Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы

Тек ізгі, адамгершілікті азаматқа ғана Отанына ашық түрде қабылдай алатын құрмет көрсетуге, баға беруге лайықты екеніне кәміл сенемін. Міне, мен отыз жыл бойы сіздерге жұрт алдында құрмет көрсету құқына лайықты болуға күш салып келемін; ендігі бақытты жағдай, аздап болса да менің күш­қуатыммен жасай алмаған нәрселер толықтырылуда және мен оған жеткілікті өкілдікті маған беруі тиіс құқыққа қарағанда мені рухтандырған жігермен көбірек санасуға рұқсат етіледі деп есептедім. Мен сіздердің орталарыңызда дүниеге келу бақытына қалай ие болдым деген сияқты, қалай мен адамдардың арасындағы табиғаттан берілген теңдік пен адамдар арқылы қалыптасқан теңсіздік мәселесі туралы және Мемлекеттегілердің бәрі де бақытты саналып, оларға табиғи заңдылықтарға жақындауға мүмкіндік туғызатын қоғамға неғұрлым ізгі бейнедегі қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың бақытына қолдау көрсету туралы меселеге даналықпен терең ойға шомбай қалай ой­ тұжырымдай аламын? Дұрыс ойлаудың Басқару құрылымын жанама тұрғыдан болса да дегеніне көндіретіндігі туралы қағидаларды іздеп табу арқылы мен олардың барлығын сіздердің Басқаруларыңыздағы әрекеттен көргенде таң қалдым, тіпті мен сіздердің жерлеріңізде дүниеге келмеген болсам да адамзат қоғамының бұндай бейнесін менің ойымша қазіргідей Басқарудың ең ізгі жағын көріп отыр деген барлық халықтарға жеткізе алмай отыра алмас едім және ең дұрысы бұндай қиянатты басқалардың барлығына ескерткен болар едім. Егер маған менің туған жерімді таңдап алу мүмкіндігі берілген болса, саны адамзаттық қабілеттіліктің көлемімен шектелетін, сонымен қатар жақсы басқарылу мүмкіндігіндегі қоғамды, әркім өз орынында болатындықтан Мемлекеттің тарапынан берілетін дәрежелік міндеттерді басқаға ауыстырып жатпайтын, жеке тұлғалары бірін­бірі білетін, сондықтан халықтың әділет таразысынан бұзықтықтың арам ойының көлеңкесін жамыла алмайтын, ізгі адамның инабаттылығы да назардан тыс қала алмайтын және бұндай бір­бірін танып білетін жақсы әдет отанға деген, сол және басқа да аймақтағы адамдарға деген сүйіспеншілік тудыратын жерді, қоғамды таңдар едім. Мен суверен мен халықтың мүддесі бір, барлық қозғалыс әрекеттің бағыты ортақ бақытқа бағытталған елде тууды қалар едім; бұндай жағдай халық пен суверен бір кісіге айналғанда ғана болады және осыдан кейін мен ақыл ойға сыйымды біркелкі, қалыпты демократиялық Басқару жүйесінде өмір сүргенді қалар едім. Мен еркіндікте өмір сүріп, еркіндікте өлуді және дәл осылайша мен де, басқалар да заңдардың қасиетті қамытын өз мойынынан лақтырып тастай алмайтын қоғамды, тіпті басқа еш нәрсенің алдында илікпейтін тәкәппар бастардың өзі басқа бірдеңеге емес, осы құтқарушы және азапсыз қамыттың алдында мойын ұсынғанын қалар едім. Сонымен мен ешкім де Мемлекетте өзін Заңдардан жоғары қоймағанын және ешкімнің де Мемлекет мойындауға міндетті заңдарды сырттан күштеп әкелмегенін қалар едім. Өйткені Биліктің қандай жүйесіндегі қоғам болмасын ондағы бір жалғыз адам Заңдарға бағынбайтын болса, онда қалғандарының бәрі әлгі адамның билігіне бағынышты болып қалады; және егер аталмыш халықтың көз алдында бір елбасы болып, ал екіншісі оған жат болса онда олар өз араларында қанша билікті бөліскенімен, екеуіне де бірдей халықтың бой ұсынуы және мемлекеттің заңдылықтарға сай басқарылуы мүмкін емес. Мен заңдары қанша жақсы болса да, жаңадан ғана құрылған Республикада тұрғым келмес еді, өйткені Басқару формасы дәл қазіргі талаптан өзгеше жаңа азаматтарға немесе азаматтары Басқарудың жаңа формасына сай емес Мемлекетке жаңа қалыптасып келе жатқан кезінен бастап жарылып құру қаупі төнген болар еді. Өйткені еркіндік тұрпайылау, бірақ күшті адамдарға жақсы сіңетін, әрі қуатты ететін, ал әлсіз, нәзіктерге ауыртпалық әкеліп әрі масықтыратын шырынды тағамға және қасиетті шарапқа ұқсайды. Өз әміршілерінің болғанына дағдыланған халықтар әрі қарай оларсыз болуға дәрменсіз.

Егер олар езгіні жоюға тырысса, онда еркіндіктен одан сайын алшақтап, оған қарама­қайшы тоқтаусыз бейбастықтықты еркіндік деп қабылдайды; бұндай бетбұрыс өзгерістер үнемі олардың бұғауын ауырлататын арбаушылардың уысына түсіреді. Тіптен барлық халықтар үшін еркіндік үлгісі болған Рим халқының өзі Таркванийлердің езгісінен шыққан кезде өздерін басқару халінде болған жоқ еді. Тарквинийлердің артып тастаған, масқаралаған ауыр бейнетінен құлдыққа салынған олар алдымен өздерін мағынасыз тобыр ретінде ғана көреді; оларды біртіндеп еркіндіктің қасиетті де шипалы ауасымен тыныстауға дағдыландырып, қуатсызданған, дәлірек айтқанда тирандық биліктің қысымынан азған, дөрекіленген бұл жандардың бірте­бірте барлық халықтардың ішіндегі ең лайықты құрметке жеткізген берік мінез бен ерлік абыройға ие болуы үшін оларға құнттылықпен қарау және оларды адам айтқысыз ұлы даналықпен басқару қажет болды. Осының нәтижесінен мен өзіме отанды көне заман уақыт тұңғиығында елеске айналған, ондағы көріністер тек тұрғындарының ерлік пен отанына деген махаббатын оятатын және азаматтары әлдеқашан тағылымды жолдағы тәуелсіздікке дағдыланған, тек еркіндікте ғана емес, сонымен қатар еркіндікке әбден лайықты, бақытты да тыныш Республикадан табуға тырысар едім. Мен өзіме, басқа елді жаулауға деген қанқұмар әуесқойлыққа жат болу бақытына ие және бағына қарай географиялық жағдайының арқасында басқа Мемлекеттің жеміне айналу үрейінен ада Отанды таңдағанды қалар едім; яғни ол ешкімге де оны басып алу пайда әкелмейтін көптеген халықтардың ортасында орналасқан еркін қала; бір сөзбен айтқанда өзінің көршілерінің мақтансүйгіштігі арбамайтын және қажет жағдайда олардың көмегіне сенуге лайықты негізі бар Республиканы таңдар едім. Осыдан келіп, бұндай бақытты жағдайда оған өз­өзінен қауіптенбегені сияқты, басқа ешкімнен қауіптенбеуге тура келеді; егер оның азаматтары қару ұстауға жаттығатын болса, онда олар бұны өзін қорғау қажеттілігінен көрі еркіндікке негізделген, бостандық сүйгіш әскери жалындағы ерлік абыройға қолдау көрсету үшін істейді. Мен заң шығару құқығы барлық азаматтарына ортақ елді табуға тырысар едім. Өйткені, қандай жағдайда бір қоғамда оларға бірге өмір сүру лайықты екендігін сол азаматтардың өздерінен артық кім біле алады? Бірақ мен Римдегі Мемлекет басшылары және оның сақталуына неғұрлым мүдделі әрі оны құтқаруға қабілетті адамдардың пайдаланатын жиналыстарға қатыстырылмаған және заңдарының айнымалы тиянақсыз қисынсыздығының нәтижесінде магистраттардың қарапайым азаматтар құқықтардан айрылған кездегі плебисцитке ұқсайтын плебисциттерді мақұлдамас едім. Мен керісінше өзімшіл, пайдакүнем қиын түсінілетін заң жобаларына және ақыр соңында афиналықтарды құртқандағыдай қауіпті жаңалықтарға бастайтын жолды жабуды тілер едім. Ол үшін кім көрінгеннің қашан және қалай тілегенін істеуіне және жаңа заңдар ұсынуына мүмкіндігі болмауы керек; ол үшін бұл құқық тек магистраттарда ғана болуы керек, магистраттардың өзі оларды байқап қолдануы қажет; ол үшін халық бұл заңдарға өз келісімін берген кезде соншалықты абай болуы; олардың жариялануы мемлекеттің тарапынан орындалу тәртібінде мемлекет сәл толқуда болып адамдарда ұлы заңдардың байырғы қалыптылығы оларды қасиетті де мақтаулы ететіндігіне көз жеткізуге уақыты болуы керек. Сондықтан халық ендігі жерде көз алдында күнде ауысып жататын заңдарды жек көріп кетуді бастайды және сондықтанда ескі дәстүр­салттарды ұстауды үйреніп, адамдар көбіне кішкентай нәрсені түзеймін деп үлкен зұлымдық кіргізеді. Әсіресе, мен халық өздерінің магистраттарынсыз бола аламыз деп ойлап, оларға болмашы ғана билік беріп, азаматтық істерді өздеріне қалдырып басқару әрекетіне абайсыз ұмтылып және өз заңдарын өздері орындап, азаматтық істерді басқаруда байыпсыздық танытып отырған Республикадан қашар едім: тікелей табиғи жағдайдан шыққан Басқарудың алғашқы жетілмеген құрылысы осындай болуы тиіс және Афиналар Республикасының жойылуының негізінде жатқан бір олқылық осындай жағдаймен байланысты. Бірақ мен жеке тұлғалары заңдарды бекітуде ортақ үлес қосатын және ел басшысының ұсынысымен неғұрлым маңызды қоғамдық істерді шешетін, басқару мекемелеріне тән құрметті пайдалана отырып ұйымдастыратын, ұқыптылықпен жекелеген мекемелерге шек қоя алатын, әділ сотқа жіберу үшін және мемлекеттік басқаруға жылдан­жылға неғұрлым қабілетті, сатылмайтын, өз отандастарын сыйлай алатын және адамгершілікті магистраттары халық даналығын куәләндіратын, матистраттары мен халқы бір­бірін аса құрметтейтін Республиканы таңдар едім. Сондықтан егерде күндердің күнінде бір қатер әкелетін қателесушілік қоғамдық келісімді бұзса, онда бұл көзбайлаушылық пен қателесулер кезеңі заңдарға деген жаппай құрмет, өзара сыйластық және сыпайы сабырлылық үшін сабақ болар еді: міне бұл ішкі өмірдің мәңгі және шынайылық нышаны мен кепілдігі болып саналады. МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ ЖӘНЕ ЕЛГЕ ИЕ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР, менің Отан ретінде таңдағым келген елден көргім келетін ерекшеліктердің бар мәні осындай. Ал егерде осыған орналасқан жері ғажайып, ауа­райы қоңырсалқын, топырағы құнарлы, аспан астындағы тіршіліктің таңқаларлық бейнесін құдіретпен қосып Болжап елестетсем, онда менің бақытым одан сайын тасуы үшін мен бұл ізгіліктің барлығын жоғарыда айтылған отанымның аясында ғана отандастарыммен тату­тәтті, жанға жағымды карым­қатынаста, олардың адамгершілігіне тән адамгершілік көрсетіп, өзімнің жан дүниемде тек адамгершілікті және адал айбынды отансүйгіш адамның бейнесін ғана есте қалдырып қолданған болар едім.

Читайте также:  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУДА СТИЛИСТИКАНЫҢ РӨЛІ

Егер бұдан бақытым сәл төмен болып, мезгілінен тым кеш көрегендікке жетіп, мен басқа бір аймақта кездейсоқ ұшырауға мәжбүр болып, ақымақ жастық шағымның менен айырған тыныштық пен бейбітшілікке өкініп, өмірімді ауыр дертпен өшіретін, құлазыған күйге тап болған болсам, мен Отанымның гүлденуіне бере алмаған сезімдерімді өз жанымда сезініп және қол жетпес алыс жердегі отандастарыма деген нәзік те риясыз сүйіспеншілігіме еніп оларға арнап жүрегімнің түбінен шыққан мынандай жан айқайымды білдірер едім: «Сүйікті менің отандастарым немесе бауырларым менің, бауыр дейтінім біздің қанымыз заңдар сияқты біздің бәрімізді біріктіреді! Бәрінен айрылған соң олардың құнын менен артық ешкім білмейтін, сіздер барлық қызығын көріп жүрген ізгіліктер туралы бірмезгілде ойламай сіздер туралы ойлай алмайтындығым маған қуанышты. Неғұрлым сіздердің саяси және азаматтық жағдайларыңызды көбірек ойлаған сайын адамдар жағдайының одан жақсы болатындығын елестету қиынырақ. Мемлекетті ізгілікпен неғұрлым көбірек қамтамасыз ету туралы сөз қозғасақ, Басқарудың барлық өзгеше формаларында бәрі де үнемі бір жобада шектеледі немесе ең зор дегені мүмкіндіктермен ғана. Сіздерге келетін болсақ сіздердің бақыттарыңыз толық жасалынған, тек оны қолдана білу керек және айтарлықтай бақытты сезіну үшін өз бақыттарыңызбен қанағаттана білулеріңіз керек. Сіздердің қол жеткізген немесе қылыштың жүзімен жеңіп алған және екі ғасыр бойы сіздердің айбындарыңыз бен даналықтарыңыз арқылы қорғалып келген тәуелсіздіктеріңіз ақыры толықтай барлық жерде мойындалды. Сіздердің мемлекеттік құрылымдарыңыз өтe жақсы. Ол асқан ақылмен жасалған және достастықтағы ірі мемлекеттер кепілдік берген; сіздердің Мемлекеттеріңіз бейбіт. Сіздерге жауынгерлерден де, жаулаушылардан да қорықпауға тура келеді. Сатып алынбайтын сіздер сайлаған магистраттар тарапынан орындалған, сіздер жасаған тағылымды заңдардан басқа сіздердің ешқандай әміршілеріңіз жоқ. Сіздер шынайы адамгершілігі бар адамды тануға және шынайы бакытқа деген талғамдарыңызды әуре­сарсаң рахатта жоғалтқандай және әлжуаздықты қалжырататындай бай емессіздер, сонымен қатар сіздердің еңбектеріңіз қамтамасыз ете алмайтын қажеттіліктерді орындау үшін сырттан көмек қажет ететіндей кедей де емессіздер және шамадан тыс салықпен ғана қорғалатын ірі ұлттардағыдай емес, сіздерге бұл аса құнды еркіндікті сақтау тегін іске асады. Соншалықты көрегендікпен, бақытты құрылған Республика — бұл өз азаматтарының бақыты үшін мәңгі, басқа халықтарға үлгі ретінде жасай берсін! Міне, бұл сіздердің қам жейтін жария ететін айтарлықтай ант, серттеріңіз. Бақыттарыңызды қайта жасамау бүгіннен бастап тек өздеріңізге байланысты — сіздердің бабаларыңыз сіздерді ондай қиыншылықтан құтқарды, оны пайдалана отырып нығайта түсу керек. Сіздердің аман­саулықтарыңыз сіздердің үнемі бірліктеріңізге, заңға бой ұсынуларыңызға, қызметкерлерге деген құрметтеріңізге байланысты. Егер сіздердің араларыңызда сәл ғана зұлымдықтың нышаны байқалса, өскеннен кейін сіздердің бакытсыздықтарыңызбен мемлекеттің қирауына ертелі кеш әйтеуір әкелетін пәленің тамырын жұлғандай етіп оны құртып жіберіңіздер. Мен сіздердің барлықтарыңызды өз жан дүниелеріңіздің жүрек түбіндегі сырына назар салып, ар­ ұждандарыңыздың құпиялы үніне құлақ салуға шақырамын. Сіздердің іштеріңізде дүниеде сіздердің магистратура бірлестігіне тең келетін, одан зор құрметке лайықты көкірек көзі көреген, білімдірек бірлестік бар екенін білетіндер бар ма, оның барлық мүшелері сіздерге ұстамдылықтың, биязы мінездің, шынайы келісім татулықтың үлгісін бермей ме? Айтарлықтай көреген жетекшілерге адамгершілікті адамның зердесіне міндеттелетін құтқарушылық сенімді бұлтартпастан сыйға тартыңыздар; сөзсіз сіздерге қайтып берілетін, өздеріңіз жоғары дәрежеге ие қылған тиісті құрметтеген бұл таңдаушыларды өздеріңіз сайлағандарыңыз естеріңізде болсын. Сіздердің араларыңызда қай жерде заңдардың және оларды қорғаушылардың билігі шектелетін болса, сол жерде ешкімге де қауіпсіздік пен еркіндіктің болмайтынын білмейтіндей соншама білімсіздер жоқ. Сіздерден лайықты сенімдеріңізбен бәрібір орындауға тиісті нәрселерден басқа ақыл атынан ант етіп өздеріңіздің шын мүдделеріңіз бен парыздарыңызды орындау талап етіледі. Мемлекеттік құрылымды сақтауға деген және қылмыс пен құтқаруға жол бастайтын толғаусыз байыпсыздық ешқашанда сіздердің араларыңыздағы ынталылар мен көреген пікірлерді елемей, менсінбеуге түрткі болмасын; бірақ әділеттілік, ұстамдылық және бәрінен бұрын құрмет пен табанды тұрақтылық сіздердің барлық әрекеттеріңізге жетекшілік етсін және сіздерді бар әлемге асқақ, инабатты, өзінің даңқына және еркіндігіне деген ынталы халық ретінде үлгі көрсетсін.

Читайте также:  ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯ

Бұл менің соңғы кеңесім. Әсіресе зұлымдыққа бастайтын өсек­аяңға, зәрлі сөздерге ешқашан құлақ түрмеңіздер, олардың құпия бағыты олардың әрекет ету мақсатынан да қауіптірек. Барлық үй іші ұйқысынан шошып оянып, үрейленіп, мазасызданады, ұрылар келгенде ғана үретін адал бейшара үй сақшысының дауысы әрең естіледі; бірақ қоғамдық тыныштықты тоқтаусыз бұзатын бұл хайуандардың шуылы және керек кезінде естілмейтін әлдекімдердің үнемі орынсыз ескертулері мазасыздық тудырып баршаға жексұрын көрінеді». Сіздер МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР және сіздер еркін халықтың құрметті магистраттары! Маған сіздерге деген жеке шынайы құрмет пен мадақ көрсетуіме рұқсат етіңіздер. Егер әлемде дәріптеуге лайықтыларды дәріптейтін ереже, заң болса, онда сөзсіз — бұл таланттар мен ізгі адамдар қол жеткізген ереже заңдар, лайықты қалыптастырылған және сіздердің отандастарыңыз сіздерді жоғары деңгейге көтерген ереже, заңдар. Олардың ар­абыройы сіздерге салтанат береді және сондықтан сіздер басқаларды басқаруға қабілетті адамдардың өздерін басқару үшін сол адамдардың тарапынан таңдалып, сайланғансыздар. Мен халық, әсіресе басқа мемлекеттердегі тобырлардан өздерінің ақыл­ой, білімдарлығымен жоғары тұрған сіздер басқару абыройына ие болып отырған халық неғұрлым еркіндікте болғандықтан сіздерді басқа магистраттарға қарағанда әлде қайда жоғарыдан көремін. Маған айтарлықтай есте қалатын, менің жүрегімде мәңгі өмір сүретін бір мысал келтіруге рұқсат етіңіздер. Мен мені жарық дүниеге әкелгені үшін үнемі өзімді қарыздар сезінетін, сіздерге көрсетуім тиіс құрмет туралы менімен балалық шағымда үнемі әңгімелесіп, тәрбие берген мейірімді канды тебіренбей еске ала алмаймын. Өзінің маңдай терімен өмір сүрген және жанынан шынайы асқақ ақиқаттылық сезілетін сол жан көз алдымда. Оның алдында жұмыс аспаптарымен бірге араласып жататын Тацит, Плутарх, Гроцийдің кітаптары да көз алдымда. Оның жанында ең күшті әкелердің бірінен аздап тәлім алып отырған оның ұлы, бұның бәрі дәл кешегідей есімде. Егерде жастықтың аңдаусыз адасушылығы соншалықты тағылымды үлгіні ұмыттырса да, бұзықтыққа қанша бет қойсам да мен жанымда тәрбиемен сіңген тәлімнің мәңгі өшіп қалмайтындығын көру бақытына ие болған жан екенмін. Істің мәні осындай МӘРТЕБЕЛІ; АСА ҚҰРМЕТТІ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР және Сіздер басқарып отырған мемлекетте туғандар, азаматтар және қарапайым тұрғындар; басқа ұлттарда төмен және жалған бейнеде көрсетілетін жұмысшылар деген атқа ие бұл парасатты да тәрбиелі адамдар осындай. Әкем өзінің отандастарының ішінде еш ерекшеленбеген мен бұны қуанышпен мойындаймын; ол барлық отандастары сияқты; ол қандай болса да қоғамда оны іздемейтін орын, онымен қатынаспайтын адам болмайтын және онымен үнемі абыройлы адамдар араласатын. Құдайға шүкір, тәрбие жағынан, табиғи құқық, дүниеге келу құқығы жағынан болсын, маған адамдардың тарапынан күтілетін теңдік туралы айту сай емес және оған қажеттілік жоқ, халық құрметке құрметпен жауап беретін сіздердің қасиеттеріңізге сай өздерін өз еркімен сіздерден төмен қойды, енді өз кезектеріңізде оларды біршама мойындауға міндеттісіздер. Мен сіздердің заңдарға қызмет ететіндерге ұқсас момын кішіпейілділікпен қаталдықтың өзін жұмсартатындарыңызды рахаттана аңғарамын; олардың сіздерге көрсетуі тиіс бой ұсыну мен құрметін назар аудара соншалықты жомарттықпен бағалайсыздар: бұл мінез­құлық енді қайтып көрмеу үшін біржола ұмытылуы керек бақытсыз сорақы жағдайларды жадыдан шығаруға қабілетті әділеттілік пен даналық арқылы іске асырылған; бұл мінез­құлық табиғатынан парыздан ләззат алатын әділ де кең пейілді халықтың сіздерді құрметтеуге, өздерінің құқын қорғауға және басқалардың құқын қадірлеу бейімділігіне негізделген.

Читайте также:  АБАЙ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ

Азаматтық қоғамның жетекшілерінің оның даңқы мен бақытын сүйетіндігі таң қалдырмауы тиіс; көбірек таң қалдыратыны адамдардың тыныштығы үшін өзіне магистраттарға қарағандай немесе неғұрлым қасиетті де асқақ рухты елдің әміршілеріне қарағандай қарайтындардың, өздерін асырап отырған жер бетіндегі туған ата мекеніне сүйіспеншілік білдіргендігі. Менің өте сирек мүмкіндіктерді біздің пайдамызға асыра алатыныма және біздің ең жақсы азаматтарымыздың қатарына әрқашан өздерінің орындайтындарынан бастайтын қасиетті діни догмалар заңдарымен бекітілген ынталы сақшыларды, біздің жүрегімізде Евангелиенің өсиеттерін тым жақсы орната білетін шешен, адам жанының құрметті басшыларын қатар қоя алатындығыма мен қуаныштымын. Уағыздаудың жоғарғы өнері Женевада қандай жеміспен өркендеп келе жатқандығы бәріне белгілі. Бірақ халық бір нәрсені айтып, басқа нәрсені істеушілікті көруге әбден дағдыланып алды, біздің діни қызметкерлер бірлестігінде христиан дінінің рухы, адамгершіліктің көретендігі, өз­өзіне деген ерекше қатаң талап, өзгеге деген биязылықтың қандай деңгейде үстемдік ететінін тек шамалы жандар ғана біледі. Мүмкін, тек бір қала — Женеваға ғана әлемге әдебиетшілер мен діни ілімді ұстанушылар қоғамдарындағы соншалық кемелді бірліктің үлгісін көрсету сай шығар; және солардың мойындаған даналығы мен сабырлылығына, мемлекеттің гүлденуіне деген ынталылығына қарап мен мәңгілік оның тыныштығына айтарлықтай үміттенемін; және оларға тарихтан мысал, өздерін Құдай жолындағы адамдармыз деп санаған варварлардың өздерінің Құдайлық деп аталатын құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін қаншама адамзаттың қанын аямай төккендері, әрқашанда аяу керек деген үмітпен өздерін алдағандары олардың жан дүниесінде соншалықты жан шошырлық үрей тудыратындығына сүйсіне, таңқала, ерекше мақтана алатынымды айтып өткім келеді. Басқа адамдарға бақыт әкелетін момындық пен даналық бейбітшілікке, кішпейілділікке жол ашатын Республиканы қалай ұмыта аламын. Ашық жүзді және мейірімді әйел азаматшалар, сіздерге ерлер мен бірге болу және оларды басқару жазылған. Ерлі­ зайыптылардың өмірінде ғана іске асатын сіздердің таза мінезді биліктеріңіз тек өзіңізді мемлекеттің даңқы үшін және ортақ бақытыңыз үшін сезіндіретін болса, қандай қуанышты! Спартада әйелдер дәл осылай басқарды және дәл осылай сіздер Женевада басқаруға лайықтысыздар. Қандай айуан­еркек нәзік жарының ауызынан шыққан ақыл мен ар намыстың үніне қарсы шыға алады және сіздің киіміңіз сымбатыңызға құйылып, сіздің лайықты жарқындығыңыз артып тұрған қарапайым инабатты киім үлгіңізді көргенде кім пайдасыз сән­салтанатты жек көрмес? Адамдар арасындағы келісімдер мен Мемлекеттік заңдарға деген сүйіспеншілікке қолдау көрсету сіздердің ақжарқын күнәсіз биліктеріңіз бен ақылдарыңызға тән, лайықты. Жауласқан от басыларды бақытты неке арқылы қосу, бәрінен бұрын өздеріңіздің тәлімдеріңіздің қарапайым нанымдылығымен біздің жастарымыз пайдалы нәрселермен коса басқа жақтан әкелген бұзылған әйелдерге тән, балалық істеуге бейім күлкілі қылықтарды, тек сыртын ажарландырған құлдық жағдайдағы идеялардан, қасиетті еркіндікке айырбастамайтын жаман идеал, мәнерлерді түзеу сіздерге ғана тән. Әрқашанда осындай — мінез­құлықтың таза мінезді сақшылары және береке бірліктің нәзік дәнекерлері болыңыздар; және қандай жағдайда болса да адамгершілік пен парыздың пайдасы үшін табиғат құқығы мен жүрек құзырын қорғай беріңіздер. Мен Республиканың даңқы мен азаматтардың ортақ бақытына деген өзімнің үмітімді осыған ұқсас кепілдіктермен негіздегенде оларды фактілер теріске шығармас деп ойлағым келеді. Мен осындай ерекшелікке ие болған Республиканың балаларды қайран қылып, құмарлық тудыратын бақыттың да, еркіндіктің қас жауы жалған жылтыраққа елірмейтіндігін мойындаймын. Азған жастар болатын болса басқа жақтан өздеріне жеңіл ләззат іздей берсін, кейін өкінішке жолығады; сән қуған адамдар басқа жақтағы сарайлардың әдемілігіне, экипаждардың сұлулығына, жиһазды жасаулардың тамашалығына, сәнді оқиғаларға және байлық пен неуетектіктің барлығына да масаттана берсін. Женевадан тек адамдарды ғана көруге болады; бұндай оқиғалардың да, әрине өзіндік құны бар және оны іздеушілер қалған басқаларына табынушылардан жоғары тұрады. МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ ЖӘНЕ ЕЛГЕ ИЕ ТАҚСЫРЛАР ізет көрсетудің айғағы мен үшін сіздердің аман­саулықтарыңыз өте қымбат екендігін барлықтарыңыз бірдей мейіріммен қабылдауға мархабат етіңіздер. Егер жан­дүниемнен ағытылған осынау біраз қуаныштың ажар, сыпай шықпағанына айыпты болып сорласам, онда сіздерден менің бұл қуанышымнан тек қана шынайы отанын сүйгіш адамның қылығын, өзіне сіздердің барлықтарыңызды бақытты жағдайда көруден асқан бақыт жоқ деп санаған адамға тән қызу, албырт құлшынысын көріп кешірім етулеріңізді өтінемін.

Оставить комментарий