Адам есімі хақында бірер пікір

Біздің «Манвантарадағы атлантикалық дәстүрдің орны» туралы очеркімізде сөзбе­сөз мағынада Адам есімі «қызыл» дегенді білдіретінін, осыдан келіп көне еврей дәстүрінің қызыл нәсіл дәстүрі болып табылатын атлантикалық дәстүрмен байланысының бір айғағын көруге болатынын айтқанбыз. Екінші жағынан, әріптестеріміз Артос өзінің «қанның кейбір құпиялары» қызғылықты сипаттамасында Адам есімінің шығу тегі әр қилы нұсқаларды қарастырады: бұл есім «жерден шығарылған» (адама) дегенді білдірер дағдылы түсініктеме туралы еске сала отырып, ол басқадан гөрі, дам, «қан» сөзінен шықпады ма екен деп сұрайды, әйткенмен, бұл нұсқалар арасында айтарлықтай айырма жоқ, себебі, бұл екі сөз бір ғана түбірден өрбиді. Ескерте кетелік: Адам есімінің, оның «топырақ» деп аударылатын адама­дан шыққанына қайта­қайта қадалатын, өрескел этимологиясы тіл білімі тұрғысынан еш негізсіз; қайта, тіпті, керісінше, адама сол есімнен туындайды деген долбар жөн; бірақ, шын мәнінде, бұл екі зат есім қызыл түсті білдіретін адам сөзінің түбірінен бастау алады. Адама сөзі, ең берісі, бастапқыда, не жалпы топырақты (эрец), не топырақ элементін (йабаша — түп мағынасы осы элементтің аса маңызды мінездемесі ретіндегі «құрғақтық» қасиетіне нұсқайтын сөз) білдірмейді; бұл, анығын айтқанда, ерек созылымдығына орай, белгілі бір мүмкіншілікті кейіптей алатын, ең алуан пішінге ие болу қабілетін кейіптей алатын қызыл саз балшық; сондықтан, қышшы жұмысы манифестация ансамбліне кіретін және өз бастауын әдепкі, сондықтан, елі бөлшектенбеген субстанциядан алатын кез келген затты жарату символы ретінде өте жиі қарастырылады.

Дәл осы себептен «қызыл топырақ» өзі «алғашқы материя» символдарының бірі ретінде қарастырыла алатын герметикалық символизмде ерекше маңызға ие, әйткенмен, егер соңғы ұғымның дәл мағынасын қатаң ұстансақ, мұндай рольге «қызыл топырақ», ендігі белгілі бір қасиеттерге ие болғандықтан да, жарай қояр ма екен. Қоса кетейік, топырақ атауы мен күллі адамзаттың өкілі ретінде қарастырылатын Адам есімі арасындағы жақын үйлестік басқа формада латын тілінде кездеседі, ондағы humus, «топырақ» сөзі, сондай­ақ, homo және humanus сөздеріне өте ұқсас. Екінші жағынан, егер сол Адам есімінің қызыл нәсіл дәстүрімен байланысына қайта оралсақ, топырақтың элемент ретінде дүниенің басқа тараптарының ішінде дәл Батысқа сәйкестігіне көңіл аударған жөн және де, осы сәйкестік тек біздің бұрынырақ айтып кеткенімізді растай түседі. Дам, «қан» сөзі (еврей тілінде де, араб тілінде де бірдей), сондай­ ақ, сол бір адам түбірінен өрбиді: қан қызыл түсті сұйықтық, яғни, осы сапасын ең тікелей айқындықпен аңдататын нәрсе болып табылады. Түбірде болатын басқы «әліп» әрпі бұнда туынды сөзден түсіп қалады, бұл, жалпы айтқанда, тіптен, әлдеқандай ережеден тыс қағида емес; бұл «әліп» әрпі берілген жағдайда, лингвистикалық тұжырымдамалары жиі тым еркін болып келетін, Латуштың пайымдауынша, бұл жерде дербес мағынаға ие болардай ешқандай да сөз алдындағы қосымшаны (приставка) құрмайды. Осылайша, бұл қан атауы мен Адам есімі арасындағы ұқсастық, сондай­ақ, шүбәсіз болып табылады және дәл осы сөздердің ортақ түбірден өрістейтіндігімен түсіндіріледі; бірақ, бұл екі жағдайда да тура өрістеушілік болып табылады, себебі, адам сөзінің түбірінен алдымен дам сөзіне, ал, содан кейін ғана одан Адам есіміне ауысу мүлде мүмкін болмас еді.

Читайте также:  Анархиялық қоғам туралы

Сірә, біз, жағдайға біраз басқаша, тіл білімі тұрғысынан оншалық қатал емес қарап, дәл қанының түсіне бола адамды бұл жағдайда «қызыл» деп атайды деп айта алар едік, бірақ қан адамда ғана емес, сонымен бірге, көптеген басқа жануарларда да болатындықтан, бұл түсініктеме қанағаттанарлық болып табылмайды, сондықтан да, бұл қасиет, бөле­жара адамға қолданылатын қандай да бір мінездеме болып таныла алмайды. Шынында да, герметикалық символизмде жасыл (көк) түс өсімдіктер патшалығын, ал, ақ минералдар патшалығын символдайтыны тәрізді, қызыл түс жануарлар патшалығын символдайтын түс болып табылады; және де, қызыл түске қатыстыда да бұл, мұндай жағдайда жануарлық»жандылықтың» «тірегі» не, тіпті, анығын айтқанда, бұл жандылық болатын «орын» ретінде қарастырылатын қанның мәніне тұп­тура сәйкеседі. Екінші жағынан жағынан, егер Адам есімінің қызыл нәсілге сәйкестігі туралы сипатына қарай неғұрлым жеке тұрғыдағы мәселеге оралсақ, қызыл түстің онда да, мұнда да болуына қарамастан, бұл сәйкестікті қанның жалпы организм түзілісіндегі басым ролімен байланыстыру мүмкін емес дерлік көрінеді, себебі, қанның басымдығын діттейтін сангвиникалық темперамент сияқты, қан топырақтың емес, оттың элементіне сәйкес келеді; дүниенің басқа тараптары ішінде оңтүстікке сәйкес келетініндей, от элементіне де дәл сәйкес келетін қара нәсіл бар. Адам түбірінен туындаған сөздер қатарында, сондай­ақ, «жирен» мағынасына ие және Адам есімінен тек дауысты әріптермен ғана өзгешеленетін едом сөзін атайық; Тауратта Едом — Есаудың лақап аты, одан оның ұрпақтарына берілген «едомдықтар» атауы, сондай­ақ, олар өмір сүрген ел атауы ретінде Едом өрбиді, бұл мағынасы бойынша еврей тілінде Едом есімінің жай ғана әйел тегіне қатысты қолданысы болып табылатын атау. Бұл Зогар Кітабында сөз болатын «Едомның жеті патшасын» еске салады және де Едом мен Адамның жақын туыстығы бұл есімнің мұнда жойылып кеткен адамзат нәсілдерін белгілеу үшін, яғни, ілгерідегі Манвантараларды белгілеу үшін қабылданған себептердің бірі болуы мүмкін. Сондай­ақ, осы соңғы мәселемен, «арғы адамдар» туралы ұғым­түсініктер арасындағы байланыс та айқын болып табылады: егер Адамды шығу тегі жөнінен қызыл нәсілмен және сәйкес дәстүрмен байланысты тіршілік иесі ретінде қарастырса, «арғы адамдар» осы адамзат циклі басталғанға дейін­ақ тіршілік еткен жай бір басқа нәсілдерді деп түсінеді; егер де Адам, жиі болатынындай, қазіргі өмір сүріп жатқан күллі адамзаттың прототипі болса, онда сөз «Едомның жеті ханы» туралы аңызда екіұшты емес, анық ишара етілген адамзаттың барлық ілгерідегі күйлері туралы болып отыр.

Читайте также:  Рукин отрядының қазасы

Кез келген жағдайда бұл мәселе желеу болып табылатын пікірталастар көбінесе бекер болып шығады, өйткені, шын мәнінде бұл жерде ешқандай түйткіл жоқ; шынында да, олар, ең кемі, ислам дәстүрінде болмайды, онда хадисте, Пайғамбар сөзінде: «бізге белгілі Адамға дейін Құдай тағы жүз мың Адамды жаратқан» деп мәлімденген, бұны циклдік кезеңдер мен соларға сәйкес адамзат күйлерінің көптігі туралы тұжырым ретінде түсінуге болады. Біз қан туралы организмнің бүкіл өмірлік күштерінің «тірегі» ретінде айтып кеткендіктен, енді бізге қан, шынында да, органикалық дененің тірі тіршілік иесінің «нәзік» күйлерімен байланыс желілерінің бірі болып танылатынын, ол күйлер жиынтығын дәстүрде этимологиясы (anima) тап сол тірі организмнің тірілу, «анимация» принципіне нұсқайтын сөзбен — «жан» (нефеш хайя Болмыс Кітабы) деп атайтынын айту әбден орынды көрінеді. Бұндай нәзік күйлер индуизм дәстүрінде, ткьяс немесе от элементімен үйлестікте, Тайяса, деп аталады; және оттың өзі оның өзіндік қасиеттеріне қатыстыға келгенде, жарық пен ыстық аспектілеріне бөлініп кететіндіктен де, нәзік күйлер де тән күйлерімен әр түрлі және бір­бірін толықтыратын екі тәсілмен байланысқан болып шығады: оттың жылылық аспектісіне сәйкесетін жағдайда — қанмен, ал, екінші — жарық аспектісіне сәйкесетін — жағдайда жүйке жүйесімен. Шынында да, қан, тіпті, элементар физиология тұрғысынан да организмдегі жылу өткізгіш болып табылады; және осы жайт, бұл туралы біз бiраз бұрын айтып кеткендей, сангвиникалық темпераменттің от элементіне сәйкестігін өте­мөте түсіндіреді. Екінші жағынан, оттың өзінің құрамында жарық жоғарғы, ал ыстық — төменгі аспект болып танылады деуге болады; ислам дәстүрі періштелер «құдайы оттан» (немесе «құдайы жарықтан») жаралған және солардың Ібіліске еріп құдайға қарсы шыққандары өз табиғатының жарық аспектісін жоғалтып, тек қараңғы ыстығын сақтап қалған деп тұжырымдайды; бұл оқиға өз көрінісін араб тілінде ондағы нұр, «жарық» және пар, «от» (ыстық мағынасында) сөздері арасындағы сәйкестіктен тапқан. Ендеше, қан нәзік күйлердің төменгі аспектісімен тура байланыста болады және осы жағдаймен, ең әуелі, қанды, айтқандай­ақ, жануарлар дүниесінде кең таралған, азық ретінде қолдануға тыйым байланысты деп айтуға болады; қанды жұту тіршіліктің «нәзік» желісінің ең тұрпайы элементтерінің көрініміне мүмкіндік туғызып, олар адамның психикалық элементтерімен елеусіз араласып, оны ең оғаш және қауіпті күйлерге әкеп соқтыруы мүмкін. Дәл осы жағдаймен, сондай­ақ, қанды магиялық тәжірибеде, тіпті, (түрлі тамұқ тіршілік иелерін өз жағына тарту амалы ретінде) сиқыршылықта жиі қолданушылық та байланысты; бірақ, екінші жағынан, қанның дәл осы сапалары белгілі бір жағдайларда неғұрлым жоғары деңгейде де, мысалы, кейде жануарларды құрбандыққа шалу қарастырылатын діни де, сондай­ақ, инициациялық та сипатты жоралғыларда пайдаланыла алады; осы жерде берілген мәселеге кейбір қатысы бар Әбілдің құрбандық шалғанына да меңзеуге болады, бұған, бәлки, жағдай келсе, әлі де оралармыз.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Оставить комментарий