АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ КӨРІНІСІ

Опубликовано Август 4, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңының 1 тарауында бұқаралық ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы, журналист және бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату сияқты т.б. ұғымдарға нақты анықтама беріледі. Бұл ұғымдар бір-бірімен тығыз ұштасып, әр түрлі ақпаратқа негізделген жаңалықтар топтамасын жарыққа шығарып, қоғам мен адам арасын байланыстырып жатқан рухани көпір іспеттес негізгі атаулаулар болып есептеледі. Осы атаулардың ең негізгісі бұқаралық ақпарат құралы туралы былай делінген: «мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны», ал бұқаралық ақпарат деген атауға келсек, бұл туралы «тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары»,- деп айтылған. Одан кейін де Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенімен, олардың қай-қайсысы болса да төл бұқаралық ақпарат құралдарымыздың бәсекеге қабілеттілігін және әлемдік ағымдағы технологиялық жетістіктерге негізделген ақпараттық инфрақұрылымды дамытуға, оны өркендетуге бағытталған. Қазіргі таңда елімізде өмір сүріп жатқан ұлт және ұлыс өкілдерінің ақпарат алу мүмкіндігі жаңа мазмұнға ие болды. Ол – бәсекеге қабілетті, нақты қоғамдық пікір туғызып, халықтың көзқарасына ықпал ете алатын кәсіпкерлік БАҚ-тың, яғни коммерциялық ірі медиа бірлестіктердің құрылуы болып табылады. Әрине, бұқаралық ақпарат құралдарының өміршеңдігі «өткен, осы, келер» деген үш үштік ұғымға негізделген, ал хабарлама өзегі «айналада болып жатқан – осы » деген ұғымды шеңбер етеді де, «болып өткен, алдағы уақытта болатын» деген ұғымдар хабарлама шеңберінің төңірегінде (перифериясында) орналасып, жаңалық мазмұнына жанама мағына береді, сонымен қатар оның нәрін аша түседі. Ақпарат арналарындағы қандай хабарламалар болмасын, қай-қайсысы да халық санасының қалыптасуына, дамуына әсер етпей қоймайды. Соңғы жылдары ақпараттанудың, әр жастағы, әртүрлі деңгейлі адамдар арасында байланысқа түсудің, әлеуметтік топтарды қалыптастырудың, қарым-қатынас орнатудың АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ КӨРІНІСІ 76 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Ақпараттық коммуникация құралдарының қолданыстағы көрінісі әдістері күрт өзгерді. Бұрын адамдар тікелей сөйлесу арқылы, яғни ағылшын тілінде айтсақ « face to face» (фейс ту фейс –бетпе-бет) деп аталатын ата-ана мен бала, оқытушы мен оқушы, жас пен қарт, туыс пен дос арасындағы байланыс орнатылса, қазіргі таңда ғылым дамуының жетістігі нәтижесінде дүниеге келген жаңа технологиялар «ұялы телефондар», «факс», коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған «Интернет» жүйесіндегі «электронды пошта» қолданысқа енді, сонымен қатар теледидар, желілі телефон және компьютер күнделікті қолданыста өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, себебі XXI ғасыр – ақпарат ғасыры, әлемдік және отандық озық технологиялар жемісі болып табылатын мультимедиалық құралдарды жақсы игерген, бірнеше тілдерді меңгерген, рухани құндылықтарымызды насихаттай алатын жастар өмір сүретін білім қоғамы. Жоғарыда аталып өткен Заңда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, яғни журналистке мынадай анықтама берілген: «журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға». Қазіргі заман талабына сай осы жеке тұлғаны сапалы дайындауда тек отандық біліммен шектелетін ақпарат көздеріне ғана сүйеніп қоймай, ақпарат таратуда ұстанатын түпнұсқалық негізде жазылған әлем елдері басшылыққа алатын БАҚ қағидаларына да жүгінген абзал. Сонымен, біз ақпараттық ғасырда өмір сүріп отырғандықтан ақпараттық байланыс түрлеріне тоқталып, олардың атауларын ағылшын тілінде жазуды жөн көрдік. 1-кесте – Бастапқы және қазіргі байланыс түрлері Types Means of communication Primary letter post-office telephone radio photo television computer Developing INTERNET Modern e-mail messaging faxes mobile phone radio video camera Digital TV Digital computer Қазіргі байланыс түрлері тек кестедегі атаулармен шектелмейді. Электронды поштасы бар жастардың көпшілігі «V-kontаkte», «Facebook», «Twitter», «Youtube» тәрізді ғаламтордың әлеуметтік желілерін пайдаланады. Теледидар және радио әуе толқындарына жаңалыктар топтамалары келіп түсуін немесе газет, журналдарда жарияланғанын күтпей-ақ ғаламдық желідегі сайттарға шыға отырып, бүгінгі әлемде болып жатқан ақпараттарға қол жеткізе алатын болдық. Заманауи озық технологияға негізделген құралдар дәстүрлі ақпараттық құралдарды ешқашан жоққа шығармайды, керісінше оларға жаңаша реңк беріп, бәскелестік аренаға шығуға, жаңа форматта жұмыс істеуге итермелейді, бірін-бірі толықтырады, бұқаралық медианың барлық құралдарын кәсіби меңгеруге итермелейді. Сондықтан да болар жаңашылдық мәнге ие болған ақпараттар ағыны ғаламдық желіде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Осыған орай, ғаламтор желісін және ұялы телефонды тұтынушы ағылшын тілін арнайы мамандық ретінде оқитын филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының 1 курс студенттерімен электронды пошта арқылы ақпараттық байланыс құралдарын қолдану және бір-бірімен қарым- қатынас жасау деңгейін зерттеу мақсатында анықтау сауалнама дайындалды. Нәтижелерінің шынайы болуына қол жеткізу– сауалнама сұрақтарына үш дистрактор қолданысын анықтау арқылы іске асырылды. 2-кесте – Анықтау дистракторлары бойынша білім алушылардың ақпараттық коммуникация құралдарын пайдалану деңгейлері (%) № Сауалнама сұрақтары 1 курс 1 Which of these means of communication do you use most frequently? a) e-mail (v-kontake, Facebook, Twitter, Youtube and etc.) 45,5 % ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №1/1 (37). 2015 77 Жаңабекова М.А., Оспанқұлова Ш.А. № Сауалнама сұрақтары 1 курс b) telephone 20,3 % c) face-to-face communication 34,2 % 2 What is the best ways of finding out what is going on? a) internet 60 % b) mobile phone 5,5 % c) television 34,5 % 3 How do you communicate? a) with the help of technological developments 67,3 % b) with a direct speech 30,2 % c) with a writing letter 2,5 % 4 What is the importance of new means of communication? Why do people use them ? (internet, an email and a mobile) a) it is easy to communicate 28,5 % b) people can write a message in a few seconds 42,3 % c) it’s the best way to keep in touch with anyone 29,2 % 5 What are the most frequent reasons to make a call with a mobile phone? a) A call based on a business interests 34,4 % b) a call in case of emergency (to an ambulance and etc.) 20,4 % c) a personal call 45,2 % 6. What do you think about advantages and disadvantages of different means of communication among the youth, ordinary people, businessman and educated ones? + — 75% 25% 1-кестенің жалғасы 1-сурет – Білім алушылардың ақпараттық байланыс құралдарын* пайдалану деңгейлерінің салыстырмалы пайыздық көрсеткіштері Анықтау эксперименті барысында төмендегідей міндеттер шешілді: • білім алушылардың электронды пошта мен әлеуметтік желілерді қолдану деңгейі; • болашақ мамандардың әлем жаңалықтарына қолжетімді құралдарды таңдау деңгейі; • тікелей қарым-қатынасқа түсуі және коммуникация құралдарын пайдалануы; • жаңа байланыс құралдарын таңдаудың қаншалықты маңызды екендігі; • ұялы телефонды қандай жағдайда көбірек қолданатындығы; 78 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Ақпараттық коммуникация құралдарының қолданыстағы көрінісі • әр саладағы адамдардың әртүрлі байланыс құралдарын пайдаланудағы артықшылықтары мен кемшін тұстары қарастырылады. Жоғарыдағы міндеттерді шешу барысында педагогикалық, психологиялық және лингвистикалық зертеулердің әртүрлі әдістері мен технологиялары кеңінен қолданылды: • бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи технологияларға, сонымен қатар ғаламтор жүйесі, электронды пошта, әлеуметтік желілерге қатысты дереккөздерге, сайттарға талдау жасалды; • білім алушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізілді, сауалнама тестік тапсырма ретінде дайындалып, оның нәтижесі өзіндік жұмыс (СӨЖ) барысында талданды. Ақпараттық қоғамның өмір сүруін, одан әрі дамуын бұқаралық медиа және жаңа технологияға (интернет, ұялы телефондар, радителекоммуникация, компьютер, интерактивті тақталар және т.б.) негізделген коммуникация құралдарынсыз елестету мүмкін емес екені баршаға аян дегіміз келеді. Әдебиеттер 1 «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы. 2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №

Оставить комментарий