Ақтайлақтың көрегендік

Қабдеш Жұмаділовтың «Прометей алауы» атты еңбектен беріліп отырған бұл үзіндіде Ақтайлақ бидің Ресейдің отарлау саясаты қазақи шоқындыру әрекетте байланысты ой­толғамы және қазақи мұсылмандықтан айырылмауға байланысты ic­әрекетті баяндалған. Осы сәттегі құжырлардың бірінен шұбалған қара, бас кілемнің маңдайында крест белгісі бар, жас мөлшерін ажырату қиынға соғатын, ұзын бойлы, қаба сақалды 6ip адам шығып, осылай қарай аяндады. — Міне, әулие әкейдің өзі де келіп қалды! — Нюхалов қуанып кета. Сонан соң елшіге ез тілінде бірдеңелер айтты да, қайтадан Ақтайлаққа бұрылды. — Бұл кісі — осында,ы дінбасы. Біреуге поп, — біздерше имам… Егер қазақ ішіне христиан дініне кірем деушілер болса, әулие әкей ештеңе алмай тегін шоқындырады. Тіпті, кісі басы үлестіретін ақшалай сыйлығы да бар… Мына сөзді естігенде бидің тұла тітіркеніп, жүрегі мұздап кета. Демесін қарай гөр, келмей жатып казакты шоқындырмақ! Көкірегін кернеген ызалы сөздерді қалай сыртқа шығарудың бабын таппай, өзін зорға ұстап қалды. Бұл арада Нюхаловпен айтысқанда не табады?

Осыдан кейін кеп бөгелген жоқ. Әлгілермен қоштасты да, асығыс аттанып кета. Бірақ кез алдынан жаңағы көріністер кепке дейін кетпей, көлденеңінен тұрып алды. Ортадан ойып түскен орыс шіркеуі, оның кішігірім көлінен жез қоңырауы… Жер­көкті жаңғыртқан үрейлі үні. Бұқар жырауда мынадай бір шумақ болушы еді, кенет сол түсті есіне: Өзі сары, көзі кек, Діндарлардың аты — поп. дүниедей көрсетер, Шеттерден ғалым боп. Поптары болар сазандай, Бөріктері қазандай. Жез қоңырауы азандай! Тоба, Бұқар ағаң қалай деп басып тауып айтқан?! Бейне, бүгінгі күнді көзімен көріп тұрған сияқты. «Бәсе, бұл орыстардың неге жолы болғыш десем, зеңбірегі мен шіркеуі қосарланып, бірге жүреді екен­ау» — деді. Ақтайлақ өзі үшін үлкен жаңалық ашқандай. — Сұмдық қой! Атам заманынан осында тұрамыз. Бүкіл Аркада құдайға құлшылық ететін бірде­бір мешіт жоқ. Ал мыналар келер­келместен қолма­қол қамал соғып,шіркеу тұрғызып алған. Қала да, дала да — біздің, бір адым кері шегінбейміз деген сөз ғой — мұның аты. Бұл мәселе былтыр жаз бойы бидің көңілінен бір сәт шыққан жоқ. Әмірдің өзі бұл ел бұрын ескермеген кеп жайды көлденен тосып, басқа ұрып ұғындырғандай. Ақыры талай мазасыз күндер мен ұйқысыз түндерден соң Ақтайлақ мынадай қорытындыға келді. «Енді жерде анталаған жаудың алдын тосу киын.

Читайте также:  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖЕТІСУ ӨҢІРЛЕРІНІҢ СӘУЛЕТКЕРЛІК ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Аягөзді алғаны — алқымға қолды салғаны ғой. Ел билік мен жер бөліп жат қолына етті деген осы. Ешкім жойылып кетпеудің бip ғана амалы бар: халықты аздырып­тоздырмау, тілін, дінін, иманын сақтау… Ендігі зор майдан кең даланың төсінде емес, ер адамның бойында, жүрегінде етуі мүмкін. Дәл қазір құдайдан өзге қуат, исламнан басқа қорғаныш жоқ. Әр жүректі басып ететін ең соңғы шекара де осы бол мак». Ал сонда істі неден бастамақ? Аттың жалы, түйенің қомында жүрген мына жұртты сәждеге қалай жығып, қараңғы көретін қалай нұрға толтырмақ? Оларды хақ жолына Tүcipeтін оқымысты имам­ қазіретті қайдан табады? Қолда бар молданың Tүpi — мына Бекер ғой. Ол байғұстың қара танырлық Қана қауқары бар. Халықты жаппай дін жолына түсіру үшін, бірен­саран емес, кемінде жүздеген молда керек. Ол үшін ел ішінде медресе ашып, әр болыста мешіт салмаса болмайды. Жарайды, медресе салу киын болмас, жастарды оқытатын ұстазды қайдан таппақ? Маңайда ақыл қосатын да ешкім жоқ. Ақтайлақ бидің өз өмірінде дауға дауа, білікке білім таппай қиналған жер осы еді. жалғап. — Қазір жалғыз татар емес, орыстар өздеріне бағынған естек, хакас, ұран қай, сақа жұртын да жаппай шоқындырып жатса керек. Өзге туған күн ертең бұзауға тумасына кім кепіл? Сондықтан бізге де қол қусырып, қарап отыруға болмайды. ­ Жасы ұлғайған тере соңғы жылдары ақирет күндерін көп ойлап, сопылық жолға қатты ойыса бастаған. Әлгі сөзді естігенде, көз шарасы үлкейіп кетті: ­ Сұмдығы соңында десейші! Енді бұған қандай амал бар? — деді ол шын шошынып.

Ақтайлақ енді Бопыдан ештеңені жасырмай, бірден негізін шаруасына көшті. Біраз жылдан бергі Түркістанмен арадағы қарым­ қатынас жайын, биыл Кеңесбай бастатқан бip топ адамның түсіктен ел кешіріп әкелуге аттанғанын, құдай сәтін салса, ол күштің бүгін­ертең келіп қалатынын бастан­аяқ баяндады. Қанша айтқанмен, көкжалдың тұқымы емес пе, өңшеңінде бопайлау көрінетін Бопы уәжге келгенде есесін жібермеші. Бидің сөзін зер сала тыңдап отырды да, кенет басын көтеріне алып: ­ Төреден опа таппаған соң қожа іздей бастадыңдар ма? — деп қарқылдап күліп жіберді Би сәл ыңғайсызданып қалған: ­ Неге олай дейсің, терем? Әсте олай емес! — деді тіл қатып. — Жошы әулетіне бағынғанымызға, міне жеп ғасырдың жүзі болыпты. Содан бері төреден жамандық көрген жеріміз жоқ төре біз үшін ара ағайын болды. Басқасын былай қойғанда, қазақты тақ таласынан, ру­ руға бөлініп, жаға жыртысудан сақтап қалған — сол төрелер. Ал бүгін өзінен зор сұрқылтайға тап болса, амалы қайсы?! Ойнап айтам… Шыңғыс өз ағайынынан кермеген құрметті казактан көргені рас? — деді Бопы жуып­шайып. — Сенің мына айтып отырғаның, Ақа шынында да, ешкімнің ойына келмеген нәрсе екен. Сырт жаумен жағаласып жүргенде, іші жағымыз мүлде алаң­ ашық, бос қалған екен­ау! Әйтпесе, бұғала Арқа жерінде бірде­бір мешіт болмады деген не сұмдық?! Жат жұрттық басқыншыға халықтың ділі мен дінін, иманы мен сенімін тосқауыл етем дегенің — табылған­ақ ақыл. Мұны ойламасаң, сен Ақтайлақ би боласың ба?! — деді шын риза болып.

Читайте также:  КӘСІБИ АВИАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Оставить комментарий