Тәуелсіздікке ие болған уақыттан бергі жиырма жылда бірізділікпен жүргізілген реформалардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы ең жоғары құндылығы Адам және оның құқықтары, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделер деп танылған, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып қалыптасқаны ақиқат [1, 108]. Мемлекеттілікті неғұрлым дамытуға бағытталған шаралар көшенінде республикамыздың саяси басшылығы құқық қорғау жүйесі мен соттарды реформалаудағы, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оны нығайтудағы, тұрақтылықты сақтап қалудағы, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы тиімді құралдарды айқындау жолында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңның орны ерекше. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы» Заңына сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі кез келген заң бұзушылықтыдер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. 238 Прокуратура және сот органдары жұмысының тиімділігі азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарының және заңды мүдделерінің сот көмегімен нақты қалыпқа келтіруінде. Ал, прокуратура органдарының осы ағымдағы қадағалау қызметі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары заңды мүдделерін қорғауға, Конституция заңдар мен өзге нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған [2, 6]. Адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтарын сақтауда прокурорлық қадағалаудың орны ерекше. Азаматтардың құқықтарының қорғалуын қадағалап, заңдылықты талап етіп, тұрғандарға көмекке келетін – прокуратура саласы. Кез келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандқтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасз ету болып табылады [3,84]. Ата Заңымызда мемлекеттің басты байлығы – адам және оның бостандығы мен құқығы деп атап көрсетілген. Қазақстан төрағалық ететін ұйым Еуропаодағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұймындағы талқыға түсетін негізгі мәселенің бірі де – адам құқығын қорғау болып отыр. Десек те, осы адам және оның құқығына қатысты қай салалардағы кемшіліктер немесе «біреудің жоғын, біреу өлең айып іздейдінің» кей болатын жайсыз жағдайлардың кезігуі жасырын емес [4, 8]. Қадағалау органдарының жұмысындағы бірінші қолбайлау болып отырған нәрсе жұртшылықтың өз құқықтарын жете білуге ынта қоймауы, заңмен бекітілген құқықтарының орындалуын талап етуге көңіл бөлмеуі, осындай кемшіліктерден құралақан емес. Прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екендігін түсіндіреді. Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтарың құқыққа қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі тиіс. Жақында ҚР Елбасы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді , соның ішінде ҚР Бас Прокуроры атқарған жұмысы бойынша баяндама жасады[5,18]. — Асхат Дауылбаевтың баяндамасы бойынша: Бірер күн бұрын Шымкентте жол полициясының қызметкері Мамедов көлік жүргізушісін негізсіз тоқтатқан. Ал жүргізуші полицейдің бұл қылығын бейнетаспаға түсіруге тырысқан. Сол сәтте Мамедов пен оның серіктестері көліктің артқы жағындағы мемлекеттік нөмірін шешіп алып, жүргізушіні мемлекеттік нөмірсіз жүрсің деп хаттама толтырған. Олар мұнысымен қоймай, өз пагондарын өздері жыртып, бізге шабуыл жасады деп жала жапқан. Осы жағдайға байланысты құқық қорғаушылар халықтың «жан алушысы» емес, жанашырлары болуы қажет. Осындай маңызды тапсырмаларды жүйелі түрде орындауда құқық қорғау өкілдері де халық сеніміннен шыға білуі қажет [6, 8]. Бас прокурордың айтқаны көптеген деректердің бірі ғана. Осылайша, азаматтарды қорғаушы полицейлер керісінше қорлаушы болған. Бірақ, ондайларды енді барлық ел білетін болады. Елбасы тәртіпсіздік жасаған тәртіп сақшыларын қалың жұрттың алдында жазалауды тапсырды. Ал, енді соттардың жасап жатқан былық-шылығын айтсақ. Бас прокурор қазіргі таңда судьялар қылмыскерлерді жазалаудың орнына, ақтап жатқанын ашық айтты. Қарапайым тілмен айтқанда, түйе ұрлағандар құтылып, түйме ұрлағандар тұтылып жатыр. -2011 жылы Астана қаласының соты кісі өлтіру фактісі бойынша айыпталған Ботабаевты ақтап шығарды. Прокурорлардың барлық наразылықтарына қарамай осы үкім күшін сақтап қалды. Араға 1 жыл салмай Ботабаев Іле Алатау ұлттық паркінде адамдарды жаппай өлтірген экстремистік тұрғыдағы топтың құрамынан табылды. Қазіргі кезде оған іздеу жарияланды. Алайда, оны сотта ақтап шығарған судьялардың ешбірі жауапкершілікке тартылған жоқ. 239 — Елбасымыз «Осындай жағдайлар бойынша Бектас, сіздер өздеріңнің араларыңда тиісті тексеру жүргізулерің керек. Соған барлық қатысты адам, яғни кісі өлтірген адамдарды бекерге босатқан жоқ қой, ақшаға босатты немесе басқа бір таныстары арқылы босады. Басыннан-аяғына дейін барлығын жұмыстан неге қуып шықпадыңдар? Бұл мәселені халыққа неге айтпадыңдар?» деген болатын. Қаржы полицейлерінің жасаған заңсыздықтары да жарияланды осы жерде. Тіпті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне де қатаң сын айтылды. -Асхат Даулбаев өз сөзін жалғастыра отырып, ұлттық қауіпсіздік комитеті органдары транс ұлттық қылмыстың жолын кесу турасындағы жұмыстарды атқармайды. Бір жылда не бәрі екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылғаны анықталған. Алайда, елімізде ондай қылмыстық топтардың саны 15-ті құрап отырғаны мәлім. Бас прокурордың айтуынша, өткен жылы Қазақстанда тіркелген қылмыстардың саны 39 пайызға өскен. Яғни, былтыр елімізде 2011 жылмен салыстығанда 280 мыңнан астам қылмыс жасалған. Сонымен қатар, Асхат Дауылбаев күштік құрылымдардың лаңкестік пен экстремистік қауіп-қатерлерге қарсы тұруға дайын емес екендігін ашық айтты. Бас прокурордың дерек-дәйектерге толы баяндамасы аяқталған соң, құқық қорғау саласына қатысты кеңес одан әрі жабық есік жағдайында жалғасты. Прокуратура органының тарихы, атқаратын қызметі Прокуратура алғаш рет КазОАК 2-ші шақыруындағы III сессияның қаулысымен 1992 жылы 13 шілдеде бекітілді. Осыған байланысты әділетхалық комиссары Шафхат Мұхамметжанұлы Бекмұхамметов өз қызметімен қатар ҚР прокурорының қызметін атқарған. 1993 жылы прокурордың құзыреті кеңейтілді. Әділет ұлттық комисариатының жанынан прокуратура басқармасы құрылды. Прокуратура туралы заң 1995 жылы 21 желтоқсон күні қабылданған. Республикасының Прокуратура органдарында қызмет ӛткеру туралы ереженің 2 тарау 8 бабына сәйкес: «Прокуратура органдарының қызметкерлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , «Прокуратура туралы» Заңға, өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерге, осы Ережеге, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге, Бас прокурордың бұйрықтарына, өкiмдерiне, нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады» [7, 5]. Осыған сәйкес заңдардың дәл және бірыңғай орындалуын қадағалайды. Қадағалау функцияларын іске асыратын бөлімшелер мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау органдарының бір жүйесінде біріккен. Сондықтан прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлық қадағалау органдарының жүйесі деген әртүрлі ұғымдар бар. Соңғысы – прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай- ақ қылмыстық қудалау, құкық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т.б. білдіреді.Прокуратура нысаны заңдардың орындалуын жүзеге асырады және субъектілердің құқықтары бұзылмауын қамтамасыз етеді. Бір бағыттағы құрылым тек өзара байланысты органдардан, бөлімшелер мен бірліктерден басқармалар аппараттарын кұру нәтижесінде ғана жасалады. Әрбір төменгі деңгейдегі сатылар жоғарғы деңгейдегі басшыларға тікелей бағынышты болады. Бұндай жағдайларда прокуратураның әрбір қызметкері тек бір басшыға ғана есеп береді және бағынады және олар жоғарғы жүйемен тек өздерінің басшылары арқылы ғана байланысады. Бір бағыттағы құрылым жеткілікті тиімді, өйткені ол бағыныстылықтың анық және жай өзара байланыстар түрінде құрылады. Осындай қағидат бойынша прокуратура органдарында прокурорлардың (олардың орынбасарларының) және тиісті деңгейде покуратура органдарының аппараттарын басқарып отырған басшылар арасында өзара қарым-қатынастар құрылады, өкілеттіліктер, функциялар бөлінеді. Осындай қағидатпен ҚР Бас прокуратурасы аппараттарының департаменттерінде, басқармалар мен 240 бөлімдерінде және облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларда ұйымдасқан құрылымдар құрылған. Прокурор – өз құзыреті шегінде заңдардың, ҚР президентінің жарлықтарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолдануын, жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауда, сотта мемлекет мүдделерінің өкілі болуды, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауда жүзеге асыратын лауазымды адам. Бас прокуратураны заңның 12 бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. [8, 53] Прокуратура барлық органдарда заңның орындалуын қадағалайды. Ешқандай билік тармағына кірмейтін орган. Прокурорлық қадағалау мәселелері Бас көлік прокурорының тапсырысы бойынша Қызылорда көлік прокуратурасы Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне тексеру жүргізу барысында, ҚР-ның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі» туралы заңына сәйкес келесідей заң бұзушылықтар орын алғандығы байқалды. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі» заңы бойынша құқық бұзушылықтардың орын алғандығын анықтадық. Атап айтар болсақ, осы заңының 37-бабының 4-бөлігінің талаптарына сәйкес сот орындаушы үш күннен кешіктірмей атқару өндірісін қозғап, қаулы шығаруы тиіс [9,18]. Қызылорда облысы Сот актілерін орындау департаменті Байқоңыр аумақтық бөлімінің қызметін тексеру кезінде 29.04.2011 жылы Байқоңыр қалалық сотына мемлекеттің пайдасына азаматша А.Ж. Айшуақовадан 3813 теңге сот төлемдерін өндіріп алу туралы атқару парағы келіп түскен болатын. Алайда, жоғарыдағы заң талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы Ж.Баекеева №2-661/11-11-43 ісі бойынша атқару өндірісін бес күн кешіктіріп қозғаған [9,24]. Қызылорда облысы бойынша прокуратураның өткен жылдың 11 айы ішінде сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығы желісі бойынша жұмысына талдау жасайтын болсақ: Қылмыстық істер бойынша: Басты сот тергеуінде алғашқы инстанциядағы соттар 79 тұлғаға қатысты 65 қылмыстық іс қараған (2010 жылдың 12 айында 88 тұлғаға қатысы 68 іс қаралды), соның ішінде 41 (45) тұлғаға 34 (42) айыптау үкімі шығарылыр, 34 (34) тұлғаға қатысты 31 (26) іс ақтамайтын негіздемелер бойынша тоқтатумен аяқталады. Аймақтың соттары негізгі сот тергеуінде есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар туралы 10 (13) тұлғаға қатысты 6 (12) қылмыстық істі қараған. Атқару ӛндірісі бойынша: Қызылорда көлік прокуратурасы осы бағытта 4 тексеру жүргізіп (2010 жылы 4 тексеру), 4 (5) өтінішті қарады, 8 (3) тұлға тәртіптік жауапкершілікке шақыртылған, прокурорлық әрекет ету шараларымен 888 811 (50040) теңге сомаға 17 (5) атқару өндірісі іс жүзінде орындалған, соның ішінде мемлекеттің есебіне 888 881 (488 845) теңге пайда түскен. Қорытынды Біздің зерттеулеріміздің негізгі міндеттерінің бірі адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуін қадағалау органдарының ролі мен қызметі. Ғылыми жұмыстың негізгі бөлігінде конституциялық құқықтың негіздері мен қайнар көздері көрсетілген. Прокуратура органы тек қадағалау мен ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құкық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін қорғайды. Бас прокуратураны заңның 12 бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. 241 Адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтарын сақтауда прокурорлық қадағалаудың орны ерекше. Сонымен қатар, Бас көлік прокурорының тапсырысы бойынша Қызылорда көлік прокуратурасы Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне тексеру жүргізуі. Елбасы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізіп, ҚР Бас прокуроры Асхат Даулбаевтың елбасымызға жасаған баяндамасы жазылған. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Копабаев О.К. Конституционное право Республики Казахстан. — Алматы, 2006. 389 б. 2. Уәлғазина Т.Қ. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі. — Алматы, 2007. 3. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» Астана: Фоллиант баспасы, 2006. 388 б. 4. Қайрат Сағынай Қадағалау қары мықты болсын. — Заң және заман. 2010. № 2. 5. Ерлан Оспан //Юриспруденция. 20 ақпан. 2013 жыл. 6. Ибрагимов Жамаладен Полиция «жан алушы» ма, жанашар ма? — Астана Ақшамы газеті. № 22, Бейсенбі 21 ақпан 2013 жыл. 20 б. 7. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында қызмет ӛткеру. туралы заңы. -Алматы, 2008. 59 б. 8. Абишев Т.Д. Развитие механизмов защиты прав человека в Казахстане. — Астана, 2004. 244 б. 9. Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі. туралы заңы, — Алматы: Юрист, 2012.