Адам ақыл — парасаты туралы

Ақыл-­ой туралы ізденіс, жағымдылық пен пайдалылық. Ақыл-­ой адамды басқа сезімтал нәрселерден жоғары (қоятындықтан) және оған өзгелерге үстірт қарайтын артықшылық пен үстемдікті орнатқандықтан, осы бекзаттығының арқасында ол, сөзсіз, арнайы зерттеуге лайықты. Ақыл­ой сығырайған көз сияқты өзін өзі байқамай, қалған барлық заттарды көруге және қабылдауға мүмкіндік ашады. Ақыл­ойды әйтеуір жоғарылату және зерттеудің өзіндік объектісі ету үшін өнер мен еңбек қажет. Осы зерттеу барысында қандай қиыншылықтар болмасын, өзімізді нендей мағлұматсыздықта ұстамайық, біз өзімізге жібермек ақыл күштің нұр сәулесі, өз зердемізбен таныспақ әрбір әрекет жанға өте жайлы ғана емес, сондай­ақ ойымызды басқа заттарды зерттеуге демеулік етуге пайдалы екеніне де бәрібір сенемін. 2. Мақсат. Адамдық танымның шығу тегін, растылығы мен көлемін наным­сенім, пікірлер және көз жетушілік негіздермен, тіпті дәрежелерімен бірге зерттеу менің мақсатым болғандықтан, енді мен жанды физикалық тұрғыдан қарастырудан қалыс қалып, онымен шұғылданбаймын. Мен жанның мән­жайы туралы, дененің қандай өзгерістерінің барысында біз сезім органдары арқылы қандай сезімдерді немесе ақыл­ойдағы қайсыбір идеяларды алатынымыз немесе өзіңнің қалыптасуында кейбір немесе бүкіл осы идеялар материядан тәуелді ме, әлде тәуелсіз бе деген мәселелер туралы ізденістерге арнайы тоқталғым келмейді. Бұл мәселелер қаншалықты тартымды және қызықты болмасын, олар менің міндетімнен тыс болғандықтан, оларды мен қарастырғым келмейді. Адамның танымдық қабілеттерін, олардың күнделікті объектілермен шендесуін іздестіру менің мақсатыма жатады. Егерде біздің ақыл­ ойымыз тарихи анық тәсілдер арқылы заттар туралы ұғымдарға жеткізетін жолдарды айқындап беретін немесе негіздері әртүрлі, әртекті және қайшылыққа толы адамдар арасында кезігетін сенімдердің растығын байыптайтын өлшемдерді өрбітсе, онда мен айтайын деп отырған ойларымды түгелдей пайдасыз дей алмаймын. Оның үстіне, бұл сенушілік адамдардың пікірлеріне құлақ түргізіп, оларды қабылдаудағы қайшылықтың әрі сүйіспеншілік пен тілектестіктің толы екенін бірсыдырғы аңғартса, онда затқа лайық шындықтың немесе адамзаттың оны танып білетін лайықты тәсілдері жетіспес деген күдікті сейілтеді. 3. Метод. Заттар туралы нақты білім жетіспегенде, біз анау­мынау ұсыныстармен өзіміздің келісімізді басқара білуіміз және сенімімізді ырықтауымыз керек. Осыдан пікір мен білімнің арақатынасын талдаудың, шегін іздестірудің қажеті артуда. Сол үшін мына методтарды пайдаланбақшымын. Біріншіден, мен адам жан­тәнінде айқын сезінетін және түсінетін идеялардың немесе ұғымдардың (оларды тіпті қалай деп атасаңыз да еркіңізде) шығу тегін, соңына оларды үйіретін ақыл­ойдың жолдарын зерттеймін. Екіншіден, Мен ақыл­ой арқылы осы идеялар қандай танымға жететінін, сондай­ақ осы танымның растылығын, айқындылығын және көлемін көрсетіп беруге тырысамын. Үшіншіден, Мен сенімнің немесе пікірдің табиғаты мен негіздеулерін зерттеймін. Мұны мен қайсыбір дұрыс сөйлеммен, бірақ оның дұрыстығы туралы дәйекті түсінік болмаса да онымен келісу (келістіру) деп ұғамын, осыған орай біз бітер келісімнің дәрежесі мен негіздерін зерттеу ыңғайына ораламыз. 4. Біздің тану қабілетіміздің қалай кең көсілетінін білу пайдалы. Егер осы зерттеу барысында ақыл­ойдың күш­қуатын, қалай көсілетінін, оның қандай заттарға қалай сәйкес келетінін және қайтіп өзгеретінін көрсете білсем, менімше, ол адамның әрекетшіл рухын сақтыққа пайымшылдау еткізсе, ал қабілетіміз заттардың ықпал етер күшінен асып түспей, әрі өзіміз білмейтін заттарға ілтипатты төзімділікпен қарат­қызыл, танымның шебінде шектелінсе, онымыз пайдалы болмақ. Сонда жалпы білімге еліктеп талпынудан гөрі біз, мүмкін, заттарға біздің танымдық қабілетіміз бейімделмесе де, ол туралы мәселелерді асығыс көтермей, өзімізді және өзгелерді пікірталастық тұйыққа ұрындырмай­ақ, ақыл­ойда оған қатысты анық және айқын ұғымдардың, тіпті (онсыз да жиі кезігетін) ешбір де ұғымның болмауы ықтимал. Егер біз ақыл­ойдың қаншалықты таралатынын және оның қаншалықты дәлдікке жете алатынын түсіндіруге дайын екенін, әрі ол қандай жағдайларда пікірлер мен болжамдарды құрастыратынын білсек, онда біз осы жағдайда қол жеткізетін нәрсемен қанағаттануды үйренеміз. 5. Біздің қабілеттеріміз біздің жағдайымыз бен мүддемізге сәйкес келеді. Сонымен, біздің ақыл­ойымыздың танымдық күш­қуаты барлық заттардың аумағын қамығуға анау айтарлықтай жеткілікті болмаса да, біз өз ортамызда жасампаз күштің басқалардан артық танымдық дәрежесі мен үлесін марапаттауға жеткілікті негіздерді өмірден таба аламыз. Адамдар Құдайдың өздеріне лайықты мейірімділігіне қанағаттанар негіз табады, өйткені апостол Петрдің айтуынша, ол адамдарға (өмірдің ықшамды болуы және игілікке жету үшін қажетті), тіпті олардың танымдық қабілеттерінің шеңберіне нағыз лайықты тәсілдерді және жаңа өмірге жеткізетін жолды енгізді. Адамның білімі бар нәрселерді жалпы өрі жетік түсінуден анағүрлым алшақ болса да, ол бәрібір адамның ең мәнді мүдделерін қамығуға жеткілікті. Содан адамның өзінен жасампазды тануға және өз міндеттерін түсінуге жетерлік нұр табылады. Егер адамдар өзінің ұйымдасуына ашық қарсы шықпай, әрі қол бәрін ұстауға қауқары жетеді демесе де, қасындағы бар игілікті шашпаса, онда олар өздерінің басы мен қолдарын әртүрлі, өте жағымды және қанағаттанарлық жұмыспен шұғылдандыруға лайықты материал тапқан болар еді. Егер біз ақыл­ойымызды пайда әкеледі ғой деп, оны қабілетіне орай пайдалансақ, онда өзіміздің жеткілікті күш­қуатымыздың кемтарлығына шағынатын себептер болмас еді; егер де біз ақыл­ойдың жетер шебінен тыс заттар бар деп танымдық қабілеттердің артықшылығын бағаламасақ және олардың мақсатқа лайықты жетістіктерін ескермесек, онымыз кешірімсіз. әрі балалық еркелікке ұқсамақ. Күн сәулесі жетіспейді деп, шамшырақ жарығында жұмыс істегісі келмейтін жалқауды, асау қызметшіні кешіруге болмайды. Біздің ықыласымызда жалындаған жарық барлық мақсатымызға бірдей нұрын төгеді. Сол нұр сәуледе істелінетін жаңалықтар бөрімізді де қанағаттандыруы тиіс. Егер біз қабілеттерімізге лайықты тәсілдермен барлық заттармен бір бағытта, әрі бізге ұсынатын негізде шұғылданатын болсақ, онда біз өз ісімізді орнықтыру үшін біржақты дәлел мен нақтылықты талап етпей­ақ, жорамалмен жету мүмкіндігін де іздестіреміз. Егер біз нақты нәрсені біле алмаймыз деген сылтаумен ешнәрсеге сенбейтін болсақ, онда біз аяқтарымен жүрмей қимылсыз қалатын, ұшуға қанатым жоқ, содан апатқа ұшырармын деп аңырап қалатын ақылды адамға ұқсаймыз. 6. Өзіңнің танымдық қабілеттеріңді білу скептицизм мен ойлану әрекетсіздігінен сақтандырады. Біз өз күш­қуатымызды білген сайын, өзіміздің табысқа жетпек ниетіміздің әрекетін бұрынғыдан да дұрысырақ ұғамыз. Егер біз өз ақыл­ойымыздың қуатын жақсырақ зерттеп, одан не күтерміз дегенді бағалай алсақ, онда, бір жағынан, әрекетсіздікке деген ыңғай және жалпы бір нәрсені білсем деп талпынбайтын ынжықтық күш алмайды, бір жағы, біз бәрінде зерттей бермейміз және кейбір заттар ақылға қонымсыз деп кез келген білімді текке шығармаймыз. Теңізшіге өз лотасының ұзындығын білу тіптен пайдалы, бірақ онымен мұхиттың түрлі тереңдігін өлшей алмайды. Ол үшін жүзу бағытын білдірткізетін және таяздыққа отырғызбайтын линнің ұзындығын білудің өзі жеткілікті. Мұндағы басты мақсат — бәрін білу емес, біздің мінез­құлқымызға маңыздыны білу. Егер адамның бұл өмірдегі күйін білдіретін, ондағы пікірлер мен олардан туындайтын қимыл­әрекеттерді басқаруға болатын және тиісті жайды ақылға салатын өлшемді таба алсақ, онда кейбір заттар біздің танымнан тыс қалып қояды деп қымсынуға болмайды. 7. Осы Тәжірибені жазуға септілік. Алдымен мына толғаныстар ақыл­ой туралы осы Тәжірибені жазуға септігін тигізді. Сонымен, өзіміздің ақыл­ойымызды зерттеу, оның өзіндік күш­қуатын қарастыру және оны қалай пайдалануды ескеру, мұның бәрі, меніңше, адам жаны баурайтын түрлі мәселелерді іріктеудің алғашқы қадамы болмақ. Меніңше, ізденістің осы шартын орындамайынша, өзімізге ең маңызды деген шындықты бірқалыпты және тыңғылықты игеруден қанағат табу үшін болмыстың шексіз мұхитына ойымыз әр саққа тектен­текке ағытылады да, біз шексіз кеңістіктің бәрін де ақыл­ойымыздың табиғи да даусыз меншігі ретінде қарастырып, оның анықтауы мен түсінігінен ешнәрсе тыс қалмайтындай көрінеді. Егерде адамдар ізденістерін осылайша өз қабілетінен шеткері тысқа бағыттай отырып, ойларын негізі жетіспейтін тереңдікке кездіріп жіберсе, онда олардың ешқашанда ашық шешімге келтірмейтін тек олардың күдігін қолдайтын және көбейтетін, сүйтіп оларды ақыры абсолюттік скептицизммен нығайтатыны жөне айтыс­тартысты көбейтетіні таңғаларлық жай емес. Оның үстіне, біздің ақыл­ойымыздың қабілеттері мұқият талқыланып, танымның шебі, тіпті біз түсінетін не түсінбейтін заттардың айқын және күңгірт жақтары анықталынса, онда адамдар ашық білмейтін жақтарымен келісіп, әрі өз ойлары мен пайымдауын пайдасы мен қанағаты басым оның басқа жағына жұмылдырған болар еді. 8. «Идея «деген сөз нені білдіреді.(2) Адамның ақыл­ойына қатысты ізденістер жайлы мына нәрсені баса айтқанды жөн көрдім. Осы зат туралы өз ойыма көшерден бұрын, кейінгі кіріспедегі мәліметте «идея» сөзін жиі қолданатындығыма оқырманнан кешірім сұрағаным орынды болар. Өйткені бұл термин, меніңше, басқа терминдермен салыстырғанда адамның ойлану объектісін дұрыс жеткізеді, содан бұл терминді «еліктету», «ұғым», «түр» сияқты сөздерді немесе ойлану кезінде жанның немен шұғылданатынын білдіру үшін қолданамын. Сондықтан оны жиі қолданудан тартынбадым. Меніңше, мұндай идеялардың адам жанында болатынын қолдаушылар аз болмас. Әркім оларды өзінше түсінеді, ал басқалардың сөздері мен қимыл­әрекеттері идеялардың өзгелерде де болатынын растайды. Біздің бірінші зерттеулеріміз идеялардың жанға қалай оралатын мәселеге арналмақ.

Читайте также:  Караджери жетпегі

Оставить комментарий