7-ШІ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ ТУРАЛЫ

Қаңтар айының басында Кувейтте ашық түрде 2011 жылы қысқы Азиялық ойындар Алматы және Астана қалаларында өтеді деген келісім бойынша құжаттарға қол қойылды. Құжаттарға өз қолдарын Алматының әкімі И. Тасмағамбетов пен Азия олимпиялық кеңесінің президенті – Шейх Ахмад Әль- Фахад қойды. Оңтүстік астана қысқы олимпиядада өткізуде 7- ші болып саналады. Бұрын қысқы жарыстар Жапонияда, оңт. Кореяда, Қытайда өткізілген. Қысқы Азияда ойындары 4 жылда 1 рет болып тұрады. Соңғы рет 2007 жылы Қытайда өткізілді. Алматы мен Астанада Азиялық ойынды өткізу 30 қаңтардан 6 ақпанға дейін 2011 жылығы жоспар еді. Алау Эстафетасының өңірлік кезеңін өткізу жөніндегі облыстық штаб алау ұстаушылармен кездесті. Алау Эстафетасы қысқы Азия ойындарының тарихында бірінші рет өтті. Оңтүстік астанадан бастап Алау Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өтті. Алау ұстаушылардың тізімі арнайы құрылған комиссиямен қыркүйек айында құрылып бекіткен. Негізгі құрамда 50 адам тізімге алынды. Өңірлік штабтың алау ұстаушылармен кездесудегі мақсаты: алау ұстаушыларды «Алау ұстаушының тәртіп Кодексымен және Алау ұстаушының міндеттерімен» таныстыру. Бұл кездесуде Алау Эстафетасының қатысушылары Эстафетаға қатысуға өтінімдер толтырды және өздері жайлы өңірлік штабқа барлық қажетті ақпаратты берді: жеке мәліметтер, Отан алдындағы қызметтері , марапаттаулар туралы мәліметтер, алау ұстаушыларға арналып дайындалатын киім түрінің мөлшері. Қатысушыларды Эстафета өңірлік кезеңінің бағытымен таныстырды. Алау ұстаушылар Абылай хан резиденциясының алдында жарысқа кірісті, ал Николай Погодин атындағы драм театрдың жанындағы алаңда мәре сызығына жетеді. 124 125 2011 жылғы Азия ойындары – намысымызға сын!..Бүгінгі күні ұлтымыздың намысын ойлайтын қалың бұқараның көкейінде жүрген үлкен мәселенің бірі – 2011 жылы тұңғыш рет қазақ топырағында өтетін қысқы Азия ойындары еді. Жат елдің талайының жүрегінде «жақсы я жаман» болып ұзақ уақыт сақталар осы Азия ойындары Қазақ жұртының елдігіне сын! Ұлттық ұлағат, елдік биіктік, қазақи қадірімізді танытарды. Азия ойындарының бар мәйегі осы ашылу және жабылу салтанатында емес пе? Көп болып қазақтың намысын ойласақ деп жүрген дала-қаладағы ұлттық болмысымызға жанашыр жандардың қуанышында шек жоқ. Олимпиада да үлкен — үлкен бес нысан іске қосылады. Олар: Б.Шолақ атындағы спорт сарайы, «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» және халықаралық шаңғы транплины мен «Табаған» спорт кешені. 2011 жылдың Қысқы Азия Ойындарына арналған медальдер жасалған. Медальдерді жасау жұмысымен Қазақстан Ұлттық Банкінің Өскемен қаласындағы ―Қазақстан Теңге сарайы‖ айналысқан. Медальдердің эскизін Азия Олимпиада кеңесі мақұлдады. Азиада медальдері осы кезге дейін өтіп келген өзі секілді жарыстардағы медальдерден жақсырақ жасалған. Мұны Азия Олимпиада кеңесіндегі лауазымды тұлғалар да айтты. ―Азиада 2011″-да алтын медальге ие болған жеңімпазға 340 гр. күмістен құйылып, сырты алтынмен қапталған медаль, екінші орынға ие болған спортшыға 340 гр. күмістен құйылған медаль, ал үшінші орынға ие болған спортшыға 520 гр. таза коладан құйылған медаль берілді. Айтулы жарыста тартысқа түсетін медальдер топтамасы 69 болды. Медальдер Азиада кристалы пішінінде жасалып, қазақы ұлттық нақыштағы ою- өрнектермен безендірілген. Тұңғыш рет Қазақ жерінде өткен кезекті Азиадада қазақстандықтар ерледі: спортшыларымыз ойлағаннан, мақсат еткен межеден әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Қысқы Азия ойындарына қатысушылар санының өсуіне қарамастан, негізінен медалға күрес Жапония, Қытай, оңт. Корея және Қазақстан мемлекеттері арасында болды. М: 5 Қысқы Азияда 2005ж жылының ақпанында Аомари қаласында Жапония қоржынында – 67 мадақ бар. , Қытайда – 33; Креяда – 28; Қазақстанда – 20; Ливан мен ҚХДР – 2- ден; Өзбекістан – 1. Жарыс бағдарламасын Азиялық ойындарды ұйымдастырушылар құрастырды. Алматыда өткен бағдарламада шайбалы хоккей (әйелдер арасында),бенди, тау шаңғысы, фристайл, биатлон, шаңғы жарыстары, транплинен секіру түрлері бар. Сондықтан 2011 жылы Алматыдағы ойындарда шаңғы жарысы, қашықтық саны – ұзартылады, қысқы спорт түрлерінің ішінен осы түрден қазақстандықтар алдыңғы орындар алды. Ең негізгі біздің қарсыластарымыз әрине Жапония, Қытай және оңт. Корея болды. 126 Жарыс кестесі бойынша алғашқы медаль жиынтығы шаңғымен спорттық бағдарлау бәсекесі бойынша сарапқа салынды. Бірден айту керек бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы бәрінен де озық.. Өйткені Қазақстан 7-ші қысқы Азия ойындарының қожайыны ретінде дүбірлі дода бағдарламасына осы спорт түрін қосқан еді. Ольга Новикова қыздар арасындағы спринтте бірінші орын алды. Ерлер арасындағы спринтте бірінші-екінші орынды қос қазақстандық Михаил Сорокин мен Александр Бабенко өзара бөлісті. Фристайшыларымыз да жасындай жарқылдады. Могул сайысында Юлия Галышева өзінің мықты екенін жарыс барасында-ақ аңғартса, ерлер арасында Дмитрий Рейхерд жүйрік шықты. Дмитрий Бармашов та қола жүлде еншілеп, қоржынымызды жүлдемен толтырды. Шағымен жарысу спортынан Қазақстан арулары қоржынымызға қос медаль салып берді. Ерлер арасындағы бәсекеде Алексей Полторанин (алтын) мен Николай Чеботькоға (күміс) тең келер ешкім табылмады. Тау шаңғысы спорты бойынша да Қазақстан сапынан сынға түскен Дмитрий Кошкин алдына жан салмаса, тағы бір қазақстандық Игорь Закурдаев күміспен күмтелді. Биатлоншы Елена Хрусталева (күміс) мен Марина Лебедева (қола), тау шаңғысы спорты бойынша сынға түскен Людмила Федотова (күміс) мен Ксения Строилова (қола), трамплиннен секіруде Николай Карпенко (қола), конькиден 5000 метр қашықтықта жүгіруде Дмитрий Бабенколар (күміс) жүлдегерлер қатарынан көріне алды. Еркін тәсіл бойынша командалық спринтте аламанға шыққан қазақстандық шаңғышы қыздар-Оксана Яцкая мен Елена Коломина білгендерінен жаңылмады. Олар 20 минут 39,9 секундтық көрсеткішпен жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көіне білді. Көп кешікпей ерлердің спринттік сайысында Алексей Полторанин мен Николай Чеботько құрамаға сегізінші алтыды да алып берді. Командалық жарыста қос шаңғышымыз мәреге 22 минут 46,2 секундта жетті. Тау шаңғышылары Игорь Закурдаев пен Дмитрий Кошкин супералып слалом сайысында қарсыластарынан әлдеқайда ұзап кетті. Мәре сызығын 4,61 минут секундта жүріп откен Закурдаев алтын медальды жеңіп алса, Кошкин күміс жүлдегер атанды. Тау шаңғысы спорты бойынша Людмила Федотова (күміс), фристайлшы Жібек Арапбаева (күміс) мен Руслан Әблатифов (қола) жүлдегерлер қатарынан көрінді. Биатлоншы Александр Червяков 12,5 шақырымдық спринттік бәсекесінде бас жүлдеге ие болып, «дубль» жасады. Шаңғымен спорттық бағдарлау сайысы бойынша Қазақстан намысын қорғаған Ольга Новикова орташа қашықтық бойынша ел қоржынына тағы да алтын медаль алып берсе, Евгения Кузьмина енді 7-ші қысқы Азия ойындары екі дүркін күміс жүлдегері атанды. Ал ерлер арасында өткен бәсекеде Михаил Сорокиннің шеберлігінен асатын спортшы жоқ екені тағы бір мәрте дәлелденді. Бұл жолы күміс медаль Виталий Лещенкоға бұйырды. Ал трамплиннен 125 метрден секіруден Қазақстан құрамасы күміс медальға қол жеткізді. 127 Жарыстағы 11 спорт түрінің ішінде шорт-тіректен ғана «алтын» ала алмадық. Бұл спорт түрі және тау шаңғысынан, конькиден Жапония мен Оңтүстік Корея құрамасы өзгелерден оқ бойы озық екендігін тағы да дәлелдеді. Конькиден Қытай әлі де мықты екенін көрсетіп, қанжығасына 4 «алтын» байлады. Алайда біз қазақ жастары басым өнер көрсеткен шорт- тіректің болашағы зор деп есептейік. Әрине бұл жетістікті ешкім қолдан алып қоя алмайды. Келесі Азиадада жұлдызды жеңістер, қол жеткізген рекордтар, шарықтаған ұпайлар тарихқа еніп, өткен жолымыздың елеулі бір белесі, осы үздік көрсеткіштеріміз өзге ел спортшылары ұмтылатын негізгі нысана, басты меже болып қала береді. Допты хоккей де олимпиадалық спорт түрі қатарына енеді деп үміттенейік. Олай болған жағдайда спортшыларымыздың аяқ алысы алысты меңзейді әрі қазақ жастары көп шоғырланған спорт түрі де осы. Осы Азиададағы басты жаңалық, шорт-тректе (А.Бекжанов, А.Сұлтанғалиев, Н.Жұмағазиев, А.Әжіғалиев), спорттық бағдарлауда (А.Тоқбаев, Э.Молдашева, М.Имашева) шаңғымен тұғырдан секіруде (Р.Жапаров), жалпы шаңғы спортында (шаңғы жарысында – Е.Ахмадиев, биатлонда – Д.Кенешев), мәнерлеп сырғанауда (А.Рахымғалиев), шайбалы (ерлер командасынан бөлек), допты хоккейде ұлты қазақ спортшыларының көбейе бастауы. Әсіресе шайбалы хоккейден қыздар командасында (А.Раушанова, В.Мұсатаева, Ғ.Нұрғалиева, З.Тоқтиева) және допты хоккейде (І.Қайрекешов, Н.Тақыров, А.Қазыбаев, Е.Нұғыманов, Е.Әліпқалиев, Н.Оразғалиев, С.Аманшин, А.Темірғалиев, Р.Исалиев) қаракөздеріміздің қатары күннен-күнге арта түсуде. Маған осы допты хоккейдің болашағы жарқын секілді көрінді. Баяғы хоккей спортының аталары Байдосов, Айрих тізгінін қолында ұстаған Қазақстан құрамасы көз алдыма келеді. Ол кезде де осы спорт түрін қалаған қазақ жастары баршылық еді. Ал биылғы құрам бұдан мүлде бөлек: Руслан Исалиев бастаған қазақтың сегіз жампоз азаматы дүркіреп тұр. Бір Р.Исалиевтің өзі бір команда екеніне көзіміз жетті. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының капитаны Т.Жайлауовтың өзі неге тұрады: бір өзі бүкіл команданы ойынның басынан аяғына дейін «сүйреумен» болды Әрине көп ұлтты ел болғаннан кейін спортшылардың да әр ұлт өкілінен болатыны заңды. . Жарыс барысында сенім артқан қыз-жігіттеріміз жерге қаратқан жоқ . 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль жеңіп алған Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қорытынды кесте Елдер А К Қ Барл Қазақстан 32 71 17 70 Қытай 11 10 14 35 Оңт, Корея 13 12 13 38 Жапония 13 24 17 54 Иран 0 1 2 3 Моңғолия 0 1 4 5 Қырғызстан 0 0 1 1 Солт,Корея 0 0 1 1 Қазақстан қысқы спорт түрлерінен Азия елдері ішінен алдыңғы орында. Бұған тек қана ауа райы жағдайы емес, сонымен қатар мықты тренирлер оқыту мектебі болып табылады. Бізде өте көп атақты спортсмендер, атағы шыққан адамдар көп. Солардың бірінде бокс және күрес ішінде жетістіктеріміз көп..Жарыста 800 жарысшылар, 700 валантерлар, 1,5 мың адам. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері Азияда да валантер ретінде белсенді түрде ат салысты. Валантер студенттердің айтуынша; онда қатысу олар үшін бір мәртебе, патриоттық міндеті, спортқа және Отанға деген сүіспеншілігін білдіреді. Осындай олимпиадаларға қатысып өз еліне үлесін қоуға дайын екендігін қуанышпен жеткізді. Осы нәтижелер келешек ұрпаққа берер тәрбиесі мол. 128 Қызмет көрсетуші ұжым және 5 мың құқық қорғаушылар қатысты.Жарыс бойына 32 мәрте әнұранымыз шырқалды, туымыз көкте желбіреді. Қуандық, көздің суланған кезі де болды. Қыздар жеңіп, әнұран орындалып жатқанда құраманың бас бапкері Александр Мальцевтің көзінен жас көрдік: қуаныш жасы, еңбегінің жанғанына қуанғаны шығар. Әнұран – еліміздің басты әні, шын мәніндегі ұранымыз. Біз бұл жолы жеңдік, алда да жеңіс көп. Бірақ байрағың қалықтап көкке көтерілгенде әнұранды беріле шырқап, өз жеңісіңнен өзің ләззат алатын кездердің көптігіне сенемін! Осы жылдың наурызында Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Азиялық ойындар өткізуде бұл Алматыдағы ең негізгі – 2014ж олимпиядалық ойындар өткізуде бастапқы қадамы болады.» деді. Келесі әлем чемпионаты Медеуде өтеді. Біз үшін бұл да үлкен мектеп болмақ. Халықаралық эксперттер ойынша Алматының олимпиялық ойындары жоғары деңгейде өтті. Халықаралық олимпияда мүшелері ойынша Азиялық ойындар қазақтардың қысқы спорт түрін дамытуға ынталандырды. 2014 жылы Сочиде өтетін Ақ Олимпиада алдында күшімізді, болшағымызды таразылап алғандаймыз. Егер спорттық бағдарлау олимпиалық спорт түрі қатарына енсе, қыз-жігіттеріміз жаман өнер көрсетпейтін секілді. ТМД елдерінен келген бір топ тілшілер Алматыда Қысқы Азияда ойындары – 2011 олимпиадасы өтентін нысандар құрылысын аралап шықты. Қонақтарды Азияда -2011 дирекция мүшелері, спорт ардагерлері, нысан басшылары мен қалалық және аудандық әкімшілік басшылары алып жүрді. Келген тілшілер құрылыс барысымен танысып, инфроқұрылыс және қауіпсіздікті сақтау жағдайларымен танысып шықты. ТМД елдерінен келген әріптестеріміз біздің көзбен көргендеріміз ойымыздағы күткеннен де асып түсті дейді. Құрылыс көлемінің үлкендігімен таң қалдырды және Қазақстанда өтетін Қысқы Азияда ойындары өте үлкен деңгейде өтті дейді. Ресейлік «Спорт-Экспресс» тілшісі Алексей Морозовтың айтуынша Алматылық отбасылары мен қонақтарға «Медеу» мен «Шынбұлақта» демалуға осындай мүмкіншіліктері барына шын қызығушылық білдіремін дейді. Менің ойымша осыдан кейін Қазақстан елі болашақта олимпиада ойындарын өткізуге шындап ойланып, кірісуге болатын тәжірбие мен мүмкіншілік алады. Халықаралық эксперттер ойынша Алматының олимпиялық ойындары жоғары деңгейде өтті.Халықаралық олимпияда мүшелері ойынша Азиялық ойындар қазақтардың қысқы спорт түрін дамытуға ынталандырды. Келесі Азияда ойындарында Қазақстан жастары мен спортшылары белсенді қатысып, қазақ әнұранын шырқалар деп сенеміз! Құрама командадағы қыз жігіттердің әлі де ел намысын көкке көтеретіндігіне сенеміз! 129 Әдебиеттер 1. «Жас Алаш» газеті 8 ақпан 2011ж №10 (15572) 2. «Жас Қазақ» газеті 11 ақпан 2011ж №5 (317) 3. «Достық-Дружба» 20011ж №1 (58)

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar