Ақпараттанған қоғамдардағы білім

Біздің шартты болжамымыз бойынша, қоғамдар постиндустриалды аталатын, ал мәдениеттер қазіргіден кейінгі (postmoderne) деп аталатын дәуірге жеткенде, білім статусын өзгертеді. Бұл ауысу Европа үшін ең кемінде оның қайта құрылуының аяғын белгілейтін 50­ ші жылдардың аяғынан басталды. Оның жеделдігі немесе баяулығы елге, ал елдерде — қызмет аймағына тәуелді болды. Тұтас суретті елестетуге қиындық туғызатын диахронияның туындайтыны осыдан. Суреттеудің белгілі бөлігі болжамды ғана болады. Және футурологияға артық сенім артудың өзі ағаттық болар еді. Тұтас бола алмайтын суретті ойдымдағанша, біздің объектке тура ықпал ететін (детерминация) бастайық. Ғылыми білім — дискурстың бір түрі. Демек, соңғы 40 жыл шамасында қатаң (точный) деп аталатын ғылымдар мен техникалық түзілімдер тілге ауысады: фонология және лингвистикалық теорияларға, коммуникация мен кибернетика мәселелеріне, казіргі алгебра мен информатикаға, есептеуші машиналар мен олардың тілдеріне, тіларалық аударма және машиналар тілдерінің жатырқамаушылық мәселелеріне есте сақтау тәсілдері және дәйек қоры мәселелеріне, телематикаға және «ойшыл» терминалдарды жасауға, парадоксолонияға: бұл көпе­көрінеу айғақтар ғана және бұл толық тізім емес. Осы технологиялық өзгерістердің білім үшін қандай салдарлар тудырғаны қарастыруға лайық. Онда ол өзінің екі түбегейлі нұсқаларында қарастырылады: алған білімді зерттеу және тарату қызметтерінде. Бірінші қызметтің тіпті надандарға да түсінікті үлгісін өзінің теоретикалық парадигмасын кибернетикадан алған генетика көрсетті. Одан өзге де жүздеген мысал бар. Ал, екіншісіне келсек, қазірдің өзінде аппараттарды жөнге келтіріп, ықшамдап, нарықтандыратын білімді игеру, жіктеу, билеу және пайдалану өзгеріске түсіретіні жақсы белгілі. Алдымен адам (транспорт) кейін дыбыстар мен бейнелер (медиа) айналымы білімге қалай ықпал етсе, ақпарат машиналарының көбеюі де сондай ықпал етеді. Бұл жаппай өзгерісте білім табиғаты да өзгеріссіз қалмайды. Ол таным ақпарат сапасына ауыстырылғанда ғана жаңа арналарға еніп, іске қосылады.

Читайте также:  Мәдениеттегі себептілік типтері

Демек, заңдастырылған білімде аударуға көнбейтін нәрселердің бәрі ысырылып тасталынады және зерттеулердің бағытының өзі мүмкін нәрселердің машина тіліне аударымды болу шартына бағынады. Білімді «өндірушілер» де, оны пайдаланушылар сияқты, бірі ашуға, өзгесі тануға тырысқан тілге аудару құралдарын хұзырында ұстауға тиіс. Осы аудармашы — машиналарға байланысты зерттеулер қазір біраз ілгеріледі. Информатика астамшылығына байланысты «білім» ретінде қабылданған сөйлемдерге қатысты белгілі логика және, демек, өкімдер ансамблі пайда болады. Осыдан білімнің «білімдіге», оның таным барысында табатын белгілі нүктесіне қатысты өте зор түрде тысқары бола бастайтынын күтуге болады. Білім алу рухты жетілдіруден және тіпті тұлғадан ажыраусыз болған көне қағида жойылуға кесілген және барған сайын көнере бермек. Осы білімді ұсынушылар мен тұтынушылар қатынасы тауар өндірушілері және тұтынушылары соңғыға қатысты жеткен формасы, бата формасына талпынуда және талпына береді. Білім қазір де, кейін де сату объектісі болмақ, және ол қазір де, кейін де жаңа өндірісте бағалану үшін тұтынылады: бұл екі жағдайда да ол айырбасталуға тиіс. Ол енді өз­өзіңдегі өз мақсатын жоғалтады, ол енді «тұтынылу бағасын» жоғалтады. Оның соңғы онжылдықтарда маңызды өндіріс күшіне айналғаны мәлім, бұл жағдай ең дамыған елдердегі еңбекке қабілетті тұрғындардың құрамын өзгертсе, дамушы елдерде ең қиын мәселеге айналды. Постиндустриалды және постмодернды дәуірде ғылым ұлт­мемлекеттердің өндіруші қабілеттерінің арсеналында өзінің ықпалын сақтап, және сөзсіз онан сайын ұлғайтады. Осыған байланысты дамушы елдермен де жолайырық келешекте ұлғая береді. Бірақ, бұл мәселе оны толықтырушы өзге гәпті ұмыттыруға тиіс емес. Өзінің өндіруші күшке қажет информациялық тауар формасында білім бүкіләлемдік билікке таласу сайысында әрқашанда, бәлкім, ең маңызды мақсат бола бермек. Ұлт­мемлекеттер бұрын қалай территорияларды, ал кейін шикізат пен арзан жұмыс қолына иелік ету үшін қалай жауласса, келешекте ақпаратқа иелік ету үшін солай жауласуы әбден мүмкін. Сөйтіп, индустриалды және коммерциялық һәм әскери және саяси стратегиялар үшін жаңа алаң ашылғандай.

Читайте также:  Развитие военного дела древних кочевых племен

Әйтсе де, осылайша суреттелген келешек, бұл туралы қанша көп айтылса да, онша оңай нәрсе емес. Өйткені, білімнің пайдакүнемденуі қазіргі ұлт­мемлекеттің білімді өндіру және тарату үстемдігіне қол салмай қоймайды. Қоғамның тірлігі және дамуы ондағы айналатын хабарлардың информацияға бай және оңай оқылуына байланысты деген қағида күшейген сайын бәрі тек мемлекет аталатын «миға», немесе «қоғам рухына» тәуелді деген қағида көнере береді. Білімнің нарықтануымен ажыраусыз коммуникациялық «мөлдірлік» идеологиясы үшін мемлекет бұлдырлық және шу факторы сияқты көріне бастайды. Осы көзқарас тұрғысында экономикалық және мемлекеттік инстанциялар арасындағы қатынастар проблемасы жаңаша өткірлікпен қойылу қаупі бар. Алдыңғы онжылдықтардың өзінде мульти­ұлттық өндірістерге тектік атын берген капиталдар айналымының жаңа формаларының арқасында алғашқылары соңғылардың бір қалыптылығына қауіп төндіре алар еді. Бұл формалар құйылымдарға қатысты шешімдердің ұлт­мемлекеттердің бақылауынан аз мөлшерде болса да қашатынына мегзейді. Информациялық және телематикалық технологиялардың басып кіруіне байланысты бұл мәселе одан да өршелене түспек. Мысалы, IBM сияқты бір фирмаға коммуникациялық спутниктерін және/немесе, дәйектер қорын орналастыру үшін Жер орбиталды алаңының бір жолағын алуға рұқсат етілді дейік. Онда кім оған кіре алады? Тиым салынған арналар мен дәйектерге кім иелік етеді? Мемлекет пе? Әлде, ол көп тұтынушылардың бірі боп қала ма? Осылайша, хұқықтың жаңа проблемалары, ал олар арқылы: білімге кім хұқылы деген мәселе қойылуы мүмкін. Сөйтіп, білім табиғатының өзгеруі қоғамды билеуші билікке үлкен өндірістермен жөне азаматтық қоғаммен өзінің хұқықтық және нақты қатынастарын қайта саралауға мәжбүр еткеніндей кері әсер етуі мүмкін. Әлемдік нарық заңдарының жаңаша байымдалуы, аса жарқын экономикалық тартыстың жаңаша жандануы, американ капитализмінің айрықша гегемониясының ғайып болуы, социалистік альтернативаның ақыры, Қытай рыногінің айырбас қатынасына түсу мүмкіндігі және өзге факторлар 70­ші жылдардың аяғында Мемлекетті ол 30­шы жылдардан бері ойнауға үйренген рөлін (оны қолдау мен басқаруда, әсіресе, құйылымды жоспарлауда деп ұтынып) байыпты түрде қайта қарастыруға дайындаған еді.

Читайте также:  Белдеулік уақыт

Бұл контексте жаңа технологиялар олар шешім қабылдауға пайдалы дәйекті беретін болғандықтан, одан да пәрменді және қарақшылыққа бейім бұл қайта қарастыру қажеттілігін тек ұлғайта береді. Олардың «өндірістік» бағасы негізінде, немесе олардың саяси маңызы (әкімшілік, дипломатиялық, әскери) таратылудың орнына енді білімнің айналымға ақша айналу жүйелері сияқты түсетінін елестетуге болады, және сол заматта олар үшін білім/білімсіздік аражігін жоғалтады да, ақша үшіндегідей, білім жұмыс ақы/білім инвестиция ара жігіне айналады, яғни, күнделікті өмірді қолдау аясындағы білім белгілі бағдарламаларды жүзеге асыру оптимизациясы аясындағы білім үшін несиелерге қарсы. Бұл жағдайда мөлдірлік те, либерализм де сақталады. Соңғысы ақша айналымында бірі шешім қабылдауға, екіншісі төлемге өткеніне кедергі жасамайды. Сол сияқты ұқсас арналар және ұқсас тәсілдер арқылы өтетін, бірақ бірі шешім қабылдаушыға қалдырылған, екіншісі әр тұлғаның әлеуметтік қатынасындағы тұрақты қарыздары үшін төлемге айналған білімдер айналымын елестетуге болады.

Оставить комментарий