АБАЙ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ

М.Әуезовтан бастап қазіргі біршама ғалымдардың еңбектерінде Абайдың фәл- сапалық өлеңдерінің тұғырын Шығыстан іздеу, одан бұрын Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінен бастау алған сопылық әдебиетпен байланыстыру мәселесі көтеріліп жүр. М.Әуезов Абайдың жас кезінде шығыс ақындарына еліктеп жазған өлең- дері сопылық сарында жазылғанын айтып, «Шығыс ақындарының шығармаларында үлкен орын алған үлгі – сопылық» деген сөзін М.Мырзахметұлы өз кітабында келтіреді /1, 20/. Сонымен қатар ислам дінін қоғамымыздан аластату саясатында данышпан М.Әуезов Абайдың фәлсапалық толғауларының туу себебін, ахуалын көр- сете келе, оның дінін «сыншыл ақылдың шартты діні» /2, 396/, «адамгершілік мақ- сатына ғана арналған дін» /2, 392/ деп анықтайды. Бұл анықтамада сопылықтың өз атауы аталмаса да, бар аспектілері қамтылғанын байқау қиын емес. «1895 жылы Әбдірахманның өлімімен байла- нысты қайғы-мұңға бату үстінде Абай дін мәселесі мен адамның жаратылыс сыры турасындағы тақырыптарға екі өлеңмен соғып өтеді. Бұның біреуі – ақынның нанымын аңғартқандай, «Лай суға май бітпес» деген өлең. Екіншісі – адамның жаратылыс сырын сөз қылған – «Өлсе өлер» /2, 394/. Әуезовтың бұл пікірін проф. М.Мырзахметұлы «Балаң ақын қаламына іліккен сопылық сарын белгілері, тіпті кемелденген ақын дүниетанымында да орын тепкенін Абайдың өмірінің соңында жазылған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» (1902 ж.) деп аталатын атақты өлеңінде көрінісі берген үш сүю немесе иманигүл мәселесі Абай шығармаларында желілі түрде таратылатыны кездейсоқ құбылыс болмаса керек-ті» /1, 20/ деп жалғасты- рады. Абай шығармашылығын сопылық пен байланыстыруды ғалым А.Жақсылы- қов та қолдайды: «Суфийские мотивы в поэзии и прозе Абая вполне закономерны, он был воспитан на стихах великих суфийских мастеров, Саади и Хафиза, чью поэзию боготворил» /3, 196/. Проф. Ө.Күмісбаев Абай шығармашылығында Шығыстың атақты шайырларының орны ерекше екеніне мән береді: «Шынында да, балғын шәкірттің ақындық сезімін оятқан өзі медреседе оқып жүргенде өздігінен ізденіп жолыққан Шығыс тарландары екендігі сөзсіз» /4, 100/. Ғ.Есімов «Хакім Абай» атты зерттеуінде Абайдың дүние- танымы көптеген шығыс ақындарының ықпалында қалыптасқанын көрсете келе, ақынның ой-санасына бірден-бір әсер еткен Ахмед Яссауи шығармалары екенін ерекше атайды /5, 39/. Тіпті Абайдың сопылықпен қатынасы тың тақырып екені айтыла, Абай сопылығын ең алдымен Йасауи шығармашылығымен байланыста қарастыру тұжырымдалады: «Ол үшін зерттеуді алдымен Ахмед Яссауидан бастау керек» /5, 40/. Абайдың фәлсапалық өлеңдерінің идеясы Йасауи хикметтерімен қай дәрежеде үндестік, сабақтастық тауып жатқанын тану үшін сопы бабамыздың оқу мәніне қарабайырлау болса да тоқталып кетелік: Йасауи Алла мәнін, Құран мағынасын түйіндеуде бір және жалғыз Хақ адамды рух пен топырақ (материя) қосындысынан жаратқан дейді. Яғни адам жартылай рухани әлемге, жартылай дүниәуи әлемге қатысты. Адам екі әлемді біріктірер аралық субстанция – жан иегері ретінде өмір атты сынаққа түседі. Бұл сынақтың мәні жанды рухани кемелділікке жеткізу арқылы Абсолют рухқа қосылу, бірігу болып табылады. Бұл туралы Абай былай дейді: Мекен берген халық қылған ол лә мекен, Түп иесін көксемей бола ма екен? Және оған қайтпақсың, оны ойламай, Өзге мақсат ақылға тола ма екен? /6, 224/ Шумақтың бірінші жолында сопылық дәйектеме негізіндегі ислам діні аясын-дағы Алла тағала туралы ұғым беріледі: 1) Хақ тағала мекен берген деген хабарла-маны былай түсінеміз — адам баласы шек-сіздіктен бөлініп, шектеулі дүниеге келеді. Яғни адам Абсолют рухтың бөлшегі ретінде бүтіннен бөлінген кіші ғарыш болып табылады. Мұны тамшы мен дария бейнелерімен салыстыруға болады. Шексіз дариядан бөлініп шыққан тамшының шегі бар, тамшы сияқты бұл өмірдің басы, аяғы, мерзімі, мекені нақты белгіленген. Абай-дың «лә мекені» — Алла тағаланың тұрағы, нақтырақ айтсақ, мекен, уақыт, кеңістік сияқты адам өлшемінен тыс жасайтын Жаратушының адам түсінігіндегі жоқ мекені. «Лә мекеннің» мағынасы түсінік-тірек болу үшін Йасауиге жүгінейік: Ошал уақтда мың бір зикрін қылдым тамам, Нәфсим өлип лә-мекенга аштым муна /7, 54/. Хикметте «лә мекенге» нәпсіні өлтіріп қана жетуге болатыны айтылған. Нәпсі дегеніміз адамның пендешілік болмысы, бұл дүниелік құлықтармен байланысты жанның ең төменгі хайуани тілек- қажеттері. Яғни «лә мекен» адам болмысы- нан тыс руханишылық бастау мекені деп анықтауға болады. Шумақты тақырыптық топ ретінде қарастырайық: «Тематическая группа (далее — ТГ) в силу иерархичности своей смысловой структуры включает в себя базовое слово- идеологему как родовой идентификатор общей темы и общего комплексного смысла данной ТГ, объединяет вокруг себя, подчиняя себе, слова-конкретиза- торы/вариаторы общей темы и общего комплексного смысла ТГ как части смыс- ловой структуры поэтического текста и как основного средства формирования той или иной поэтической картины мира» /8, 352/. Абайдың бұл өлең жолында «мекен – лә мекен» ұғымдары антонимдік қатынаста. Ал екеуін байланыстырушы – халық қылған. Халық қылған, яғни арабша халиқ – «жаратушы» деген мағына берсе, бұл сөзде Алла тағаланың жасампаздық қасиеті мойындалып тұр. Бұл дүниенің барлығын жаратқан бір Алла. Бұдан адамға мекен жаратқан жоқ-мекен иесі Алла тағала. Хақ тағала — мекенге де, жоқ мекенге де қатысты әрі екеуін байланыстырушы. 2) Жаратылыстың бастамасы жаратушыда, яғни түп иесінде. Әркім-ақ жаратылыстың мәнін іздеуде ең алдымен осы жаратылыстың иесінен бастауы, соған ұмтылуы түсінікті жәйт. Сопыларша, адам өзінің рухани бастауына үнемі ұмтылу үстінде өмірдің мәнін таниды. Алайда Абай «көксеу» сөзін тақырыптық топтың ұйытқы сөзі ретінде алған. Көксеу сөзінде «әл-Мисақты», яғни Алланың адам баласына тіл қату кезеңін аңсау, армандау мәні жатыр. Бұл дегеніміз, түп иесімен бірлікке, бірігуге жету, сопыларша пен байланыстыруды ғалым А.Жақсылы- қов та қолдайды: «Суфийские мотивы в поэзии и прозе Абая вполне закономерны, он был воспитан на стихах великих суфийских мастеров, Саади и Хафиза, чью поэзию боготворил» /3, 196/. Проф. Ө.Күмісбаев Абай шығармашылығында Шығыстың атақты шайырларының орны ерекше екеніне мән береді: «Шынында да, балғын шәкірттің ақындық сезімін оятқан өзі медреседе оқып жүргенде өздігінен ізденіп жолыққан Шығыс тарландары екендігі сөзсіз» /4, 100/. Ғ.Есімов «Хакім Абай» атты зерттеуінде Абайдың дүние- танымы көптеген шығыс ақындарының ықпалында қалыптасқанын көрсете келе, ақынның ой-санасына бірден-бір әсер еткен Ахмед Яссауи шығармалары екенін ерекше атайды /5, 39/. Тіпті Абайдың сопылықпен қатынасы тың тақырып екені айтыла, Абай сопылығын ең алдымен Йасауи шығармашылығымен байланыста қарастыру тұжырымдалады: «Ол үшін зерттеуді алдымен Ахмед Яссауидан бастау керек» /5, 40/. Абайдың фәлсапалық өлеңдерінің идеясы Йасауи хикметтерімен қай дәрежеде үндестік, сабақтастық тауып жатқанын тану үшін сопы бабамыздың оқу мәніне қарабайырлау болса да тоқталып кетелік: Йасауи Алла мәнін, Құран мағынасын түйіндеуде бір және жалғыз Хақ адамды рух пен топырақ (материя) қосындысынан жаратқан дейді. Яғни адам жартылай рухани әлемге, жартылай дүниәуи әлемге қатысты. Адам екі әлемді біріктірер аралық субстанция – жан иегері ретінде өмір атты сынаққа түседі. Бұл сынақтың мәні жанды рухани кемелділікке жеткізу арқылы Абсолют рухқа қосылу, бірігу болып табылады. Бұл туралы Абай былай дейді: Мекен берген халық қылған ол лә мекен, Түп иесін көксемей бола ма екен? Және оған қайтпақсың, оны ойламай, Өзге мақсат ақылға тола ма екен? /6, 224/ Шумақтың бірінші жолында сопылық дәйектеме негізіндегі ислам діні аясын-дағы Алла тағала туралы ұғым беріледі: 1) Хақ тағала мекен берген деген хабарла-маны былай түсінеміз — адам баласы шек-сіздіктен бөлініп, шектеулі дүниеге келеді. Яғни адам Абсолют рухтың бөлшегі ретінде бүтіннен бөлінген кіші ғарыш болып табылады. Мұны тамшы мен дария бейнелерімен салыстыруға болады. Шексіз дариядан бөлініп шыққан тамшының шегі бар, тамшы сияқты бұл өмірдің басы, аяғы, мерзімі, мекені нақты белгіленген. Абай-дың «лә мекені» — Алла тағаланың тұрағы, нақтырақ айтсақ, мекен, уақыт, кеңістік сияқты адам өлшемінен тыс жасайтын Жаратушының адам түсінігіндегі жоқ мекені. «Лә мекеннің» мағынасы түсінік-тірек болу үшін Йасауиге жүгінейік: Ошал уақтда мың бір зикрін қылдым тамам, Нәфсим өлип лә-мекенга аштым муна /7, 54/. Хикметте «лә мекенге» нәпсіні өлтіріп қана жетуге болатыны айтылған. Нәпсі дегеніміз адамның пендешілік болмысы, бұл дүниелік құлықтармен байланысты жанның ең төменгі хайуани тілек- қажеттері. Яғни «лә мекен» адам болмысы- нан тыс руханишылық бастау мекені деп анықтауға болады. Шумақты тақырыптық топ ретінде қарастырайық: «Тематическая группа (далее — ТГ) в силу иерархичности своей смысловой структуры включает в себя базовое слово- идеологему как родовой идентификатор общей темы и общего комплексного смысла данной ТГ, объединяет вокруг себя, подчиняя себе, слова-конкретиза- торы/вариаторы общей темы и общего комплексного смысла ТГ как части смыс- ловой структуры поэтического текста и как основного средства формирования той или иной поэтической картины мира» /8, 352/. Абайдың бұл өлең жолында «мекен – лә мекен» ұғымдары антонимдік қатынаста. Ал екеуін байланыстырушы – халық қылған. Халық қылған, яғни арабша халиқ – «жаратушы» деген мағына берсе, бұл сөзде Алла тағаланың жасампаздық қасиеті мойындалып тұр. Бұл дүниенің барлығын жаратқан бір Алла. Бұдан адамға мекен жаратқан жоқ-мекен иесі Алла тағала. Хақ тағала — мекенге де, жоқ мекенге де қатысты әрі екеуін байланыстырушы. 2) Жаратылыстың бастамасы жаратушыда, яғни түп иесінде. Әркім-ақ жаратылыстың мәнін іздеуде ең алдымен осы жаратылыстың иесінен бастауы, соған ұмтылуы түсінікті жәйт. Сопыларша, адам өзінің рухани бастауына үнемі ұмтылу үстінде өмірдің мәнін таниды. Алайда Абай «көксеу» сөзін тақырыптық топтың ұйытқы сөзі ретінде алған. Көксеу сөзінде «әл-Мисақты», яғни Алланың адам баласына тіл қату кезеңін аңсау, армандау мәні жатыр. Бұл дегеніміз, түп иесімен бірлікке, бірігуге жету, сопыларша «таухид» болу ұмтылысы адам болмы-сының мәңгі қозғаушы күші екенін тану. 3) Шумақтың үшінші жолында ертелі-кеш «Оған қайтпақсың» деген кесіп айтқан сөзінде арманың орындалады деген үміттен бұрын ескерту жатыр. Өйткені «Оған қайту» дегенде Абай сенікі еместің барлығын қайтару деп түсіндіреді: Адам ғәпіл дүниені дер менікі, Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі. Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла, болады не сенікі? /6, 265-266/ Абай жіктеу есімдіктеріне тәуелділік жалғауды жалғау арқылы адам мен Алла қатынасын нақтылап береді. Адам «менікі», «сенікі» деп бөліс жүргізіп, меншіктеп жатқан дүние кімдікі? Бұл өмірде «менікі – сенікі» деген қатынас жоқ, тек «мен» және «Ол» деген қатынас бар. Ғәпіл (арабша «бейғам, немқұрайлы, ыждаһатсыз») адам өмірдің байыбына ой көзімен қарамастан, оған тиесілі емес дүние қуып кетеді. Ақын «мен» деген есімдік «менмендік» сөзін тудырғанына ишара етіп, «менікінің» барлығы о бастан «оныкі» екенін ескертіп, бұл дүниеге жататын «тән, мал, жан» ұғымдарының мәні бос, дүние мәні жалған деп көрсетеді. Ал жалғандылық ерте ме, кеш пе аян болып, жоқ болып кетеді. Сонда Абай «менікі» дегеннің барлығы өліммен құрдымға кетіп, мәңгілік өмірде жоқ болады дейді. Бұл өлең Йасауидің мына хикметімен үндесіп жатқан жоқ па: Дүние менің мүлкім деген сұлтанларға, Әлем малын сансыз жиғып алғанларға, Ғауш уа ғишрет бірле машғул болғанларға, Өлім келсе бірі уафа қылмас әрміш /7, 226/. Дүниенің шегі бар, ол шекті белгілейтін өлім. Яғни өмірге адам өлу үшін келеді. Бұл өмірдің мақсаты – Алланың адамға аманат етіп тапсырған жанын рухтандырып қайтару, осы рухтандыру мәртебесімен ол өзінің мәңгілік ғаламдағы орнын белгілейді. Яғни адам баласы өз бастауына оралуында рухани толысып, кемелденіп, қор жинап қайтуы міндет. Ақылға салып, өмірдің мәнін түсінген адамның мақсаты осымен айқындалады. Сонда рухани азық, қор дегенді қалай түсінеміз? Осы жерде өлеңнің басына назар аударалық: Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? /6, 223/ 1-жол: Адам рухани қасиеттерді сырт танып, біліп қойғаннан еш нәрсе шықпайды. Оның адамға жұғысты болуы үшін ол осы қасиеттерге лайық болуы тиіс. Өмір бір басқа, өмір сүру бір басқа. Өмір — руханишылық үшін күрес. Күрестің нәтижесі өмірді мәнге толтыру болып табылады. Сондықтан бұл өмірді босқа өткізуге болмайды, оны мәнге толтыру адамның өз міндеті. Өмірді жай қызықтап әрекетсіз өткізуде адам өз міндетін атқара алмайды. 2-жол: Сырт қарағанда, адамға өмір оңай табылған олжа не тегін беріле салған тарту сияқты. Адам Алла тағаланың өмір атты сыйынның қадірін тани бермейді. Адам үшін жаратылғандықтан, ол өзін өмірдің патшасы, қожасы ретінде сезінеді. Ал дұрыс түсінген адамға өмірдің жауапкершілігі мол. Өйткені өмір – өткінші, оның қызықтары – алдамшы, қызық-думанмен бос өткен тіршілігіміз тек нәпсінің азығы болып, өмірдің шынайы құнын нәпсінің бақырына бағалап, нағыз бағасын танымай қаламыз. Жалған дүниеге қызығу адамды алдайды, алданған пенде өзінің жалған жетістіктеріне мәз болып, шынайы құндылықтарынан айрылғанын білмей адасады. 3-жол: Нәпсіге ерсең, бұл өмірден құр қаласың. Нәпсі қандай алдамшы болса, жалған дүние соңына түскен адам сағым қуғандай болады. 4-жол: Жаныңды нәпсіге билетсең, Хақ берген рухани дәнегіңнен айрылып, аңырап қалғаныңды білмейсің. Өмірдің мәнін таппаған адамның тіршілігі бос, рухани құлазып құр қалады.

Читайте также:  Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

Оставить комментарий