Адам және үш дүние

Бір терминнің екіншісіне сәйкестігін табу мақсатымен әр түрлі дәстүрлердегі үштағандарды өзара салыстырғанда, ең әуелі, бұл бір­біріне сәйкес терминдер олардың мазмұнына қатыстыда міндетті түрде барабар дегендей асығыс тұжырымдар жасаудан сақтанған жөн және бұл мұндай терминдердің кейбіреулері ұқсас атауларға ие болатын жағдайлар үшін де әділ, өйткені, бұл бір қарағанда мағынасы бойынша үйлесетін терминдер іс жүзінде шындық болымның мүлде әр түрлі деңгейлеріне қолданылуы әбден мүмкін. Бұл ескертпе, жекелей алғанда, қиыршығыстық дәстүрдің Ұлы Үштағанын индуизмнің Трибхуванасымен салыстыруға да қатысты: осы соңғысын құрайтын «үш дүниеге», өзімізге белгілі, Жер (Бхус), Атмосфера (Бхувас) және Көк (Свар) енеді; бірақ, Көк пен Жер бұл жерде мағынасы бойынша қиыршығыстық дәстүрдегі Тянь және Тимен сәйкес келмейді, ал бұларға индуизм дәстүрінде Пуруша мен Пракрити сәйкес келеді. Шынында да, соңғы терминдер манифестация аясынан тыс орналасып, оның тікелей принциптері болып табылғанда, «үш дүние», керісінше, үш іргелі сатыға бөлініп, сәйкесінше, жоғары­формалы манифестация саласын, нәзік манифестация саласын және тұрпайы, немесе заттық, манифестация саласын құрайтын тұтас көрінімнің бүкіл үйлестігінің көрінісін болып танытады. Осының өзі атауы бойынша бірдей терминдердің пайдаланылуын ақтау үшін әбден жеткілікті, ол терминдер бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да бір ғана сөздермен, «Көк» және «Жер» деп аударылады, себебі, жоғары формалы манифестация саласы дәл «көктік» ықпалдар басым сала болып табылатындығы, ал, заттық манифестация саласында «жерлік» ықпалдар басты роль атқаратындығы айқын; тағы қиыршығыстық дәстүрлік «Көк» пен «Жер» көрінімнің мәні мен субстанциясына сәйкес келетіндігін, бұл соңғыларын ешбір жағдайда әмбебап Мән және Субстанциямен теңдестіруге болмайтындығын ескере отырып, айтуға болады.

Айта кетейік, бұл тұрғыда «аталық» және «аналық» сипаттамалары кейде дәл бір мағынада қолданылады: мәселен, сөз «Көк Әкесі» я «Жер­ана» турасында болғанда немесе, кейбір араб трактаттарындағыдай, «Әкелер» деп адамдық иидивид жете алар түрлі жоғары­ формалы я рухани күйлерді шағанда, бұл ретте «Аналар» «мән» және «субстанция» терминдері бұнда сипаты бойынша қатыстық және жекелік мағынада алынатын шартымен берілген жағдайда субстанция болып табылатын Жер кейіптейтін ай астындағы, яғни, заттық дүние ретінде қарастырылады. «Ортадүниені» (антарикша) құрайтын «нәзік» манифестация саласына қатысты келер болсақ, ол шынында Трибхувананың ортаңғы термині болып табылады, сондықтан да, екі алуан категорияның ықпалына душар, бұл категориялар тұтастай — яғни, «орта дүниенің» күллі жиынтығына қатыстыда осы ықпалдар, құдды, бірін­бірі «бейтараптандыратындай» пропорцияда — бірін­бірі толықтырады; әйткенмен, құрамының күрделілігіне орай, бұл «орта дүние» табиғаты бойынша көрінімнің не мәндік, не субстанциялық жағына тартылатын, бірақ, кез келген жағдайда субстанциядан да — өзінің жоғары формалы көрінім дүниесіне ұқсастығымен, сондай­ақ, мәннен де — өзінің тәни манифестация саласына ұқсастығымен — өзгешеленетін элементтерді өз бойында тұта алады. Бұл Трибхувананың ортаңғы терминін Ұлы Үш тағанның — Адам болып табылатын — ортаңғы терминімен еш араластыруға болмайды, әйтсе де, олардың арасында белгілі бір сәйкестік бар, оны бір қарағанда андай қою онша оңай да емес және ол жайында біз соңыра арнайы айтамыз; шын мәнінде бұл жерде бұл термин мүлде басқа роль атқарып тұр. Шынтуайтында, Ұлы Үш тағанның ортаңғы термині, анығын айтқанда, екі шеткі терминнің туындысы болып табылады, бұл оның дәстүрлі — «Көк пен Жердің Ұлы» деген атауынан көрініс тапқан; Трибхуванаға келер болсақ, бұл жерде, керісінше, нәзік манифестация саласын тек жоғары­формалы манифестация саласы туындатады, ал тәндік манифестация саласы, өз кезегінде, нәзік манифестация саласынан туындаған, — басқаша айтар болсақ, әрбір келесі термин төменге қарай бірізділік ретімен ілгерідегімен байланысты және тіршілігінің принципі дәл сонда болады.

Читайте также:  САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Осылайша, екі үш тағанның арасында белгілі бір сәйкестік орнаған болса да, тек бір терминнің екіншісінен туындайтын рет­тәртіп негізінде емес; бұл сәйкестік тек кейбір мағынада, барлық үш термин де ендігі пайда болып, өзекті түрде тіршілік ететін болғанда «статикалық» бола алады; бұндай жағдайда екі шеткі термин қатыстық тұрғыдан әмбебап көрінімнің мәні мен субстанциясына сәйкес болады, тұтастай үйлестік ретінде алынған ол көрінім, сондай­ақ, ерекшелікті саладағы өз үйлес нұсқасына ие және, өз кезегінде, әдетте «макрокосм» деп аталатынға сәйкеседі. Бұл жерде «макрокосм» және «микрокосм» арасындағы үйлестікке тоқталып жатудың қажеттігі жоқ, себебі, бізге әлі бұл тұрғыда түсініктеме берудің орайы келеді; біздің бұнда бәрінен бұрын назар аударуымыз керегі сол —»микрокосм» ретінде міндетті түрде барлық «үш дүниеге» қатысты болуы және өз табиғатында соларға сәйкес элементтерге ие болуы тиіс адам деген тіршілік иесі; шынында, үш таған үшін тән бөлініс оған әбден қолданымды: ол жоғары формалы манифестация саласына сәйкесетін рухқа ие, «нәзік» көрінім саласына сәйкес жанға ие және өз кезегінде, заттық манифестация саласымен салғастырмалы тәнге ие; соңыра біз әлі бұл бөлініске ораламыз, себебі, ол бізге түрлі үш тағандар арасындағы дәлме­ дәл сәйкестіктерді айқындауға тамаша мүмкіндік береді. Айтары сол, негізінен алғанда, «ақиқи адам», яғни, кез келген басқа тіршілік иесінен гөрі, аса зор дәрежеде толық іске асқандыққа жеткен тіршілік иесі ретінде түсінілгені жөн — дәл осы адам шын мәніндегі «микрокосм» болып табылады және, ең әуелі, өзінің «орталық мәртебесіне» орай ол манифестацияның бүкіл үйлестігінің бейнесі немесе, одан бұрын, «суммасы» (сөздің схоласттардан ұшыратуға болатын мағынасында) ретінде қарастырыла алады, себебі, өзінің, біз жоғарыда айтып кеткен бөліністі діттейтін табиғаты бойынша­ақ, ол күллі көрінім тапқан Ғаламда қайтсе адамда көрінбейтін, адаммен белгілі бір сәйкестігі аңдалмайтын ештеңе табуға болмайтындай тұрғыда өз бойында барлық басқа тіршілік иелерін біріктіріп, жинақтайды.

Читайте также:  ЖАПОН ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Біз айтып отырған нәрсе, замандастарымыздың көпшілігі ойлайтындай, қарапайым «метафора» болып табылмайды, қайта, дәстүрлі ғылымдардың едәуір бөлігі негізделетін қатаң ақиқатты танытады; дәл осы жерде адамдық тіршілік деңгейіндегі және ғарыштық тіршілік деңгейіндегі белгілі бір өзгерістер арасында болатын және осыдан барлық ықтимал іс­тәжірибелік нәтижелерді алу мақсатымен қиыршығыстық дәстүр тағы қандай да бір дәстүрден артық дәрежеде табандап тұратын сәйкестіктерге түсініктеме табуға болады. Екінші жағынан, егер, біз уәде еткендей, адамның «ортаңғы дүниеге» неғұрлым жекелік сәйкестігіне оралар болсақ, оны «функциялар» сәйкестігі деп атауға болады: Көк пен Жердің арасында (бұл ретте, осы терминдер Ұлы Үш тағанда ие болатын принципті мағынасында ғана емес, сонымен бірге, Трибхуванада қолданылатын арнайы мағынасында да, басқаша айтсақ, рухани дүние және заттық дүние арасында) болатын адам, бір мезгілде алғашқысына да, екіншісіне де қатысты бола отырып, Ғарышта — жан рух пен тән арасында атқаратын — дәл сол дәнекер ролін орындайды. Бұл жерде тұтастай «жан» немесе «нәзік формалар» саласы аталатын осы бір «ортаңғы дүние» аралық саласына өзін алғандағы адамдық индивидуалдылықты сипаттайтын және біз адамның өзі Ғарышта қалай болады, дәл солай ол да адамның бойында болады деп әбден айта алардай тұрғыда «ортаңғы дүниеде» орналасқан ерекше «ментальды» элемент енген болып шығатынын атап өтудің, әсіресе, маңызы зор. Енді, сірә, адамның Трибхувананың «ортаңғы дүниесімен», немесе жанмен, сәйкестігін орнатуға негіз болатын функция, анығын айтқанда, «дәнекерлік» функциясы болып табылатындығын түсіну күрделі болмас: жан жиі рухты тәнмен біріктіретін дәл осы «дәнекер құрал» ретінде қарастырылады; дәл осылай адам да Көк пен Жер арасындағы «дәнекер» ролін орындайды, бұған біраз кейін тағы ораламыз. Тек осы негізде ғана Ұлы Үш таған және Трибхувана арасында дәлме­дәл сәйкестік орнатылмақ, ол сәйкестік ешқалай терминдердің теңдестірілуін діттемейді; бұл сәйкестікті біз «статикалық» деп атар едік — оны, ең алдымен, үш тағанның бір термині екіншісін туындататын рет­жосыққа негізделген «генетикалық» сәйкестіктен өзгешелеу үшін; бұл өзгешелікке біз алдағы очерктерімізде ден қоямыз.

Читайте также:  ӨКІНІШ ӨЛЕҢІ

Оставить комментарий