АБАЙДЫҢ ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ ҚАРА СӨЗІНДЕГІ ҚҰРАН МӘТІНДЕРІНІҢ БЕРІЛУІ МЕН МАҒЫНАСЫ

«Құран» — араб сөзі, ол араб тіліндегі «қара ә» (оқыды) етістігінің түбірінен жасалған. Басқаша айтқанда, «Құран» сөзі араб тіліндегі ырықсыз етіс мағынасында тұрып, «көп оқылған», «өте көп тилауат етілген» деген мағынаны білдіреді. Әрине, бұл — «Құран» сөзінің тілдік мағынасы. Егер «Құран» сөзінің бізге таныс діни терминдік мағынасына тоқта- лар болсақ, қасиетті әл-Азһар университетінің шейхы М. Тантауи: «Қасиетті Құран – адамзат баласын күпірлік қараңғылығынан нұрға шығарып, надандықтан құтқару үшін Аллаһ тағала өзінің соңғы пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с) жүрегіне түсірілген Алланың кітабы», — деп түсіндіреді /1, предисловие/. Ал Құранның қазақ тіліндегі аудармасын жасаған Х. Алтай: «Құран Кәрім – Аллаһ тағаланың сөзі. Хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с.) арқылы бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін араб тілінде бөлім-бөлім жиырма үш жылда түскен», — дейді /2, 3/. Дәл осы мағынадағы түсініктемені қуаттай келе, ағылшын шығыстанушысы Ахмад Сакр: «Коран – Свещенная Книга мусульман. Аллах открыл Коран Пророку Мухаммаду за 23 года, Откровеия, главным образом, были ниспосланы в Мекке и Медине, расположенных на Аравийском полуострове. Пророк запоминал их, жил, обучая им, передавая их близким людям и всему миру. Коран предназначен для всех людей мира, в том числе и для христиан, иудеев, неверующих, агностиков, буддистов и представителей всех других конфессий. Коран для всех поколений до Дня Суда. Поэтому Коран обобщенная, очищенная и конечная форма всех предыдущих посланий, откровений и священных писаний»,- деп қосады /3, 12/. Міне, осылайша, біз «Құран» сөзінің тілдік және терминдік мағынасына қысқаша шолу жасадық. Қазақ тіл біліміне «Құран» сөзінің енуі ислам дінінің қазақ даласына өркен жаюымен тығыз байланысты. Яғни, қазақ тіліндегі «Құран» сөзінің тілдік мағынасына қарағанда діни терминдік мағынасы басым. Бірақ араб халқының санасында Құран – тілді, дінді, мәдениет пен әдебиетті, тарих пен салт- сананы, әдет-ғұрыпты қамтып жатқан асыл мұра. Қазақ халқының кемеңгер ақыны А. Құнан- байұлының шығармашылығында араб тілінен енген сөздерді көптеп орын алған. Олардың біразы бұрыннан жұмсалып келе жатса, енді бірі ақынның тілінде діни мәтіндерді түсіндіруде қолданыс тапқан. Негізі хакім Абайдың алғаш дүниетанымының қалыптасуына ислам дінінің орасан зор ықпалы болған. Ал исламның қайнар бұлағы қасиетті Құран екендігі, оның классикалық араб тілінде жазылғандығы да бүкіл адамзатқа айдай анық. Абайтанушы белгілі ғалым, профессор М. Мырзахметов: «…қазақ халқының рухани дүниесінде ХІХ ғасырда ислам діні кең өріс алған кезеңде болашақ ұлы ақын ауылында мектеп-медреседе оқып, алғашқы дүниетанымы- ның қалыптасу кезеңімен тұс келді. Әкесі Құнанбайдың Меккеге барып, елде мешіт салдырып, дін жолына түскені де көз алдынан өтіп жатты», деп жазады /4, 174/. Расында, данышпан Абай өмір сүрген сол кезеңдерде араб тілінің қоғамдағы қадірі ислам дінімен тығыз байланысты екені даусыз. Себебі төрт киелі кітап қатарына жататын, бүкіл мұсылман үмбетінің қасиетті кітабы саналатын Құранның осы араб тілінде түсуі, ислам дінін насихаттаушы Мұхаммед пайғамбардың да осы тілде сөйлеуі араб тілінің беделін араб жарты аралында ғана емес, бүкіл мұсылман баласының аяқ басқан жерінде қадір-қасиетін арттыра түсті. Құран аяттары түскен тіл – мінсіз, таза әдеби араб тілі. Осы Құран аяттары түсу арқылы ол тек қана арабтарға ғана тән тіл қасиетінен айырылып, бүкіл мұсылмандар тіліне айналды. Кезінде арабтар парсылармен, римдіктермен, түркі халықтарымен араласып, олардың көпшілігі дінді қабылдау себепті әдеби араб тілінің тіл шұрайлығы бұзылып, қауіп төнгенде Құран тіліне жанашырлық танытып, араб тілі грамматикасының қағида-ережелерін жүйелеп, жинап шыққан мұсылмандықты қабылдаған араб емес халықтардың перзенттері еді. Бұлардың қатарында қазақ даласында дүние есігін ашып, бүкіл әлемге танымал болған алып тұлғаларымыз да бар… Осыншалықты танымалдылықты сол кездегі білім-ғылымның кілтіне айналған Құран тілін – араб тілімен байланыстыру артықтық етпейді. Себебі, Құранның алғаш түскен аяттары мұсылмандар арасында ғылым-білімнің қадірін көтеріп, қаламның ұлылығын дәріптеді. Білім жайындағы Құран аяттары надандық- ты, сауатсыздықты жоюға шақырады. Жеке тұлға оқып, үйренумен қалыптасады. Тіпті, діни құлшылықтарды сауатты, дұрыс орындауда да білімнің қажеттілігі сезіліп тұрады. Хакім Абай: «…қашан бір бала ғылым, білімді махаббат- пенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады…», — деп адамдықты ғылым- біліммен байланыстыра қарағаны — ислам мәдениетімен ұштасып жатқандығының бір дәлелі. Жалпы араб емес халықтарды араб тілін үйренуге құлшындырған негізгі фактор – ислам діні. Өйткені бұл Жаратқанды, қоршаған әлемді, адамның өзін-өзі тануына, әрі дінді жетік түсінуге жол ашты. Ислам өзіне сенушілерге жер бетінде еңбек етіп, оның байлықтарын пайдалануды бұйы- рады. Құранда: «Сендерге көктердегі нәрсе- лерді де, жердегі нәрселерді де толық бағындырды, бұл нәрселерде ойланатын адамдар үшін, әлбетте белгілер бар», — делінеді (Жасия сүресі, 13-аят.). Осы сынды аяттар мұсылмандарды әлеуметтік құндылық- тарға көңіл бөлуге, өз араларындағы азамат- тарға білім үйретуіне, ағартушылық қызметпен айналысуына жағдай жасады. Осының нәтиже- сінде білім айбынға, прогреске, әлеуметтік және өркениеттік өрлеуге жеткізетін бірден-бір құралға айналған-ды. Аз уақыт ішінде ислам мәдениеті қалыптасып, ол тек қағаз бетінде емес, шын мәнінде қолданысқа ие бола бастады. Әрбір сауатты мұсылман ислам мәдениетін таратуға, білімнің сәуле шашуына, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне өз үлесін қосуға талпынды. Осылайша, Құран ислам мәдениетінің қалыптасуында басты фактор бола алды. Шынтуайтқа келсек, қазақ мәдениеті ішінара ислам мәдениетімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біте қайнасып жатқанын аңғаруға болады. Кезінде хакім Абай өз шығармаларында он бір ұлттың тілдік қорын пайдаланып, оның ішінде ең көп араб тілін (сөз бен сөз тіркестерін) қолданған екен. Солардың бірсыпырасы отыз сегізінші қара сөзінде кездеседі. Осы қара сөзінде Абай Құнанбайұлы «…Біз ортамызда бұл мархамат, ғадаләтті иманның шартынан хисап қылмаймыз, оның үшін муслим болғанда, Алла тағалаға тәслим болып, оның жолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай мен күннен артық мағұлым тұрған жоқ па? Фиғылы құданың ешбірін де қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе? Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам – я мұсылман емес, ең болмаса, шала мұсылман. Алла табарака уа тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тәфаккару фиғла иллаһи» деген хадис шарифтің «инналаһу йухиббул муқситин» деген аяттарға ешкімнің ықыласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргенім жоқ. «Әтәмурун әннәсә билбирри, уә әхсәну инналаһу йухиббул мұхсин», «уәлләзинә әмәну уәғәмилу салихати улайна асхабул жәннәти һәм фиһа халидун» деген аяттар Құранның іші толған ғамалус-салих не екенін білмейміз. «Уа әммәлзина амәну уәғамилус саликати фәйуәффиһим ужурәһум уаллаһу лә йүхиб-буз-залимин» аятына қарасаң, ғамалус- салих залымдықтың зидды болар…» — деп кейбір Құран аяттарының арабша түпнұсқа мәтінін айғақ ретінде келтіре отырып әділдік, ізгі амалдар, (амалус-салих) туралы сөз қозғайды. Қиянатшылдық ету мұсылманға тән еместігін баса айтып, көп адамдар Жаратқан Иенің пенделеріне салған жолын қайсы екендігін білмейді деп іштей қынжылады. Пайымдап қарасақ, сол кездегі кейбіреулердің салих, (ізгі, жақсы) амал деп істеп жүрген іс-әрекеттері шынында қиянатшылдық екендігін нағыз салих амалдардың қандай болатындығын Құран аяттарының түпнұсқа мәтінін келтіре отырып баяндайды. Бірақ оларда Құран сүрелерінің нешінші аяттары екені көрсетілмеген. Сондықтан қара сөздегі Құран текстерін араб тіліндегі түпнұсқадан үңіле отырып іздегенде, олардың Құрандағы «Маида», «Бақара» және «Әли Ғимран» сүрелерінің аяттары екенін аңғаруға болады. Ақынның отыз сегізінші қара сөзінде мысал ретінде келтірілген Құран текстінің саны бесеу. Енді осы сүрелердің әрі олардан үзінді ретінде келтірілген аяттарға жеке-жеке тоқталайық. Хакім Абай, ең алдымен, Құрандағы: «Олар – өтiрiкке құлақ салушылар, арам (тамақ) жеушiлер. Ендеше, (олар) саған келсе, араларына үкiм бер немесе олардан жүз (бет) бұр. Егер олардан жүз бұрсаң да олар саған ешбiр зиян тигізе алмайды. Ал егер сен олардың араларына үкiм шығарсаң, әдiл (тура) үкiм шығар. Шын мәнінде, Аллаһ – әдiлетті болғандарды (турашылдарды) жақсы көреді» деген «Маида» сүресінің 42- аятының соңғы «Инналлаһа юхиббул-муқситин», яғни «Шын мәнінде, Аллаһ – әдiлетті болғандарды жақсы көреді» — деген бөлігін ғана келтіреді. Негізінен, «Маида» сүресі Kұрандағы Мединеде түсiрiлген, бiр жүз жиырма аяттан құралған сүре. Реттік саны бес. Бұл сүреде ислам шариғатының үкiмдерi баян етiлуiмен бiрге иман (сенiм-наным) мәселесі жайында, сондай-ақ әһлі кiтап (кітап иелері, яғни яһудилер мен христиандар) туралы да сөз қозғалады. Сүреде адамдар арасындағы шарт (келiсiм, бiтiм) мәселелерi; етi адал саналған жануар- ларды бауыздау мәселелерi; аң аулау жайында- ғы үкiмдер; қажылық және ғұмра сияқты құлшылықтарды орындау кезінде киілуі шарт болып бекітілген ихрам (киімінің) тәртiбi; Кiтап иелерi сеніміндегі әйелдерге үйлену рұқсаты немесе мүмкіндігі жайлы үкiмдер; дәрет қағидалары; ұрлық, зорлық және бұзақылық қылмыстарының жазалары; iшiмдiк және құмар жайындағы соңғы кесімді үкiм және тағы да басқа көптеген шариғи үкiм заңдары туралы мағлұмат берiледi. Бұдан басқа бұл сүреде адамзат баласына үгiт-насихат әрі үлгi-өнеге боларлық қиссалар келтiрiледi. Солардың бірі – Бани Ысраилдың (Ысраил ұрпақтарының) өз пайғамбарлары Мұсамен (ғ.с.) арадағы келiспеушiлiктерi, яһудилердiң имансыздықтары, қорқақтықтары кесірінен пайғамбардың сөзiне құлақ аспай қырық жылдай уақыт шөл-далада (сахарада) әуре-сарсаң болып жүргендерi жайында сөз болады. Сондай-ақ осы сүреде Адаматаның екi ұлы Абыл мен Қабылдың арасында өрбіген келіспеушілікті баяндайтын қисса берілген. Онда Абыл өз туысы Қабылды жазықсыз өлтiргені, осы арқылы әу бастан берi жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік арасындағы күрес жалғасын тауып келе жатқандығы бейнеленедi. Абыл өз бауыры Қабылды кінәсіз өлтіру арқылы жұмыр жер бетiнде ең алғаш жазықсыз қан төгуші ретінде сынға алынады. Тағы бір көңіл аудартатын жайттың бірі осы сүренің атауымен байланысты. Кезінде Иса пайғамбар қауымының өтініш-талабы бойынша пайғамбарлығының бір дәлелi ретінде Аллаһ тағала тарапынан «Маиданы» (тағам мәзірлері дайын дастарқан) түсіреді. Мұндай таңғажайып оқиға барысы «Маида» сүресі деп аталып кетуіне себеп туғызған. Ақын бұл сүреден хабардар болып қана қоймай, осы сүренің 42-аятының соңғы бөлігін қара сөзіне мысал ретінде ұсынғаны — ойланатын мәселе. Мұнымен ғана шектелмей хакім Абай Құрандағы «Бақара» атты сүренің әртүрлі үш аятын бірінен соң бірін дәйек ретінде береді. Олардың біріншісі: «Аллаһ жолында мал сарп етiңдер! (Сараң, қорқақ болып) өздерiңдi өз қолдарыңмен қауіп- Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(53). 2010 75 қатерге салмаңдар. Игi (жақсы) iс істеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ игiлiк (жақсылық) жасаушыларды жақсы көреді»,– деген «Бақара» сүресінің 195-аятының ең соңғы «Уа ахсину, инналлаһа юхиббул-мухсинин», яғни «Игi (жақсы) iс істеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ игiлiк (жақсылық) жасаушыларды жақсы көреді», – деген тіркесін келтіреді. Сосын екінші: «Адамдарға жақсы іс жаса деп бұйырасыңдар да өздерiңдi ұмытасыңдар ма?! Сендер кiтапты оқисыңдар. Сонда да ойланбайсыңдар ма?!», — деген 44-ші аятының алғашқы «Әтә мурун-нәәсә бил-бирри», яғни «Адамдарға жақсы іс жаса деп бұйыра- сыңдар…» — деген бөлігі ғана алынады. Тағы үшінші кезекте осы сүренің: «Ал және сондай иман келтiрiп, игi амал iстегендер жұмақтық болып, олар онда мәңгi қалады»,- деген 82-аяты толықтай қамтылады. Бұл да ақынның діни білімінің қаншалықты тереңдігін, жан-жақтылығын аңғартса керек. Себебі Құран- дағы ең ұзын сүренің әр жерінен аяттарын таңдап мысал ретінде келтіру кез келген адамның ойы жете бермейтін нәрсе екендігі дау туғызбайды. Керісінше, бұл хакім Абай Құран- ды шамасы жатқа білген-ау деген ойға жетелей- ді. Әрине, бұл зерттеуді, дәлел, айғақты қажет етеді. Дей тұрғанмен «Абай он жасынан молда- дан дәріс алса, он үш жасында Семейдегі Ахмет-Ризаның медресесінен білім алды» /5, 7/. Осы тұрғыдан Құран аяттарымен жан-жақты таныс болғандығын пайымдау қиынға соқпайды. Отыз сегізінші қара сөзде үш аяты мысалға дәлел ретінде келтірілген «Бақара» сүресі — Құранда реттік саны бойынша «Фатиха» сүресінен кейінгі екінші тұрған сүре. Бұл сүре Медине қаласында түскендіктен түскен жеріне қарай мединелік сүрелер санатына жатады. Барлығы екi жүз сексен алты аяттан құралып, Құрандағы ең ұзын сүре саналады. Бұл сүренің атауы «Бақара», (сиыр) болуы осы сүреде келтірілген сиыр жайындағы қиссамен (оқи- ғамен) байланысты. Осы сүреде сиыр жайындағы мәселе көте- ріле отырып, адамның сенiм-нанымы, тағат- құлшылығы, неке, талақ, идда (әйелге күйеуі талақ еткенде, кесімді түрде ажырасуға шешім қабылдағанда әйелдің ерімен ажырасқан халде тұрмысқа шықпай тұратын мерзiм) адамдық мiнез-құлық сияқты қоғамдағы аса маңызды шариғат үкiмдер жайында сөз қозғалады. Осы сүренің бастапқы аяттарында бір Аллаға иман келтірген жандардың сипаттары айшықталып, сосын тілімен ғана иман келтірдік деп ішкі жан дүниесі күпірлікке, имансыздыққа батқан екi жүздiлер (мұнафықтар) жайында айтылып, олардың істері сынға алынады. Сондай-ақ осы сүреде бүкіл адамзаттың атасы – Адаматаның және оның зайыбы Хауананың жаратылуы әрі ол екеуінің жұмақтағы жағдайы мен жер бетіне түсуге себеп болған жайттары баяндалады. Осы сүренің шамамен үштен бiр бөлiгiнде «Кiтап иелерiнiң» (Таурат пен Інжiлге иман келтiргендердің) іс-әрекеттері суреттеледі. Ал енді бір бөлігінде өсiмқорлыққа тоқталып, Аллаh пен Оның елшісінің оған қарсы соғыс ашқаны жария етiледi. Сүренiң қорытынды бөлiгiнде мұсылмандарды бір Аллаға жалбары- нуға, шақырып, әрқашан ізгі амалдар жасауға үндейді. Қорыта айтқанда, бұл сүреде бүкіл адамзат баласының бастауы мен Жаратушы- сының бір екендігі паш етіліп, баршаны ынтымақ-бірлікке, татулыққа, түсіністік пен сыйластыққа шақырады. Қара сөзде келтірілген соңғы аят Құрандағы: «Уа әммәл-ләзина әәмәну уә амилус-салихати фә юуәффиһим ужураһум уаллаһу лә юхиббуз-залимин», яғни «… және сондай иман келтiрiп, игi (жақсы) амал iстегендер, сондай олардың сыйлықтары (сауаптарын) толық бередi. Аллаһ залымдарды жақсы көрмейді», — делінген мағынадағы «Әли Ғимран» сүресінің 57-аяты. «Әли Ғимран» сүресі мединелік сүрелер қатарына жатады. Аяттарының саны екi жүз, ал реттік саны — үш. Бұл сүреде Медине қаласындағы мұсылман қауымының басынан өткерген һижреттің (Мекке қаласынан Медина қаласына жасалған көштің) екiншi жылында болған Бәдір соғысы, сондай-ақ һижреттің үшiншi жылында орын алған Ухуд соғысы кезiнде, әрі бұдан кейiнгi дәуiрлерде бастан кешкен жағдайлар мысалға келтіріліп, олар мұсылмандарға өмiршең ғибрат-өнеге ретiнде беріледі. Осы болған оқиғалар жайында пiкiр айтылып, шариғи үкiм, заңдар баян етiледi. Негізінен, бұл сүреде дiннiң негiзiн құрай- тын басты екi қажеттiлiк түсiндiрiледi: бiрiншiсi — ақида (дұрыс сенім), Алланың бiреу-ақ екендігіне байланысты бұлтартпас дәләлдер болса, ал екіншісі – ислам шариғаты заңдары, әсiресе Аллаһ жолындағы күреске (соғысқа) байланысты мәселелер (бұйрықтар) түсін- діріледі. Егер бұл сүредегі оқиғалар желісін «Бақара» сүресiнде көтерілген мәселелермен салыстырып қарасақ, «Бақара» сүресінде, негізінен, (бұрын түсiрiлген) Кiтап иелерiнiң, оның ішінде яһуди қауымы әрі олардың іс-әрекеттері мен қылмыстары қарастырылса, «Әли-Ғимран» сүресінде Кiтап иелерiнің, оның ішінде христиандар жайындағы жайттар сөз болады. Осы христиандар қауымының Иса пайғамбарды 76 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4(53). 2010 «Kұдай» деп тануларының өрескел кешіріл- мейтін қате екендiктері айқын дәлелдермен жан-жақты баяндалады. Бұл сүренің атауы Мәриям (Иса пайғамбардың анасы) ананың атасы Ғимранның әрі оның отбасы жөнiнде қиссамен байланысты. Сондықтан бұл сүре «Әли-Ғимран», яғни «Ғимранның отбасы» деп аталады. Міне, осылайша кемеңгер хакімнің отыз сегізінші қара сөзінде келген Құран мәтіндеріне үңіле отырып, олардың қай сүренің нешінші аяттары екендігін нақты көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ аяттары дәлел ретінде ұсынылған сүрелердің атауы әрі оларда көтерілген басты тақырыптар мен қиссалар туралы да қысқаша мағлұматтар бердік. Мақаланы түйіндей келе, отыз сегізінші қара сөзде келген Құран мәтіндерін арабша түпнұсқа қалпында жеткізуі, оны орынды пайдалануы ақын Абайдың хакімдігі, даналығы мен діни сауаттылығы қаншалықты жоғары екендігінің бірден-бір айғағы болар деп білеміз. Бұдан басқа көптеген қара сөздері мен өлең жолдарында айтылған ойдың Құран аяттарының мән-мағынасымен ұштасып жатқандығын байқағанда хакім Абайға тағы да бір бас иіп, құрмет көрсетіп, оның ұлылығын мойындамасқа шара жоқ.

Читайте также:  Жорға жарыс туралы

Оставить комментарий