Ағылшын тілі оқытушыларының педагогикалық этикасы

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа əлемдік стандартқа сəйкес білім беру мəселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен əлемдік жинақталған тəжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тəрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мəселелелердің бірі болып отыр. Біздің негізгі мақсатымыз сапалы білім,саналы тəрбие беру. Оқытушың өзіне жүктелген осы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынасы, амал-тəсілі, əдістері құрамынан этика ерекшке орын алады. ЭТИКА – əдеп мəдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық əдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық этика – оқытушының əрбір нақты жағдайда студенттерге тəрбиелік əсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық этикаға студенттер жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны студенттің сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық этиканың өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай,-түптеп келген психологиялық этика. Педагогикалық этикаға анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді. -студенттермен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың əдептілігін сіңіру; -оқытушының жеке басының психологиялық ерекшелігі; — оқытушы шеберлігінің бір бөлігі. Осы анықтаманың біріншісі яғни оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек. Ұстаз этикасы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, оқытушылар арасында басталып, өзінің заңды жалғасын топтарда табуы тиіс.Педагогикалық этикада əрбір нақты жағдайда студенттерге əсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика(əдіс-тəсіл) деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар жайлы айта отырып, осы жерде ағылшын тілі оқытушысы жайлы айта кетсек: — Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (студенттің қадір-қасиетін сөзбен де, көзбен де қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, ойын айтуға, дамытуға көмектесу). — Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінəлайды, шамалап мақтайды, кейбір істі тоқтатады, əзілді тежейді). — Шешімге келу. ( ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші). — Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен студент арасындағы психологиялық кедергі болып саналады). — Студентпен жеке əңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (студентпен жеке сөйлесу– оқытушы шеберлігінің көрсеткіші, ондай əңгімеге сабақтан кем дайындалмауы керек) — Оралымды жолдар. (əдепті оқытушы талап қойғыш, бірақ қатал болмайды). — Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (студенттер сөзімен айтқанда-əділ баға). — Көңіл-күйі. (егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Студенттердің алдында оқытушы қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты жəне көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кəсіптің сыры осында.) — Əзіл.Тапқыр сөз. (өзі əзілді сүйетін, тапқыр сөзді оқытушымен студенттер ықыласпен араласады). Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, əсерлі көзқарас, ым 97 қимылдардың жинақталған шоғыры, мəтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыстар жəне шешендік тəсілдердің қорының болуы − aғылшын тілі оқытушылары үшін басты педагогтық тактика болып саналады. Ағылшын тілі оқытушысының басты ерекшелігі: ағылшын тілі оқытушыларының қарым-қатынас ерекшеліктері олар ешбір жерде жəне ешқашанда студенттің ар-намысына тиетін сөздер айтпайды, дауыс көтеріп сөйлеп, сұстана немесе көзін алартып қарамайды. Мұндай қылықтар педагог түгіл, жалпы халықтың мəдениетіне жат дүние. Ағылшын оқытушыларының жалпы оқыту əдістерінде,қарым-қатынас этикасында көз байланысы (контакт) маңызды болып саналады. Өзара сөйлесушілер бір-бірінің көздеріне тура қарап, бір-бірін қолпаштап отырулары керек.Егерде тыңдаушы сөйлесушінің көзіне қарамаса, ол сыйламаушылықтың белгісі. Бұл жерде бейвербалдық тілдің көмегі зор. Ағылшын тілдінің тағы бір ерекшелігі бейбервалды тілдің өте көп қолданылады. Нағыз білікті ағылшын тілі оқытушысы студенттермен немесе əріптестерімен басқа да адамдармен сөйлескенде өте мұқият тыңдаушы болу керек мына нəрселерді естен шығармауы керек: − сөйлесушілер өзара келісушіліктерін білдіру үшін бастарын изейді; − қатты ризашылықтарын білдіру үшін қол шапалақтап немесе екі алақанын бетпе- бет кеуде тұсында ұстап тұрып бас иіеді; − өте таң қалғанда жоғарғы қабағын көтеріп қарайды; − Оң қолының бас саусағын жоғары көрсету ‘ дұрыс’деген мағынаны білдіреді; −1,2,3 деп санау кезінде қазақтар бас бармактан бастап саусақтарын бүксе, ағылшындар кіші саусақтан бастап саусақтарын жаяды. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сəлем сөздің атасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мəдениеттілігін көрсетеді. Амандасу − адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу − əдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, студенттің «тілін таба білу» іскер оқытушыға пайдалы. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уəдеде тұра білу, ағылшын тілі оқытушысы үшін өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басқаны тыңдай білу − үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тəрбиелілік нышандарының бірі. Студентке өз мəртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойған сəтте оқытушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш түрінде айтса жөн. Бұл − оның көрегендігі əрі ортақ іске пайдалы нəрсе жасағандығы болар еді. Оқытушының студенттерге көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де топтағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп əсерін тигізеді. Шебер оқытушы үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған студенттерді сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер оқытушы үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнері жайлы айтайық. ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ: Өз мінез- құлқын, сезімдерін басқара алу; Бақылай, қадағалай алу; Назарды басқа жаққа аудара алу; Тəрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу жəне оны ескере білу; «жүзіне қарап оқи алу»; Студенттермен байланыс жасай алу; Педагогикалық іс-əрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара əрекеттестікті ұйымдастыру; студенттің тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету жəне т.б.)Педагогтың көңіл күйі – оның тəрбиелейтін зор күш -қуаты. Егерде оқытушының көңілі бұзылса, ол студенттеріміздің тəрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз əріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. Біреудің жеке өміріне араласу, жалақысы, жасы немесе жанұясы жайлы сұрау ағылшын тілі оқытушыларына жат дүние. Педагогтың бойындағы тəрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА (ƏДІС-ТƏСІЛ) дейміз. 98 Ағылшын тілі оқытушысының педагогикалық техникасы: Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды; Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды; Қол айқастыруға мүлдем болмайды; Əр cтуденттің көзіне қарап сабақ түсіндіру керек; Дұрыс жəне мəнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мəдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі); Жест жəне мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу; Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі; Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі болуы тиіс жəне педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған студенттердің бəрі түсіндіріліп жатқан материалды жақсы меңгеретіні сөзсіз. Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби — «Нағыз тə рбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагогикалық əдептің қыр-сырына тоқталып кеткен болатын жəне бұл ағылшын тілі оқытушысына да қатысты: Өнер білімге құштар; Мүшелері мүлдем мінсіз; Жаратылысынан өзіне айтқанның бəрін жете түсінетін; Өзі естіген, көрген, түсінген жəне аңғарған нəрселердің бəрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз; Өткір сөз иесі жəне ойына түйгенінің бəрін анық бере алатын; Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға қанағатшыл; Жаны асқақ жəне ар -намысын ардақтайтын; Жаратылысынан игі істерге ынтызар; Əділеттілігі мен əділеттілерді сүйіп, əділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; Жақындарына да, жат адамдарға да əділ; Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек; Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сəтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз ; Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – оқытушы жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ əділ де əдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Əрине, бұл əбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет. Тақырыптық тірек сөздер: қарым-қатынас этикасы,педагог этикасы, студент, ағылшын тілі оқытушысы, қарым-қатынас ерекшеліктері, əдіс-тəсіл. Зерттеу əдістері: Білім беруде педагогтың кəсіби құзіреттілігімен қоса қарым-қатынас этикасының маңыздылығын дəлелдеу. Зеттеу тақырыбы бойынша отандық жəне шетелдік ғалымдардың осы бағытта жазылған еңбектеріне талдау жасау. Нəтижелері: Жоғарғы оқу орындарындағы ағылшын тілі оқытушыларының қарым-қатынас этикасы өте жоғары жəне ерекше болуы керек. Сондықтан жоғарғы оқу орнындағы ағылшын тілі оқытушыларының қарым-қатынас этикасының ерекше болуы өте маңызды. Тіл – ойдың айнасы. Ойлау қызметі мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Басқа тілді үйрену ана тілінің көмегінсіз іске аспайды. Себебі, шет тілінде сөйлесу үшін біз алдымен іштей ана тілімізде ойлап алып, сосын шет тілінде іштей құрастырып, яғни аударып айтамыз. Қəзіргі кезде болашақ маманға білім беру мен оларды тəрбиелеуде жоғарғы оқу орындары мамандарының біліктілігінің алатын орны аса ерекше екені баршаға белгілі. Білікті маман ол білімді, мамандығын жетік меңгерген, рухани бай, мəдениетті болуы керек. Ал,тіл үйрену сол тілдің мəдениетімен, əсіресе сөйлеу этикасымен тығыз байланысты. Ұлттың тілін үйренуде басқа елдің өкілі алдымен сол халықтың тіліндегі сөз этикасына мəн береді.Белгілі бір халықтың немесе ұлттың тілін үйрену үшін алдымен сол халықтың тіліндегі сөйлеу этикасына назар аударылады. Себебі, сөйлесу тілдік қарым-қатынастың негізгі құралы. Ол үшін жоғары оқу орындарында болашақ тіл мамандадарын дайындайтын факультеттерде Қарым-қатынас этикасы ″ үрдісі″жасалып, жұмыс оқу бағдарламасына осы пəн таңдау немесе міндетті компонент ретінде енгізілуі керек. Ол үшін əрбір тілдің мамандары өздері оқытып жатқан тілдің ерекшеліктерін ана тілмен тағы басқа тілдермен салыстыра отырып зерттеп,ғылыми негіздеріне талдау жасап,сараптап, оқылатын пəннің бағдарламасын жасаулары керек. Себебі, ана тілінсіз шет тілін меңгеру мүмкін емес. 99 Қорытынды: Егер ағылшын тілінің қарым-қатынас этикасының ерекшеліктерін толық біліп, дұрыс қолдана алсақ , сол тілде қарым- қатынас жасаудың тұрақты формуласын терең меңгерсек, онда ағылшын тілін үйретуде кездесетін қиындықтарды жеңуге болады, өйткені ағылшын тілінде сөйлеу этикасы бірліктерін қолдану аясы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің бойында сапалы қалыптасады. Пайдаланылған əдебиеттер Д.Ж. Агибаева Педагогикалық этика Білім шапағаты газеті Ступин А.П ., Игнатьев К.С. Современный английский речевой этикет. Ленинград: ЛГУ, 1980, -143 бет Р.С.Рахметова Болашақ педагогтың коммуникативтік мəдениетің жетілдіру А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і ң х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010 Кенджаева Б.Б. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кəсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның Афторефераты. Түркістан, 2010. –3,4 б

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar