АҚШ-ТЫҢ «ДЕ­МОК­РАТИЯ­ЛЫҚ ИДЕЯ­ЛАР­ДЫ ТАРАТУ» ПРИН­ЦИПІ

АҚШ-тың сыртқы саясатының қалыптасуы, оның әлемдік державаға айналуы ұзақ әрі табанды өзгерістерден кейін орын алды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін батыс жарты шарында орналасқан АҚШ сыртқы саясатының басты бағыты бейтараптық ұстаным болды. Американдық президент Дж. Монро (1817-1825) 1823 ж. қалыптастырған доктринаның басты қағидаты – «Америка – америкалықтарға». Оның мәні Батыс жарты шардағы болып жатқан істерге еуропалықтарды араластырмау болды. 1904 ж. Теодор Рузвельт (1901-1909) «Монро доктринасының» сипатын өзгертті: «АҚШ-тың Монро доктринасын ұстануы Батыс жарты шарында зұлымдықтың жоғары дәрежеде орын алуы мен оны тоқтата алмау кездерінде, өкінішті болса да, халықаралық полицейлік күштерді қолдануға мәжбүрлейді» [1, 539]. Рузвельт осы арқылы Монро доктринасын пайдалана отырып, сыртқы саясаттағы бағытты өзгертті. Монро доктринасының жаңа түсіндірілуінің нәтижесінде АҚШ өз қауіпсіздігіне нұқсан келтіре алатын кез келген әрекеттер орын алған жағдайда өзінің әскери күшін пайдаланып, қауіпті жоюға тырысатындығын айқындады. Бұл жерде айтылып отырған қауіп тікелей Америкаға бағытталған әрекет болмауы да мүмкін, жалпы келешекте аймақтағы тұрақсыздыққа нұқсан келтіруі мүмкін деген кез келген әрекеттердің барлығы АҚШ тарапынан қауіп деп талқыланды. Бұған дейінгі АҚШ-тың сыртқы саясаты – сыртқы саясаттың болмауында еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-тың сыртқы саясатындағы ұстанымдарына үлкен өзгеріс алып келді. Сол уақытта АҚШ президенті болған Вудро Вильсон (1913-1921) өз елінің әлемдік саясатта, халықаралық қатынастарда жетекші рөл ойнап, изоляцияда болмауын қалады. Соғыс аяқталғаннан кейін Версаль бейбіт келісімінің шарттарын құрастыруға атсалысқан ол «Монро доктринасын» алға тартуға тырысты. В. Вильсон Американың басқа елдерден бөлек, жоғары ахлақтық қағидаттарды ұстанатынына және олардың қорғаушы ретінде жаратылғандығына сенген. Осы арқылы АҚШ-тың сыртқы саясатында «миссионерлік парыз» қалыптасты. Мұндай көзқарастар президент Джефферсон (1801-1809) тұсында да айтылған. Оның пайымдауынша, Американың ерекше миссиясы күнделікті дипломатиядан жоғары тұр және ол АҚШ-ты басқа адамзатқа еркіндік 24 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 АҚШ-тың «демократиялық идеяларды тарату» принципінің қалыптасуы: вильсонизмнен … шамшырағы ретінде қызмет етуге міндеттейді. Демократиялық елдердің сыртқы саясаты басқа елдерге қарағанда өз ахлақтық құндылықтарымен жоғары, себебі осы елдердің халқы жаратылысынан бейбіт сүйгіш [2, 35]. Еуропада ғасырлар бойы дәстүрлі түрде «күштер теңгерімі» ұстанымы Вильсонның араласуымен «ұжымдық қауіпсіздікпен» алмасты- рылды. «Күштер теңгерімі» халықаралық қатынастарда әлемдік беделдің жеке күш орталықтары – полюстер арасында бөліну деп түсіндірі- леді. Оның басты мақсаты – халықаралық жүйеде жалғыз немесе бірнеше мемлекеттердің басымдылығын болдырмай, халықаралық тәртіпті сақтауға атсалысу. Ұжымдық қауіпсіздік өз кезегінде нақты бір елге немесе нақты бір ұлтқа қатысты болған жоқ. Ұжымдық қауіпсіздік ұстанымы абстрактілі түрде халықаралық тыныштыққа қарсы болды, әлемдік тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген жауға қарсы бірігіп тұруды білдіретін. Өз кезегінде белгілі ұлттың, этностың мүддесін қорғауға бағытталмаған мұндай ұстаным, ең алдымен, Американың өзіндегі ішкі мемлекеттік құрылымға бағытталғандығы бірден көзге түседі. Еуропа үшін ұлттық мүдделерді қорғау қалыпты жағдай болса, нақты бір доминантты ұлты жоқ американдықтар үшін мұн- дай концепция өте қолайлы, әрі тиімді болды. Вильсонның тұсында қалыптасқан АҚШ- тың «миссионерлік парызы» осы бүгінге дейін жалғасын табуда. Америкаға дейін ешбір басқа мемлекет өзінің халықаралық билікке ұмтылысын альтруистік тұрғыдан негіздемеген. АҚШ өзін демократияны жақтаушы ретінде қарастырып, осыны желеу ете отырып, әрдайым басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу құқығын берді. 1915 ж. Вудро Вильсон «Американың қауіпсіздігі қалған адамзат қауіпсіздігінен ажырамас» деген тарихта алғаш рет айтылған доктринаны алға тартты. Осының негізінде АҚШ кез келген жердегі агрессияға қарсы тұратындығы жарияланды. Содан бері қаншама жыл өтсе де, америкалық саясаттанушы Самюэль Хантингтонның сөздері «Шын мәнінде, жаһандық мәселелердің шешілуін басқа мемлекеттерге қарағанда АҚШ-тың ықпалы көбірек болған жерге қарағанда АҚШ басымдылығы орнамаған әлемде экономикалық даму мен жариялылық төмен болады және зұлымдық пен бейберекетсіздік көбірек белең алары анық» [3, 83] АҚШ-тағы бұл көзқарастың өзгермегендігінің айқын дәлелі болып тұр. Жалпы алғанда америкалық дипломатияның іргетасында әлем демократиялық институттардың таралуына тәуелді деген көзқарас басым және осыған байланысты «демократиялық бейбітшілік теориясы» қалыптасқан. Бұл теория бойынша демократиялық елдер ешқашан бір-біріне қарсы соғыспайды. Осындай жоғары моральдық, ахлақтық қағидаттарды негізге алып, өзінің дипломатиясын әлемді демократияландыруға бағыттауды жолға алуға тырысқанымен, АҚШ-тың сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғысқа дейін аса бір үлкен өзгеріске ұшырады деп айту қиын. Вудро Вильсонның бастамасымен құрылған Ұлттар лигасы өзінің міндеттерін орындай алмады, әлем екінші рет дүниежүзілік соғыс жағдайына душар болды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында президент Франклин Делано Рузвельт (1933-1945) АҚШ-ты халықаралық саясат аренасына екінші мәрте алып шықты. Дәл осы Рузвельт жүргізген саясат негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі «қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағы Американың «демократиялық идеяларды» таратуға бағытталған доктриналары мен концепциялары қалыптасты. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жандандырылған АҚШ дипломатиясы алғашында Таяу Шығыс аймағын өзінің саяси мүдделеріне қажет деп есептемеді. Керісінше, ол бұл аймақтағы ағылшын-француздық басымдылыққа қарсы болмады. Бұл аймақ әлі де әлемдік қауымдастық үшін геостратегиялық орналасуынан басқа еш қызығушылық оятпады. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мұнай өзінің құндылығы мен сұранысына ие бола бастайды. Германия жүргізген мұнай барлауларынан кейін (1871 ж.) Месопатамия аймағында қара алтынның сансыз көп қоры бар екендігі анықталған. Өзгерген әлемде мұнайға сұраныс жылдан жылға арта бергендіктен табиғаты жайсыз шөл аймақтар Батыс үшін жылдан жылға бағалы болып келді. Мұнайлы аймаққа өз ықпалын жүргізуді мақсат еткен державалар саны арта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу Шығыс аймағының халықаралық саясаттағы маңызы ерекше артты. Оған бірнеше факторлар ықпал етті, біріншіден, мұнай, екіншіден, Израиль мемлекетінің қалыптасуы. Ал бұл мәселелердегі АҚШ мүддесі жоғары мәнге ие болды. Алайда биполярлы жүйе барысында әскери әрекеттерді ұйымдастыру мүмкін болмағандықтан, ең басты назар ұқсас идеологиялық негіздеме мен саяси даму жолдың бірыңғайлығы болды. Осы уақыттан бастап АҚШ Таяу Шығыс аймағында өзінің «демократиялық құндылықтарын» таратуын бастады. ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 25 Ашинова Б.Д., Актаулова Б.Ж. Жалпы алғанда екінші дүниежүзілік соғыс әлемде жаңа биполярлы жүйенің қалыптасуымен аяқталды. Соғыста жеңіске жеткен АҚШ, КСРО, Ұлыбритания – үш одақтас толық түрде келісімге келе алмай, соғыстан кейінгі әлемді қай үлгіде құру қажет деген сұраққа келгенде әрқайсысы өзінің мемлекеттік мүддесі мен идеологиясына байланысты өз нұсқаларын жүзеге асыруға тырысты. Соғыстан кейін әбден әлсіреген Ұлыбритания экономикалық және саяси тұрғыда АҚШ-қа тәуелді болып қалды. АҚШ бұрыннан келе жатқан «күштер теңгерімі» саясатын қолдамайтындығына, оған бар жан-тәнімен қарсы екендігін алға тартса да, соғыстан кейін 1946 ж. 5 наурызда Фултондағы (АҚШ, Миссури штаты) Черчиль сөзінде айтылған «темір шымылдық» капиталистік әлем мен коммунистік әлем арасын бөліп, нәтижесінде екі тарап әлемді өз ықпалды аймақтарына тартып, «күштер теңгерімін» ұстап тұруға мәжбүр болды. АҚШ президенті Трумэн (1945-1953) өзінің 1947 ж. 12 наурыздағы парламент алдындағы сөзінде КСРО-ның коммунистік идеологиясының Түркия мен Грецияда таралуына жол бермеу үшін сол елдерге қаржылай көмек көрсетіп, америкалық құндылықтарды қабылдайтын үкімет құруға араласуға шақырды. «Трумэн доктринасы» деген атпен белгілі болған бұл жоспар бойынша АҚШ коммунистік идеологиядан сақтау үшін кез келген елге «көмек көрсетуге» дайын екендігін көрсетті. «Трумэн доктринасы» америкалық «демократиялық идеяларды» таратуға бағытталған доктриналарының алғашқысы еді. Осы доктринадан кейін идеологиялық колониализм дәуірі басталды. Бұл доктринаның жалғасы ретінде «Маршалл жоспары» дүниеге келді. Ол «қырғи-қабақ соғыстың» бастамасы ретінде АҚШ-та 1948 ж. дүниеге келді. «Маршал жоспары» бойынша АҚШ соғыстан зардап шеккен Еуропа экономикасын қалпына келтіруге, оны модернизациялауға көмек көрсетуге дайын екендігі айқындалды. Алайда көмек барлық Еуропаға арналмады. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті осы жоспар негізінде КСРО-ға көмек көрсетілетін болса, жоспарды қабылдамайтындығын анық көрсетті. Өз кезегінде «Маршал жоспары» Еуропаның екіге бөлінуіне алып келді [4, 118]. «Маршал жоспары» қабылданғаннан кейін АҚШ Еуропаға уәде еткен қаржылық-экономикалық көмегін көрсете бастауы тиіс еді. Бірақ соғыстан кейін қираған әлеуетін қалпына келтіру үшін Еуропа мұнайдың үлкен қорына мұқтаж болды. Осы тарапта АҚШ-тың қызығушылығы бірінші рет Таяу Шығыс аймағына түсті. Таяу Шығыстағы АҚШ доктриналары. 1948 ж. АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсанында Трумэн демократтарды жеңіске жеткізу үшін Таяу Шығыс аймағында қандай саясат жүргізу қажеттілігімен бас қатырып жатқан. Осы уақытта Англия жоспарлаған Израиль мемлекетінің құрылуы АҚШ үшін тиімді болғандығы айқын көріне бастады. 23 сәуір 1948 ж. АҚШ-та әлі құрылмаған Израиль мемлекетін қолдайтындығы, оның тәуелсіздігін мойындайтындығы белгілі болды. Сол себептен 1948 ж. 12 мамырда Бен-Гурион (1948-1953) Израиль мемлекетінің тәуелсіздігін жариялап жатқан кезде олар одан бұрын АҚШ-тың қолдауы болатындығын білді [5]. Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін АҚШ-тың бұл аймақтағы басты серіктесіне айналды. Сонымен қатар арабтармен қарым-қатынасын сақтап қалу үшін АҚШ Ибн Саудпен (1932-1953) де тығыз байланыс орнатуға тырысты. Осы кезде АРАМКО мұнай компаниясы туралы айту жөн болады. Бұл мұнай компаниясы тек өндіріспен айналысқан жоқ, ол бірінші кезекте мұнай арқылы Сауд Арабиясында американдық мүддеге сай саясат жүргізуге негіздеме болды. Таяу Шығыс аймағындағы өзінің саяси мүдделерін айқындап алғаннан кейін АҚШ үшін бұл аймақта өзінің басты қарсыласы КСРО-ның ықпал ету рычагтарының болуын қаламады. Таяу Шығыс аймағында геостратегиялық жағынан айрықша орынға ие болған Суэц каналындағы Ұлыбританияның ықпалы күннен күнге әлсірей бастады. АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы Таяу Шығыс әлеміндегі отарлық ықпал етушілікті сақтауға қатысты ұстанымдарының әр түрлі болуын КСРО өз пайдасына шығаруға тырысып, Египетте туындап жатқан ұлт-азаттық қозғалысқа қару түрінде көмек көрсетіп, оны өз мүддесіне пайдаланғысы келді. 1950-жылдары жаңадан тәуелсіздіктеріне қол жеткізіп жатқан араб елдері арасында АҚШ өзін отаршылдық тарихпен байланыстырғысы келмеді, алайда Ұлыбританияның отаршылдық кезеңіндегі ықпалы арқасында бұл аймақты коммунистік идеологиядан таза ұстауға талпыныс жасады. Осындай бір біріне қарама-қарсы ұстанымда болған Эйзенхауэр (1953-1961) әкімшілігі «Ұлттардың солтүстік белбеуі» концепциясын қалыптастырды. Бұл концепция бойынша Түркия, Ирақ, Сирия, Пәкістан, ал кейін мүмкін Иран НАТО-ның орташығыстық аналогы ретінде «белбеу» түзіп, КСРО-ның оңтүстік шекараларында коммунистік идеологияның таралуын «тежеп тұру» қызметін атқару қажет болды [2, 474]. 26 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 АҚШ-тың «демократиялық идеяларды тарату» принципінің қалыптасуы: вильсонизмнен … Мұндай белбеудің қажеттілігін Ұлыбритания да мойындап, оның бастамасымен 1955 ж. Бағдад пактісі құрылды. Дегенмен де, ағылшындар мен америкалықтар арасында бұл пактінің мүшелері мен олардың атқаруы қажет болған міндеттеріне қатысты ауызбіршілік болмағандықтан оның жұмысы ұзаққа созылмады. Сонымен қатар Египет үшін аса маңыздылыққа ие болатын Асуан плотинасының құрылысын КСРО-ның құзыретіне өтуі мен 1956 ж. Суэц дағдарысынан кейін араб ұлтшылдық идеясының көтерілгендігі байқалды. Египет президенті Жамал Абд Насрдың (1954-1970) араб әлеміндегі артып келе жатқан беделімен қоса «араб социализмі» немесе «насеризм» деп аталып кеткен тенденция тарала бастады. Араб елдерінің бірігуіне, сонымен қатар бұл аймаққа Египеттегідей КСРО ықпалының арту мүмкіндігі салдарынан Израиль мемлекетінің құрылуын негіздеу үшін АҚШ нақты саяси шаралар ұйымдастыруға мұқтаж болды [6, 23б.]. Суэц дағдарысының тарихи-саяси аспектідегі маңыздылығы өте жоғары болды. Шын мәнісінде, бұл дағдарыс АҚШ тарапынан өзінің Таяу Шығыс аймағына араласуына моралдық құқық беретін мүмкіндік деп қаралды. Ұлыбритания, Франция, Израиль тарапынан Египетке қарсы жүргізілген үштік агрессияны АҚШ ресми түрде барлық жолдармен айыптады, БҰҰ деңгейінде Бас ассамблеяның көмегімен халықаралық әскерді пайдалануға дейін апарды. Бұл жағдай АҚШ-қа қандай мүмкіндік әкелді, осы сұраққа жауап беріп көрейік. Біріншіден, Суэц дағдарысы барысында АҚШ өзінің басты одақтастары Ұлыбритания мен Франция тарапынан жүргізілген саясатқа ашық түрде қарсылық білдіріп, басқа елдерге өзінің әлі күнге дейін отаршылдық саясаттан арылмаған елдермен қатар тұрмайтындығын көрсетуге тырысты. Осы арқылы Американың қаншалықты халықаралық құқық нормаларын бұзбауға тырысатындығын және «жоғарғы моральдық қағидаттарды» ұстанатындығын алға тартты. Екіншіден, Таяу Шығыс аймағындағы, жалпы әлемдегі Ұлыбритания мен Францияның ұлы держава ретіндегі имиджін толық жойып, оларды АҚШ пен НАТО-ға сыртқы саяси курс жүргізуде тәуелді екендігін ашық түрде болмаса да, мойындатқызды. Үшіншіден, Суэц дағдарысы нәтижесінде АҚШ-тың сыртқы саясатының қасиетті қағидасы болып есептелген «вильсониандық бейбіт саясат» өзінің әр кезде жүзеге аспайтындығын байқатты. Сол себепті америкалықтар тарапынан қатаң сынға алынған «күштер теңгерімі» саясаты қажет кезінде жүзеге асырылу керек деген түсінік қоғам ішінде қолдауға ие болды. Осы арада Генри Киссинджердің әйгілі «Дипломатия» еңбегінде бұл жағдайға қатысты берген талдауында былай делінген: «Суэц дағдарысы Американың өзіне шынайы тұрғыда жаһандық рөлді алуына бастама болды. Одан ұғынған сабақтардың бірі – вакуум әрдайым толық болады, маңыздысы тек немен немесе кіммен толтырылатындығын айқындауда. Ұлыбритания мен Францияны Таяу және Орта Шығыстағы тарихи рөлінен айырып, Америка держава ретінде ендігі кезекте бұл аймақтағы күштер теңгерімі оның мойнына артылатындығын көрсетті» [2, 494]. Өз мойнына бұл аймақтың келешегін шешуге атсалысу сияқты «борышты» алған АҚШ 1956 жылдың қарашасында Бағдад пактісіне қосылған мүше елдердің басшыларымен кездесу барысында «Пакт мүшелері елдерінің территориялық бүтіндігіне немесе саяси тәуелсіздігіне төнген қауіпке АҚШ тарапынан толыққанды көңіл бөлінеді» [7] деп уәде берілді. Бұл жасалған саяси мәлімдеме 1957 ж. қабылданған «Эйзенхауэр доктринасының» бастамасы болды. «Эйзенхауэр доктринасы» Таяу және Орта Шығыс елдеріне бағытталған экономикалық көмек, әскери тараптағы жәрдем және коммунистік агрессиядан қорған деген үштік бағдарлама болды. Президент Эйзенхауэр конгресс алдындағы сөзінде бұл доктринаның масштабтары мен міндеттерінің одан да әріде жатқандығын ашық көрсетті. «Біріншіден, Американың өмірлік маңызы бар мүдделері екі жарты шар мен әрбір құрлықты қоса – барлық жер шарын қамтиды. Екіншіден, бізде еркін әлемдегі әр ұлтпен ортақ мүдде бар. Үшіншіден, мүдделердің өзара тәуелділігі барлық халықтардың құқықтарын тиісінше құрметтеуді және барлық халықтар үшін бейбітшілікті талап етеді» [2, 495б.]. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлемдік деңгейдегі халықаралық қатынастарға араласа бастағаннан кейін «Эйзенхауэр доктринасына» дейін ұзақ жол жүріп өтті. Бірақ сол кездің өзінде оның басты мақсаты идеологиялық-ақпараттық басымдылық арқылы билеу саясатын жүргізу болды. Жалпы алғанда, АҚШ «Эйзенхауэр доктринасы» арқылы ендігәрі кез келген мемлекеттің ішіндегі қатынастар, мемлекетаралық қатынастар – барлық халықаралық қатынастарға араласатындығын көрсетті. Шын мәнісінде, күні бүгінге дейін АҚШ-тың сыртқы саясатының басты концепциясына айналып отырғандығы айқын.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar