XXI ғасырға аяқ басқан кезімізде, рухани байлықты, адами қасиеттер мен дене күшін жетілдіруді үйлесімді ұштастыратын жаңа адамды тәрбиелеу мүмкіндіктері ұлғайып отыр. Тәрбие мақсатын таңдау қоғамның сұранысына да байланысты болады. Бүкіл адамзат баласының алдында тұрған күрделі мәселелердің ішінде экологияны зерттеу табиғи байлықтарды, жер, су,өсімдік, жануарлар дүниесін қорғап, оларды тиімді пайдалану проблемалары кейінге қалдыруға болмайтын, дүниежүзілік аса жауапты талап болып отыр. Бүгінгі әлемдегі экологиялық ойлауға зәрулік келешек ұрпақ үшін бір сәттік қажеттілікке деген эгоизмді жеңе алмауға әкеп соқтыруда. Мұның өзі адам өміріне немқұрайлықпен қарауға, бүтін бір халықтың тағдырын аяқасты етуге жеткізіп отыр. Сол себепті де жастардың бойында ізгілікті дүниетаным қалыптастыру мәселесін шешу білім ордаларында оқу-тәрбие ісінің алдында тұрған келелі міндет саналатыны анық. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу қажет» делінген [1]. Бұл міндетті шешуде адамгершілік құндылықтар негізінде білім беру арқылы балалар бойында адамгершілік біліктілікті, дүниетанымдық көзқарас этикасын, адами қарым-қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады. 104 «Адамгершілік» ұғымының соншалықты кең, ауқымы, терең, салиқалы болғанымен, адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірде сәл нәрседен, бір сәттен, әрбір қылықтан, бір ауыз сөзден, бір істен, бір әрекеттен байқала қалатыны белгілі. Балалардың айналасындағы адамдарға, табиғатқа, қоршаған ортаға, жан-жануарлар, ақ-құстар, өсімдіктер, яғни, тірі және өлі табиғаттың қай-қайсысына да болсын адамгершілікпен қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезіндіруде адамгершілік құндылықтар негізінде білім беру аса маңызды. Ұлы данышпан әл- Фарабидың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол оның келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген сөзі қатты толғандыратын нәрсе, өйткені шынында да баланың бойна адамгершілік құндылықтарды сіңдіре алмасақ, оған экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ете алу қиынға соғуы мүмкін. Осыған орай, «Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Осы жайында ұлы Мұхтар Әуезов атамыз да «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деген тамыры терең сөздер айтып кеткен. Бірақ күнделікті күйбелең тіршілікпен жұмысын, қызметін сұлтауратып көп ата-атаналар өз балаларына жеткілікті көңіл бөле бермейді. Көбінесе жауапкершілікті мұғалімдердің мойнына артып қоятыны жасырын емес. Бірақ бала тәрбиесімен міндетті түрде мұғалімдер мен ата-аналар да ата салысу керек. Тәрбиелеу ісі, ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады. Мұнда үйде де, білім ордаларында болсын, олардың адамгершілікке тән немесе қайшы қасеттері сол әрекет үстінде көрінеді. Ата-ана мен мұғалімнің есте ұстар ең негізгі қағидасы – балаға деген жүрек жылуы. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаңа байланысты деп түсінген халық: «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» дегендей, балам жан-жақты жақсы тәрбиеленген бала болсын деген ата-ана баланың жан дүниесін жақсы біліп, оны зерттей білген жөн. Ол бір нәрсе сұрай қалса, жекіп тастамай, қайта көнілді үнмен толық жауап беру қажет. Онымен күнделікті әңгімелесіп, ақыл кеңес айтып, бақылап, тексеріп отырған жөн. Ұлы педагог Ж.Ж. Руссо ойынша, тәрбие үш фактордың ықпалы арқылы жүреді; табиғат, адамдар және заттар. Өмір сүруді үйрету, адам болу –педагогиканың негізгі принципі, оған рухани-адамгершілікті, жанашырлықты, сыйлаушылықты, еркіндікті, еңбексүйгіштікті қосады. Оның тәрбие принципі –адамгершілік және еркіндік. Оның ойынша, бала әрқашан да өз іс-әрекеттерінде еркіндікті сезінуі тиіс. Оның талаптарын ол талап қойып жатқандықтан емес, оған керек болып жатқандықтан орындау керек, яғни адамгершілік тәрбиесі-ол жүрек тәрбиесі, сезім эмоция, жақсылыққа деген сүйіспеншілік, адамгершілік тәрбиесінің қасиеті ретінде адамдармен араласуды айтады [2,105 ]. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дұрыс тәрбие- балаға өмір бойы азық екенін айтпасада белгілі. Білім ордаларында дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға- ұстаз болғандықтан, ол балалардың бойында адам құқығын құрметтеу; Ата заңды бұлжытпай орындау; өзіндік көзқарас пен ұстанымға ие болу; әдептілік ережелерін сақтау; еліміздің туын әр уақытта ұстау. «Қазақстан-2030»бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосу. Еліміздің елтаңбасын, гимінін қастерлеп, тарихына ой жүгірту; елін, халқын, ата-баба салт-дәстүрін қорғауға дайын болуға, қоршаған ортаны қорғап, аялауға тәрбиелеуіміз қажет. Егер қазақстандықтардың әр перзентінің бойында адамгершілікке тән осы қасиеттерінің барлығы табылса экологиялық ахуалды мәселелерді шешуге айтарлықтар жеңіл болар еді. Қазіргі таңда халықтың денсаулығына экологиялық ахуалдың нашарлауы залалын тигізуде, сондай-ақ, әлеуметтік қиындықтар маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Қазақстан Республикасы Коституциясының 31,38-бабтарында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» және «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауға мақсат етіп қояды»,—делінген [3,14]. Яғни, Ата заңымызда —табиғат қорғауды 105 күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою еліміздің әрбір азаматтары үшін басты талаптарының бірі болып отыр. Американдық оқымысты Р.Риклефс «табиғат қорғаудың нақтылы мәселелерін шешуге тым бой алдырып, біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын білмейінше, жұмсаған бар күш-жігеріміз табиғат мен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жұмсалатынын естен шығарып аламыз» — деген екен [4,3]. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы тиіс деп білемін. Қоршаған ортаны ластауын тоқтатып, бір күндікпен өмір сүрмей;- «Мен осы ауаны жұтамын, менің ұрпақтарым түрлі жұқпалы аурулардан сақтанып, әсем де көгілдір аспан астында жасыл кілемдей жайқалған көк шөптер, таза мөлдір судың ағып жатқаны, табиғатта өэдігінен өсіп жайқалып тұратын гүлдерді, орман алқаптары және т.б. болып жатқан таңғаларлық құблыстарды өз көздерімен көріп, өмір рахатына бөленулері тиіс» деген сезім әрбір адамның көкейінде болу керек. Қазіргі әлемде жаппай экологиялық білім тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру болып табылады. Кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо педагогикалық тәрбиенің құндылықтарын арттыру жайында, экологиялық ой-тұжырымдар жастарды қоршаған табиғи орта мен өмір сүріп отырған қоғамында қалыптасқан ғылыми ұғым-түсініктерімен байланыстырып, оларды сабақтастырылған жағдайда туған жерін, елін қорғауға тәрбиелеу тиімді түрде жүзеге асыруға, табиғи құралдары арқылы жастардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға болады деген кеңестер айтып кеткен. Біздің өзіміздің қазақ елінің ұлы ақын-жазушылары, ғұлама ғалымдары да ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамаған. Олар өздерінің ауқымды еңбектері, қара сөздері, өлең- жырлары, тұжырымды ойларымен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері таудай. Олар жастарды табиғатпен қарым-қатынасындағы халықтық педагогикада жинақталған, адамгершілікке, имандылыққа, ізеттілікке баулитын тәрбиелердің жастарға экологиялық білім беруде маңызды орын алатынын педагогикалық тұрғыдан дөптеп айтып кеткен. Қазіргі кезде де экологиялық проблемалармен айналысып жүрген ғалымдар жоқ емес. Ал ұстаздар қауымы кішкентай да болсын адамгершіліқ құндылықтары негізінде экологиялық проблемаларды тиімді шешу жолдарын қарастырып жоғарыда айтылған ғұламаларымыздың тайға таңба басқандай жазылып кеткен еңбектері арқылы өз пәндерімен (физика, математика, ағылшын тілі, география және т.б.) байланыстырып, ізденіп тиімдісін алып жастар санасына сіңіруге атсалысып жүргендер көп-ақ. Дегенмен, әлі де қыруар жұмыстар атқарылуы керек. Экологиялық білім берудің алғы шарттары төмендегідей адамның адамгершілік құндылықтарына негізделеді. Табиғи ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату, табиғи экожүйені сақтау, қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру, қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу. Міне осының барлығы әрбіріміздің міндетіміз болу керек. Ойымды қорыта келе табиғатты қорғау мақсатында жасалған әрбір оң қадам жарқын болашақтың –су таза, ауасы жұпар, аспаны ашық Қазақстанның игілігіне жұмсалары анық және табиғат әлемін таза ұстау-адамзат өмірін де ұзартады дегім келеді. Әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 2. ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Алматы 2004ж. «Педагогика» 3. Қазақстан Республикасы Конституциясы Алматы 1995ж 4. А.Қ,Бродский Алматы: Ғылым 1997ж. «Жалпы экологияның қысқаша курсы»