АХИКАР ӨСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

Опубликовано Июль 15, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Мазмұны, мәні грек-римдік антикалық кезеңді меңзеген “Ежелгі”, немесе “Көне” уақыт түсінігі Қайта Жаңғыру кезеңінде қолданысқа енді. Қайта жаңғыру мәдениетінің негізін қалаушылар өздері өмір сүрген уақытты, «Ежелгі» дәуірдің қайта түлеуі, жаңғыруы ретінде қарастырды. Олардың ойынша, «Ежелгі» мен «Қайта жаңғыру» дәуірлері арасындағы уақытта (орта ғасырда) діни түсінік үстемдік жасаған. Христиандықтың пайда болуы, немесе варварлар шапқыншылы нәтижесінде Рим империясының құлауы (б.д. Ү ғ.), еуропалық санада «Ежелгі» дәуірдің соңы деп аталады. Еуропа халқы «ежелгі» деп есептеген антика мәдениетінен бұрын өмір сүрген, көне Шығыс өркениеттерінің адамзат қауымы дамуына тигізген ықпалының үлкендігі көп жылдар бойы мәлімсіз болды. Шығыс елдерінің шынайы зерттелуі Пекинде өмір сүрген иезуиттердің еуропалықтарды Конфуций ілімдерімен, таң қаларлық “қытайдың салтанатты рәсімдерімен” таныстырған ХҮІІІ ғасырдан басталды. Осы кезде парсы жерінен Үнді еліне келіп орналасқан зороастрларда сақталған мазмұны беймәлім қолжазба Францияға әкелінеді. Ғасыр соңына қарай Үндістандағы британ әкімшілігі, жергілікті брахман абыздары көмегімен қасиетті кітап мазмұнын, ежелгі және орта ғасырлық үнділердің әдеби тілі үлгісінде (санскрит) оқуға қол жеткізеді. Осылайша, ежелгі Иран діні – зорастризмнің қасиетті кітабы Авеста мазмұнының сыры ашылып, оның санскриттегі мәтінінің, ежелгі дәуірде ұлы өркениет ошағына айналған елдер тілдерімен көптеген ортақ белгілерінің бар екені анықталады. Отарлау саясатының етек алуымен Шығыс елдеріне қызығушылық арта түседі. Зерттеу жұмыстарының қарқыны артқан сайын, ежелгі Шығыс мәдениетінің ғасырлар қойнауына сіңген көнелік ауқымы да тереңдеп, б.д.д. І мыңжылдығына жататын жаңа Ассирия сарайы орындары ашылады. Қос өзен аңғарындағы (Тигр мен Евфрат өзендері арасы) ежелгі мекендерді терең қазып, зерттеу нәтижесінде археологтар Гомер мен Геродот өмір сүрген кезде адам есінде қалмаған, гректер білмеген, Шумерлер мәдениеті туралы деректерге кезігеді. Леонард Вулли (1880-1960) Ур қаласындағы шумерлер қабірінен б.д.д. ІІІ мыңжылдыққа жататын лазуриттен жасалған керемет зергерлік өнер ескерткішін: жорық, той, арфа және алтынмен безендірілген сақалы бар бұқаның басы бейнеленген «штандартты» (ескіше штандарт –жалау) табады. Адамзат мәдениеті тарихының өте тереңге кететінін алғашқы қауымдық құрылыстан соң өмірге енген мәдениет тарихы, меншік сипатының өзгеруі, әлеуметтік бөлінудің тереңдеуі, көпшілікке танымал билік жүйелерінің қалыптасуы көрсетеді. Осы уақытта адам санасы мен әлеуметтік қатынастардың түпкілікті өзгергенін айғақтап, өмірге жазу өнері және т.б рухани құндылықтыр енеді. Сондықтан б.д.д. ІҮ мыңжылдықтың соңында ежелгі Шығыста мәдени дамудың жолына түскен халықтар тарихы, болашақ адамзат үшін негіз, өркениеттің бастауы ретінде қарастырылады… Байырғы заманда гүлденген мәдениетке қол жеткізген Мидия патшалығының ежелгі парсы ФИЛОСОФИЯ ФИЛОСОФИЯ 248 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы жерінен Каспий теңізі жағалауына дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқаны белгілі. Вавилон патшасы Навуходоносордың Мидия патшайымына үйленіп, елін сағынған жұбайының көңілін көтеру үшін тарихта, әлемнің жеті кереметінің бірі аталатын «Семиримиданың аспалы бағын» салдырғаны оқырманның есінде болар. Міне, осы мидиялықтар Вавилонмен күш біріктіріп, тарихта ең алғашқы империя құрған, халық тұрмысын жеңілдететін өндіргіш күштерді емес, соғыс қару- жарақтарын барынша жетілдірген Ассирия елінің әскерлерін б.д.д. 612 жылы тас- талқан етіп жеңіп, оның астанасы Ниневия қаласын өртке орайды. Наум пайғамбар: «Ниневия тоналды! Оны енді кім есіркеп жұбатады?» деген қала, ұзақ жылдар бойы ұрпақтар жадынан өшеді. Тек 1766 жылы дат ғалымы, саяхатшы Карстен Нибурдің ізденімпаздығы нәтижесінде ежелгі Ниневияның орны табылады. Ассирияның әлемге аты танымал Ашшурбанипал патшасының кітапханасы теңдесі жоқ рухани қазына болды. Онда сол кездің әртүрлі тілдерінде жазылған «саз кітаптар» сақталды. Осы кітаптардың жиналуына тікелей басшылық жасаған, заманының ірі патшасы ғана емес, ғұламасы да болған ол: «Мен, Ашшурбанипал, Набу (ғылым мен жазу өнері құдайы) даналығын ұғындым, көшірмешілердің бар өнерін, шеберлердің қаншама білімін игердім… Жазу өнерінің құпия сырын түсіндім…» – деген мақтанышын әлемге паш етеді. Жазу өнерінің, алғашқы дыбыстық әріптердің пайда болған жері Шумерлер елі екенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп берді. Дегенмен, осы күнге дейін батысшыл көзқарас сарынынан болар, финикиялық Кадм немесе Адм деген біреудің Грецияға жазу өнерін алып келгені туралы, гректерден жеткен аңыз мәліметіне сүйуден, арнайы әдебиеттерде алғашқы жазу өнерінің пайда болуы финикиялықтарға таңылады. Финикия елінің де өз дамуында қол жеткізген табыстарына күмән келтіруге болмас, бірақ жазу өнері, саз кітапшалар оларға дейін пайда болған. Гомер финикиялық саудагерлерді «теңіздің қу қонақтары» деп айтады. Финикиялықтар Грецияда делдалдық саудамен, алтын, күміс, піл сүйегі, иіс майларды қымбат бағаға сатумен айналысқан. Ұлы ақын олардан қарапайым гректерді алдап, сазға отырғызған зұлым алыпсатарларды көрген. Дегенмен арнайы әдебиет деректерінде олардың өнерлі құрлысшылар, қолөнер шеберлері ретінде әр түрлі нәзік бұйымдар жасағаны, матаны әдемі түстерге бояй білгендері, өнерлі саудагерлер ретінде танымал болғандары да айтылады. Финикия патшасы Хирамом Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Тире қаласында әдемі қарақошқыл бояу жасаудың құпиясын ашып, ежелгі әлемде аты шығады… Сауаттылар қай уақытта да үлкен сұранысқа ие болды. Олар ғибадатхана, мұрағаттар, кітапханаларда жұмыс істеп, билік иелері мен патшаларға қызметтер көрсетеді. Археологиялық жұмыстар кезінде табылған жәдігерлер шумерлердің саз кітапшаларға жазуды алғашында жоғарыдан төмен қарай, сосын оңнан солға қарай жазғандарынан деректер береді. Аморейлер шумерлер елін жаулап алғаннан кейін, жазу өнеріне өзгеріс еніп, енді ол көлбеу жазық бойымен солдан оңға қарай жазыла бастайды. Осыдан да болар, жоғарыдан төмен қарай (қытай), оңнан солға қарай (араб елдері), солдан оңға қарай (еуропа) жазылатын жазу өнерлерінің негізі пайда болды. Олар бүгінге дейін жетті десек артық болмас. Қала орындарына қазба жұмыстарының жүргізілуі, шумерлердің жазба деректері сырының ашылуы, олардың өркениет дамуының алғашқы сатысында тұрған дамыған халық болғанын көрсетті. Шумерлер тарих сахнасынан кеткенімен, олардың мәдениет саласындағы қол жеткізген табыстары ізсіз жоғалған жоқ. Мысалы шумер жазу өнерін, шумер тілін оны жаулап алушы ассириялықтар мен вавилондықтар қабылдады. Д. Веллард шумер тілінің Вавилонда барлық мақсаттарда қолданылғанынан оның құқық, дін және халықаралық қатынастар тілі болғанынан дерек береді [1, 100]. Мыңдаған жылдар бойы жер астында жатқан «Саз кітаптар» табылып, олар оқылғаннан кейін бізге ежелгі өмір естеліктерінің, байырғы заман даналықтарының, өмір тәжірибелерінің, білімнің, салт-дәстүрлер, өлім мен өмір, сүйіспеншілік туралы әңгімелердің, аңыздар мен жырлардың сыры ашылды. Осындай байырғы заманнан жеткен жәдігердің бірі – «Ахикар өсиеттері». Деректерге қарағанда, ассирия – вавилон тілінде жазылған сол өсиеттің түпнұсқасы емес, бізге тек арамей тіліндегі нұсқасы жеткен. Оның б.д.д. 515 жылға жататын жекелеген бөліктерін О. Робсон 1906 жылы Мысырдан тапқан… … «Ахикар өсиеттерінің» ежелгі шығыс пен қазақ даласының байланысын білдіретін, өмірлік ұстанымға айналған жерлеріне оқырманның өзі көзін жеткізер. Сонымен «Ақикар өсиеттері»: – Егер құпия сөз естісең, онда ол сенің жаныңда өлетін болсын. Сенің аузыңда лаулаған 249 № 3 (76) 2010 көмірге айналып, тіліңді күйдірмесін, сенің жаныңа қайғы – қасірет әкелмесін және сені құдайға қарсы күпірлікке душар етпесін, итермелемесін десең, ол құпияны ешкімге ашпа. – Ұлым менің, не естісең соны жұртқа жайма, не көрсең соны айтпа. – Арқанның түйілген түйінін шешпе, қажет болмаса жаңа түйін түйме. – Сенің әйеліңмен зинақорлық жасамасын десең, өзіңнің жақыныңның әйелімен зинақорлыққа барма. – Ерте көктемде гүлдейтін, бірақ басқалармен салыстырғанда, жемісін кеш беретін бадам ағашына ұқсама. Дұрысы тұт ағашы тәрізді болған, ол кеш гүлдейді, бірақ оның жемісінің дәмін бәрінен бұрын татасың. – Көзіңді төмен сал, немесе даусыңды көтерме, өйткені қатты сөзбен ғимарат тұрғызылмайды. Егер айқайдың күшімен үй тұрғызылатын болса, онда есек күн сайын екі үй тұрғызар еді. Егер соқаны тек күш қана қозғалтатын болса, оның қамытын түйенің мойнынан ешқашан шешпеген болар еді. – Ақымақпен шарап ішкенше, дұрысы ғалыммен тас тасыған. – Өз шарабыңды тақуа, сопының моласына төк, бірақ оны ұждансызбен бірге ішпе. – Ақылды адаммен бірге жүрсең адасып кетпейсің, ақымақпен бірге жүрсең ақыл қонбайды. – Есті, данышпанмен бірге бол – ақыл, парасатқа ие боласың, көк езу болғың келмесе мылжыңдардан алыс жүр. – Аяқ киімің берік кезде, өзіңнің ұлдарың мен немерелеріңе тыңнан таптап жол сал. – Өзіңе не тиесілі болса, соны азық қыл, басқаныкіне қолыңды созба. – Бейшара адаммен бірге отырып, тіпті нан да жеме. – Сенің жауың береке тапқан кезде реніш білдірме, ал ол бақытсыздыққа душар болғанда шаттанба. – Шамадан тыс сөзі көп, сонымен бірге даусы ащщы әйелге жақындама. – Әйелдің сұлулығына сұқтанба, оған жүрегің ешқашан ынтықпасын. Өйткені әйелдің ақиқат сұлулығы оның мінезінің жұмсақтығында, ал сүйкімділігі сөзінің қысқалығында. – Егер кездескен жауың саған жамандық ойласа, оны өз ақылыңның күшімен қарусыздандыр. – Өзіңнің ұлың сенен күшті болып өсіп, саған қарсы шығатындай болғанын күтпей, жаман істерімен ұятқа қалдырмай тұрғанда, жас кезінен оны тәртіпке үйрет. – Өтірікшінің сөзі жыртқыш құс тәрізді: тек ақылы кем адам ғана, оның сөзін талғамсыз қылғып жұта береді. – Өзіңнің әкең мен өзіңнің шешеңнің қарғысына қалма, өйткені басқаша жағдайда өз балаларыңның жетістіктеріне сен қуана алмайсың. – Қарусыз жолға шықпа, өйткені өзіңнің жауыңды қашан және қайдан кездестіретініңді білмейсің. – Ағашты бұтақтары мен жемістері, ал тауды қалың орманның безендіретіні тәрізді, ер адамды оның балалары мен әйелі әдемі көрсетеді. – «Менің қожам ақымақ, ал мен ақылдылаумын» деп ешқашан айтпа. – Басқалар сені ақылды деп есептемей тұрғанда, «Мен ақылдымын» дегенді ойыңа алма. – Өзінің қожасын тастап кетіп, сенің ізіңе ерген итті таспен ұрып қу. – Әр түрлі жолдарға түсіп, тоз-тоз болған қойлар, қасқырға оп-оңай азық болады. – Сенің кеңірдегіңнен аяғымен бассын демесең, жақыныңа өкшеңді басуға мүмкіндік берме. – Есті адамды ақылды сөзбен соқ, жаздың күні ауруға безгек қалай қатты әсер етсе, оның жүрегіне де сондай қатты әсерін тигізсін. Бірақ ақымақты таяқпен қаншама соқсаң да, оны ақкөңіл қыла алмайсың. – Тапсырманы тек ақылды шабарманға бер және оны қалай орындау керек екенін түсіндіріп жатпа. Бірақ, шабарман ақымақ болса, оның орнына өзің жолға шық. – Өз ұлыңды басында нан және сумен сына, ал сосын ақшаң мен мүлкіңді қолына тапсыр. – Мен темір тасып, тас аудардым, бірақ оның бәрі маған, қайын атамның үйінде болғанмен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл болып көрінді. – Жүрегіңнің соқыр болғанынан, екі көзіңнің соқыр болғаны жақсы. – Жақын жердегі досың алыстағы бауырыңнан артық. Жақсы атың әдеміліктен артық. Өйткені жақсы ат мәңгіге қалады, ал әдемілігің семеді, жоғалып кетеді. – Өз қолыңдағы қаздың сүйегі, өзгенің қазанындағы семіз қаздан артық. Сенің қолыңдағы бір 250 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы құс, әуеде ұшып жүрген мың құстан артық. – Жүрекпен толғанып, ой елегінен өтпеген сөз сенің аузыңнан шықпай-ақ қойсын. Өйткені сөйлесіп отырып сүрінгеннен, ойланып отырғанда сүрінген жақсы. – Достарың өзіңнен алшақтап кетпесін десең, әкеңнің достарынан алыс кетпе. – Әміршілердің бау-бақшасына кірме және әлемді билеп-төстеушілердің қыздарына жақындама. – Өзіңнен жасы үлкен адамды көргенде, құрмет белгісін көрсетіп оның алдында орныңнан тұр. – Су қоймасы ауада қалықтап тұрғанда, құс қанатсыз ұшып кеткенде, қарға қар тәрізді ағарғанда, ащщы дәм бал татыған кезде ақымаққа ақыл кіреді. – Адам көзі бастау бұлақ тәрізді: ол қашан топыраққа толмайынша ешқашан, ешнәрсеге тоймайды. – Сенен әбден жалығып, жеккөріп кетсін демесең, өзіңнің досыңа да жиі бара беруге болмайды. – Кім де кім құлағымен тыңдаудан бас тартса, өзінің мойынымен тыңдауға мәжбүр болады. – Жақсылық үшін жақсылықпен жауап берілсе, қастандық үшін қастықпен жауап беріледі. Басқаға арнап ор қазғанның өзі, оған құлайды [2, 37]. Қос өзен елдері жазу өнері – адамзат тарихындағы еңбек құралдарын пайдалана білуден кейін пайда болған ең ғажап жетістіктің бірі. Аға буын ұрпақтардан жеткен, ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тәжірибені жазып алып, болашаққа жеткізудің жаңа жолдарының пайда болуы, өркениет жолына түсуді, эволюциялық шыңдалуды жеделдетті. Алғашқы қауымдық құрылыстан басталған тарихи даму ондаған мыңжылдықтарға созылса, жазу өнері пайда болғаннан кейінгі адамзат қоғамы жетістіктері табыстарының молдығын түсінуге дәледемелердің қажеті болмас. Саз кітапшалар көптеген аңыздық мәліметтерді жеткізді. Мысалы, бір аңызда адамның пайда болу себебі қызықты беріледі. Онда құдайлардың қалалар тұрғызу, егін егу, арықтар қазу тәрізді ауыр дене еңбегімен айналысқысы келмегені айтылады. Сосын, олар балшықтан адамдарды жасап, ауыр жұмысты атқаруды тапсырады… Мәңгілік өмір мәселесі де, осы шумерлер дәуірінен күн тәртібіне қойылған десе болады. Бір аңызда Инанна әйел құдайдың жер астына түскеніне байланысты, жер бетіндегі жасыл желектің солып, өмір мен махаббаттың тоқтағаны айтылса, екіншіде, аңыздық кейіпкер Адапа өзінің балық аулайтын қайығын аударған Оңтүстік желінің қанатын сындырып тастайды. Сол үшін құдайлар сотына шақырылады. Оған аяныш білдірген Ану құдай мәңгілік өмірдің суы мен нанын береді. Өзінің істеген іс-әрекетіне сай жазаға тартыламын, деп ойлаған Адапа дәмнен ауыз тиюден бас тартып, өлетін адамдар қатарында қалып қояды. Мәңгілік өмір тақырыбы – топан су басуы туралы аңызда да көрінісін береді. Адамдарды жаратқанына өкінген құдайлар, оларды топан суға батырып, құртуға шешім қабылдайды. Бірақ, су стихиясы мен даналықтың көрінісі болған Энки құдай, құдайлар шешімін адамның біріне айтып, оны сақтап қалуға ұмтылады. Алдын-ала ескерту алған Зиусудра есімді Шумер тұрғыны үлкен қайық жасап, барынша қажет болар дегенді тиеп, биік тау басына көтерілген соң, алғыс сезімін білдіріп, құрбандығын беріп, қатердің соңын күтеді. Рахымы түскен құдайлар оған мәңгілік өмір сыйлап, өлетін адамдар мекенінен алыс жерге орналастырады. Осыдан төрт мың жыл бұрын жазылған аңыз, біздің есімізге Нұқ пайғамбарды түсіреді. Сына жазуы дәуірінің қызықты жазба ескерткіштерінің бірі «Өмірдің мәні туралы қожасы мен құлының әңгімесі» деп аталады. Ол пікір алмасу түрінде құрылған. Онда құл әрқашан қожасының айтқан пікірін дәлелдей түсетін мысалдар келтіріп отырады. Егер қожасы «Менің әйелді сүйгім келеді» десе, құлы «Иә, менің қожам, иә. Кім де кім әйелді сүйетін болса, сол қайғы мен қасіретін ұмытады». Қожасының қарама-қарсы мазмұнда айтылған «Менің әйелді сүйгім келмейді» деген пікіріне, құл махаббаттың алып келетін қасіретін дәлелдеп «Жоқ, сүймеңіз, қожам менің сүймеңіз. Әйел-шыңырау, ор, қақпан, әйел-ер адамның тамағына қадалған өткір пышақ»,- дейді. Қожа өзінің құдайларды қастерлеп, олардың орнатқан барлық рәсімдерін орындағысы келетінін айтады. Келісімін басын изеп білдірген құл «Құдайларға құрмет игілікті» дейді. Бірақ қожа керісінше пікір де білдіріп: «Менің құдайларға құрбандық бергім келмейді»,- дейді. Құл мысқылмен: «Берме, қожам менің, берме. Өйткені құрбандық бергеніңмен, ит тәрізді, құдайларға тілегіңді орындауды үйрете алмайсың». Әлемдегінің салыстырмалы екеніне көзі жеткен, бар нәрсеге «иә», немесе «жоқ» деп жауап беруге болатынын түсінген қожа, құлының қолдайтын қолдамайтынын білу үшін «Мен сені өлтіремін, құлым менің»,- дейді. Оған құлы қысқаша 251 № 3 (76) 2010 «Расында менің қожам, мен өлгеннен кейін үш күн өмір сүре алады ма екен»,-деп жауап береді. Бұл адамның өлімнен құтыла алмайтынын, қожасының құлынан айырмашылығының жоқтығын білдіретін тәрізді. Құлды өлтіруге болады, бірақ, оның қожасы да өлімнен құтыла алмайды… Жазу өнерінің сыры ашылғаннан кейін ғана адамзат, Ежелгі Қос өзен елдері мәдениеті туралы деректерге ие болды. Қираған сарай, діни ғибадатханалар, қала орындары ұзақ жылдар бойы төбе- төбе болып, топырақ астында көміліп жатты. Шығыстанушы зерттеушілер үшін керемет тарихи жетістіктерді жасырған төбелер: Мукаяр, әл -Ухаймир, Варка және т.б. таптырмас құндылықтар көзіне айналды. Міне, осы төбелер астында сақталған шумер, аккад, ассирия, вавилон әдебиеті, эпостар сыры алғашында ғалымдарға, сосын жалпы жұртшылыққа мәлім болды. Бұрын тек еврейлердің үлесі ретінде ғана қарастырылып келген рухани құндылықтардың “Ескі нанымға” негіз болғаны айғақталды. Археологтар ежелгі мәдениетті қалыптастырған тұрғындардың күнделікті өмірі, тіршілігі, халықтың рухани құндылықтары, қуанышты сәттері мен реніштері, бос уақыттарын қалай өткізгендері жайлы дерек беретін құнды мәліметтер жинады. Деректер осы уақытта, Қос өзен аймағында философиялық деп айтуға болмаса да, философиялық ойдың алғашқы белгілерінің көрініс тапқанын білдіреді. Ежелгі Шығыстың даналық көркем әдебиеті – нақыл, қанатты сөздер, ғибратты әңгімелері жинақтары пайда болады. Олардың көтерген мәселелері мораль, әділеттілік, өмір мен өлім, құмарлық және адамның қорқынышты сәттері туралы болды. «Даналық кітабы» әр түрлі тілдерде жарық көріп, бір мәдениеттен келесі мәдениеттерге көшіп отырды. Кейін осы тәрізді арамей және сирия тілдерінде жарық көрген мәтіндер грек (эллиндік), сосын араб әдебиетіне әсерін тигізеді.

Оставить комментарий

Загрузка...