Аққожа би

Қазақ елінің тарихына көз жүгіртіп отырсақ, халықтың арасында небір сөзге шешен, ақылы мен айласы қатар жүрген данышпан, қара қылды қақ жаратын әділ билер болған. Мұндай парасатты адамдар келер ұрпаққа үлгі екендігі даусыз. Сондай ауызға ілінген адамның бірі — XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген Найман тайпасының Сыбан руынан шыққан Байбөбек Қалыбайұлы Аққожа би. Аққожа ­ 13 жасында тобықтының атақты биі Кеңгірбайдан бата алған би. Оқиға былай болған. Қазіргі Аягөзден 30 шақырым жерде Ақшатау деген жер бар. Арғы жағы Шыңғыстаумен жалғасып жатады. Ақшатау жері мен Шыңғыстауды бөліп жатырған Терісайрық деген өзен бар. Осы өзенді Сыр бойынан тобықтылар беттесіп қонып отырады. Ежелден келе жатқан жер дауы барымтамен ұласын, оған жесір дауы қосылып, екі ру үнемі айтыс­тартыста болыпты. Осындай бір тартыс кезінде Байкөбек ауылының жылқысын тобықтының атақты би Кеңгірбай ауылының жігіттері барымталап кетеді.

Байбөбек ауылының бетке ұстар бір топ азаматтары, бірнеше мәрте келіссөз жүргізгенмен, нәтиже шығара алмайды. Жаз айының жаймашуақ күндерінің бірінде Кеңгірбай би ауылында екен деген хабарды естіп, Байбөбек ақсақалдары тағы да аттанбақшы болады. Осы хабарды күні бұрын естіген 13 жасар Аққожа әкесі Қалыбайдан рұқсат сұрап, бірге бармақшы болады. «Әке — балаға сыншы» демекші, зерек өсіп келе жатқан баласының болашағынан үміт күтетін әке рұқсат береді. Бірақ үлкендер ісіне араласпауын сұрайды. Таңғы самалмен шыққан Байбөбек ауылының бетке ұстар азаматтары бесін кезінде алты қанат ақ үй құрып тастаған Кеңгірбай бидің ауылына атбасын тірейді. Шілде айының аптап ыстығында шөл басып, әңгіме­дүкен құрып, сары қымыз сапыра ішіп отырған Кеңгірбай ауылының бір топ азаматтарына: — Ассалаумағалейкум! — деп Қалыбай бастаған топ сәлем беріп кіріп келеді. Бірақ Кеңгірбайдан бастап ешқайсысы сәлемді дұрыс алмайды, мұрындарының астынан міңгірлеп қана қояды және де келген адамдарға ығысып орын да бере қоймайды. Келген адамдар ыңғайсызданып, бос орындарға жайғаса салады. Босаға жақта осы көріністі бақылап тұрған бала Аққожа: — Мыналар ұялас екен, — деп далаға шығып кетеді. Үй ішінде бірақ уақытқа дейін үнсіздік орнайды. Әлден уақытта Кеңгірбай би: — Әлгі бала кімнің баласы, не деп кеткенін естідіңдер ме? — дейді.

Читайте также:  Шығыс Түркістан үшін күрес

Төмендеу отырған жігіт ағасы үнсіздікті бұзып: — Мен қате естімесем, ол бала бізді ұялас екен деп күшікке теңеп кетті­ay, — дейді. Сыртта асық иіріп, өз бетімен отырған бала Аққожаны Кеңгірбай би шақыртып алады. — Иә, бала сен кімнің баласысың және бізді неге ұялас деп кеттің? Соның мәнін түсіндірші, — дейді. Байыппен жан­жағына көз жүгіртіп барлап алған бала былай деп жауап береді. — Мен Байбөбек Шақа Қалыбайдың баласымын. Атам қазақ ат басын тіреп үйіне келген адамға төрінен орын беріп, келген шаруасын тыңдаушы еді. — Ассалаумағалейкум! — деп сәлем берген жоқшылардың сәлемін қабыл алған бірде­бір адамды көрмедім, енесінің бауырына тығылған күшікке ұқсап қыңсылағандай дыбыс шықты да тырп етпей үлкені де, кішісі де отыра берді. Осы отырыстары шынында да ұялас күшіктерге ұқсап кетті. Текті ауылға келіп, тексіз әдеп кергеннен кейін ұялас екен,—дедім. Кеңгірбай би сал ойланып, баланы жанына шақырып алады. Аққожаны сынамақ үшін бірнеше сұрақтар қояды. Зерек бала мүдірмей жауап береді. Сөздің аяғында Кеңгірбай би Аққожаға: — Текті деген немене, тексіз деген немене? Сол сұраққа жауап берші—дейді. Сонда Аққожа тұрып: Текті жердің жігіті, Жарқырап шыққан күнмен тең. Тексіз жердің жігіті, Басып жанған күлмен тең. Текті жігіт әрқашан, Жақын тұтар туысын. Тексіз жігітті шырмайды, Айлакер қатын уысы. Аққожаның жауабына дән риза болған Кеңгірбай би Аққожаны: ­ «Елінің жоғын жоқтаушы, мұң­зарын тыңдаушы бол. Әділеттің туы бол, еліңнің адал ұлы бол, өркенің өссін» — деп бата беріпті. Кеңгірбай бидің бұл батасы Аққожа биге шынында да дарыды. Осы атақты Біржан — Сара айтысында да Сара ақын былай дейді. Жан жетпес Бабатайға, салпы Жанақ, Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап. Ақтамберді, Алтыбай, ер Айымбек, Қалмақты қолмен қуған қойдай қамап. Бүгінде Аққожа би зираты Аягөз ауданы, Ақши кеңшарында Байғара Ақтайлақ, бидің жанында.

Читайте также:  Дәстүр дегеніміз не? Дәстүр туралы

Оставить комментарий