Заң ғылымдарының саласында алғаш рет адам құқықтарының евразияшылдық тұрғысынан жаңа концепция негізделіп келеді. Бұл концепция негізінен батыс европалық құндылықтар мен шығыстық дәстүрлердің, мәдениеттің және құқықтанушылық қатынастырдың қосындыларынан тұрады. Бұл мемлекет және құқық теориясы, адам құқықтарының теориясы ауқымындағы ғылыми зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың евразияшылдыққа байланысты көзқарастарына негізделген. «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыруы болып табылады» — деп көрсетілген [1,3]. Адам құқықтары мен бостандығының тұрақтылығы мен қамтамасыз етілуі – демократиялық құқық құндылықтарына негізделген мемлекет дамуының ең басты және соңғы мақсаты. Адам құқықтарының мәселесі – жалпылама мәселе болып табылады, ол басқа да ұлттық жүйелерде шеттен тыс шығып бара жатыр, ол әмбебап мінез иемденіп ынтымақтастық пен мемлекет арасы мен халықаралық ұйымдардың үйлесімді шешімін қажет етеді. Дамыған қоғам және құқықтық мемлекет — адам құқықтарыны қорғау мен қамтамасыз етудің ең тұрақты кепілдері болып табылады. Адам құқықтарының Евразияшыл Концепциясынан бас тартпай керісінше, қисынды және әмбебаптықпен оның жетіспейтін бөліктерін толтыру. Нақтырақ айтсақ, адамның бостандығы мен жеке құқықтарының қамтамасыз етілуі, қоғам мен мемлекеттің күтіп отырған нәтижелеріне, қызығушылықтарының тұрақтылығына және де өзарақабылданатын заңдар мен бостандықтарға, міндеттер мен талаптарға сайма-сай болуы керек. Қазақстанның полиэтникалық евразиялық қоғамында ұжымдық құқықтың ұлтаралық келісімі, бейбітшіліктің тұрақтылығы мен ұлтаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігі ең маңызды болып табылады. Дәл осы ұжымдық құқық көпұлтты мемлекетте жеке құқықтардың сақталуының кепілі болып табылады. Тек өзара жауапкершілік, тұлғаның және қоғамның қызығушылық балансы ұжымның және адамның құқығы мен бостандығын жүзеге асыруға бастама болып табылады. Бұл көзқарас, ғылыми идеялардың уақыттық шақыруына негізделген адам құқықтарының жаңа евразияшыл концепциясы болып табылады. Біздің евразияшыл жанымыз фактор ретінде европоцентристтарға қарағанда адамзат өркениетің тарихы дамуына басқаша көзқараспен қарауға, тек жаңа ғылыми евразияшыл ойлауға негізделген. Соңғылары үшін түрік өркениеті жоқ. Олар оны адамзат дамуының, әлемдік шалғайдағы ұйымдардың тарихының елеусіз жеріне апарып тастаған [2, 4]. Европоцентризм идиологияларының өмірщеңдігі, сіресіп қалуы және залалы әлі күнге дейін біздің сана-сезіміміз ол кездегі дәрежеге жетпеді, себебі ежелгі түрік әлемінің, соның ішінде көшпелі қазақтардың қоршаған ортамен және табиғатпен шаруашылықты басқаруы, олардың өзіндік жеке ережелері мен тәртіп нормалары, салты мен дәстүрлері, 209 әсіресе билік пен соттық әділеттілігі қазіргі біздің ХХІ ғасырдың жаһандануы сол кезге тек қызығушылық пен еліктеуді қажет етеді [3, 16-17]. Бәрімізге белгілі, дүниетаным мен дүниеқабылдаушылыққа, жалпы, адам құқықтарының идеясы мен бостандығы ғана емес, дербес жағдайда, экономикалық тұрақтылық пен шаруашылық жағдайлары, менталитет, өмірлік құндылықтар, белгілі құқықтық және мәдени дәстүрлер, салттар, саяси және құқықтық жүйенің дамуы, діннің әсер ету дәрежесі мен осы немесе басқа қоғамдық бірлестіктер мен мемлекет те әсер етеді. Сондықтан, адам құқығының евразияшыл концепциясына қарағанда, исламдық, қытайлық, жапондық, дәстүрлік және әлеуметтік де концепциялар бар. Ал біздің жағдайымызда, европашылдықты толықтырып және байытатын евразияшыл концепция болмақ. Осы концепциялардың әрбіреуі өзінше ерекше және қызықты, сондықтан оларды келекет етудің қажеті жоқ, Осылай, адам құқықтарының исламдық концепциясы, мусылман құқықтарының жалпы міндеттерінің жазылуына сіңісіп кеткендіктен, ол ислам әлемінің догмаларына қайшы келмесе азаматтардың адам құқықтары мен бостандығымен санасуға негізделген. Батыстың қатаң құқықтық дәстүрлеріне қарағанда Қытайда мен Жапонияда заңдарды аса жарияламады, заңды жазбаларға бас июшілік пен оған деген сақтық қатынастар болмады. Бұл елдерде «конфуцийлік мәдениет ареалында» артықшылық мораль нормалары мен адамгершілікке, міндет пен намысқа негізделген. Басқаша айтқанда, адам құқығының азияттық концепциясы мынадай ұстанымдарға негізделген болатын, олар: «адамгершілік», «әділеттілік», «шынайылық» және «маңыздылық», бұлар жеке адамның, отбасы мен мемлекеттің билікке және игілікке жетуіне, өзара міндеттердің орындалуына сәйкес келеді. Мүмкін, бұл Жапония мен Қытайдың экономикасының күрт дамуы «қауымдық конфуцийлік құндылықтардың» заңды түрде бекітілген адамның құқықтары мен бостандығы жайлы заңдарға қарағанда, аса зор мән мен мағынаға ие болуынан шығар [4, 18]. Маркстік оқулықтарға негізделген адам құқығының әлеуметтік концепциялары, керісінше, ұйымның, қоғамның және мемлекеттің қызығушылықтарын жеке тұлғалардың құндылықтарына қарағанда басымдылққа ие болып, жоғары қойылды. Осымен олар, жалпыға мәлім – совет қоғамындағы адам мемлекет механизмінің тек бір тетігі – деген тұжырымды дәлелдеді [4, 19]. Европа Ынтымақтастық Қауіпсіздік Ұйымы ассамблеясының парламентаралық президенті Элси Хастингстың айтқанына мән беру керек, ол «демократияның көпшілігі» және түрлі қоғамдағы демократияның әр түрлі деңгейде жүруі жайлы айтып өтті, сондықтан да әр елде өзінің демократиясы және американдық модель демократиясы барлығына идеал болып табыла бермейді [4, 22]. Батысевропалық әлемге тән жекешілдік тұлғаның толық автономиялық және диктатуралық жағдайын, оның жеке құқықтары мен бостандығын көздейді. Бұл концепция қатаң прагматизмге негізделіп, тек қана аз мөлшер шығын кетіріп барынша экономикалық пайда алуды көздейді. Міне, осы түсінік «европоцентризм» теориясының оңай түсінуінің негізі, ал адам құқықтарының ортасында – «персоноцентризм» теориясына негізделеді. Адам құқықтарының евразияшыл концепциясы адам құқықтарының мәселесіне евразиялық адамның көзімен қарауына көмектеседі. Оның мәні келесіде: Адам құқықтарының Евразияшыл Концепциясынан бас тартпай керісінше, қисынды және әмбебаптықпен оның жетіспейтін бөліктерін толтыру. Нақтырақ айтсақ, адамның бостандығы мен жеке құқықтарының қамтамасыз етілуі, қоғам мен мемлекеттің күтіп отырған нәтижелеріне, қызығушылықтарының тұрақтылығына және де өзарақабылданатын заңдар мен бостандықтарға, міндеттер мен талаптарға сайма-сай болуы керек [5, 112]. Қазақстанның полиэтникалық евразиялық қоғамында ұжымдық құқықтың ұлтаралық келісімі, бейбітшіліктің тұрақтылығы мен ұлтаралық қарым-қатынастардың 210 үйлесімділігі ең маңызды болып табылады. Дәл осы ұжымдық құқық көпұлтты мемлекетте жеке құқықтардың сақталуының кепілі болып табылады. Тек өзара жауапкершілік, тұлғаның және қоғамның қызығушылық балансы ұжымның және адамның құқығы мен бостандығын жүзеге асыруға бастама болып табылады. Бұл көзқарас, ғылыми идеялардың уақыттық шақыруына негізделген адам құқықтарының жаңа евразияшыл концепциясы болып табылады [6, 73]. Соңғы кездері адам құқықтары бойынша Евразияшыл сотқа байланысты көптеген дискуссиялар жүруде. Осыған байланысты Евразияшыл одақ ең бірінші болып Ресей, Қазақстан және Белоруссия саясаттында ең басты мәселе болып тұрғанын атап өткен жөн. Осы идеяны жүзеге асыру барысында әр мемлекет өзіндік жеке қызығушылықтарын қарастыруда. Жаңа Евразияшыл бағдарламаға сінісіп кету үшін Ресей әртүрлі даму деңгейіндегі көптеген мемлекеттерді шақырмақшы. Реседің ойынша, бұл одаққа, Украина, Қырғызстан, Тәджікстан, Армения, Абхазия, оңтүстік Осетия, Сербия, Моңғолия және т.б. мемлекеттерге кіруге болады. «Ресейдің басты мақсаты – жақын аймақтарда өзің минималды түрде қорғап және шет аймақтарда максималды түрде экспансиясын жүзеге асыру». Анықтаушы мотивация – егерде осы мақсатты жүзеге асырмаса, онда Ресей өзі басқа мемлекеттің экспансиясының нысаны болып қалуы мүмкін. Евразияшыл одақ Ресейдің сыртқы саясатының доминанты болып табылады. Ал Қазақстан болса, евразияшыл идеясының бастамашысы ретінде, оған мүлдем басқа мән негіздеуде. Қазақстанның айтуынша, Еразияшыл одаққа рухани бастама ретінде осы евразияшыл идеяның өзі болатын, олардың өткені, қазіргі жағдайы және болашағы сол идеямен түбегейлі байланыста болатын мемлекеттер ғана кіруі керек. Бұл идеяның басты міндеті жаһандану дәуіріндегі мемлекеттердің менталитетімен, мәдениетімен, дүниетанымымен, дүниетануымен және өмірге деген бірегей көзқарасымен байланысты болуы керек. Осы идеяның ауқымы қаншалықты кең болса, Евразияшыл одаққа соншалықты тәуелсіз және өзара тең мемлекеттер кіріп, бұл идея одан сайын тұрақты орынға ие болады. Бұндай интеграция көшбасшылық позициясын жоғалтуға қорқыныш сезімінің туындауына негіз жоқ, себебі бұл Евразияшыл иденың басты міндеті мемлекеттерді рухани байланыстыру, бұл ортада саяси және экономикалық эгоизм мен артық есептеушілік болмайды. Бұл жағдай шешім қабылдауда асығыстық етпейді, керісінше «асықпаған арбамен коянды қуып жетеді» қағидасын ұстауда [8, 39]. Біз адам құқықтары теориясына ерекше көз қараспен қарайтын евразияшыл қоғам болып табыламыз. Әуелде бұл ерекшелікті өмірдің өзі жасаған, шаруашылық түрлері, мәдениеттің дамуы, тіл, салт-дәстүрлер, сөйлеу манерасы, қоршаған ортаны қабылдау қабілеттілігімен айқындалып отыр. Көшпелі өмірді басынан өткізген Азия мен Шығыс адамында ата-бабалардан қалған қоғам құндылықтары, салттар мен дәстүрлер әлі күнге дейін сана-сезімдерінде сақталып, дамып келуде. Мысал айта кетсек, көшпенді адам үшін «тайпадан қуылу өлім жазасынан да ауыр жаза болып саналды… жаза ретінде қылмыскер толықтай бостандыққа ие болады, яғни қуғындалушы қоғамның мүшесі болу құқығынан айырылады, рудың немесе сол тайпаның территориясынан қуылады» [7, 136]. Және керісінше туыстық қауымда өмір сүру және қақорлығында болу көшпенді адам үшін оның ерекше қасиеттерге ие индивид екендігінің белгісі болды. Көшпенді адам өзін тек тайпасының, өзінің қоғамының ортасында ғана шынайы еркін адам болып сезінді. Сондықтан да, Европа адамына ұнайтын және жағатын нәрселердің барлығы дерлік Евразия тұрғынына келе бермейді. Мысалы, Европа адамын түскі асқа шақырсақ, ол негізделген этикет бойынша өз асы үшін өзі төлеу керек. Ал Евразия тұрғыны үшін, біздің ата-бабамызды былай қойғанда, мұндай жағдай болуы мүмкін емес дерлік, себебі біздің қоғамда ондай этикет түрі жоқ, біздің ата-бабамыз өте қонақжай халық болған. Ал қазіргі заманғы Батыс елдерінің мәселелерінің бірі, мысалы жынысын ауыстыру және біржыныстық некеге тұру және т.б., Евразия адамы мұны адам құқықтарымен емес 211 тікелей «персоноцентризммен» байланыстырады. Ол үшін бұл мәселелер адам әлсіздігінің, аурының, қоғамға тән емес байланыстар және әлеуметтік құндылықтарға жат, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысы жоқ нәрсе болып табылады [2, 9]. Адам құқықтарының терең мазмұны мен түсінігінің, оған деген қарым- қатынастардың әлі күнге дейін толықтай ашылмауына байланысты кейбір авторлардың ойлауынша, «қоғамдық-экономикалық формация тек қана әлеуметтік-экономикалық даму мен таптардың орнын, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орындарын ғана сипаттайды… адамның қоршаған ортадағы орнын, оның құндылықтарын мен табиғи және абсолютті құқықтарын анық атап көрсетпейді». Сонымен бірге, олар таңғаларлық шешімге келген болатын, «адам құндылықтарының идеясы, оның бостандыққа деген құқықтары, қоғамдағы құқықтық тіреуге деген индивидтің адамшылдық көзқараспен қарауын биліктің талап етуі европалық өркениетке ғана тән нәрсе» [8, 61]. Біздің ойымызша, бұл дұрыс емес болжам, себебі европалық өркениетті фетишизациялау негізінде қарастырылып отыр. Бұдан байқайтыңымыз, басқа өркениеттер бұл мінездемеге сәйкес келмейді, яғни оларда адамшылдық идеялар жоқ деп болжайды. Бұл арада басқа әлемдік орталықтардың болмауын көздейтін «европоцентризм» принципі айқын көрінеді. Өз заманында Л. Н. Гумилевтің атап өткен, «алайда басқа жалпыметологиялық принципті де қолданған дұрыс, соның ішінде – «евразияшыл полицентризм», яғни «… ондай орталықтар көп. Европа – әлем орталығы, бірақ Палестина да – әлем орталығы, Иберия мен Қытайда сондай орталықтар, және т.б. Орталықтар көп, олардың санын анықтау қиынақ» [9, 27]. Осыдан келе, ол «европоцентризм» — мүшкіл көрініс, кейде тіпті өлерлік жағдай», «…космополитизм – щовинизмнің бір түрі, яғни өзге суперэтностарға өз дағдыларын байлансытыру болғандықтан, ол қайырымды ретінде қарастырыла алмайды» [10, 38]. Яғни, адам құқықтарына деген европоцентризмдік қадам арқасында мынадай теория туындады, адам басқа статусқа ие болып, бұрынға қоғамға, мемлекетке, әлеуметтік топтарға деген тәуелділігінен құтылды. Алайда жоғарыда көрсетілгендей, адамның табиғи құқықтары мен адам өмірінің аспектілерінің сыбайластығы мен «табиғи құқықтардың» әмбебаптығы бастысевропалық өркениетке жатқызыла бермейді. Себебі, табиғи құқық дегеніміз – ең бастысы, жазылмаған құқық, және бұл формада ол адам тарихындағы барлық бірлестіктер мен өркениетерге таныс [4, 18]. Жоғарыда атап өтілгендей, ХХ ғасырда жаһандану процессі әлемдегі өзге де өркениеттердің өзгешелігі мен қайталанбастығын көрсету барысында айтарлықтай күш жинауда. Мысалы, көшпелі өркениеттің өзіңе ғана тән салт-дәстүрлер мен жүріс-тұрыс ережесі ережелері болды, бұлардың барлығы тек бірлестіктердің қызығушылықтарын ғана емес жеке индивидтің қызығушылықтарын да қамтитын болған [8, 130-136 ]. Көшпелі халықтардың әмеңгерлік салты, яғни күйеуі қайтыс болған жағдайда, жесір қалған әйелді қайтыс болған зайыбының ағасына не бауырына уйлендіру, батысевропалық өркениетте, яғни «персоноцентризм» бойынша әйел құқықтарын бұзу болып табылады. Алайда бұл жерде европалықтардың көзінше бұл дәстүрдің қырлары ашылмаған. Яғни, біздің ата-бабаларымыз қазіргі құқыққорғаушылардан әлде қайда ақылдырақ болды, себебі әмеңгерлік бұл әйел құқықтарын бұзу емес, жесір қалған әйел мен оның балаларының күй-жайын ойлап, отбасы асыраушының жоқтығын білдіртпей, жесірдің ауыр күйін жеңілдету. Осы әдеттерді сақтау көшпелі халықтың сол отбасы жағдайын, сөйлесу ортасын сақтап, балалардың жетім қалдырмаудың бірден-бір амалы болды. Бұл дегеніміз қайтыс болған туысының балалрын мен әйелін өз қарауына алып, оларды далаға тастамай, үй-жаймен қамтамасыз ету. Бұл мысалда көшпелі халықтың өркениетіндегі асқан адамгершілдік, жоғары мораль мен этика, адам құқықтарына деген қамқорлық көрінеді, Батыс Европа елдерінде адам құқықтарына толығымен бостандық жариялап, рұқсат етілген біржынысты некелерден мұндай көріністер таба алуымыз біршама. Бұл да мәдениеттің бір түрі шығар, еріксіз болса да біз бұған көнуіміз керек. Осылайша, 212 мәдениет әлеуметтік динамикадағы анықтаушы фактор болып табылатыны мәлім. Мәдениеттің негізі, адам бостандығы мен құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған адамдардың, қоғамның жоғары рухани құндылықтары болып табылады. Айтылған мысалдар, адам құқықтарының тағы бір ерекшелігін көрсетеді, яғни адам құқығы – этикалық-құқықтық құрылым, адам құқықтарында құқықтық және де моральдық құндылықтар ұштасуда және де бұл байланыс бүкіл құрылымды мәнмен қамтиды [11, 267]. Батыс Европа елдеріндегі мемлекеттілік қоғамның, халықтың, ұлттың негізгі бастамасы, оның саяси ұйымы жалпы қызығушылықтарды көздейтін билік органдарының нақты көрсетілген саяси жүйесі болып табылады. Ал қазақтар болса қиын көшпенді жағдайда, ешбір мемлекеттік нысандар мен символдары болмаса да өздерін біртұтас, бірегей ұлт ретінде негіздеп және сақтап қалған. Бұл жерде айтқымыз келгені, әрбір қазақтың өз «жеті атасын» білуі, қайдан шыққанын, тегін білуі. Көшпенді қазақ өркениеті үшін генеология қараңғылықтағы жарық шамдай жол сілтеуші болған. Өзінің тегін білу көшпенді адам үшін оның өмірінің тұрақтылығының негізі болды. Міне ұлт тұтастығы осыдан негіз алуда, европалық канондар бойынша бұл тұтастық үш жүзге бөлінген және бір-бірлерінен алшақ тұратын көшпелі өркениетте болмауы керек [13, 35]. «Жеті ата» ережесін сақтау қазіргі заманғы қоғамдағы, мысалы қанның араласып кетуі, осыған байланысты ауру ұрпақтардың туылып, халықтың құрып кетуі сияқты мәселелердің алдын алуға көмегі көп. Бұл ереже дені сау және күшті ұрпақ туылуға негізделген. Өзінің ата тегін соңғы жетінші атасына дейін білу туыстармен некеге тұрудың алдын алып отырған. «Жеті ата» институты көшпенді адамның рухани мұрасын көрсететін үлкен философиялық мағынаға ие және де әлі күнге дейін басқа өркениеттерге жат болып көрінуде. «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс. Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы [14,3]. Сондықтан да, жеке тұлға құндылықтарының топтың құндылықтарынан жоғары қоя отырып, Батыста кен тараған зоологиялық индивидуализмге бет бұрудың қажеті жоқ [15, 18]. Біз евразиялықтар географиялық, тарихи жағынан, тағдырымыз осы тұрып жатқан Евразия материгіне тән болуы керек. «Қазақстан-2030» стратегиясында атап өткендей: «Біз – өзіндік тарихы мен болашағы бар евразияшыл мемлекетпіз. Сондықтан да біздің моделіміз ешқандай басқа моделге ұқсас болмайды. Ол өзіңе әр өркениеттің жетістіктерін сіңіріп алады. Оның алдында осы немесе басқа деген сұрақтар тұрмайды. Біз тек өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген тек жақсы өркениеттердің моделдерін ғана таңдаймыз» [16,3]. Қарастырылып отырған адам құқықтарының евразияшыл концепциясы – бұл адам құқықтары мен бостандығына және демократияға басқаша көзбен қараудың бір түрі болып табылады. Оның негізі мынада: адам құқықтарының евразияшыл концепциясының бетін қайтармай, оның ерекшеліктерін қолдана отырып, адамның жеке құқықтарының топтың және қоғамның қызығушылықтары мен болжамдарына, және де бір-бірінің алдыңдағы жаупкершілікке сәйкес келуі керек екендігін ескергеніміз жөн. Әсірісе соңғысын атап өту керек, себебі жеке құқықпен аса ауқымды қызығушылық құқық пен міндеттің байланысын бұзып, эгоистік индивидуализмге әкеп соғады. 213 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Аймақтық БАҚ, – «Бастау». – 16 Қаңтар 2013, 15:34220 Берікжан БАЙЖҮНІСОВ, Қаратал аудандық сотының төрағасы. 2. Бусурманов Ж. Д. Евразийская концепция прав человека. Монография. – Алматы: КазГЮУ, 2006. – 481 с. 3. Лукашук И. И. Глобализация, государство, право – ХХI век. – М.: Спарк, 2000. – 279 с. 4. Алексей Бануцикин. «У каждой страны своя демократия». – газ. Экспресс к. 1 ноября, 2005 г. 5. Кабыкенова Б. С. Проблема гражданской свободы в теоретическом наследии Джона Стюарта Милля// Сб. материалов международной научно-практической конференции «Государственная независимость Казахстана и национальная идея». – Алматы, КазГЮА. – 2001. – 112-116 с. 6. Өзбекұлы С. Право кочевой цивилизации казахов. Монография. – Алматы. – 2002. – 224 с. 7. См.: Гомьен Д., Харрис Д., Зваак Л. Европейская Конвенция о правах человека и Европейская социальная хартия: право и практика. – М.: Издательство МНИМП, 1998. – 600 с. 8. Абайдельдинов Е. М. Соотношение международного и национального права Республики Казахстан (проблемы становления приоритетности). Алматы. «Қазақ университеті», 2002. – 288 c. 9. Общая теория прав человека. Руководитель авторского коллектива и ответственный редактор доктор юридических наук Е. А. Лукашева. – М.: Издательство «НОРМА», — 1996. – 520 с. 10. Гумилев Л. Н. Ритмы Евразии. Эпохи и цивилизации/ Предисловие С.Б. Лаврова. – М.: Экопрос, 1993. – 324 с. 11. Права человека. Итоги века, тенденции, перспективы/ Под общ. ред. чл.-корр. РАН Е. А. Лукашевой. – М.: Издательство «НОРМА». – 2002. – 448 с. 12. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы. 13. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 б. 14. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 15. Ковлер А. И. Антропология права: Учебник для вузов. – М.: Издательство «НОРМА», 2002. – 480 с. 16. Казахстан – 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы, 1997. – 256 с.