ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮРЛЕРІ

Опубликовано Июль 11, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері түрлі аспектіде, яғни ұйымдастырушылық, технологиялық, экономикалық, медициналық аспектіде қарастырылады. Адамның әрекет ететін кез келген саласында да экологиялық мәселелер кездесетіндігі белгілі. 1998 жылғы 28 қаңтардағы «Қазақстан — 2030» стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы ҚР Президентінің Жарлығында табиғатты қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру басты мақсат ретінде қарастырылған[1]. Жалпы табиғатты қорғау философиялық, діни-наным сенімдермен тікелей байланысты. Ежелгі түркі өркениетінде, соның ішінде дәстүрлі қазақ мәдениеті космоцентрлік көзқарастарға негізделген. Дәлірек айтсақ, дүниені тұтастық деп қарап, адамды оның бір бөлшегі деп қарастырады, қоршаған ортамен тығыз байланысты, келісімді болса ғана адамның табиғатта өмір сүретіндігін айтып өткен. «Әр нәрсенің сұрауы бар» деп қазақ айтпақшы, су, жер, кеңістікті заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Қазіргі таңда экономиканың дамуы техногендік сипат алды. Дамудың бұл түрі табиғаттағы тепе-теңдікті бұзуға бағытталып, қайта қалпына келтірілметін табиғи ресурстарды көптеп, тез пайдаланумен ерекшеленеді. Нәтижесінде табиғи ресурстар сарқылып, тозып, қоршаған ортаны ластаудың деңгейі көтеріледі, ал кең етек жайған жағымсыз, теріс құбылыстар адамзатқа қатерлі қауіп келтіреді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі мен әлеуметтік-экономикалық қатынастары түбірімен өзгеруде. Соған байланысты экологиялық құқық бұзушылықтарға мемлекеттік құқықтық әсер ету әдістерін таңдауда екі мәселе туындады: 1) бұрынғы құқықтық институттарды нарықтық қатынастар жағдайындағы табиғи ортаны қорғау талаптарына сәйкестендіру; 2) қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы құқықтың түрлі саласында жаңа нормалар шығару, жауаптылықтың дәстүрлік емес түрлерін дамыту. Экологиялық құқықтық жауаптылық кешенді түрде заңды бекітілуі ҚР Экологиялық кодексінде көрініс табады. Кодекске сәйкес экологиялық құқық бұзушылықтары үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтар тәртіптік, материалдық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал кәсіпорын, мекеме, ұйымдар үшін әкімшілік және азаматтық құқықтық жауаптылыққа тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларына сәйкес әкімшілік жауаптылық аң және балық аулау, жануарлар әлемін пайдаланудың кез келген түрлерін пайдалану ережелерін бұзу, стихиялық апаттар мен эпидемиялармен күресу мәселелері бойынша шешімдерді, карантиндік, ветеринарлық ережелерді бұзғандығы үшін тағайындалады[2]. 75 Жаңа Қылмыстық кодекстің «Экологиялық қылмыстар» тарауында, сонымен қатар, басқа да тарауларында қазіргі кездегі экологиялық қылмыстықтың түрлері мен нысандарымен күресуде жалпымен қабылданған халықаралық нормалармен және талаптарына сәйкес құқықтық демократиялық мемлекетке тән (тұлға, қоғам, мемлекет) әлеуметтік құндылықтардың иерархиясына сәйкес келтіріледі. ҚК қоршаған табиғи ортаны адам өмірінің, денсаулығының, қызметінің биологиялық негізі ретінде тануға негізделген. Бұл тұрғыдан экологиялық қылмыстар нақты мәні бойынша адам және басқа да тірі ағзасының қоршаған ортасына әсер ету арқылы қарсы бағытталған әрекет болып табылады. Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі туралы түсінік те елеулі түрде өзгереді, өйткені олар қазіргі кезге дейін маңызды емес, екінші деңгейге жатқан, олармен күресу үшін күш пен қаражат аз мөлшерде бөлінген, қылмыстылықпен күресу туралы мемлекеттік бағдарламаларда олар аталмаған болатын. Аталғанмен байланысты, қылмыс жасалған әрекетінің сипаты мен қауіптілігіне, оның салдарына, кінәлінің тұлғасына, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың болуына байланысты қылмыстық жауаптылықтың диффренциациялануымен экологиялық қылмыстардың жазаланушылығы күшейе түсуде. Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы адамның өмірі мен денсаулығына экологиялық қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын ескереді. Бұрын Қылмыстық Кодексте табиғи ресурстарды заңсыз иеленгені үшін жауаптылықты қарастыратын нормалар басым болды, ал қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтіретін нормалар аз болды, бірақ олар да қолданылмайтын. Мысалы, соңғы жылдары бір жыл ішінде жасалған экологиялық қылмыстардың ішінде балық аулау броконьерлігіне – 46% тұлғалар, заңсыз аң аулауға – 24,1%, заңсыз орман кесуге – 25,8%, ал су және ауа бассейндерін ластаған үшін барлығы – 1,77% ғана жауаптылыққа тартылды. Бұрын бұл қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың саны одан да аз болды. Жаңа Қылмыстық кодексте табиғи ортаға зиян келтірумен байланысты қылмыстар нормасы үш есеге өсті[3]. Қазақстан Республикасында 630 мың метр шаршы жер экологиялық бейберекет аумаққа жатады. Мұнай-газ саласының дамуы, тарихи қалыптасқан тау-кен өндірісі, экологиялық нормаларды өрескел бұзушылықтар, сонымен қатар инвестициялық жобалардың және т.б. экономикалық бағытталуы ауыр экологиялық зардаптарға әкелді – Каспийдің ластануы, орман деградациясына, топырақ эрозиясына, Арал теңізінің тартылуына және т.б. Сондықтан бүгін, нарықтық экономикаға көшу кезеңінде, экономикалық мүдделер адамзаттың экологиялық қауіпсіздігінен басым болғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы сұрақты қарастыру актуалды болып келеді[4]. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жер қойнауын пайдалану туралы көптеген шарттар жасасты. Бірақ сол кезде экологиялық нормаларды сақтау проблемалары кең талқыланбаған және шарттық міндеттемелерде бірінші кезекте болмаған. Бүгін бұл көрініс өзгерді. Объективті экологиялық жағдай, сонымен қатар заңның үнемі жаңартылуы жылдан жылға жер қойнауын пайдаланушыларға талаптарын қарастыруды талап етеді. Экономика дамуының осы кезеңінде қоғам мен табиғаттың арасындағы байланысының, соның ішінде жер қойнауын пайдаланудың маңызды және актуалды мәселесі болып қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтірудің орнын толтыру мәселесі болып отыр. Бұл барлау жұмыстарымен, пайдалы жер қазындыларын алу мен өндіру жұмыстарының өсуімен байланысты. Айқын болғаны, қоршаған ортаға (объектіге) зиян келтіре отырып, адамзат (субъект) қоршаған ортаның бөлінбес бөлігі болып табылады, сөйтіп, өзі де табиғатқа кері әсер етудің объектісі болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Үкіметі 31 қазан 2000 жылы «Қылмыстылыққа қарсы күресті күшейту туралы» қаулысымен бекіткен Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдары қылмыстылықпен күрес бағдарламасын іске асыру барысында, экологиялық құқықтылықты бекіту және азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше маңызға ие болды. 76 Қазіргі кезде экологиялық қылмыстылық деңгейі күрт өсуде, тіпті оның өзіне тән сипаты өзгеріп кетті. Республикада құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жаңа нысандары қалыптасып жатыр, қылмыстылық ұйымдасқан сипат алуда. Қылмыстылық топтардың халықаралық байланысы кеңеюде, олардың лауазымды тұлғалармен сыбайласуы жүріп жатыр. Кейбір экологиялық қылмыстар Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекеттің негізгі элементі болуы мүмкін деген қауіп бар. Мысалы, Қазақстан аумағында араб елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының заңсыз аң аулауы кең таралуда. Ол экология және биоресурстар Министрлігінің ғана емес, сонымен бірге ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылды және Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ауғаныстан, Түркия, Египет және өзге елдер азаматтарының Қызыл кітапқа енгізілген құстарды республикадан заңсыз шығаруына айналды. 1993-1994 ж.ж. құқық қорғау органдары 114 шетелдікті ұстап, олардан 152 сұңқар алынды. Соңғы уақытта ҚР-ның Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі ҰҚК, ІІМ жүргізіп жатқан ҚР-ның қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аңшы құстарды және өзге де жабайы аңдарды қорғауға байланысты шараларға қарамастан, мұндай қылмыстылық әлі де белең алып отыр. Мысалы, 1997 ж қазанда Катар (Біріккен Араб Әмірлігі) шейхы бастаған 3 жүк ұшағы, 10 «джип», 22 бірлік қару және 54 балабан-сұңқары бар шетелдіктер ешқандай рұқсатсыз аң аулау үшін кеденнен өткен. Су жануарларын заңсыз аулау (ҚР ҚК 287-бап) ұйымдасқан қылмыстылықтың негізгі элементі болып кетті. Қылмыскерлер бағалы тұқымды балықтарды заңсыз аулаудың жекелеген түрлерінен бизнес ретінде заңсыз су өнеркәсібімен айналысатын және сыбайлас жемқорлық арқылы әлеуметтік бақылаудан қорғану жүйесін құратын тұрақты басқарушысы бар қауымдастық құруға ұмтылуда. Ғалымдардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің жағалауға жақын жерлері броконьерлердің ұйымдасқан топтарының расында бөлінген. Олардың жақсы «қамқоршысы» бар, сондықтан уылдырықты жүздеген кг-мен дайындайды. Қазіргі қылмыстық қауымдастықтың халықаралық байланыс орнатып, әлемдік нарыққа шығу жолын «игергендігін» атап өту керек. Интерполдың мәліметіне сүйенсек заңсыз тауар-уылдырықтың 200 тоннасы жыл сайын әлемдік нарыққа түседі екен. Ол заңды тауардан 50 тоннаға артық. Мұнда біздің балықшы-браконьерлеріміздің де үлесі бар. Қазақстан Республикасына шет елдерден улы заттарды заңсыз кіргізу қаупі ұлғаюда. Қазіргі Қазақстанда әлемнің бүкіл атом державалары елдерінің көптеген радиоктивті қалдықтары көмілген деп айтуға болады. Өкінішке орай, барлық дамушы мемлекеттерге тән процесс қайталануда. «Гринпис» ұйымының мәліметі бойынша, 1990 жылдан 1993 жылға дейін Австралия, Британия, Канада, Германия және АҚШ елдерінен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 5,4 млн. тонна зиянды заттар жіберілген. 1987 жылдан 1994 жылға дейін батыс фирмалары Ресейге 34 млн. тонна зиянды заттар енгізілмек болды. Өздеріңізге мәлім Ақтөбе облысында мұнай-газ, кен өндіру-байыту, қара металл, бейруда өндіру, теміржол, мұнай-газ тасымалдау кәсіпорындары орналасқан. Табиғатты пайдаланушылар мен оны ластаушыларды тексеру кезінде түрлі қиындықтар кездесті. Қиындықтар көбіне нормативті құжаттардың жан-жақты болмауынан болса, кейбір жағдайда оны дұрыс пайдаланудың мүмкіндігі жоқтығынан байқалды. Сондықтан бұл тақырыпты толық зерттеуді мақсат етіп алдық. Қоршаған ортаны ластаушыларға екінші рет бұл құқық бұзушылықты жасамас үшін жауаптылықтың қай түрін қолдану тиімдірек болатынын анықтау қажет болып отыр.

Оставить комментарий

Загрузка...