Адам және дүние туралы

Осындай дүниеде адам өзін өзінің ғұмыр кешуінің аумағында шектеліп қалғандай болып сезінбейді. Ол да ашық сол бір символдар тілін пайдаланғандықтан, дүниемен сұхбаттаса алады. Егер дүние онымен жұлдыздар, өсімдіктер кем жануарлар көмегімен, өзендер мен таулар, жыл мезгілдері мен тәуліктерінің көмегімен сөйлесетін болса, онда адам оған, кезегінде, өзінің армандары мен елестету қабілеті, өзінің (іс жүзінде табиғат та, астам тектілік те, адам да болып тұрған) ата­бабалары мен тотемдері, жетпек жоралғысында өзінің өліп және қайта тірілу қабілеті, өзінің бетперде киіп, рух кейпіне енуі қабілеті арқылы жауап қата алады. Егер бағзы қоғамның адамы үшін дүние жеткізімді (доступный) көне өткізімді (проницаемый) болса, онда ол адам да дүниенің өзіне «тесіле қарап» және өзін түсініп тұрғанын сезіне біледі. Қашып келе жатқан жануар адамға қарайды да оны түсінеді (көп жағдайда аң өзін ұстатуға мүмкіндік береді, өйткені, ол адамның аш екендігін біледі), бірақ жартас, аташ, өзен туралы да осыны айтуға болады. Осы құбылыстардың қай­қайсысы да өзінің «тарихына» ие, оны ол адамға жеткізіп бере алмайды, және өз ақыл­кеңесіне де ие, оны ол адамға бере алады. Өзін адами пенде ретінде сезіне және өз мойынына осыны үшін жауапкершілікті ала отырып, бағзы қоғамның адамы, өзінің бүл дүниедегі маңыздырақ бірдеме екендігін де біледі. Мәселен, ол өзінің арғы бабасының жануар болғандығын біледі, ол өзінің өліп қалуының мүмкін екендігін және өмірге қайтып орала алатындығын (жетпек, бақсы трансы) біледі, өзінің оргиялары арқылы егін шығымдылығына ықпал ете (ол өзінің әйеліне, Аспанның Жерге істегені сияқты істей алады, ол күрек рөлін, әйелі — түрен рөлін ойнай) алатынын біледі. Күрделірек мәдениеттерде адам, өзінің тыныс алуының — Жел екендігін, оның сүйектерінің — тау жоталары екендігін, оның асқазанында от лаулап жатқанын, оның кіндігі дүниенің кіндігі бола алатынын, т.т. біледі. Бұл дүниеге деген мұндай «ашықтықты» ғұмыр кешудің буколистік, идиллиялық тұрғыда қабылдаудың нәтижесі деп ойлауға болмайды. Қарабайыр халықтардың мифтері мен ғұрыптары, және онымен байланысты істері Аркадияны бейнелемейді. Көріп өткеніміздей, ілкі қауымдық жер өндеушілер, өсімдіктер дүниесінің гүлденуіне өздерінің жауапты екендігін түсіне отырып, құдайларға егіннің шығымдылығын арттыру үшін шалынатын құрбандықты азаптауға дейін, сексуалды рияларға және каннибализмге, жауларының басын аулауға дейін барған. Осылардың барлығы да ғұмыр кешудің трагедиялы тұжырымдамасына тұнып тұр және азаптану мен зорлықпен өлтіруге берілген діни бағалаудың нәтижесі болып табылады. Гайнувеле туралы құрылтайлар өзінің өлімді қабыл алуына мәжбүрлейді.

Читайте также:  Мағжан Жұмабаев "Оқжетпестің қиясында" поэмасы

Адамның маңдайы, өзіне қорек табу үшін өлтіру және еңбек ету «жазған». Өсімдіктер және жануарлар дүниесі оған оның шыққан тегі туралы, яғни, жеме­жемге келгенде, Гайнувеле туралы «сөйлейді», және, оны түсініп, оны қоршап жатқанның және оның істеп жатқанының барлығынан да діни мән­мағынаны ашып береді. Бірақ бұл оны қаталдық пен өлтіруді оның ғұмырының құрамдас, ажырамас бөлігі ретінде қабылдауын міндеттейді. Әрине, азаптау, өлтіру тек қарабайыр қоғамның қарына ғана тән емес. Олар тарихтың бүкіл өне бойына сыйып отырады және, бағзы қоғамға белгілі болғаннан неғұрлым үлкен масштабтарда көрінеді. Айырмашылығы, қарабайыр» қоғамдардағы осындай қаталдықтың діни өшпенділікке ие болып, және адами модельдер бойынша қарастырылатындығында. Мұндай дүние қабыл (мировосприятие) анағүрлым кейініректегі тарихта да жалғасын табады: мәселен, Шыңғысхан заманындағы жаппай қырып­жоюлар і.і оз уақытында діни ақталуды әлі де болса тауып отырған. Миф өзінен өзі жақсы да, жаман да бола алмайды, оны моральдық көзқарас тұрғысынан бағалауға болмайды. Оның Функциясы — модельдерді беру және, осылайша, дүниеге адамның ғұмырына мәнділік беру. Адамның бүкіл үрмек (существование) құрылымындағы мифтің рөлі өлшеусіз. Мифтің арқасында, біз айтып өткеніміздей, болым, мәнділік, трансценденттік ұғымдары бірте­бірте өзінің мән ­ сүрін (суть) байқатады. Мифтің арқасында, дүние кәмілдігіндегі ұйымдастырылған, ақылды және мәнді Ғалам түрінде түсініледі. Дүниенің қалай жасалғандығын әңгімелей отырып, мифтер, қандай да бір нәрсенің қалайша көне не үшін, және қандай жағдайларда жасалғандығын ашып көрсетеді. Мұндай «көңіл ашарлар» (Откровения) азды ­ көпті мөлшерде адамға тікелей қатысты болады және «киелі тарихты» құрайды.

Оставить комментарий