Загрузка…

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады. Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы болып табылады. «Ақтөбе ЖЭО-ғы» газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен ластайды. «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның – 80 % газ күйіндегі көмітқышқыл тотығын құрайды. Қаланың атмосфералық ауа сапасы соңғы жылдары нашарлап кетті. 2008 жылы ИЗА 10,5 бірлікті құрады. Ырғыз, Шалқар аудандары Арал экологиялық апат аймағына жақын орналасқан. Сонымен бірге ауыз су тапшылығы облыс аудандарының елді мекендерінде кездесіп отырады. Ауыз су құрамындағы тұздылық, нитраттың, т.б. химиялық элементтердің артуы тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде. Елек – Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Ластанған заттар индексі – 15,39; сапасы жағынан -7 класқа келеді, шектеулі жіберілген концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор — 103,5 ШЖК; фенол -1 ШЖК; алты валентті хром -22,17 ШЖК. 123 Ластаушы көздер «АХҚЗ» АҚ –ның көне шламды бөгендері болып табылады. Алты валентті хромның атмосфералық ауада, топырақта кездесетіні байқалады. Елек өзенін бормен ластауын тоқтату – алдағы міндеттің бірі. Ластану ареалы 32,5 км2 құрайды. Ақтөбе қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1987 жылдан басталды, оның ауданы 20 га. Полигон жобасыз тұрғызылды және оны пайдалану экологилық талаптарға сай жүргізілмейді. Қалдықтарды жинауда бейберекеттікке жол беріледі. Полигонға жыл сайын барлық қалалардан 260 мың куб м қалдық тасталады. 2001 жылдың қаңтарында полигонға 2,23 млн. Тонна қалдық жиналған. Полигон инженерлік құрылыстармен және коммуникация жүйелерімен қамтамасыз етілмеген. Қазіргі уақытта полигон қалдықтарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр, ал бұл жағдай полигонға іргелес аумақтардың санитарлы – ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы. Елек өзеніне ерекше әсер ететін 3 негізгі суды пайдаланушыларды бөліп көрсетуге болады: — «Ақбұлақ» ОАҚ жыл сайын 7-10 мың текше метр тазартылмаған су жібереді; — «АХҚЗ» АҚ жер асты суы арқылы өзеннің 12 кв.км ареалын ластайды; — «Ақтөбе ЖЭО» АҚ 4-кесте Ақтөбе қаласы бойынша ағыстың сапалық жағдайы. 2008 ж. Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа жобасы жасалды. Жаңа полигонды пайдалану мерзімі 15 жыл, жыл сайын 260 мың текше метр қалдық тасылады. Елек өзенінің ластануы Елек өзенінің бормен ластануы Ақтөбе химия зауытының (1941) іске қосылғанынан басталды. Ластаушы көзі – Елек өзені жайылмасындағы сүзгіші жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады. «Казводоканалпроект» институтының мәлімдеуінше, жер асты суының ластану ареалы 32,5 км2 жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр. Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығының мәлімдеуінше, 2009 жылдың қаңтарында Елек өзенінің ластануы шегіне жеткен, яғни шектеулі жіберілген коцентрация 129 есеге жеткен. Бордың санитарлы – уландырғыш 2 класс көрсеткішіне сай келуі және оның шектеулі жіберілген концентрациясы мөлшерінің шектен тыс көп болуы флораға, фаунаға және адам денсаулығына өте зиянды. Елек өзенінің бормен ластануы ҚР – ның жоғары органдарының алдындағы жыл сайынғы өз шешімін таппай келе жатқан мәселелерінің бірі. Хром қосындылары зауыты өзінің жұмысын 1957 жылдан бастады. Зауытқа пайдаланған суды шлам тоғандарына жібереді. Зауытқа барлық кезеңдерге пайдалану үшін жалпы ауданы 278,4 га болатын 10 шлам тоғандары тұрғызылған, қазірде олардың тек бесеуі жұмыс жасайды. Жер үсті және жер асты суын алты валентті хроммен ластаушы көне шлам тоғандары болып табылады. Елек өзенінің ластануы тек Ақтөбе облысындағы ғана емес, Жайық өзенінің саласы ретінде Орынбор облысының (РФ), Батыс Қазақстанның және Атырау облысының халқына қауіп туғызып отыр. Елек өзенің ластаушы заттар хром, бор, фенол, фтор, мұнай өнімдері болып отыр, ал ластаушы көздер бұрыңғы Ақтөбе химия зауытының шлам – жинауыштары, сонымен бірге Елек өзені жайылмасында тұрғызылған сүзгілерге қарсы қалқасы жоқ «АХҚЗ» ОАҚ – ның көне шлам тоғандары болып отыр. Елек суындағы бор концентрациясы орнынан сынауға алуға байланысты ауытқып отырады. Бор концентрациясы Ақтөбе су қоймасы тұсында және Бестамақ елді мекенінде барынша көп байқалады. Мұнай өнімдерінің концентрациясы жыл бойы 6-13 ШЖК –ға 124 байқалды. Елек өзені суының физикалық қасиеті және минералдануы болып есептелетін қалған компоненттері нормаға сай екендігі анықталды. Еліміздегі табиғи байлықтарды өндіріске қатыстыруға, өнеркәсіп орындарын қарқынды дамытуға бірнеше факторлар әсер етеді. Олар шешуші құрал есебінде табиғи ресурстарға қоғам қажеттілігін және табиғат мүмкіндігінің тапшылығындағы қарама – қарсылықты шешеді. Облыстағы геоэкологиялық аудандастыру мәселелері Қоршаған табиғи ортадағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі, бұл геоэкологиялық жағдайдың біздің республикамызда қалыптасуы болып табылады. Біз қарастырғалы отырған Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының батыс аймағында, ірі өнеркәсібі мен өнеркәсіптері жақсы дамыған территорияға жатады. Физикалық-географиялық орналасуы жағынан Ақтөбе Облысы Оңтүстік Орал тауының орталығында, шөлейтті – құрғақ аймақта орналасқан. Бұл аймақ Орал- Мұғалжар провинциясының Ор- Мұғалжар округіне және Орал маңы (Торғай) провинциясының, Орал маңы үстіртінің оңтүстік-батыс бөлігі мен оңтүстік – шығыс бөлігі округіне жатады. Атмосфераның қатты ластануы, әсіресе Ақтөбе қаласында және ірі өндіріс орталықтары орналасқан Алға, Хромтау, Кандыағаш және Ембе қалаларының маңында байқалады. Осы жерлерде ластанған атмосфералық ауа көршілес Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына және Ресейдің Орынбор облысына тарайды. Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зиянды заттардың 49%-ын ферроқарытпа зауыты шығарса, 25% -ын Ақтөбе хром қосындылары зауыты шығарады. Мұндағы мекемелерде ауаны ластауды азайтатын құрал-жабдықтардың жартысы ған істейді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша атмосфералық ауны ластайтын 172мекеме жұмыс істейді. Бұған Жаңажол мұнай – газ өндіретін кен орны да жатады. Шаң тазалығыш, өндіріс қалдықтарының дұрыс жұмыс істемеу салаларынан немесе іске алғысыздығынан бұл қалалардағы шаң –тозаңның орташа көрсеткіші белгіленген мөлшерден 4 есе, азот қос тотығы 2 есеғ күкіртті ангидрид шамамен 0,2 есе артып отыр. Қазіргі кезде экологиялық жағдайлардың шиеленісуі халықтың әлеуметтік хал- ахуалына, ауылдағы халық санының азаюына, туу дәрежесінің төмендеуіне, ауру түрлерінің көбеюіне, т.б. факторлардың әлеуметтік даму деңгейінің төмеңгі параметрлеріне әкеліп соқтырады. Қазіргі уақытта полигон қалдықтарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр. Полигон атмосфералық ауаның, жер асты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы. Әдебиеттер 1. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природных ресурсов. – М.1999 2. Вернадский В.И Химическое строение биосферы и ее окружения. –М.1987 3. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. А.1998 4. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. Л.1979

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar