыз. Шығыс халықтары үшін жыл қайыру, яғни күнтізбе жасау наурыздан бастау алады. Осыбір күнге үміт артып, «Наурыздың берер несібесі мол» дейтін ырымды берік ұстанған қазақ халқы егемен ел болғалы бұл мерекенің өзіндік салмағын сезіне бастаған сыңайлы. Дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бастауы» деп ұғады. Қазақ халқы Наурыз мерекесін атам заманнан бері Жаңа жыл басы ретінде тойлап келген. Кеңес өкіметі уақытында Мәскеу бізге және де басқа Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарына Наурызды ислам мейрамы деп жалған айтып, ресми түрде оны тойлауға тыйым салып келді. Бірақ халық өз дәстүрін ұмытқан жоқ, сақтап қалды. Ақыры, көпшіліктің талабы мен ұлт намысын қорғай-тын азаматтардың іс-әрекеттерінің арқасында ол қайтадан қалпына келді. Сөйтіп, тәуелсіздік тұсында Қазақстан Үкіметі Наурызды ресми түрде мереке деп қайта жариялады. Ал бүгінгі әңгіме Наурыз мерекесі күні тура белгіленбегендігі туралы болмақ. Олай дейтініміз, Үкімет «Наурыз мерекесін‖ наурыз айының 22-сі күні деп жариялады және «достық, татулық мейрамы‖ деп мағынасын өзгертіп жіберді. Елуден астам Орталық Азия, Таяу Шығыс, түркі, парсы нәсілді ұлыстар Наурыз мерекесін тойлауды 21-і күні бастайды, жалғыз біз ғана бір күн кешігіп, 22 наурызда атап өтіп жүрміз. Иә, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, әзірбайжан, тәжік бауырларымыз тойлап болғанда біз той қамына енді кірісіп жатамыз. Мұның бәрі кезінде үкіметке дұрыс ақпар бермеген адамдардың білімсіздігінен болып отыр. Тарихқа үңілсек, әлемдегі әр халық Жаңа жылдың басын әр уақытта атап өткен. Ежелгі халықтар негізінен Жаңа жылды табиғат жаңаруымен, яғни жер ұйқыдан оянғаннан кейін, көктем келуіне байланысты атаған. Бұл наурыз айына тура келіп отырған. Көне яхудилердің таным-түсінігінде де Жаңа жыл «авив‖ айы, яғни наурыз айының соңы, сәуірдің басы болатын. Айта берсеңіз, Еуропаны басқарып отырған Рим империясында да жаңа жыл басы наурыз болатын. Тек, Иусус Христос туғанынан бастап есептегенде 45 жылы Рим императоры Юлий Цезарь жыл басын табиғат ерекшелігін, күн мен түннің теңелуін ескермей, оған діни мағына берді. Сөйтіп, Христостың туған күніне жақындатып жыл басын 1-қаңтарға көшірді. Содан бері христиан мемлекеттері Жаңа жылды 1-қаңтардан бастайды. Америка континентіндегі мемлекеттерде де осылай. Ресейде де Жаңа жылды 1 қаңтардан бастап есептейді. Мұны 1699 ж. орыс патшасы Петр І Голландиядан үйреніп, Ресейде жыл санаудың басын Христос туылғанынан, яғни 1 қаңтардан басталсын деген бұйрықпен кіргіз-ген. Одан бұрын Ресейде Жаңа жылды Орта Азия, Шығыс елдері сияқты табиғаттың жаңарған, қыс маусымының көктемге ауысқан мезгілінде, яғни наурыз айында атап өтетін. 247 Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін уақытын, күнін, сағатына, минутына дейін тура астрономиялық дәлдікпен есептеп шығарған. Күн мен түннің теңесуі тура 21 мартқа сәйкес келеді. Бұл туралы қолымызда Алматыдағы Астрофизика институтынан алынған анықтама бар. Сондықтан да, Орталық Азия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің Жыл басын 21 март деп белгілегені дұрыс. Мәселен, көрші Өзбекстанда, Қырғызстанда 21 наурыз халық мерекесі деп жарияланған. Түркіменстан президенті С. Түркіменбашының 2002 жылғы жарлығына сәйкес Наурыз 21-інде басталып, мереке үш күнге созылса, Тәжікстанның Президенті Э. Рахмонов Наурыз мерекесін екі күн деп белгілеген, яғни ол 21-22 наурыз аралығы.Мұндай мереке белгілеудегі қателікті бірнеше рет біз тиісті орындарға хабарлағанбыз. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да айтылды. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін жоғары лауазымды шенеуніктер бұл сөзге құлақ аспай отыр. Дегенмен, «ештен – кеш жақсы деген ғой. Әлі де болса бұл қателікті түзеп, Наурыз мерекесін басқа елдер сияқты 21 наурыз күні тойлауымыз ойымызша дұрыс болар еді. Ұсыныстар: 1. Осы Ұлыстың ұлы күнінде түркі елдері басшыларының және делегацияларының мәдени-рухани форматта Наурыз құрылтайын (бейресми саммит) өткізу дәстүрге айналар болса. 2. ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы және өзге ұйымдар Наурыз мейрамы аясында әртүрлі іс-шаралар, фестивальдер, симпозиумдар өткізуге мұрындық болса, игі іс болар еді. 3. Елдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарында Наурыз мейрамын кешенді түрде атап өту жөніндегі медиа-жоспар жасалуы керек. 4. Ұлық мейрамды жоғары дәрежеде атап өту елдің түкпір-түкпірінен әлі де бізге белгісіз этнографиялық мәліметтер жинауды, ақпараттық насихат жүргізуді талап етеді. Наурыз тойының мән-мағынасы, Ұлыс күнінде жасалатын жөн-жоралғылар туралы әртүрлі деректі фильмдер, қазақ аңыз-әпсаналары, ертегілеріндегі Қыдыр ата, төрт түлік иелері, Алдар көсе, Жиренше шешен т.б. секілді кейіпкерлерді насихаттайтын мультфильмдер т.б. телеөнімдер шығарылса. 5. Наурыз — Шығыс елдері үшін ежелден ынтымақ-ырыс мейрамы. Бұл күні араздасу, харамдыққа жол беру — ауыр күнә. «Наурызда Самарқанның көк тасы ериді» демекші, бұл мейрамда араздасқан, өкпелескен ағайын бір-бірімен татуласып, құшақ жайып қауышады. Наурыз — бай-кедей, бастық-қызметкер демей, бәрінің арқа-жарқа, мәз- мейрам болатын күні. «Қыстан аман-есен, бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел шықтық» деп, ағайын-туыс, жолдас-жора Наурызды бір-біріне барып, көрісуден бастаған. Қазақстанның батыс аймағында сақталып қалған игі дәстүр: «көрісу» немесе «амал» салтын бүкіл елде жаңғыртқан ләзім. 6. Әлемнің көптеген халықтарына ортақ Наурыз мейрамының ілкідегі философиясы мен атрибуттарын заманға сай модернистік тұрғыдан ішкі мән-мазмұнын бұзбай санаға сіңіріп, жалпыұлттық ауқымнан отбасылық шеңберге дейін һәм адамдар арасындағы қарым- қатынасты ізгілік шуағына бөлеуі керек, адам баласының табиғатқа деген ашкөздік пиғы- лынан арылтып, махаббат пен құштарлық ниетін оятуы керек. Наурыз мерекесі аясында бір ай бойы жер-жерде тазалық шаралары, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» дегендей көшет отырғызу дәстүрі жаппай үрдіске айналуы қажет. Наурыз идеясы, наурызға қатысты дәстүрлерді, салт-жораларды, тағамдарды ұлттық брендке айналдырып, тұрмыста қолданысқа енгізу жайын ел болып ойласқан жөн. «Кеңес түбі — нараду» демекші, Ұлыстың ұлы күнін атап өту тұжырымдамасын ойласып, қолға алсақ қана әдепкі Жаңа жылдың басты атрибуттарын төл Наурызымызға еншілеп, мәңгілік бойтұмар ете аламыз.

Оставить комментарий

Загрузка...