Адам өміріндегі тілдің алатын орны

Тіл — идеяларды жеткізіп тұратын таңбалардың жүйесі, демек оны хат, мылқаулардың әліпбиі, символдық (рәміздік) салттар, сыпайылықтың көріністері, әскери белгілері және т.с.с. салыстыруға болар еді. Ол — бұл жүйелердің ішіндегі ең маңыздысы ғана. Демек, қоғам шеңберінде таңбалардың өмірін зерттейтін ғылымды елестетуге болады; мұндай ғылым әлеуметтік психологияның, демек жалпы психологияның бір саласы болар еді; ал біз оны семиология (грекше — «таңба») деп атаған болар едік 4 . Ол бізге таңбалардың сырын ашып, оларды меңгеріп тұрған заңдарды анықтап беруі қажет. Әлі жоқ болғандықтан, оның қандай болатынын айту қиын; бірақ ондай ғылым өмір сүруге құқылы, оның орны да алдын ала белгіленіп қойған. Лингвистика осы жалпы ғылымның тек бір бөлігі ғана: семиология ашатын заңдарды лингвистикада да қолдануға болады, мұның нәтижесінде лингвистика адам өміріндегі құбылыстар жиынтығының белгілі бір саласына жатқызылған болып шығады.

Семиологияның нақты орнын анықтау — психологтың міндеті 5 , ал лингвистің міндетіне — семиологиялық құбылыстардың жиынтығындағы тілдің ерекше жүйе ретінде болу себебін анықтау кіреді. Бұл мәселеге біз әлі қайта ораламыз; әзірше бір нәрсені естен шығармайық: егер біз тұңғыш рет басқа ғылымдардың арасында тіл білімінің орнын анықтаған болсақ, ол оны семиологиямен қоса қарауымызға байланысты болады. Неліктен семиология басқа ғылымдар сияқты өзінің ерекше зерттеу нысаны бар дербес ғылым ретінде танылмай келеді? Өйткені, осы уақытқа шейін біз ақаулы шеңберден шыға алмай келеміз: бір жағынан семиологиялық мәселелердің сипатын түсіну үшін, тілден қолайлы ештеңе жоқ, екінші жағынан, осы мәселелерді дұрыс қою үшін, тілдің өзін зерттеу қажет болады; ал тіл болса осы уақытқа дейін, әрқашан басқа бірнәрсеге тәуелді болып, жат көзқарастар тұрғысынан зерттеліп келеді.

Ең алдымен, тілде тек қана номенклатураны көретін көпшіліктің үстірт көзқарасы бар; мұндай көзқарас тілдің шынайы болмысын ашу мүмкіндігін өздігінен­ақ жойып жібереді. Сондай­ақ, жеке адамға тән таңба механизмін зерттейтін психологтардың көзқарасы бар; бұл ең оңай тәсіл болғанымен, жеке сөйлеу әрекетінен аса алмайды және оның табиғатынан әлеуметтік таңбаға қатысы жоқ. Бірақ таңбаны қоғамдық құбылыс ретінде зерттеу қажет екені аңғарылса да, тілді басқа қоғамдық орнаулармен байланыстыратын және біздің еркімізге тәуелді тілдік сипаттарға ғана назар аударылады. Нәтижесінде тек қана немесе жалпы семиологиялық жүйеге және тілге тән сипаттар елеңбей, көзделген мақсатқа жете алмаймыз. Өйткені таңба белгілі бір дәрежеде жеке адамның да, әлеуметтің де еркіне көнбейді. Бұл — оның ең маңызды және көзге түсе бермейтін қасиеттерінің бірі.

Читайте также:  Ортағасыр мен ренессанстың халықтық мәдениеті

Нақ тілде бұл қасиет айқын көрінеді бірақ ол ең нашар зерттелген салада байқалады; мұның нәтижесінде семиологияның қажеттілігі немесе ерекше пайдалылығы анықталмай қалады. Ал біз үшін лингвистика мәселелері — ең әуелі семиологиялық мәселелер және де біздің пайымдауларымыздың барлығы осы негізгі тұжырымға қатысты ғана өзіндік мәнге ие болады. Кімде­кім тілдің шынайы болмысын анықтағысы келсе, ең алдымен оның өзі тәріздес жүйелердің арасындағы ортақ нәрселерге назар бөлуі керек; ал бір қарағанда маңызды болып көрінетін көптеген лингвистикалық факторларды (мысалы, сөйлеу мүшелерінің қызметін) екінші кезекте қарастыру қажет, өйткені олар тілді семиологиялық жүйелердің жиынтығынан айыру үшін ғана қызмет атқарады. Осының арқасында тек лингвистика мәселелері ғана шешімін таппайды, біздіңше, салт­дәстүр, әдет­ғұрыпты және т.б. таңбалар ретінде қарастырған кезде, бұл құбылыстардың жаңа қасиеттері айқындалады, сондықтан олардың бәрін семиология аясында біріктіру және осы ғылымның заңдары арқылы түсіндіру қажеттілігі туындайды.

Оставить комментарий