Абсолютті тауар

Абсолютты объект ол құндылығы нөлге тең, сапасы ажыратусыз, бірақ, өзі өз­өзінен объекттен бетер объект жасау арқылы сытылып кететін объект. Бұл шексіз асқақтау, бұл екі есе революциялық қозғалыс, себебі, ол жаттануға, ажыратусыздықтың бұлтартпас жолымен жүріп, өзінің өз терминдерімен жауап береді. Міне, Бодлер абсолютты тауар туралы ілімінде осы жобаның алдын алады. Қазіргі кезеңде тауар бәсіне қарсы қойылған өнер (өнер туындысы) өзінің құтқарылуын сыни жоққа шығарудан емес (ондай жағдайда ол кекесінді және әлсіз айнаға айналады, сол сияқты кезінде сыни жоққа шығару арқылы диалектикалық ой машығы тек капиталдың кекесінді және әлсіз айнасына айналды), тауардың формалды және фетиштелген абстракциясынан асқақтаудан, тауардан бетер тауарлыға айналған айырбас бағасының құтыруынан іздеуге тиіс. Егер тауар нұсқасы объекттің бұрынғы идеалдылығын жойса, (оның сұлулығын, оның өз болмысын және оның қызметкерлігін), онда оны, тауардың формалды мәнін жоққа шығару арқылы тірілтуге тырысудың қажеті жоқ, керісінше, және мұнда Бодлердің айтуынша, қазіргі әлемнің азғыруы және авантюрлі азғыруын құрайтын қазіргіліктің барлық стратегиясы бар, — осы құндылықтардың ажыратылуын аяғына дейін жеткізу керек. Олардың арасында енді диалектика жоқ, синтез — осал шешім, диалектика — өткенді аңсайтын шешім. Табанды және қазіргі шешім: тауардағы барлық жаңа, оригиналды, тосын және көкейкесті нәрсенің бәрін мүмкіндендіру, ал дәлірек айтсақ, пайдалы және құндыға формалды немқұрайлылыққа, қайтарымы жоқ айналымға жол беру. Өнер туындысы мынандай болуға тиіс: онда тітіркеністің, ыңғайсыздықтың, тосындылықтың, алаңдатушылықтың, өткіншіліктің және, тіпті, өз­өзін жоюдың кенеттілік пен шынайылықтан тыс, немесе тауарда бар нәрсенің барлығы болуға тиіс. Эстетикалық қуаныштың бір түрінде айырбас бағасының қатыгездігін паш ету ләззатына жаттанудың ажыратылмас жолдарына деген ирония қосылуға тиіс. Міне, сондықтан Бодлердің феерикалы ироникалық, бірақ, диалектикалы емес логикасында өнер туындысы модаға, жарнамаға толық ұқсас жұмбақтың салтанатына өзінің сатылғыштығымен, өткіншілігімен, ештеңеге қатыссыз эффектерімен, кездейсоқтығымен және бас айналдыруымен таңырқау тудыратын өнер туындысы — ғажап коммутацияның таза объектісі, себебі, себептер жоқ болған жағдайда барлық салдарлар шартты түрде теңбе­тең боп шығады.

Читайте также:  ТӨҢКЕРІС ЕҢБЕК МЕКТЕБІН ТУҒЫЗДЫ

Олардың да бейшара бола алатынын біз тамаша түсінеміз, бірақ, тек өнер туындысы ғана осы бейшаралықты фетиш қылады. Азғырудың жаңа формасы: ол енді келісімшілік салдарларының билігі емес, иллюзия мен эстетикалық түзілімдерінің билігі емес, одан гөрі ол азғыру бас айналдыруының нұсқасына ұқсас, бірақ, айырмасы неде екенін ешкім білмейді. Кәдімгі тауар тек өндіріс әлемін тудырады — және ол меланхолиялық болуға тиісті емес! — ал абсолютті тауардың құдіретіне көтерілгесін, ол азғырудың эффекттерін тудырады. Өнер объектісі, жаңа салтанатты фетиш өз­өзінен өзінің дәстүрлі шырайын өзіндегі билігі мен иллюзия құдіретін өзгертіп, тауардың таза абыройсыздығына айналу үшін еңбек етуге тиіс. Ол өзін кәдімгі объекттерінде жойып, орасан зор құбыжыққа айналуға тиіс. Бірақ, бұл құбыжықтық тапталған және жаттанған объекттің алаңдатушы құбыжықтығы емес, бұл объект ой астамшылығымен де, немесе жасырын азабымен де тарта алмайды, ол өзінің қайдан келтені белгісіз нағыз азғыруымен, өзінің таза объектке, таза оқиғаға айналғанымен тартады. Бодлерде 1856 жылы Бүкіләлемдік көрмеде тауардың трансфигурациясын зерделеуден пайда болған бұл перспектива көп баптары бойынша Вальтер Беьяминнің перспективасынан асып түседі. Осы тақырыпқа арналған шығармасында ол қасиетті және қайта өндіру дәуіріндегі объекттің нағыздылығынан өте саяси (демек, саяси өтеусіз) детерминацияны шығарады, сөйтіп, ол меланхолиялық қазіргілікке шығады, ал Бодлердің қазіргі заманға шексіз жақын шешімі бойынша, тек таза объектке, таза оқиғаларға қатысты тартымдылық деп атауға болатын заманауи құштарлықпен азғырудың жаңа нұсқаларын зерттеу керек. Осы іш пыстырар жаттану ілімі алдында (алайда, ол тек XIX ғ. әлжуаз ой машығына ғана күйретпелі ықпал етті), Бодлер табандырақ боп шықты, мүмкін, тауар шабуылының тарихта алғаш көрініс беруіне байланысты осы сұранысқа қандай жалғыз жөнді жауап, эстетикалық және метафизикалық, ироникалық және шатты жауап беру керек екенін артығырақ түсінді. Оның абсолютты тауар идеясы барлық салаларда да табанды перспектива мәнісіне ие.

Читайте также:  Ленин орденді Исатай Сүйеубаев

Оставить комментарий