Адам философиясы туралы

Біз өзімізге жатпыз, танушы, біздер, өзіміз өзімізге жатпыз: осының өзіндік салмақты себебі бар. Біз ешқашан өзімізді іздеген жоқпыз — бір рет өзімізді тауып алғанымыз, қалай мүмкін болды? Былай деп әділ айтылған: » сіздің қазынаңыз қайда болса, жүрегіңіз де сонда»1: біздің танымымыздың бал омарталары қайда тұрса, біздің қазынамыз да сонда. Рухтың туа біткен бал аралары ретінде біз қашанда жолай бір нәрсемен әуестенеміз; біздің жүрегімізде тек бір қамқорлық ұялаған —»үйге нені» әкелсек екен. Жалпы өмірге, «сезінулер» деп аталатынға келсек — арамызда кім осыған байыпты қарайды? Немесе жеткілікті түрде еріккен? Бұл істермен, мен қорқамын, біз ешқашан шындығында «істің қасында» болғамыз жоқ: оған біздің жүрегіміз — тіпті құлағымыз — ыңғайлы емес. Бәрінен бұрын, әлдебір масайраған алаңғасар және өзіне малтыққан, қашан сағат талтүсте оның құлағының үстінен өзінің он екі соққысын бере бастағанда, сол сәтте оянып кетіп, өзінен былай сұрайды: «шынтуайтында нешені ұрды?»; дәл солай біз кейде құлағымызды түре келе, әбден таң қала және әбден қамдана отырып, мынаны өзімізден сұрастырамыз: «біз шынтуайтында нені басымыздан өткердік?» — ол аз болса, тағы сауалданамыз: «мәнісінде, біз кімбіз?» және сосын біздің қасіреттеріміздің, біздің өміріміздің, біздің тіршілігіміздің барлық он екі Дірілдеуші сағат соққыларын, қалай айтылатындай, кері санап шығамыз — ах! және осында шатасып кетеміз… Біз қажеттілігімізбен өзімізге бөтен болып қаламыз, біз өзімізді басқалармен шатастыруымыз керек, біз өзімізді түсінбейміз, мына қағида біз үшін мәңгілік: «Әркім өзі өзінен ең алыс»2 — өзімізге қатысты біз «танушы» болып табылмаймыз… Уәде беруге батылы жететін жануарды жаттықтыру, ­ міне осы адамға қатысты табиғаттың өзіне жүктеген парадоксты міндеті емес пе? Бұл жеке алғанда адам мәселесі емес пе? .. Бұл мәселенің белгілі бір деңгейде шешілгендігі, кім қарсы әрекеттенуші күшке, ұмытшақтық күшіне тиесілісін бере алатынға, сондай таң қаларлық болып көрінетіндігі ғажайып емес. Ұмытшақтық дегеніміз, кейбір жеңіл­желпі қарастырушылардағы сияқты, қарапайым vis inertiae болып табылмайды; бәрінен бұрын ол, «органикалық ас қорыту» деп аталатын, біздің тәндік қоректенуіміз онда ойналатын, бүкіл мың рет қайталанатын сияқты, бізбен ас қорыту күйінде (оны «рухани ас қорыту» деп атауға мүмкіндік бар) бастан өткізілетіннің, сезілетіннің және сынақтан өтетіннің де санаға аз жететіндігін оған тіркеп қою қажет, белсенді, қатаң мағынасында позитивті ұстап тұрушы қабілеттілік болып табылады. Уақытында сананың есіктері мен терезелерін жауып тұру; біздің жер асты дүниеміздің қызметтік мүшелері өзара жүргізетін, шулау мен күресуден тыс қалу; жаңа үшін, ең алдымен көптеу ізгі текті функциялар мен функционерлер үшін, басқару, жору, алдын алу үшін (өйткені біздің ағзамыз олигархиялық түрде құрастырылған), қайтадан орын тазарту үшін, аздап тыныштық, аздап сананың tabula rasa­сы керек, — ұмытусыз ешқандай бақыт, көңілділік, үміт, абырой, ешқандай қазіргілік мүлде өмір сүрмеуі үшін, одан сол мезгілде мағына шығатын, жан тәртібін, тыныштықты, этикетті әлдебір қамқоршы, қорғаушы ретіндегі, қалай айтылғандай, белсенді ұмытшақтықтың пайдасы тап осындай. Онда бұл ұстап тұрушы, қорғаушы аппарат бұзылатын және істен шығатын, адам диспептикпен ұқсас (және тек ұқсас емес) — оның қолынан ештеңе «келмейді»… Міне осы қажеттілігі бойынша ұмытшақ жануар, онда ұмыту қуатты денсаулықтың күшін, формасын көрсететіндіктен, оның көмегімен кейбір жағдайларда алынып тасталатын, қарама­қарсы қабілетті, жадыны өзінде ендіріп шығарды ­ дәл осы уәде беру туралы болғанда іске асады: яғни, бір рет тырналып жазылған, келген әсерден қарапайым, енжар бас тарту емес, бір рет берілген, бірақ одан құтылуға болмайтын, кепілдікті жай ғана қорыту емес, бірақ белсенді түрде бас тартпау тілегі, бір рет ырық көрсетілгенге үздіксіз талпыну, ­ жігерленудің нағыз жазасы, сондықтан бастапқы «мен қалаймын», «мен жасаймын» және жігердің өзіндік тарқалуының, оның әрекеттенуінің арасына, жігердің бұл ұзын тізбегі жарылып кетпейтіндей, жаңа, бөтен, тіпті ырық актілерінің тұтас әлемі тып­ тыныш қойыла алады. Бірақ осының бері нені ұйғарады? Адам болашақпен еркін әрекетке баруы үшін ең алдымен қажеттіні кездейсоқтан айыра білуге үйренуі, каузальды ойлауды дамытуы, алысты жақын сияқты көруге және алдын алуға, ненің мақсат, ал ненің құрал екендігін сенімді белгілеуге, жалпы есептей және санай білуге үйренуі керек екендігін, — адамның өзі бұл үшін ең алдымен, тіпті өзінің жеке түсінігінде болса да, мұны қалай уәде беруші істейтіндей, өзіне дәл болашақтай кепілдеме бере алатындықтан, саналушы, ретті және қажетті болуы, тап осыны білдіреді! Міне, осы жауаптылықтың пайда болуының ұзақ тарихына жатады. Уәде бере алатын, жануарды жаттықтыру, біз қалай түсінгендей, адамды белгілі бір дәрежеге дейін қажетті, біртекті, теңдестердің арасында тең, қайталанбалы, сондықтан есептеулі жасаудың ең жақын міндетінің шарты және дайындығы сапасын өзінде ұстап тұрады… Онда рахымсыздықтың, тиранияның, топастық пен жарыместіктің қаншама артықшылығы тұрғанымен, адамзат тегі өмір сүруінің ұзақ бөлігінде адамның өзі әзінде жасаған бүкіл тарихқа дейінгі істері мағыналы бола бастайды; мінез­құлықтардың әдептілігі және көндіруші әлеуметтік киімнің көмегімен адам шынында да санаулы бола бастайды. Егер біз осы қорқынышты үрдістің ең түпкі қойнауына ауыссақ … онда біз, өзі тек өзіне тең, мінез­құлықтардың әдептігін қайтадан жеңген, дербес, әсіре әдепті, егемен индивид біздің алдымызда көрініс табады (өйткені автономдық пен әдептілік бірі бірін терістейді), қысқаша айтқанда — бұл өзіндік тәуелсіз ұзақ жігердің, уәде бере алатын адам, ақырында, оның барлық бұлшық еттерінде дірілдейтін, өзінің қуаттылығы мен жетілгендігін сезінетін, жалпы адамның санасы тап осындай. Шынында уәде бере алатын, еркіндік алған, еркін жігердің бұл билеушісі, бұл егемен — кім уәде бере алмайтын және өзіне кепіл бола алмайтынмен салыстырғанда, ол қаншама артықшылықтарға ие екендігін, қаншама сенімге, қаншама Үрейге, қаншама сыйға ол басқаларды иландыратынын — ол да, сол да, үшінші де оның «жетістіктері» ­ бұл өзінің үстінен ие үстемдігімен қатар оған қажетті түрде жағдайлардың, табиғаттың және басқа да тұрақты емес туындылардың үстінен билік жүргізуге ырық берілген бе немесе ол басқаша қисайтылған жігермен жүр ме? «Еркін» адам, ұзақ қайтпайтын жігердің иесі өзінің бұл иелігінде құндылықтың өзіндік өлшеуішіне ие: ол өзіне басқаларға деген құрмет пен ұнатпаудың өлшеуішін өзі тағайындайды; қалай ол өзіне тең, күшті және сенімді адамдарды (кімдер уәде беруге құқылы) сондай қажеттілікпен сыйлайтындықтан — сондықтан кез келген басқаны егемен сияқты уәде беретіндіктен баяу, қиындықпен, сирек өз сенімділігімен марапаттайды…. Жауаптылықтың айрықша артықшылығы туралы паң білімпаздық, бұл сирек кездесетін бостандықты ұғыну, өзінің және тағдырдың үстінен болатын бұл билікті сезіну оны терең қойнауларына дейін кесіп өтті және инстинкт, басым инстинктіге айналды ­ қалай ол оны, басым инстинктіні, өзінде оған сөз табу керек екендігін ойластыра отырып, енді атайтын болады? Бірақ бұда күдік жоқ: бұл егемен адам оны өзінің ар­ұяты деп атайтын болады. Өзінің ар­ұяты?..

Бұл жерде оның жоғары мағынасында, ерекше безендіруде кездесетін «ар» ұғымының ұзақ тарихы мен метаморфозалары бар екендігін алдын ала болжауға болады. Өзіне кепіл бола алу және өзіне мақтанышпен Ия деп айта алу — бұл, бұрын айтылғандай, піскен, бірақ кеш піскен жеміс — қанша уақыт ол ағашта шикі және ащы болып, ілініп тұра береді! Одан да ұзақ уақыт ол жасырын болып қала берді — және оған ешкім уәде бермеді, әйтсе де ағаштағының бәрі соған арналған еді және бәрі соның өсуіне қызмет етті! — «Қалай жануар адамда жадыны жарату керек?» «Қалай бұл жартылай топас, жартылай құтырыңқы өткінші ойлау қабілеттілігінде, бұл ұялаған ұмытшақтықта әлденені қалатындай етіп ығыстыру қажет?»… Бұл ежелгі мәселе, дегенмен, нәзік жауаптар және құралдармен шешілмеген шығар; бүкіл адамзат тарихында мнемотехникадан қауіпті және қорқынышты болмаған шығар. «Есте қалдыру үшін күйдіру қажет: тек ауру туғызатын ғана жадыда қалады» — ең ежелгі (өкінішке орай, ең ұзақ ) психологияның жердегі негізгі тезисі тап осындай. Қазір әлі жер бетінде салтанат, байыптылық, құпия, адамдар мен халықтар өмірінде күңгірт түстер бар болғанда, сонымен бір кезде кепілденгеннен, уәде бергеннен, ант еткеннен қалған, әлдебір қорқыныштың іздері өз жалғасын тауып келеді деп, айтуға да болады: еткен, алыстағы, тереңдегі, қатал өткен шақ, қашан біз байыпты болып көрінгенімізде, бізге үрей және бойлай бастайды. Қашан адам өз жадысын қайта жаңғыртқысы келгенде, ешқашан қан төгусіз, қинаусыз, құрбандарсыз болмады; ең сұрқия құрбандар мен кепілдіктер (осыған тұңғыштарды құрбан ету жатады), жан түршігерлік зақымдар (мысалы, кастрациялар), барлық діни рәсімдердің қатігез тәсілдері (бүкіл діндер өзінің терең мәнісінде қатігездік жүйелері болып табылады) — ол қиналыста мнемониканың аса қуатты көмекшісін тапқан, сол инстинктіден бастау алады. Белгілі бір мағынада осыған бүкіл аскетика жатады: бірнеше идеяларды өшірілмейтін, тұрақты төн, ұмытылмайтын, жапсырылған ету, бүкіл жүйкелік және интеллектуалдық жүйені гипноздау мақсатында осы «желімделетін» идеялардың көмегімен сақтау керек болды… Біз, немістер әзімізді айрықша қатігез және рахымсыз халық деп есептемейміз; бірақ біздің жаза туралы көне ережелеріміз, «ойшылдар халқы» дегенді жаттықтырып шығару үшін қаншама күш жұмсаудың қажет екендігін түсіндіреді… Бұл немістер үрейлі құралдарымен өздерінің радикалды плебейлік инстинктеріне және олардың жыртқыштық тұрпатына бұғау салуымен есте қалады: ескі неміс жазаларын еске аласың, мысалы таспен ұрып өлтіру туралы (саганың өзі диірмен тасының кінәлінің басына құлауын ұйғарады), дөңгелектете өлтіру (жаза саласындағы таза әрі арнаулы неміс гениінің ойлап табуы!), қазыққа отырғызу, атпен жұлқылау немесе таптау («бөлшектеу»), қылмыскерді ыстық майда немесе шарапта қайнату (әлі он төртінші және он бесінші ғасырларда), теріні тіріден сыдырып алу («қайыс белбаулар кесу»), кеудеден етті кесіп алу; сондай табысты түрде кінәліні балмен майлап, шыжып тұрған күнде шыбындардың талауына берген. Осындай амалдар мен әрекеттердің көмегімен, олар туралы қоғамдық пайдаларды қолданумен өмір сүру үшін жадыда бес­алты «мен қаламаймын» дегендерді есте қалдырған, — шынында да! Осы тектегі жадының көмегімен түбінде «ақылға келген!» ­ Ах, ақыл, байыптылық, аффектілерді шектеу, пайымдау деп аталатын, бүкіл бұл күңгірт іс, адамның бүкіл бұл артықшылықтары мен еселенулері: олар үшін қандай қымбат құн төлеуге тура келді! Бүкіл бұл «жақсы істердің» негізіне қаншама қан төгу мен сұмдықтар құйылған! … Қалай дүниеге басқа «қараңғы зат», «күнәні сезу», «таза емес ар» келді? Осында да біз қайтадан біздің мораль генеалогтарына қайтып келеміз. Қайтадан айтамын немесе мен мұны әлі айтпадым ба? — олар ешқайда жарамайды. Ерекше өзіндік, тек «қазіргі ұзындығы бес сүйем тәжірибе»; түк те білім емес, өткенді білуге деген ешқандай талап жоқ; одан да кем тарихи түйсік, міне осында «екінші көру» қажетті — сонда да олар мораль тарихын жазуға кірісейін деп тұр! Бұл, әрине, тым болмаса, олар ақиқатқа алыс болса да, қатынасы бар нәтижелерге апаруға міндетті. Мысалы, бұл генеалогтарға, негізгі моральдық ұғым «парыз» өз бастауын әбден материалды ұғым «қарыздан» алатыны дегенмен қиялдарына болса да, енді ме? Немесе сазайын тартқызу ретінде жазалау жігер еркіндігінен немесе еркінсіздігінен, кез келген алғы шарттан әбден тәуелсіз дамыды ма? «Адам» деген жануар анағүрлым қарапайым ұғымдарды: «әдейі», «байқамай», «кездейсоқ», «толық ақылында» айыра бастауы үшін, керісінше қашанда алдын ала адамгершіліктің жоғары дәрежесі, сондай дәрежеге дейін тәуелсіз болуы талап етіледі, қарама­қарсыларымен де осылай болады және оларды жазаны анықтауда еске алу керек. Әділеттілік сезімі жерде қалай жалпы болғанын түсіндіру үшін қызмет ететін, қазіргі уақытта бәлкім, соншама қарапайым, табиғи міндетті болатын ой — «қылмыскер жазаға лайық, өйткені ол басқаға бара алмайды» деген — іс жүзінде, адамдық пайым мен қорытындының тым өсетін жағын, тіпті нәзік формасын көрсетеді. Кім осыны алғашқы қауымдық уақыттарға жатқызатын болса, сол ең көне адамзаттық психология туралы қатты қателеседі. Адамзат тарихының едәуір бөлігі бойында, қылмыскерді оның қылығы үшін жауапты деп есептемегендіктен, сондықтан , тек кінәлі жазалауға лайық деген алғышарттан шықпай, мүлдем басқа емес үшін жазалап келді. Керісінше, келтірілген зиянға ашулана және өзінің ызасын кінәліден қайтара отырып, қалай қазір ата­аналары елі балаларын жазалайтындай, іс солай болып тұрды, — бірақ, бұл ашу кез­келген бірдемеден зиянның өзіндік эквиваленті (тең баламасы) бар және осы зиянды келтіргенді тым болмаса ауырту түрінде ескеріле алады деген идеямен шамаланып және ұсталып отырылды. Бұл алғашқы қауымдық, қазір де терең тамырланған, бәлкім, қанға сіңіп кеткен идея, зиян мен аурудың тең баламалылығы туралы идея қайдан үстемдікке ие болды? Мен бұған қатыстыны әлдеқашан айтып өткенмін: оның қайнары, қалай жалпы «құқық субъектілері» де өз кезегінде сатып алудың, сатудың, айырбас пен сауданың негізгі формаларына апарылып сайланатындай, олар да сондай көне, несие беруші мен қарыздарының арасындағы келісімді қатынаста тұр. Алдын алушы ескертулердің негізінде осыны күтуге болатындай, бұл келісімді қатынастардың көрінісі оларды жасап шығарған ең ежелгі адамзатқа аздап күмәндана және жаулықпен қарауға міндеттейді. Осында уәде беру атап айтқанда орын алып тұр; осында атап айтқанда уәде бергенде есте ұстауды қалыптастыру туралы сөз қозғалып тұр; атап айтқанда мұнда, қалай ол туралы күдіктенуге болатындай, бүкіл қаталдықтың, қатыгездіктің және ауыртпалықтың қайнары тасалаған.. Қарыздар, өзінің төлемі туралы уәдесіне сенімділікке иландыру үшін, өзінің уәдесіне байыптылық пен қасиеттіліктің кепілділігін беру үшін, өзінің ар­ұяттылығына төлеуді парыз, борыш ретінде сақтап қалуы үшін — немен ол әлі «иелік ететін», ненің үстінен ол әлі үстемдік жүргізетін., өзінің тәнін, немесе өзінің әйелін, немесе өзінің еркіндігін, немесе өмірін де , әлденені төлей алмайтын жағдайда, келісім бойынша несие берушіге кепілдікке қалдырады. (Кейбір діни алғышарттарда, қарыздар тіпті өзінің шадымағандымен, жанының құтқаруымен, ақырында, тіпті моладағы тыныштығымен кепілденеді. Солай, қайда қарыздардың мәйіті несие берушіден тіпті молада да тыныш бола алмаған, Египетте — египеттіктер міне осы тыныштыққа ерекше мән берді). Несие беруші қарыздардың тәнін барлық мүмкін масқаралау мен қинаудың түрлеріне ұшырата алды, мысалы, қарыздың мөлшеріне сай келетінді одан кесіп ала алды. Бұл көзқарас бойынша көнеде әр жерде, тәннің жеке мүшелері мен бөліктерінің құқықтық бағалаулары, қалыптасқандығы жағынан қатты үрейлендіретін бағалаудың ұсақ­түйегіне дейін баяндалғаны өмір сүрді. Қашан он екі кесте заңдары, бұл жағдайларда несие берушілер: «siplus minusve secuerunt, ne fraude esto»3 көп немесе аз кесетін бола ма, бұл бәрібір, осынымен алға бір қадам, көбірек еркін және кең құқықтық, көбірек римдік түсінік болып табылады деп есептемеймін. Бүкіл бұл теңестіру формасының қисынын өзімізде айқындап алайық: ол жеткілікті түрде түсініксіз.

Читайте также:  ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ

Тікелей зиянға сай келетін (яғни, алтынмен, жермен, қайсыбір тектегі иеленумен) пайданың орнына несие берушіге төлем түрінде белгілі бір тектегі сүйсіну сезімін ­ әлсіздің үстінен өзінің билігін тоқтаусыз көрсету құқығына ие болудан сүйсіну, «de faire le mal pour le plaisir de le faire» ге құмарлық, күш көрсетуден ләззат алу, осылар арқылы эквиваленттілік (тең баламалылық) жасалады. Бұл ләззаттану несие берушінің қоғамдық реттіліктегі орны неғұрлым темен болса және одан жоғары жайға деген дәмелену, ол үшін жіліктің майлы басы болып, оған жеңіл көріне алатын болса, бұл ләззаттану сонда жоғары бағаланады. Қарыздарды адал «жазалау» арқылы несие беруші қожайын құқығына: ақырында ол да, «одан темен тұратын» ретіндегі, қайсыбір жанмен жек көруші және нашар, қатігез қатынаста болуға деген көтермелейтін сезім мүмкіндігіне — немесе, тым болмаса, егер жазалаушы биліктің өзі, жазаны орындау енді «биліктерге» ауысса, — оны қалай жек көретіндігін және онымен қалай қатынаста болатынын, көре алатын болды. Төлеу сондықтан қатігездікке деген құқыққа рұқсат беруде тұр. Ендеше, «парыз, «ар», «міндеттіліктің қасиеттілігі» сияқты әдептік ұғымдар әлемі, қарыздық құқықта өзінің бастауына ие; оның тамырлары, жердегі бүкіл ұлылықтың тамырлары сияқты, ұзақ уақыт бойы және түбегейлі қанмен суарылып келді. Және әлде, бұл әлем мәнісінде ешқашан қан төгулер мен қинаулардың таныс иісін әбден жоғалтпады деп айтуға болмай ма? (тіпті ескі Кантта да оны жоғалтпады: кесімді императив қатігездік иісін мүңкітеді…). Осында алғашқы рет, бәлкім, «парыз бен жапа шегу» идеяларының сол сұмдық қиратылмайтын ұстануы жүзеге асты. Қайтадан сұрақ туады: қандай түрде жапа шегу «қарыздардың» төлеуі бола алады? Азап шегуді келтіру сүйсінудің ең жоғары дәрежесін әкелетіндіктен, өйткені шығындардың орнын толтыруда, оларға келген зиян жөніндегі сүйсінбеуді олардың санатына қоса отырып, азап шектіруден алатын ләззат — нағыз салтанат, айтылғандай, бұл несие берушінің қоғамдық жайына және орнына көбірек қайшылықты болған сайын, соншама бағалы болатынды алатындықтан, ол сондықтан тап осындай төлеу болып табылады. Осыны мен болжам ретінде айтып тұрмын, себебі мұның қиналыс екендігін еске салмай­ақ, осындай тасадағы нәрселердің негіздерін ұғыну киын. Осында өш алу ұғымын орынсыз енгізуден, мәселе жеңілденудің орнына, алдымен тұманданып кетеді. (Өйткені ош алудың өзі соған ұқсас мәселеге әкеледі: («қалай жапа шегу де сүйсіну бола алады?»). Менің ойымша, сыпайылық, ал одан да артық екіжүзділік, үйретілген үй жануарларына (қазіргі адамдарға, біздерге — деп, айтқым келеді), көне адам үшін қатігездік қандай салтанат, қандай қуаныш болғанын, қандай дәрежеге дейін бұл қатігездік олардың көңіл көтерулерінің әрбіріне дерлік құрамдас бөлік ретінде енгенін, өздеріне бүкіл қуаттылықпен елестетуге мүмкіндік бермейді. Басқа жағынан, олардың қатігездікке деген мұқтаждығы қандай аңғырттық, қандай нақақ, қалыпты қасиет ретіндегі бұл мұқтаждық сондай дәрежеге дейін «риясыз өштік» түрінде ( немесе, Спинозаның сөздерімен айтқанда, sympathia malevolens ), не сонымен қатар ар­ұятпен шын жүректен жіберілетін, әлде бір сондай ретінде көрініс табады! Тым жіті көз тастау, бәлкім қазіргі уақытта да бұл ең көне және ең нағыз адамның негізгі салтанаттық қуанышының жеткілікті белгілерін аңғарар еді. /»Жақсылық пен жамандықтың арғы жағымен» 125 б. және келесіде, ал одан бұрын «Таңғы шапақта» 25, 76, 160 ж. келесі бб./ мен абайлана отырып, ол жоғары мәдениеттің бүкіл тарихы бойында өтетін (және, дәл айтқанда, тіпті оны құрастыратын), рухтану мен мейрімсіздікті «құдайыландырудың» барған сайын өсетініне сілтеме жасадым. Кез келген жағдайда жуық арада әлі патшаның үйлену тойы мен жоғары мәнердегі халықтық мейрамдарды өлім жазасынсыз, autodafe немесе қинаусыз өзіне елестету мүмкін емес болды, ал сонымен бірге текті үйді, ойланбай­ақ өзінің ызасын содан қайтаруға болатын және өзіне мейірімсіз әзілдерге жол ашатын, сондай жандарсыз да өзімізде елестете алмаймыз. (Мысалы, герцогиня сарайындағы Дон Кихотты еске алайық: қазіргі уақытта біз бүкіл Дон Кихотты күйінішпен оқимыз, бұл біз үшін қиын сияқты және бұл қатынаста оның авторы мен оның замандастарына біз өте оғаш көрінер едік — олар осыны ұяттан алаңсыз және кітаптардың арасындағы нағыз көңілдісі ретінде оқыды және де ішек­сілесі қатқанша күлді). Қиналысты көру рахаттану алып келеді, оларды алып келу одан да артық болады. Бұл мейірімсіз ереже , бірақ, ескі, қуатты, тым адамдық негізгі ереже, дегенмен оның астынан мүмкін маймылдар да әлдеқашан қол қояр еді: мейрімсіз көңіл көтерулерді ойлап табуда олар адамның пай¬да болуын алдын ала хабарлайды, келешекке даярлық жүргізетіндей болады деп, кейбіреулер хабарлайды. Қатыгездіксіз мейрамдар да өте алмайды: бұл адамзаттың ең көне, ең ұзақ тарихынан көрініп тұр — жазалаудың өзінде де соншама салтанаттылық бар! Бұл ойлармен, былайша айтқанда, мен біздің пессимистерге олардың бүлінген және сырқыраған өмірге деген зеріккен диірмендеріне жаңа суды құяйын деп мүлдем отырғаным жоқ. Керісінше, сол уақыттарда, қашан адамзат өзінің мейірімсіздігіне әлі ұялмағанда, қашан пессимистер өмір сүріп тұрған қазіргімен салыстырғанда, жердегі тіршілік көңілділеу болды. Қалай адам барған сайын адаммен арлана бергенде, осыған байланысты адамның үстіндегі аспан да барған сайын қараңғылана берді. Пессимизмнің шаршаған көз тастауы, әмір жұмбақтарына деген сенімсіздік, өмірден түңілудің мұздай суық жоқ деуі ­ бұл адамзат тегінің ең жауыз дәуірінің белгілері емес, керісінше, олар батпақтағы өсімдіктер сияқты жарыққа шығады, оған олар жататын, қашан батпақ пай¬да болғанда, олар іс жүзінде соны көрсетеді, — соның арқасында «адам» деген жануар өзінің бүкіл инстинктерінен ақырында арлануға үйренген, дертшіл нәзіктік пен кеңес айту (мораль) пайда болған деп, менің айтқым келеді. «Періште болуға талаптанып» (дөрекілеу айтпау үшін), адам өзіне бұзылған қарын мен ақ үлпек басқан тілді өзіне қабылдап алды, соның арқасында оған жануардың қуанышы мен пәктігі тек жек көрінішті болмай, сонымен бірге өмірдің өзі де татымдылығын жоғалтты: сондықтан ол өзі өзінің алдында мұрнын тығындайды және жамандық сөздерді бұрқырата, Папа Иннокентий Үшіншімен бірге өз сұрқиялықтарының тізімін құрастырады. (Лас жүкті болу, анасының құрсағындағы адам жеркенгендей қоректену, одан адам дамып шығатын, заттың жексұрындығы, жеркенішті иіс, қақырықтың, зәрдің, қидың бөлініп шығуы»). Енді, ең байыпты сұрақ белгісі ретінде, өмір сүруге қарсы дәлелдердің арасында қашан жапа шегуге бірінші болып әр кезде қатарда жүруге тура келгенде, қашан керісінше пайымдаған, сол уақыттар туралы еске алған пайдалы болар еді, өйткені қиналыс келтіруден бас тартқылары келмеді және бұдан басты кереметті, өмірдің басты алдамшысын көрді. Мүмкін — жаны нәзіктерге жұбаныш ретінде айтайық ол кездерде ауыру қазіргі уақыттағы сияқты, тым күшті сезілмеді: осындай қорытындыға, тым болмаса, тіпті ең жақсы ағзаға ие, еуропалықтарды ашынуға дерлік жеткізетін, ауыр ішкі қабынулардың жағдайларында негрлерді емдеген (оларды тарихқа дейінгі адамдардың өкілдері ретінде қабылдай отырып) дәрігерлер келуге мәжбүр болды — негрлерде бұл байқалмады. (Адамның ауыруға деген сезімталдығының айнымалы сызығы, бәлкім, қашан жоғарыдан он мыңды немесе жоғары мәдениеттен он миллионды шегеріп тастасақ, шындығында күшті және бірден дерлік құлдырайды; бірден жалғыз түнімен қояншық қатынсымақтық қиналысты салыстырғанда, олардың әлі күнге дейін пышақтың көмегімен ғылым мақсаттарында жауап алып келген, бүкіл жануарлардың жиынтығындағы қиналысы көңіл аударуға тұрмайды деп, менің өзім күдіктенбеймін). Бәлкім, мейірімсіздіктен рахаттану, мәнісінде, әлі жоғалған жоқ деген, мүмкіндікті жіберуге болады: қазіргі уақытта ауыру белгілі бір көтеріңкілігі және нәзіктілігімен сезілетіндіктен, оған атап айтқанда қиялданатын және жандық салаға ауыстырылу керек болғандықтан және бұл да ең назды, ең екі жүзді арлануда («трагикалық аяушылық білдіру» осындай атау болып табылады; басқасы — «les nostalgies de la creix»5 күдік туғызбауы үшін, осындай атаулармен, көрініс табулары керек, ол осыған байланысты, мүмкін, тек мұны талап етеді. Жапа шегу де, жеке айтқанда, жапа шегудің өзі емес, ал оның мағынасыздығы ашу келтіреді. Бірақ, оған өзінің түсіндірмесімен тұтас құпия құтқарушы айла­амалдарын енгізіп жіберген, христиан үшінде емес, ал өзіне барлық Қиналыстарды көрермен тұрғысынан немесе жапа шегуді келтіретін тұрғысынан түсіндіре алған, ежелгі замандардың қарапайым адамы үшін де емес — жалпы осындай мағынасыз жапа шегу өмір сүрмеді.

Читайте также:  ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тасаланған, табылмаған, куәгерлері жоқ азап шегу әлемнен алынып тасталуы үшін, құдайлар мен кез­келген жоғарылаған және тереңдеген аралық жандарды, бір сөзбен айтқанда, әлде бір құпия сырда қиялданатын және қайғы­қасірет тартудың қызықты көрінісін босқа жібермейтін, сол уақыттарда таза терістелетін соларды міндетті түрде ойлап шығару керек еді. Осындай жаңалықтардың арқасында, оны ол қашанда білген, сол уақытта өмір өзін ақтау және өзіндегі «жамандықты» ақтау сиқырына үйреніп алды; қазіргі уақытта бұл үшін қосалқы ойлап шығарулар қажет болар еді (мысалы, жұмбақ ретіндегі өмір, таным мәселесі ретіндегі өмір). «Егер оның көрінісінде Құдай рахаттанатын болса, онда кез келген зұлымдық ақталған болады»: осылай сезімділіктің бастапқы қисыны білдірілді — және шынында ол тек бастапқы ғана ма? Қатігез ойын­сауықтардың тілектестері түрінде көрініс табатын, құдайлар — уа, бұл алғашқы жабайы түсініктер біздің барған сайын адамдандырылатын еуропалық мәдениетімізде әлі алыс тереңдеп бара жатыр! Бұл туралы Кальвин мен Лютерден анықтама алуға болады. Қатігездік қуанышы сияқты, құдайлар қуанышына қосымша әлі ежелгі гректер басқа жақсырақ жайға жайлыны, күдіксіз қандай жағдайда болса да, әкеле алмады. Қандай сөздермен, қалай сіздер ойлайсыздар, Гомердегі құдайлар адамдар тағдырына қалай қарады? Троян соғыстары мен соған ұқсас трагикалық сұмдықтардың қандай түпкілікті мағыналары болды? Осыда ешқандай күмәннің болуы мүмкін емес: оларды құдайлар үшін салтанатты ойындар тәрізді есептеді және басқа адамдар үшін ақын солардан жоғарылық дарынға ие болса, сол шамада олар ақын үшін де салтанатты ойын сауықтар болды… Кейінірек Грекияның философ­моралистері құдайлардың адамгершілік күресіне, батырлық пен ізгі адамдардың жанқиярлығына басқаша емес тұрғыдан қарағанын, өздеріне елестете алды: «Парыз Гераклі сахнада болды және осыны түсінді. Халық актер куәгерсіз ізгілікті өзінде мүлдем елестете алмады. Сол кезде Еуропада алғашқы рет құрастырылған «Еркін ерік», жақсылық пен жамандықтағы адамның абсолютті тәуелсіздігі туралы философтардың соншама дөрекі және қатерлі ойлап тапқаны ­құдайлардың адамға, адамдық әділеттілікке бағытталған қызығушылығы түпсіз деген көзқарасты ақтауды бәрінен бұрын мақсат етіп қойды ма? Бұл жер бетінде ешқашан шын жаңада, шын естілмеген зорлануда, қастықта, апаттарда жеткіліксіздік болмауы керек: детерминизм тұрғысынан әбден ойланған әлем құдайлармен шешіле алар еді, ал сондықтан және осы оларды қысқа уақытта қажытып жіберер еді. Бұл құдайлар мен философтардың осы достарына өз құдайлары үшін осындай әлемді жасамауға, жеткілікті негіз болды! Бүкіл антиктік адамзат аяулы сезіммен «көрерменге» қарайды, өйткені ол жоғары дәрежеде қоғамдық қасиеттерге ие болды және ойын сауықтар мен салтанаттарсыз бағыттылықты өздерінде көре алмады. Ал қалай енді айтылып өткендей, аса зор жазалаудың өзінде де соншама салтанаттылық көп!… Біздің зерттеуімізге қайтып келейік. Борыш сезімі, жеке борыш, біз қалай көргендей, өзінің қайнарлары ретінде ең көне және ең бастапқы жеке қатынастарға, сатып алушының сатушыға, несие берушінің қарыздарға қатынасына ие; осында алғашқы рет тұлға тұлғаға қарсы шығады, осында алғашқы рет тұлға тұлғаменен өлшенеді. Осы қатынастардың қайсыбірі ода байқалмаған, өркениеттің осындай темен сатысы әлі ашылмады. Бағаларды құрастыру, құндылықтарды өлшеу, тең баламаларды ойлап табу, айырбастау, бұлар сондай дәрежеде адамның бастапқы ойлауын қамтығандықтан, белгілі мағынада сол ойлау болды да. Осында терең ойлаудың ежелгі түрі тәрбиеленді, осында адамның астамшылдығы үшін, оның басқа жануарларға қатысты артықшылық сезімінің бірінші сылтауы тұрды. Бәлкім, біздің «адам» (Mensch, manas) деген сөзіміз әлі міне осы өзіндік хал­ жайды білдіретін шығар: Қалай «жануар өзі өзін бағалайтындығы» сияқты, адам өзін құндылықтарды өлшейтін, бағалайтын және шамалайтын, жан ретінде белгілейді. Сатып алу және сату өздерінің психологиялық қосымшаларымен бірге, ұйымдар мен байланыстардың қайсыбір қоғамдық формаларының бастамаларына қарағанда, тіпті үлкендеу. Жеке құқықтың ең алғашқы формасынан айырбастың, келісімнің, қарыздың, құқықтың, міндеттіліктің, өтеудің пісіп келе жатқан сезімі ең дөрекі және бастапқы қоғамдық кешендерге (осындай кешендерге олардың қатынасында) күшті күшпен салыстыру, өлшеу, қарастыру әдетімен бір мезгілде ауыстырылды. Көз бұл көкжиекке әлдеқашан бейімделіп алды: қинала қозғалатын, бірақ кейін сол бағытта тоқтаусыз жүретін ең көне адамның ойлауында, сондай да ебедейсіз дәйектілікпен, кейін аса зор жалпылау ашылды — «әрбір заттың құны бар; бәрі төлене алады». Бұл — әділеттіліктің ең ежелгі және ең қарапайым адамгершілік ережесі, кез келген «ізгі жандылықтың», кез келген «әділқазылықтың», кез келген «ізгіліктің», жердегі кез келген «объективтіліктің» негізі. Бұл сатыдағы әділеттілік — бұл тең күштілер арасында есептесу жолымен жасалатын ерікті келісім, ал күштері кемдерге қатысты — оларды өзара есептесуге мәжбүрлеу. Алғашқы замандардың өлшемдерін сала отырып (дегенмен, кез келген уақыттарда мүмкін өмір сүретін де) — қоғам өзінің мүшелеріне маңызды және негізгі несие берушінің өзінің қарыздарына сияқты қатынаста тағы да тұр. Қоғамда өмір сүретіндіктен, адам қоғамдық өмірдің артықшылықтарын пайдаланады (уа, қандай артықшылықтар! Ал соның ара¬сында біз қазір оларды жеткіліксіз бағалаймыз), қауіпсіздікте, қорғалуда, бейбітшілік пен сенімділікте, заңдардың қамқорлығынан айырылып, қоғамнан тыс оларға ол ұшырайтын, танымал зорлықтар мен жаулықтардан қорықпай­ақ, өмір сүреді. Неміс elend сөзінің бастапқы мағынасын ол түсінеді — міне бұл заңдылықтар мен жаулықтардың (өшпенділіктердің) көрінісінде міндеттіліктер мен қарыздар қоғамға қатынасты болып табылады. Кері жағдайда не жүзеге асады! Қаншама бұл оның күшінде болғанда, қауым, алданған несие беруші соны есептеу керек, өзіне бұл үшін төлеуге міндеттейді. Бұл жағдайда, ең аз дегенде, әңгіме, қылмыскер тигізген тікелей зиян туралы болып отыр. Оның үстіне қылмыскер тұтастыққа қатынасты, оларға соған дейін ол қатынасып келген, ортақ өмірдің бүкіл игіліктері және қолайлықтарына қатысты келісім мен сөздің бұзушысы болып табылады. Қылмыскер, ол тек өзінің пайдалары мен артықшылықтары үшін төлемейтін ғана емес, бірақ сонымен бірге өзінің несие берушісіне қатысты қылмысқа баратын, қарыздар болып табылады. Сондықтан енді ол, соны қалай әділеттілік талап ететіндей, өзінің бүкіл игіліктері мен артықшылықтарынан айырылатын болады, бірақ оның үстіне оған бүкіл бұл игіліктердің қандай маңыздылығы бар екендігі түсіндіріледі. Зиян шеккен несие берушінің, қауымның ыза, ашуы, ол адам соған дейін қорғалып келген, оны жабайы құстың ұшуы сияқты күйге қайтарады, қоғам оны аластайды — енді ол барлық мүмкін жаулық әрекеттерге ұшырайды. Қоғамдастықтың бұл сатысында «жазалау», тек бүкіл құқықтары мен қорғаныстарынан ғана емес, бірақ және кез келген кешірімділіктен айрылған, жек көрінішті, қарусыз, құлатылған жауға деген қарапайым қайтарым, қалыпты қатынастың mimusы болып табылады. Ендеше, осында бүкіл өзінің аяусыздығы мен қатыгездігіндегі соғыс құқы мен «Vae victis!» Жеңілгендерге бақытсыздық (лат.) деген жеңіс салтанаты көрініс табады: қандайларда жазалау тарихта көрінетін, сол формалардың бәрін (осыған соғысшыл құрбандық рәсімін қоса отырып) соғыстың бергендігі, осыдан байқалып тұр. Қуаттылығының күшейуімен қоғам жеке тұлғалардың теріс қылықтарына кемдеу мен береді, себебі олар бұрынғыдағы сияқты, бүкіл тұтастық үшін сол қауіпті әрі қиратушы мағынасын жоғалтады. Қылмыскер енді заңдардың қорғаушылығынан айырылмайды және аласталмайды, ортақ ашушаңдық оған тоқтаусыз дүрсе қоя бермейді, — керісінше, енді тұтастық оны абайлана бұл ашудан, әсіресе тікелей зиян піскендердің ашуынан, қылмыскерді қорғау мен күзетуге өзіне алады. Қылмыстан тікелей зардап шеккендердің қаһарымен келісуге келу, оқиғаны шектеуге және күйзелістің әрі қарай немесе жалпы өршігуін алып тастауға күш салу; тең баламалар табуға және бүкіл мәселені жайғастыруға (composito) талпыныс; ең алдымен қайсыбір мағынада төленетін ретінде кез келген қылықты қабылдауға деген барған сайын айқын көрінетін жігер, сондықтан тым болмаса әлде бір дәрежеде қылмыскерді оның теріс қылығынан бір бірінен бөліп қарастыру, — қылмыстық құқықтық ары қарай дамуында барған сайын олар анық көрініс табатын, сол белгілер тап осындайлар.

Читайте также:  «Лир патша» М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық дарама театрында жаңа қойлым

Қауымның қуаттылығы мен өзіндік санасының артуы барысында, қылмыстық құқық қашанда жұмсалады; оның кез келген әлсізденуі және қауіп оның ең қатал формаларына қайтып келуді өзімен ілестіреді. Ол қаншама бай болған сайын, несие беруші қашанда соншама дәрежеде адамгершіліктілеу бола бастайды; ақырында, тіпті оның зардап шекпей, зиянды көтере алуы, оның байлығының өлшеуішіне айналады. Ода ол өзіне бар тілектерінің ішіндегі ең ізгіліктісін — оған зиян тигізгенді жазасыз қалдыруды — іске асыра ала¬тын, қауымның соншама қуатты санасын өзімізде елестетуге болады. «Тегінде, менің бұл масылдармен (арамтамақтар да) қандай шаруам бар» деп, — ол сонда айта алады.. — Олар өмір сүре және гүлдене берсін. Менің соған күшім әлі жеткілікті!».. «Бәрі төлене алады және төленуге тиіс» дегеннен басталған әділеттілік, төлеуге шамасы жоқ қарыздарға немқұрайды қарайтынымен және оған тиіспейтінімен аяқталады — ол, жердегі бүкіл жақсы заттар сияқты, өзін құртумен аяқталады. Бұл әділдіктің өзін құртуы қандай тамаша атаумен — рақымдылықпен аталатыны белгілі, өзінен өзі түсінікті, ол ең күштілердің артықшылығы, одан да дұрысы: олардың құқықтарының тысқарылы болып қалады. Әділеттіліктің бастауын мүлдем бөтен негізден — атап айтқанда ressentiment­тe (ош алу сезімінде) — табуға бағытталған жақындағы талпыныстарға қарсылық білдіру үшін, біз бұл жерде нысанадан бұрылып кетейік. Оларда ressentiment­ті жақын зерттеуге ықылас бар дегенді ұйғарып, психологтардың құлақтарына қағыс етейік: бұл өсімдік қазіргі уақытта анархистер мен антисемиттерде бәрінен жақсы гүлденіп тұр, дегенмен, қашан да, қалай гүлденсе, солай гүлденіп тұр; фиалка (шегір гүл) сияқты, әйтсе де басқа иісімен, тасада тұр. Ал сондықтан осындайдан әрқашан міндетті түрде ұқсас шығатындықтан, онда міне осы топтарда әділеттілік деп аталатын мен кек алуды қасиеттендіруге талпыныстар жасалғандығына және жасалып келетініне таң қалудың керегі жоқ, — әділеттілік, мәнісінде, өкпелеу сезімінің ары қарай дамуы тәрізді болып шығады ­ және еш алумен бірге жалпы бүкіл реактивтік аффектілер көтермеленеді. Соңғылары бәрінен кем оларға кедергі бола алады: бүкіл биологиялық мәселе тұрғысынан бұл тіпті жетістік болып көрінеді (оған қатысты, әлі күнге дейін бұл аффектілердің құндылығы бағаланбай келеді). Атап айтқанда ressentiment рухының өзінен ғылыми әділқазылықтың бұл жаңалы түрлері (жек керудің, көре алмаушылықтың, қаскөйліктің, күдікшілдіктің, кекшілдіктің пайдасына) артып келеді. «Ғылыми осы әділқазылық» сәтте аяқталады да, өз орнын қауіпті жек көрумен ол әділсіздік көріністеріне берді, қалай маған көрінгендей, реактивтілерге қарағанда, ол одан да тым жоғары биологиялық құндылыққа ие, сондықтан да, олар ғылыми анықтама мен жоғары бағалауға әбден сай болғандықтан, әңгіме сол аффектілердің басқа тобы туралы болып отырғанда, мен атап айтқанда билік құмарлық, пайдақұмарлық және т.б. сияқты, белсенді аффектілер мәнінде айтып тұрмын (Е.Дюринг «Өмір құндылығы», «Философия курсы», мәнісінде, барлық жерде). Бұл жалпы осындай бағдарға қарсы айтылып тұр. Дюрингтің қағидасына жеке қатыстыға келсек, әділеттіліктің отанын реактивтік сезім алқабында іздеу керек болса, онда дұрыстылықты жақсы көргендіктен, оны тұрпайы кері айналдыра отырып, оған мына қағиданы қарама­қарсы қоюға тура келеді: Әділеттілік рухы оны жаулап алған, соңғы сала ­ бұл реактивтік сезім саласы! Егер әділетті адамның тіпті оған зиян келтіргенге қатысты да әділетті болып қалатындығы кездессе де (және тек салқын, бірқалыпты, бөтен, немқұрайлы емес: әділетті болу ­ қашанда жағымды қатынас), егер тіпті жеке өкпенің, балағаттаудың, күдіктенудің қысымын әділетті, пішіп­кесіп тұрған көздің жоғары, анық, қалай кең пейілді, объективтілікті сияқты, солай тереңдігі тұнжырамайтын ­ осындай жағдайда бұл жердегі жетілгендік және жоғарғы өнер. Бұл, соны дұрыс ақылды адам жер бетінде күтпейтін, кез келген жағдайда сену қиын болатын, бірдеме. Олардың көздері қанға толықсып, ал әділеттілік жанарымыздан жоғалуы үшін, тіпті ең әділетті деген тұлғаларға қайшылықтың, ашудың, өсек­жаланың аз мөлшері жеткілікті екендігі жалпы алғанда күмәнсіз. Белсенді, тиісуші, арттырып жіберуші адам, реактивтіге қарағанда, бәрібір әділеттілікке жүз қадам жақын. Реактивті адам қалай осыны жасайтындай және жасауға міндетті болатындай, оған өз объектісін жалған және қате түсінікте бағалаудың мүлдем керегі жоқ. Сондықтан іс жүзінде барлық уақыттарда агрессияшыл адам, көбірек күшті, батыл, ізгі текті сапасында көбірек еркін көзқарасқа және ең жақсы ар­ұятқа ие болды. Керісінше, жалпы, «таза емес арды» ойлап табу ressentiment адамының арында жатқанын (өш алуды аңсау!), болжап білу қиын емес. Ақырында, тарихта тек айналаға қарау керек: қайда жерге деген құқық қажеттілігі негізінен сезілген, қай салада әлі күнге дейін құқық жалпы қолданылып келді? Әлде реактивті адамдар шеңберінде ме? Әбден олай емес: керісінше, белсенді, күшті, тәуелсіз, агрессияшыл адамдар шеңберінде. Аталған насихатшының өкінішіне орай (оның әзі бірде мынадай мойындауға барды: «әділеттіліктің өзегі ретіндегі, өш алу туралы ілім бүкіл менің жұмыстарым мен күш салуларымның бойынан өтті») былай айтылады ­ жердегі құқық тарихи тұрғыдан атап айтқанда реактивтік сезімдерге қарсы күресті көрсетеді, атап айтқанда, олар күштерін бір бөлігінде реактивтік pathos таралуына және мәмілеге келуіне мәжбүрлеуге шек және шама қою үшін жұмсайтын, белсенді және агрессияшыл күштердің олармен күресуін көрсетеді. Әділеттілік қайда қолданылатын, қайда сақталып тұратын, барлық жерде, күштілеу биліктің өш алу сезімінің (ressentiment) төмен тұрғандардың, әлсіздердің арасында (бұл топтар немесе жеке тұлғалар бола ма) мағынасыз зәрін шашып тұрғанын тоқтатуға құралдар іздестіретіндігі байқалады. Бұл жартылай ош алудың уысынан қаһар шығару объектісін (ressentiment) жұлып алумен, жартылай өш алудың орнына өз кезегінде тыныштық пен тәртіптің жауларымен күрестің қойылуымен жетіледі, оның үстіне билік жартылай келісімдерді ойлап табады және ұсынады, кейбір жағдайларда оған талап қояды, жартылай ол үлгі түрінде, ressentiment үшін бірден және мәңгі енді міндетті болатын, құқық бұзулардың танымал тең баламаларын көрсетіп қояды.

Оставить комментарий