Атақты ақын Ғафу Қайырбековтың «Жақсы екен сенің», «Соқты боран», «Қостанайға сәлем» атты өлеңдер жинағын оқи аласыз.
ЖАҚСЫ ЕКЕН СЕНІҢ
Жақсы екен сенің Отаның,
Келісті өлке, кең көңіл.
Ұмытпайды екен Сейтжанын,
Ұмытса да ұлы кейде бір.
Әлі тұр сонау көк қақпа —
Волисполком мекені.
Белгілі ғой айтайтпа
Туған жер, шіркін, не екені.
Әлде бір ыстық сезіммен
Қараймын ұзақ мендағы
Үнсіз де үлкен көзіңмен
Қараушы едің сендағы:
Қаңылтыр шілтер — көп әйнек
Шағылар күнге екінді.
— Үйге кір, жиен кел, әй! — деп
Шақырған өзің секілді.
Атбасар десе, ол жерден
Шыққандар еске түспей ме?
Аға едің ардақ көз көрген
Секілді жақын іш жейде.
Кешуін болса маған бер,
Еркелей қалдым жайша бір.
Дегендей саған туған жер:
«Келіп те кетіп қойса бір!»
СОҚТЫ БОРАН
Соқты боран,
«Соқты» деген жай сөз ол.
Көз алдында көрінбейді созған қол.
Аппақ болып шыға келер әпсәтте
Қара асфальттан қасқитыпақ салған жол.
Әпәдеміақ шығып еді жаңа күн,
Жарқыратып оттай қызыл шанағын.
Соқты боран.
Содыр сойқан қолымен
Жапты барып жақсы күннің жанарын.
Бұлт дегенің
Бұған салсаң — сөз емес,
Түн бе дерсің,
Түннің тағы өзі емес.
Жанжағына дөпдөңгелек мұз қатқан
Көзің дағы әшейіндегі көз емес.
Мықты болсаң,
Дәл осындай шақта бір
Кетпек болып,
Жолаушылап, атқа мін.
Ал біз кеттік
Ортасымен достардың!
Ойламай да,
Ойлап тағы бас қамын.
Машиналар
Керуендей тізілген,
Зымырайды бірбірінің ізімен.
Бара жатыр адам, боран алысып
Атбасардың алыс жота, түзімен.
Неге шықтық?
Күтті бізді енді не!?
Тағдырымызды сынағымыз келді ме?
Уақытымызды сынағымыз келді ме?
Күшімізді сынағымыз келді ме?
Болса болар!
ҚОСТАНАЙҒА СӘЛЕМ
Қостанай, айналайын ауаңнан мен,
Жаныма әсер етпес баламнан кем.
Сол үшін сонша жерден ұшып келіп,
Татамын дос ұсынған тағамдәмнен.
Жолы алыс Алматы мен екі араның,
Екеуі екі шеті сахараның.
Сағынам сағат сайын өзіңді мен,
Қалайша ол мезгілде жете аламын?
Білмейді жақын жүрген қадіріңді
Мен болсам сарқып біттім сабырымды.
Алысқа шашыраған, арман бар ма,
Сағынсаң сен де осылай әр ұлыңды!
Жарықтық жатыр екен Тобыл тасып,
Толқыны баяғыдай көбік шашып.
Сүйеді Қостанайдың қос бүйірін
Баладай ерке тотай тиіп, қашьп.
Қиналдым бір әлсіздік жасап алып,
Көзіме еріксізден жас оралып.
Сан жылдар еске түстіау самсап бәрі,
О, шіркін, кісі едік қой осы аралық!
Жә, жетер, назы ғой бұл бір перзенттің,
Жанымды сені көріп бір тебіренттім.
Алыста сағынатын жан болмаса,
Деген бар «ел де жетім, жер де жетім».