Қаһармандардық символды қарсыластығы

Әр түрлі ежелгі мәдениеттерде құбыжықтарды символды жеңу сапарлары жеткілікті ұқсас болып келген себепті, біз оларда таң қаларлықтай үйлес образдар жүйесі барын жиі аңғарамыз. Бір жағынан, бейнеленуші қаһармандар сыртқы дүниедегі хаосқа батыл қарсы тұрады, егінді, әлеуметтік рет ­ тәртіпті, өркениетті, әуелі, адамзаттың өзін жойып жіберуге қабілетті күштерге қарсы тұрады. Екінші жағынан, олардың образдары арқылы әлдебір ішкі процесс ашылады да, соның нәтижесінде жануарлар дүниесінің игі қасиеттері қаһармандардың өздерімен теңдестіріле бастайды. Дәстүрлі терминологияға сәйкес, суреттердегі елеулі мифологиялық тұлғалардың қолдарына әлдебір жануарды ұстап тұратыны, сонымен бірге, олардың үстінде отырған немесе тұрған күйінде бейнеленетіні, бұл соңғыларының (жануарлардың) алдыңғы аталғандардың (қаһармандардың) шығармашылық қасиеттерін немесе қабілеттерін кейіптейтіндігімен түсіндіріледі. Бұған қоса, қаһарман өз ­ өзінің түрлі төменгі аспект ілерінен көтерілген бойда ­ ақ, ол бұндай жануарларды ұстап жүру, солардың терісін кию және соларды міну хұқығына ие болады. Адам бойында потенциалды қаһарманды іздеудің рөлі мен пәніне, шүбәсіз, символды жануарлардың (мысалы, арыстанның, бұқаның немесе айдаһардың) теріс, жағымсыз элементтеріне қарсыластық, сондай­ақ, оларды өзгертушілік кіреді; оның, сондай­ақ, материалдық және рухани астамшылықтың қаншалықты шектеп келетінін, шығармашылық күш­қуатымызды азат етудің қаншалықты маңызды екенін ұғынуы қажет еді.

Әр түрлі ежелгі мәдениеттерде он екі шоқжұлдыздың құрамына кіретін, ой ­ жорамалдағы көк секторларындағы жұлдыздар былайша аталатын зодиак жүйесін (29­сурет) құрайды дейтін наным болған. Он екі шоқжұлдыздың әрқайсысына сәйкесінше таңба телінеді. Төменде олардың көктемгі күн мен түннің теңелуі нүктесінен шығысқа қарай жүру реті келтірілген: Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Таразы, Сары шаян, Мерген, Тауешкі, Су құйғыш және Балықтар. Қазіргі заманның ақыл­ойы үшін ежелгі инициациялармен және басқа да осы тәріздес жоралғылармен, зодиак таңбаларының, алхимиялық идеялардың, адамдар мен жан ­ жануарлардың дене біліктерінің, сондай­ақ, түстер, ағаштар, гүлдер, минералдар сияқты категориялардың ықтимал мәндерімен шұғылданушылық, көбіне­көп, не мағынасыз, не, одан да орақты, ырымшылдыққа негізделген қауіпті іс болып көрінетіні рас. Бірақ, тіпті, біз көптеген өркениеттерде киелі саналған белгілі ілімдердің сөзбе­сөз мағынасына сенбесек те және олардың жақтаушылары болып табылмасақ та, нәзік түйсік және терең тәжірибенің көмегімен ашылатын сана сәулесінің арқасында, ой­қиялға негізделген қабылдаушылықтың және табиғи құбылыстарды мақсатты бағытта зерттеп ­ білудің арқасында, сонымен бірге, әр түрлі басқа да жолдармен иеленуге болатын даналықтың арқасында біз көп нәрсе меңгере аламыз. Іс жүзінде барлық дерлік мәдениеттердің мифологиясында көрініс тапқан күллі Аяндар іспетті, бүкіл таным формаларының жиынтығы, біздің пайдаланғымыз келетін ­ келмейтіндігіне қарамастан, асылында баға жетпес қасиет болып табылады. Немесе, Карл Юнгтің сөзімен айтқанда, ұзақ уақыт бойы магиялық тәжірибе ретінде айқындалып келген нәрсе, басқадан бұрын, «адамның өз тұлғасының өзіндік магиясы ролінде көрінетін психикалық жағдаяттардың айқын көрініс табуы» болып келеді.

Читайте также:  Ойрат одағын талқандау

Ал, мынау осы тұрғыдағы Эстер Хардингтің пікірі: «Көптеген ғасырлар бойына адам өзінің магиясы сыртқы дүниенің рет ­ жосығына шынайы ықпал етпегенмен, ол өте ­ мөте шынайы түрде оның өз жанының тереңдерінен таралған күшке әсерінен көрінетіндігін ұғынбай келді». Арыстан, негізінен, күнмен, ал, оның мінездемелері патшаға тән ержүректікпен, ерік­ жігер күшімен, қайратпен, бекзаттықпен, құдіреттілікпен, пәле­жала жуымас қасиеттілікпен және рухтың материяны жеңуімен байланысты ұғынылады. Әр түрлі ерте мәдениеттерде бұл бекзат жануар аңдардың патшасы, аң аулаушы саналып, көк, күн, от, жарық және сана сәулесін кейіптейтін болған. Төменде келтірілген арыстанмен айқасушы қаһармандардың суреттері адамның өз басының билік құмар ашкөздігімен күресін бейнелейді. Олар жалған менмендік немесе өзімшілдік сезімінен тамыр тартатын, өзін­өзі алдаушылықпен шектес ессіз ашкөздікпен құтылуға әрекеттенушілікті тұспалдайды. Ерте Таяу шығыстық иконографияда «арыстанмен күресуші қаһарман мейлінше ежелгі әрі кең таралған сюжеттерді танытады». Осылайша, мәселен, ежелгі Мысыр өнерінде жас Гор арыстанның жанында бейнеленгенде, ол адам бойындағы қаһармандық негізді кейіптейді. Күні бүгінге шейін көптеген елдерде патшалық биліктің эмблемасы болып қалған арыстанның суреті есте жоқ замандардан бері патша тақтарының, соның ішінде, мәселен, перғауындар мен Будданың тақтарының сәнін келтірген. Арыстандардың мүсіндері дәйім антиктік құрылыс ғимараттарының киелі қақпаларын немесе порталдарын күзететін болған. Арыстан байланыста қарастырылатын Күн жерге тіршілік береді, бірақ, соның өзі­ақ оттай қарыған сәулелерімен жерді құрғатып, ажал мен бүліншілік әкеле алады. Сондықтан, Ай және салқын түн, шық пен жаңбыр болуы тиіс — сонда жер қайта өнім бере алмақ. Ал, бұдан соң, мәңгілік табиғи циклге бағынып, сулар тартылуы тиіс, әйтпесе, су тасқыны мен өлім­жітім болуы кәдік. Бұқа ұзақ уақыт бойы күнге қатысты екінші дәрежедегі жануар саналып келеді, әйтсе де, ол кейбір ерте оркениетгер Күнді және патша билігін кейіптейтін болған. Қайратты, дана, зор түлғалы бұқа жер­жерде ұлы тұқым көбейтуші, молшылық символы — бақташының ролінде көрінетін болған.

Читайте также:  Шаруашылық жүргізуші субъектідегі дебиторлық қарыз түсінігін зерттеу

Ежелгі Грекияда бұқаға Зевстің жануар кейпіндегі бітімі болу жазған еді. Э.Б.Куктің жазғанындай, «неліктен қошқар мен бұқа тұтастай алғандағы көк құдайларымен және, соның ішінде, Зевспен байланыста қабылданатындығының басты себебі сол, бұл жануарлар ұрпақ жаңғыртушылыққа деген зор күш ­ қарымға ие. Бұқалар мен қошқарларды Зевске құрбандыққа шалатын болған, өйткені, ертеде орныққан пікірлерге сәйкес, «Жыныстық жетілген жануарлардың мұншалық мөлшерде сыйға тартылуы» құдайдың адамдарды игілікке бөлеу және оларға береке ­ байлық әкелу қабілетін «арттырған»». Бұдан әрі Кук ежелгі замандарда Жерорта теңізі жағалауында Найзағай құдайын өкіруші бұқа кейпінде бейнелегендігін атап көрсетеді. Патшалар немесе, олардың өкілдері ретіндегі, Абыздар бұқа бетпердесін киген немесе, ең берісі, бастарын солардың мүйіздерімен сәндейтін болған. Крит аралында бұқа қатыстырылатын салт ­ жоралғылық сайыстар кезінде акробаттар осы бір зор түлғалы, бойда үрей ұялататын жануарлардың үстінен әншейін секіріп қана қоймауы тиіс болатын — бұл өмірдің өлімді жеңуін бейнелейтін, сонымен бірге, бұған қоса бұқаның мүйізінен шап беріп ұстап алудың маңызы зор болған, бүл нанымға сәйкес, ержүрек сабазға өзі діттеп келген жануардың күш­ қарымын алуға мүмкіндік берген. Дж.Р.Левидің сөзіне қарағанда, әлем мифологияларында «бітпейтін күрестің… себепшісі болатын» айдаһардың пайда болуымен «қаһарманның күші артатын болған». Қаһарманның айдаһармен айқасы туралы сюжет іс жүзінде барлық дерлік замандар мен халықтардың мифографтарына сүйікті болған. Әсіресе, бұл Грекияға қатысты еді, онда қисапсыз көп құдайлар мен қаһармандардың ішінде өзі өлтірген айдаһары болмайтын біреуін тапсаң, кәні. Құбыжықтармен айқасқан грек жеңімпаздарының ішінде ең әйгілі болып табылатыны, сірә, Геракл мен Персей болар. Христиандықтың таралуына орай, қаһармандық ерлік жасау әулиелердің еншісі болған; Әулие Георгий және айдаһар туралы оқиғаны, сонымен бірге, көптеген сол тәрізді аңыздарды еске алсақ та жеткілікті. Бұл оқиғалардың есімдері мен ұсақ бөліктері, әрине, бір жерден екінші жерге өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ, олардың барлығының әуелгі бастауы болып табылатын не? Айдаһарды жеңу тақырыбы б.э. дейінгі үшінші мыңжылдықтағы шумер мифологиясында маңызды роль құтқарғандықтан, бізде грек және ерте христиандық айдаһарлар туралы аңыздардағы негізгі баяндау желісі шумер дерек кездерінен бастау алады деген жорамал жасауға барлық негіз бар. Бір жардайларда айдаһарлар, немесе алып жыландар, береке ­ молшылықты кейіптейді; екінші бір жағдайларда олардың бойында жер сулары ұлғайып, құрлықты басып кету қаупі тұнған. Егер айдаһар жағымды кейіпкер ретінде көрінсе де, ол бәрібір басып­жаншитын, жоспарларды құртатын, қандай да бір істі жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін әлдененің баламасы. болып қалады. Ол жан түршігердей сұмдық қорқынышты бола алады, оңдай да оның көздері, түнектен шыққан тажалдай, кірпік қақпастан бізге тесіле қарап, түсініксіз толқу мен үрей тудыратыны бар. Айдаһар немесе жылан, мәселен, Хауананың елтуі және даналыққа — жаңа өмір немесе жаңғыру мүмкіншіліктеріне — ұмтылыс сияқты екі қарама­қарсы ұғымдарды кейіптей алады.

Читайте также:  Қасым ханның саясаты, бағыты және көзқарасы

Оставить комментарий