АҚШ-ТЫҢ «ШӨЛДЕГІ ТҮЛКІ» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ИРАҚ АХУАЛЫ

1998 жылы 17 желтоқсанда америка- британдық қарулы күштері Ираққа қарсы «Шөлдегі түлкі» деген атауға ие болған әскери операцияларын бастады және ол 1998 жылдың 20 желтоқсанына дейін созылды. Ирақ Республикасына әскери-әуе соққысын беру туралы шешімді президент Б. Клинтон Ақ үйде сексуалдық жанжалдың қызып тұрған кезінде қабылдады, демек С. Хусейннің режиміне қарсы әскери акция Құрама Штаттардың өкіметінің атқарушы тармағының ішкі саяси мақсатын да көздеді /1, 13/. Ақ үйдің 1998 жылы 17-20 желтоқсанында Ираққа қарсы әскери операция жүргізу туралы шешімі көптеген Америка заң шығарушыла- рының, Америка конгресіндегі Құрама Штатта- рының демократиялық та, республикалық та партияларының өкілдерінің құптауын көрсетті. 1998 жылы 17 желтоқсанда 221 республикалық пен 195 демократ америкалық конгресінің өкілдер палатасында Ираққа қарсы АҚШ-ң әскери жазалау акциясы жайындағы № 612 қарарды қолдап дауыс берді. «Шөлдегі түлкі» операціясының барысында америкалық–британ- дық қарулы күштері Ираққа шамамен алғанда 415 зымырандық соққы берді және 600 бомба тастады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Ираққа қарсы 70 сағаттық әскери операция кезінде АҚШ пен Ұлыбританияның пайдаланған сна- рядтары, 1999 жылы Құрама Штаттардың Югославияда өткізген 72 күндік әскери опера- циясы кезінде пайдаланған қарудан жарылған қуатынан көп артық болды делінеді /2/. «Шөлдегі түлкі» атты әскери операцияның өтілуінің сараптамасынан оның мақсаты тек қана болашақта Ирақтың ЖҚҚ-н шығару және көршілеріне қауіп туғызу мүмкіндіктерін бол- дырмау ғана емес, сонымен қатар С.Хусейннің экономикалық базасын тығырыққа отырғызу, және Вашингтон мен Лондонның қару-жарақ- тың жаңа түрлерін сынақтан өткізуі болған- дығын көруге болады. АҚШ қорғаныс министрінің мәліметтері бойынша Ирақтағы америка–британдық қарулы күштерінің 97 көздеген мақсатына қару өндіретін 11 нысан, қару сақтайтын 18 нысан, Ирақ республикалық гвардиясы мен басқа да әскери құрамалардың 9 нысаны, өкіметтік басқару мен бақылаудың 20 нысаны, сол секілді маңызды байланыс торап- тары, ПВО-32 нысан, 6 әуежай мен 1 мұнай өңдеу зауыты кірді /3, 68/. Әскери тұрғыдан қарағанда, өткізілген «Шөлдегі түлкі» операциясы ең алғаш 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыс кезінде сынақтан өткізілген, одан кейінгі 1993-1998 жылдардағы әскери акцияларда қолданылған Батыс елдерінің қарулы күштерінің әскери қолданыстағы әдіс-тәсілдері дамуын жақсар- туына қызмет көрсетті. Ирақ әскери нысанда- рына жаппай зымырандық-бомбылау соққыла- рының берілуі Ирақтың әуе шабуылына ешқандай қарсылығынсыз енжар қалыпта өткізілді. АҚШ-ң және Ұлыбританияның бірде- бір ұшағы немесе қанатты зымыраны атып түсірілмеді, бұл 1991 жылы жүргізілген «Шөлдегі дауыл» операциясымен салыстырған- да абсолютті прогресс болатын, онда соғыс қимылдарының бірінші аптасында ғана Ираққа қарсы коалицияның мүшелерінің 20 ұшағы атып түсірілген болатын. Әскери операцияның табысты болуына АҚШ пен Ұлыбританияның жақсы ұйымдасты- рылған барлаумен қамтамасыз етілуі көмектес- ті: Ирақ аймағының үстінен америкалық ғарыш аппараттарының ұшып өтуінің орташа мезгілі 2- 3 сағатты құрады. Одан басқа, Ирақтың оңтүс- тігі мен солтүстік бөлігінде ирақ авиациясы үшін «ұшпайтын аймақ» енгізілгеннен кейін, америкалық және британ ӘӘК (әскери әуе күштері) бұл елде ұзақ кезеңде әуе барлауын жүргізуге мүмкіндік алды. Оның үстіне көптеген нақты мәліметтерді Ирақ бойынша БҰҰ Арнайы комиссиясының құрамында жұмыс істейтін агенттік барлау мамандары берген болатын. Вашингтон мен Лондонның «Шөлдегі түлкі» әскери операциясын аяқтағаннан соң, 1998 жылы 22 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ираққа қарсы әскери акцияның табысты аяқталғаны туралы мәлімдеді. Ирақта 43 нысан қирады және қатты бүлінді 30-ы әжептәуір бүлінді, 12-сі жеңіл бүлінді, және 13-сі бүлінген жоқ. АҚШ қорғаныс министрінің баспасөз – қызметі америкалық-британдық коалициясының арасында құрбан жоқ екендігін, ал ирақтықтар тарапынан 1400 қайтыс болғанын және жаралылар бар екендігін баяндады /4, 81/. Демек, Вашингтонның басшылығымен 1998 жылдың 17-20 желтоқсанында болған Америка- Ирақ әскери-саяси қақтығысы Ақ үйдің басқа да ішкі және сыртқы қызығушылығына байланыс- ты болатын. Б. Клинтонның әкімшілігі АҚШ жұртшылығы мен мемлекеттік қайраткерлерінің және әлемнің басқа елдерінің де Америка президентіне жарияланған импичменттің аяқталу кезеңінен назарын басқа жаққа аударуға тырысты. «Шөлдегі түлкі» әскери операциясы Ирақ жұртшылығы мен елдің мемлекеттік ұйымдарын да күйзелтіп жіберді. 1998 жылдың желтоқсанының аяғында Ирақ президенті С.Хусейн Ирақтың солтүстігі мен оңтүстігіндегі «ұшпайтын аймақты» Бағдадтың заңсыз деп танитындығын мәлімдеді және Ирақ ӘҚК-не оның әуе кеңістігінде пайда болған америкалық және британдық ұшақтарын атып түсіруге бұйрық берді. Осыған жауап ретінде Құрама Штаттары 1999 жылдың 27 қаңтарынан бастап С.Хусейннің режиміне қарсы әскери-саяси қысымды күшейте түсті. Ирақты әскери-әуе арқылы бақылау үшін және осы елге әскери соққы беру үшін 1999 қаржылық жылында Вашингтон 1,3 млрд доллар бөлді, ал ол 1998 жылы «Шөлдегі түлкі» атты өте қымбат операцияға бөлінген қаржыдан небәрі 300 млн доллар ғана кем болған еді /5/. С. Хусейннің өкіметі мен ирақтықтардың өмір сүру сапасының төмендеуіне жауап жауап- кершілік жүктелген АҚШ мемлекеттік Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(53). 2010 7 департаменті мен америкалық заң шығарушы- ларына қарағанда, БҰҰ-ң халықаралық балалар қоры, басқа да Таяу және Орта Шығыстың гуманитарлық топтары мен сарапшылары ирақ- тықтардың күйзелу себептеріне басқаша қарады. Ираққа қатысты БҰҰ-ң «Мұнайды азық-түлікке айырбастау» бағдарламасының бұрынғы арнайы координаторы Д. Хэллидей 1999 жылдың бас кезінде С. Хусейннің режиміне қарсы халықаралық жазалау шара- ларын енгізу нәтижесінде 500 мыңнан артық балалардың қайтыс болғандығын мойындады. Мұндай жоғары бала өлімі БҰҰ-ң Ирақты кейбір медициналық жабдықтармен (атап айтқанда, диагностикалық) қамтамасыз етуге тыйым салуына байланысты, дәрі-дәрмектің зәрулігімен және суды тазалайтын химиялық элементтердің жоқтығы т.б. байланысты болды. Америкалық баспасөз мәліметтеріне қара- ғанда Ирақ Республикасында гуманитарлық апаттың ушыуына БҰҰ тарапынан «Мұнайды азық-түлікке айырбастау» бағдарламасын жасау кезінде күшті бюрократтық кедергілер әсер етті делінеді. Ирақтағы гуманитарлық апаттың жауапкершілігін өзінен алып тастау үшін Америка билеуші топтары әлем жұртшылығын С. Хусейннің режимдік билігі жүргізілмеген солтүстік және оңтүстік Ирақтағы тұрғын- дардың өмір сүру деңгейінің жақсырақ екендігін айтып нандырмақ болды. Бірақ С. Хусейннің өкіметіне елдегі демографиялық жағдайдың төмендеуі үшін мұндай айып тағу АҚШ тарапынан дұрыс емес еді, себебі БҰҰ бекіткен Ирақ тұрғындары арасында гуманитарлық көмектің бөлінуі бірдей болған жоқ еді. «Мұнайды азық-түлікке айырбастау» бағдарла- масының табысының Ирақ әскери репарація- ларын төлеуге кететін 30% басқа, 5-10% Ирақ мұнай құбырларын жөндеуге, 5-10% 1998 жылдың аяғына дейін Бағдадта жұмыс істеген БҰҰ-ң әскери инспекторлардың жалақысын төлеуге, 15% 3 млн Ирақ күрдтеріне көмек үшін және барлық ақшаның 40% қалған 18 млн ирақтықтарға гуманитарлық көмек көрсетуге бөлінген. Сондай, жалпы әр бір Ирақ күрдіне бөлінетін гуманитарлық көмек айына 20 долларды құраса, ал елдің орталығында немесе оңтүстігінде тұратын әр бір ирақ азаматына небәрі 7,5 доллардан ғана келді /6, 101/. БҰҰ-ң ҚК-ң тұрақты 5 мүшесінен үшеуі – Франция, Ресей және Қытай 1998 жылдың аяғынан бастап Құрама Штаттары мен БҰҰ-ға Ираққа қатысты экономикалық жазалау шараларын тоқтату қажеттігі жайында мәселені қойып қысым жасауды тоқтатпады. Бұл мемлекеттердің бәрі Ирақтағы гуманитарлық жағдайға алаңдатушылық білдірумен қатар, мұнайға бай елге қарсы экономикалық жазалау шараларын тоқтатса, өз энергетикалық корпора- циялары мен құрылыс концерндері үшін көптеген тиімді тиімділіктерді байқайды. Ираққа қарсы енгізілген халықаралық эмбарго Таяу және Орта Шығыстағы аймақтың мұнай өндірушілерге күтпеген қосымша табыс әкелді. Бір ғана Сауд Арабиясының өзі 1999 жылы 100 млрд доллардан артық қосымша табыс тапты. Сондықтан Эр-Рияд Ирақ мұнайын сыртқы шығаруға тыйым салынған эмбаргоның мүмкін- дігінше ұзақ сақталуына қызығушылық көрсет- ті. Оның үстіне, Ирақтағы «ұшпайтын аймақты» күзетіп жүрген америкалық әскери ұшақтары Сауд Аравиясы мен Кувейттегі базаларды пайдаланды, ал ол бұл екі елдің Бағдадпен арадағы қатынасты жақсартуына ешқандай көмек көрсетпеуі анық еді /7, 39-40/. Ираққа экономикалық блокада жасаудың бөліктеріне Америка сыртқы саяси бағытында түзету енгізуге қолқабыс көрсеткен тағы бір маңызды фактор Құрама Штаттарының шетел- ден әкелінетін энерготасушыларға тәуелділігі- нің өсуі болды, ол 1999 жылы 57% құрады. Тек 1990 жылдарда ғана АҚШ мұнайының суммар- лық импорты 1,5 есе өсті, ал Таяу шығыс елдерінен әкелінуі 1,7 есеге ұлғайды /8, 154/. 1990 жылдары Ирақтан энерготасушыларды әкелу Вашингтонға әлемдік мұнай рыноктарын реттеп отыруға жақсы құрал болды және оны өз энергетикалық саясатына байланыстыруға жағ- дай туғызды. Соның өзінде АҚШ-ң әлемдік энергетикалық рынокқа әсер ету тетігі тек Ираққа қарсы зымыран–бомбылау соққылары ғана емес, сонымен бірге БҰҰ-ң Ираққа қатысты «Мұнайды азық-түлікке айырбастау» гуманитарлық бағдарламасы да болды. Соған қарамастан, 1990 жылдардың соңына қарай ОПЕК мүшелерінің біріккен экономикалық саясатының нәтижесінде мұнайдың әлем тағайындаған бағасы Құрама Штаттарының бақылауынан жиі шығып кетіп отырды. Осыған байланысты, Ақ үй бақылауда отырған Бағдадқа қарсы халықаралық економи- калық жазалау шараларын «троян аты» ретінде пайдаланып, ОПЕК монополиясы қойған минай- ға әлем бағасын бұзуға және халықаралық энергетикалық рынокты мұнайдың бағасын мұнай өндіруші елдер емес, жеңімпаз елдер тағайындайтын кезеңге қайтарғысы келді. Әйтсе де, Б. Клинтонның президенттік әкімшілігі манипуляция жасаған Ираққа көмек көрсету үшін «Мұнайды азық-түлікке айырбастау» атты халықаралық бағдарламасы өз мақсатына жеткен жоқ, сондықтан Вашингтонға көмерсу- текті шикізаттың әлемдік бағасын өзінің бақылауына алғысы келген жоспары да жүзеге 8 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(53). 2010 асқан жоқ. Керісінше, 1998 жыл мен 1999 жылдың басында мұнайға әлемдік бағаның алғашқы төмендеуінен кейін, бұл шикізаттық әлем рыноктарында бағасы өсе бастады /9/. Америкалық атқарушы өкіметінің Ираққа көмек ретінде «Мұнайды азық-түлікке айырбас- тау» бағдарламасын модернизациялау туралы ұсынысын америкалық заң шығарушылары әр қалыпта қабылдады және олардың тағы да Б. Клинтонның әкімдігін Ираққа қатысты АҚШ саясатында бірізділік сақтамайды деп айыптау- ына жол берді. Ираққа қатысты Вашингтонның саясатындағы «шектеулі ағымды» жақтаушы- лардың тарапынан сирек қолдау көрсетілуімен қатар, Америка конгрессмендері бүтіндей алған- да БҰҰ-дағы Құрама Штаттарының елшісінің әлемдік рынокқа Ирақ мұнайын шығаруға шектеуді алып тастау туралы ұсынысын сынға ұшыратты. Бағдадқа қатысты АҚШ саясатының жаса- луына америкалық іскер топтары белгілі дәрежеде ықпал көрсетті. 1998 жылы «Шеврон» америкалық мұнай алпауытының басшысы К.Дерр Сан-Францискодағы «Ынтымақтастық» Америка коммерциялық клубының мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде, онда Б.Клинтонның әкімдігінің мүшелері де қатысып отырған, өзінің арманы жайлы, атап айтқанда «Шеврон- ның» Ирақ мұнай көздеріне қол жеткізу мүмкіндігі жайлы айтты. Алдыңғы қатарлы америкалық мұнай концерндерінің штаб-пәтер- лерінде де Ирақ мұнай рынокторына АҚШ компанияларының қайта оралуына қызығушы- лық танытылатындығы туралы да айтылды, бірақ мұндай мүмкіндікті америкалық бизнес- класы тікелей Бағдад режимін америкалыққа айырбастаумен байланыстырды /10/. Б. Клинтонның әкімдігінің Ирақ саясатына қатысты ерекше өзгерістерді байқамаған амери- калық заң шығарушылары Ақ үйді Бағдадқа қатысты іс-әрекеттерді батылырақ жүргізуге «итермелеуге» тырысты. 2000 жылы 9 наурызда Америка конгресі Ирақтағы Халабадж қаласын- да күрдтерді қырып-жоюдың 12 жылдығына байланысты жасалған № 95 қарарды талқылады және қабылдады. Бұл қарарда АҚШ президент- тіне БҰҰ ҚК-не қысым көрсетіп, бұл ұйымның Ирақ бойынша халықаралық трибунал құруын және Құрама Штаттарының С. Хусейннің режимін құлатуы туралы ниеті дәлелденуін талап еткен кезекті үндеу жазылған еді /11/. Вашингтонның Ирақ саясатын күшейту жөнінде БҰҰ әскери инспекторларының бұл елге қайта оралуын талап етудің қажеті жоқ екендігі туралы үндеулермен Құрама Штаттар- дың «милы трестері» де өз ойларын айтты. 2000 жылы қаңтарда «РЭНД Корпорейшннің» саяси аналитигі Д. Баймэн «Форин Афферс» журна- лында Ираққа БҰҰ әскери инспекторларының қайта оралуына қарсы екендігін айтып жариялады. Д.Баймэн Ираққа халықаралық инспекторлардың қайта оралуы пайдадан гөрі көп зиян келтіреді деп есептеді, себебі олар Ирақта ЖҚҚ жоқ деген қорытындыға келер еді, ал онда экономикалық блокаданы тарату қажет болар еді. Нәтижесінде АҚШ С. Хусейннің режимін жою мүмкіндігінен айырылушы еді деп қорытындылайды ол /12, 122-123/. АҚШ өкіметінің атқарушы тармағын Вашингтонның Ирақ саясатын күшейту және оның күштерін демократиялық Ирақты құруға шоғырландыру туралы америкалық конгресс- мендерінің үндеулерінің көбеюі Америка АҚ-ы мен жұртшылықтың қолдауын тапты. Америка қауымдастығының өкілдері «Шөлдегі дауыл» АҚШ әскери операциясы аяқталғаннан кейін Америка президенті Дж. Буштың Америка әскерімен шабуыл жасап, С. Хусейннің өкіметін Ирақ билігінен аластату шараларын қолдануға рұқсат бермегендігі туралы өкініштерін білдірді. Сөйтіп, америкалық когрессмендері АҚШ-ң Ирақ саясатын жасауда маңызды рөл атқарды. Америкалық Заң шығарушылары, қай партияға жататындығына қарамастан, Ирақтың мемлекеттік режимін ауыстыру мәселесінде, БҰҰ-ң «Мұнайды азық-түлікке айырбастау» гуманитарлық бағдарламасын модификациялау кезінде, Ираққа қарсы халықаралық жазалау шараларын сақтауға байланысты мәселелерді талқылау үстінде көбіне шоғырланған күшпен бірге танысты. 2000 жылы АҚШ президент сайлауында республикалық партиядан шыққан үміткер кіші Дж. Буштың жеңіске жетуі, 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, америкалық мемлекеттік билігінің жоғарғы эшелонындағы консерватор еместердің ықпалын күшейтті. Кіші Дж.Буштың төңірегіне Құрама Штаттарының ірі әскери- өндірістік, мұнай, ақпарат, фармацевтік, машина құрастыру кешендерінің қызығушылық мүддесін көздейтін адамдар шоғыры топтасты. Бірақ кіші Дж. Буштың әкімшілігі билік басына келген алғашқы кезеңде халықаралық аренада өзін біршама тәуелсіз ұстауға, 1972 ж. ПРО келісімінен шығуға, қылмыскер режимдер мен «қуғындалған» елдерге қарсы тұра білуге, қауіпті көшбасшыларды биліктен аластатуға қол жеткізуге және АҚШ қызығушылығын қамтамасыз етуге, соның ішінде әскери күш қолдану түрінде де дайын екендігін айтып мәлімдесе де, 2001 жылдың көп бөлігіне дейін Вашингтонның Таяу шығыстың саясатында да және оның Ирақ бағытында да айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. С. Хусейннің режи- Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(53). 2010 9 мін әскери-саяси «құрықтауға» 2001 қаржылық жылда 1,1 млрд доллар қаржы бөлінген, осындай қаржы 2000 жылы да бөлінген болатын /13, 113/. 2001 жылы 17 қаңтарда АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы К. Пауэлл оның кандида- турасын Америка мемлекеттік хатшысы қызме- тіне тағайындауға арналған америкалық конгре- сінің сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетіндегі тыңдауда баяндама жасады. Өз баяндамасында К. Пауэлл Вашинг- тонның болашақта да халықаралық аренада Ираққа қарсы халықаралық жазалау шараларын күшейту мәелесінде өзінің одақтастары мен әріптестерімен ынтымақтастықта болатынды- ғын атап көрсетті /14, 111-112/. Осы мезгілде жаңа президенттік әкімшілік Бағдадқа қатысты жаңа сыртқы саяси бағытты қалыптастыруды бастады. 2001 жылдың ақпа- нында Құрама Штаттарының Мемлекеттік хат- шысы К. Пауэлл Вашингтондағы пресс-конфе- ренцияда Ираққа қарсы БҰҰ халықаралық режим жазалау шараларына түзету енгізу туралы ұсыныс жасады. Оның ұсынысында Бағдадқа қарсы енгізілген ескі жан-жақты эмбаргоның орнына, жаңа, былайша айтқанда «Ақылды жазалау шаралары» келуі керек еді, олар тек Ираққа әкелінетін әскери технолог- гиялар мен қару-жарақтарға ғана салынуы керек болатын. Америка мемлекеттік хатшысы К. Пауэллдің пайымдауы бойынша, оның идеяла- ры жүзеге асса Ираққа қарсы режим жазалау шараларын қалпына келтіруге БҰҰ ҚК-і мен әлем қауымдастығы тарапынан қолдауға ие болады деп есептеді /15, 11/. 2001 ж. 7 наурызда АҚШ конгресінің өкілдер палатасының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің тыңдауында америкалық мемлекеттік хатшысы К. Пауэлл Ақ үйде Америка-Ирақ қатынастары бойынша тексеріс басталғанын дәлелдеді. К. Пауэлл, атап айт- қанда, кіші Дж. Буштың әкімшілігі тек қана Ираққа қарсы режим санкцияларын модифика- циялау мәселесіне назар аударып отырмаған- дығын, сонымен қатар бұл елдегі С. Хусейннің режимін биліктен аластату мәселесіне де тоқталғанын айтып өтті. Бірақ К. Пауэллдің С. Хусейннің режиміне қатысты айтқан пікірі кіші Дж. Буштың әкімдік аппаратында «ұмыт» қалды, себебі олардың басты назарлары Америка отарлаушы ұшағын Қытай ӘӘК-ң қолға түсіруіне байланысты Қытаймен арадағы дағдарысқа және Ақ үйдің ұлттық ПРО жүйесін құруға арналған жоспарына қарай бұрылды. Сондықтан 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін Бағдадқа қатысты Америка саясатында айтар- лықтай бетбұрыстар болған жоқ. Вашингтонның ирақ саясатының үш құрамдас бөлігі болып бұрынғысынша Ираққа қарсы халықаралық жазалау шараларын қолдау, Бағдадқа әскери- саяси қысым көрсету мақсатымен Ирақтың оңтүстігі мен солтүстігінде «ұшпайтын аймақты» сақтау, сондай-ақ С. Хусейннің режиміне қарсы Ирақ оппозициясына қолдау көрсету қала берді .

Читайте также:  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖЕТІСУ ӨҢІРЛЕРІНІҢ СӘУЛЕТКЕРЛІК ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Оставить комментарий