Загрузка…

3D ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОҒАМ

Бүгінгі кезеңнің зерттеу тәжірибесінде бұрын мүмкін болмаған өз формасымен, құрылымымен және жалпылама талдау мүмкіндігін беретін ақпараттарды пайдалануға болады. Ол адамның түрлі қызмет ету салаларына компьютерді, ақпаратты өңдеу және берудің қазіргі таңдағы жаңа құралдарын енгізумен сипатталды. Барлығы да өндіріске және тауар тұтынуға бағытталған индустриялдық қоғаммен салыстырғанда ақпараттық қоғамда интеллектінің артуы технологиялық процеске және білімге деген сұраныстың ұлғаюы, бұл өз кезегінде кешенді атқарылатын жұмыстың үлесін арттырады. Заман талабына сай мұндай қоғамда жасалынатын бағдарламалардың барлығы да үш өлшемді кеңістіктің графикалық анимациясымен көркемделеді және оқыту жүйесінің үрдісіне осындай мүмкіндіктермен жабдықталған қолданбалы бағдарламаларды енгізу керек. Бұл үрдіс әлемнің барлық елідерінде жүріп жатыр. Үш өлшемді кеңістікті қамту мүмкіндігі бар графикалық редакторларды пайдаланып, бағдарламалар құру оның көрінісін әсерлейді. Компьютерлік технологиялардың дамуындағы барлық қолданбалы бағдарламалар өңдеудің бүкіл құрылымына қатыса алады. Мұндағы кескіндер үш өлшеммен анықталады, сондықтан да бұл бейнебезендірудегі орындалған жұмыс нәтижесі – интерфейс элементтерін дұрыс пайдалана отырып, күрделі аспаптар жиынтығын игергенде ғана көрінбек. Негізгі бейнеқордық сценарлық үлгідегі жобасында көрсетілген бейнекадрлерді жинақтау, ауыстыру, орналастыру құралдар панелінен бөлек сақтау терезелерінен алынады. Кадраралық уақыт, эффектілік көрініс басқару нүктелері арқылы жүзеге асырылады. 3D-өңдеу графикасы – визуалды жоба 3D-графикалық өңдеу индустриясы. Модельдеу, анимациялау, визуалды көркемдеу бағдарламаларын қамтиды. Инновациялық шешімнің технологиялық маңыздылығының көрсеткіші. Телекоммуникация – байланыс құралдарының орталық желісі. Жалпы бір нүкте өзінше бір көрініс. Оның төңірегіндегі басқа заттар графикалық, визуалды топтамалар. Осы жиынтық көріністі бейнекамераның көмегімен компьютерге құйылғаннан кейін оны бағдарлама көмегімен өңдеуде графикалық құбылыс 3D ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОҒАМ 178 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 3D технология және инновациялық қоғам пайда болады. Өңдеу өнерімен түрлі қозғалыс қолданысын жасап, негізгі нысананың әсерін арттыру мүмкіндігі туады. Яғни үш өлшемді статистикалық фонның кескінімен модельдеу бейнекөріністің көркемдігін береді. Жалпы бейнеөндірістің толық жобасын экрандауда әр кадрдың табиғи құбылысын тақырып мазмұнымен сәйкестендіреді. Бейнелеу проспектісін графикаландыру шығармашылықтың контенттік жүйесін құрады. Алайда терминдік сөздердің мағынасын байыптау логикалық тұжырым бергенімен, бұл өлшемнің идеялық баяндауы басым. Ақпараттың визуалды өңделуі әр бейнекадрдың сапасына көрермен қызығушылығын оятады деген сөз. Кез келген телехабарды эстетикаландыру қоғам мен телеарнаның арасындағы тығыз байланыс орнату. Демек, жоғары кәсіби технологияның инновациялық дүмпуі адамзат санасының өркендеуі. Идеялық көркем ой биіктігі графикалық әдіс-тәсілдерді компьютерлік жылдамдықпен өрбіту, өрнектеу интеллектуалды ұғым, эстетикалық сана, мәдени мән қалыптастырады. Алғашқы телевизияның шығу тарихына көз жіберсек, қара, ақ түсті бейнекөріністерді қабылдадық. Уақыт өте түрлі-түсті телевизиялық көріністерді тамашаладық. Бүгінде талап пен талғам мүлдем басқаша. Білім мен технологияның, іс пен тәжірибенің, теория мен қолданбалы құралдардың дәуірі туды. Соның бір айғағы 3D-технологиясының бұқаралық ақпарат құралдарындағы заманауи үрдістің күнделікті заңдылыққа енуі табиғи нәрсе. Кез-келген бейнекөріністі шынайы қабылдау адамзаттың жаратылысында сана мен ақыл-ойдың бірлігімен байланыстырылады. Ал оның құпия-жықпылдарын анықтау, көз жеткізу бүгінде әртүрлі өңдеу, безендіру, түрлендіру өнерімен өрістеді. Мәселен, баннерлік өнімдерді графикалық өңдеу бағдарламасы арқылы анимациялау, өзерту, қозғалысын күшейтіп, бейнекөрініске айналдыру – оның сапасын әлдеқайда арттырады. Яғни графикалық өңдеуден өткен өнімдер жиынтығы белгілі бір жанрлық ерекшелікке де ие болады. Кез-келген телеөнімді көркемдеу бағдарламаларымен қамтамасыз ету жалпы бейнежинақтың мазмұнын тереңдетеді. Бейнекадрлық қимыл-қозғалыстың кешенділігін жедел танытады. Телевизиялық хабарлардың ұйымдастырылуында компьютерлік графикамен әрбір бейнекөріністің интеграциялануы конвергенттік журналистиканың рөлін күшейтеді. Себебі мобильді кескіндеу оқу үдерісіндегі іс-тәжірибе бәсекелестігін дамытады. Өйткені ақпараттық технологиялардың негізгі нысанасы БАҚ-тағы нарық сұранысына төтеп беру. Сондықтан коммуникативті дәуірдің ілім-біліміне тез қалыптасу деген сөз – технологиялық үдерістің қарқынын қабылдау дағдысына түсіп, имидждік деңгейден төмендемеу. Қазіргі заман талабына сай технологияның жаңаруы адамзат санасына, оның талғамына күрделі өзгерістер әкелді. Әлемдік әлеуметтік өмір мен мәдениет салаларында, экономикалық жетістіктерді арттыруда маңызды рөлге ие болды. Соның нәтижесінде мемлекеттік, қоғамдық стратегиялар да жаңа жобалармен жүзеге асырыла бастады. Кез келген дүниені үш өлшеммен еселеп ұлғайтуды шынайы ұғым ретінде адам түйсігіне құю визуалды көркемдіктің жоғары көрсеткіші саналды. Заттың динамикалық өзгерістерге түсуі символикалық түрге айналып, әлемдік техникалық мәдениет пен сана эстетикасын өрбітті. Адамзат дамуындағы идея мен зат, бейне көрінісінің поэтикасын дәнекерледі. Мәселен, 3D бейнекамера, 3D принтер, 3D бейнеөңдеу бағдарламалары кез келген құбылысты, табиғатты, затты моделдендіріп, сәуле, лазер түсіру тәрізді эффектілермен көріністің тартымдылығын арттырады. Ол тележурналистикаға да зор мүмкіндіктер әкелді. Белгілі бір бейнежинақ пен аудиотректі (звуковая дорожка) компьютерге енгізіп, оны арнайы бағдарлама кешеніне лайықтайды. Кәсіби бейнеөңдеу бағдарламалары таңдалған соң негізгі үлгімен өңдеу процесі басталады. 3D форматындағы бейнередактор (видеоредактор) мүмкіндігін сценарлық жолмен өңдеу барысында негізгі тақырыптың көркем жиынтығына, мән-мағынасына баға беріледі. Яғни, автор, яки режиссер әр өңдеу бағдарламасын өндірістік талдаудан өткізе отырып, жоғары кәсіби талдауға да қол жеткізеді. 1. Blender (Блендер) өңдеу бағдарламасы бейнеөңдеу модельдік үлгіні анимациялауда рендрингтік (яғни көркем тәсіл) идеяны орындап әсерлейді. Рендринг екі топқа бөлінеді: 2. Көріністің суреттелуі, екінші мәтіндік үлгімен орналастырылады. Яғни бірнеше камераның бірлесіп түсірілген бейнекадрлердің қозғалыстағы көріністерін әр түрлі ракустермен бейнелейді. 2. Sketchup Make (скетчап мейк) бұл бағдарлама бейнекадрлердің архитектуралық құрылымын беттестіреді. Алайда, бейнежинақ көркемдік тәсілмен реттелмеген. 2. Sweet Home-3D (суит хоум) бағдарламасының көмегімен дизайнерлік сипат беріледі. 3. Sculptris (скульптриз) модельдік жүйенің қимыл-қозғалысын реттейді. ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №1/1 (37). 2015 179 Абдраев М.К. 4. LCEGO-Digital Desiger (леджо-джитал десиджер) әр кадрдың конструкциялық құрылымын түрлендіреді. 3Д көпракусты дисплей элементтер жиынтығы ақпаратты бір мезгілде айқын танытады. Обьектінің жан-жағын көзбен шолу тек панорамалық кеңістікті ғана қамтиды. Ал көзбен ілгерінді-кейін шегіндіріп кеңістіктегі зат пен құбылыстың ерекшелігін тану мүмкін емес. Алайда, ұзақ қашықтықты бинокульдік көрініспен алғанымен, нақтылық болмайды. Сол себепті 3D бейнекамерасына лайықталған өңдеу жүйелері толығымен жұмыс істейді. Визуалды көріністер арқылы ақпаратты көру ғана емес тану көзделеді. Оның микроқұрылымы стереокөшірме үлгісімен иллюзиялық талғамды үш есеге арттырады. Мұны телекөріністегі комфорт деп атауымызға болады. Ақпаратты сенімділікпен тарату – дәлдік, нақтылық негізінде болса, «интертренттік ақпаратқа» жол берілмейді. Ал, «интертренттік ақпарат» дегеніміз – сенімсіздік, күмән келтірер, айғақтың жоқтығы, дерексіздік, мағынасыз дегенді ұғындырады. Бір кадрды өңдеу жіктеуден (раскадровка) тұрады. «Adobi» – бағдарламасымен бейнекадрлер жиынтығын өңдей отырып,жобалы телехабар әзірлеуге болады. Ал 3D-ның арнайы бағдарламасымен бір кадрдың өзінен бірнеше мағыналық элементтер жасалады. Бейнеөңдеудің тілі мен мазмұндық стилі Әдеби көркем дүниенің тілі шұрайлы, мағыналық сипаты терең. Алайда бейнеөңдеуде әрбір динамикалық көрініс пен әр бейнекадр сөйлеп тұрады. Оның көреремен қатынасын танытатын идеялық көркем тілі де сол бір-бірімен байланысып жатқан бейнекөріністік тақырыппен ұштастығында. Ой мен мәтіндік баяндаудың ұтымдылығын танытатын көрініс айғақты дәлел болып табылады. Сондықтан: 1. бейнеөңдеуде бейнекадр мен мәтіннің иллюзиялық тартымдылығы арнайы эффектілермен айшықталады; 2. режиссерлық тіл мен экран тілінің көркемділігін арттыруда өңдеудің классикалық бағдарламаларын табу; 3. бейнеөңдеудің композициялық құрылымын жетілдіру; 4. Әрбір элементтің құндылығын көркемдеу тәсілін пайдалана отырып, көрерменмен тікелей ақпараттық қатынасқа түсу. Телевизия адамзат дәуірінің тамыршысы Телеарна бүгінгі таңда әлеуметтік элиталық интеллектуалды қоғамның қалыптасып дамуына, мәдени өрлеуіне қозғау салатын ықпалды қуат. Адамзат тарихында жасампаздыққа оңтайлану дәуірі туды. Өндірістік шаруашылық пен индустриялық инновация үрдісінің үздіксіз ілгерілеу қарқыны, технологиялық өңдеудің жоғары сапалық деңгейі әлемдік бәсекелестікті әкелді. Адамдардың санасына кез келген ақпараттық ұғым сіңіретін құралдар да сансыз жұмбаққа тіреді. Осы орайда жедел (мобильді) журналистік қабілет пен аса жауаптылық талабы қойылды. Өркениеттілік деген маңызды түсінік барлық саланы шарлап, жаңару, өсу, игеру үдерісін жандандырды. Әлемдік бедел санатына іліну мақсатында жаһандық серпіліс адам баласының сана сезіміне тың өзгеріс енгізді. Қатар тұрып, бірлесіп өмір сүру, әлеуметтік сұраныс пен қажеттілікті өтеу, ауырды жеңіп, ортақ дүниенің шешімін табу көзделді. Осы ретте телеарна бейбіт те салауатты ғұмырдың ғибратты көрсеткішіне айналды. Телехабардың ұйымдастырылуы, ақпараттық сананың қалыптасуы телеарна қозғалысына салмақ салды. Сондықтан, 1. телетехнологияны басқару; 2. бейнеөнімді жедел өңдеу; 3. бейнекадрлердің ақпараттылығын жекізу; 4. Өндірістік, әлеуметтік, идеологиялық ой-пікірді қоғамдық айналымға интеллектуалдылықпен өрбіте білу, қорытындылай алу. Әлемдік маңызды мәселенің көшінен қалмай технологиялық теле құрылымдар мен бейнекамера және өңдеу бағдарламаларын, компьютерлік трансформациялаудың түр-түсін еркін пайдалану, ұтқыр әзірлеу қажет. Тележарнама жанрын өңдеу өлшемі Бейнемонтаж дегеніміз – компьютерлік бейнешығармашылықпен қатар ой-сана жүйесінің интеллектуалды бейнетүзілімі. Кез келген телеөнімнің өндірістік мәні телевизиялық техниканың негізінде қоғамдық-әлеуметтік дүниеге айналады. Комьютерде өңделетін бейнеөнімдер жанрлық тұрғыдан да әртүрлі формалармен анықталады. Қазіргі таңдағы жалпы өндірістік кәсіби деңгейдегі бәсекелестіктен туған телеарна өнімінің негізіне айналған бейнебаян, жарнама жанрына тоқталайық. Бұл жанрдың ерекшелігі – тек өнімнің құпия сырын ғана емес, оның әлеуметтік қажеттілігін сығымдап өңдейді. Сол себепті тележарнама мен бейнебаянның төлем қаржысы да жоғары. Себебі өңдеу процесіне жоғары кәсіби мамандар – режиссер, оператор, артдиректор (көркемшығармашылық директоры), дизайнер, программист мамандар жұмылдырылады. Негізгі қоғамдық өрлеу мәнісі де, стратегиялық бағыты да бейнеөнімнің негізгі мазмұынынан айқын көрінеді. Яғни нарық жүйесінің тұжырымын экономикалық сапамен байланыстыра өңдейді. Демек, компьютерлік өңдеудің маңызы зор. «Соңғы онжылдықта жаңа техноло­ 180 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 3D технология және инновациялық қоғам гияны меңгерген әмбебап мамандарға сұраныс артуда. Бұл ақпараттық, визуалдық материалдарды жинап, өңдей алатын бірнеше қызметті қатар атқаратын журналистиканың жаңа моделі» дейді профессор Г.Сұлтанбаева өзінің «Конвергенттік журналистика» еңбегінде. Әр бейнекадрдың тиімділігін эстетикалық көркемділікпен тұтынушы көреремен қауымға ұсыну бұл жанрдың шеберлігі мен ұтқырлығы, ұшқырлығы болып табылады. Бүгінде бұл талап медиаорталықтық кеңістікте әр қырынан танылуда. Мәселен теледизайн бағдарламасының өңдеу трезелеріндегі әр нүкте, әр сызық классификациялық өлшеммен қойылады. Бұл технологиялық қолданыстың бейнеөңдеу жүйесіндегі полиграфиялық тұжырымын да қамтиды. Сондықтан бейнеөңдеу процесінде жаңа индустриалды даму мен қайшылықтарды журналист маман ажырата білуі заңдылық. Әрі компьютердегі өңдеу дизайны өте жоғары қабілеттілікпен қоса эфирлік және жарнама жобасының негізін құрайды. Демек компьютерлік өңдеу дизайны бейнеөнімнің қорытынды көрсеткіші. Ол үшін неден бастау керек? 1. Сценарлық жоспарды концорсиумдық бағытта ұжымдасып жасау қажет. 2. Шығармашылық идея тұтастығын сақтау керек. 3. Тележарнама форматына эллюзиялық рең берудің тәсілін игеру ләзім. 4. Теледизайнның заңдылығын сақтап жарнаманың құндылығын тану және тағы басқа талаптарға кәсібилікпен мән берілуі керек. Осы орайда тележарнама өнімін әзірлеп, бұқаралық көрсетілімге шығарушы телеарнаның имиджіне нұқсан келтірмеуді есте сақтаған жөн. Осы мақсатта бейнеөнімнің бағдарламасын табу шығармашылық столындағы маманға тікелей жүктеледі. Ол үшін мына міндеттер жүзеге асырылуы тиіс: а) негізгі бейнекөріністерді таңдап, іріктеу; ә)бейнекадрдің композициялық графикасын табу; б) әр кадрды ауыстыру, қою тәсілін эффектілендіру; в) титр жазу жолдарын әзірлеу; Сондықтан да жаңа технологияны меңгеру, жаңаша көзқарас пен тың ойлардың идеялық көркемдігін жасау болып табылады. Осыны басшылыққа ала отырып, бүгінгі телемедиялық тәсілдердің заманауи үлгісін дәстүрлі деңгейге жеткізу. Қоғамдық медиажобаның зертханалық медиатұтастығын телеарна көрермендерінің тұтынушылық талғамымен ұштастыру міндеті де осы талапты жүктейді. Мәтіннің тұтастығын сақтау принципін бұзбастан бейнекадрлер жиынтығын көз алдымызға елес дүние ретінде қабылдаймыз. Алайда оның көркемдік шешімін компьютерлік өңдеу шеберлігімен ғана табамыз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar