Алғашқы драматургиялық сахналық тәжірибелер

Қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру мәселесінің ел ішінде «Дала театры» деп атауға әбден лайық халық өнерінің сан қилы түрлері дамып, жетілген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше орны бар. Қазақтың кең даласының әр түкпірінде тұңғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургиялық шығармалардың тууы ­ осы халық шығармашылығының көркемдік құдіреті. Сонымен бірге ұлттық сахна өнерінің тууына ықпал жасаған орыстың театр мәдениеті. Орыстың демократиялық идеясымен қаруланып, олардың озық әдебиетін өнеге тұтқан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы сияқты ұлтымыздың ұлылары өз халқының болашағын орыс халқымен мәдени байланыста деп түсінді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде, поэзиялық шығармаларында, әдеби­педагогикалық қызметтерінде орыс тілін үйренуге, орыс мәдениетін меңгеруге шақырады. Өз халқының ғасырлар бойындағы рухани құрсаудан шығудың жолын орыс мәдениетінен көрген Абай мен Ыбырай орыс классиктерінің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударғаны белгілі. Бұл уақытта орыстың кәсіби театр өнері дамудың шырқау биігіне көтеріледі. Олардың шығармашылық табысы орталықтағы ірі қалалармен шектелмей, шет аймақтарға да кеңінен жайыла бастайды.

Сол кездегі Қазақстанды басқару әкімшілік орталықтары болған Орынбор, Омбы, Ресеймен іргелес отырған Орал сияқты алаларда театрлар ашылып, кәсіби сахна өнері қазақ жеріне де жақындай түседі. Қазақ топырағының іргесіне орналасқан Омбыда 1765 жылы қалалық театрдың ашылуы [1] үлкен маңызы бар мәдени оқиға. XIX ғасырдың екінші жартысында бұл театрдың даңқы жайылып, оның сахнасына батыс және орыс классиктерінің шығармалары қойылады. Ал, Омбы болса өнер мен білімге ұмтылған қазақ жастарының төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды. Халқымыздың ұлы ғалымы, демократ­ағартушысы Шоқан Уәлихановтан бастап, онан кейінгі кезеңдерге дейін қазақ жастарының білім алып, мәдениетке араласуы осы қаламен тығыз байланысты. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, т.б. болды. Бұлармен бірге білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де осы қалада әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, өнер мен мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да осы Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардагер ұлдарының орыстың озық мәдениетінен үйреніп, театр өмірімен таныс болуы олардың келешектегі шығармашылық ізденістерінің сәтті басталып, тез жетіліп қалыптасуына себеп болғаны даусыз. 1916 жылғы қара жұмыс майданына Жұмат Шанинмен бірге барған Қалыбек Қуанышбаев төңкеріс қарсаңында Омбыға жұмыс іздеп келгенде өмірінде тұңғыш рет осындағы театрдың бір спектаклінің жарым­жартысын көріп таң қалғанын айтады. Төңкерістен бұрын оқу іздеп, білімге ұмтылған қазақ жастарының көбірек жиналған орталығының бірі ­ Орынбор.

Читайте также:  ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ ДЕФОРМАЦИИ ПЕДАГОГОВ

Мұнда кәсіби театр 1869 жылдың 14 қаңтарынан бастап жұмыс істеген. Ал, Қазақстан топырағындағы тұңғыш орыс театры Орал қаласында 1860 жылы ұйымдастырылды. Бұл театрлардың қай­қайсысын болсын жергілікті әкімшілік орындары өз мүдделері үшін пайдаланбақ болды. Орынбор өлкесінің генерал­губернаторы Крыжановский өзінің әкімшілік жүргізген кезінен (1863 ж.) бастап жергілікті халыққа әсер ететін құралдың бірі — театр деп ұғып, оның ашылуын тездетуді ұлықтан өтінген. Дүниеден кеше ғана өткен заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов ағамызбен осы Ж.Аймауытов туралы талай тілдесіп едік. «Кейін, кейін» деп жүріп, ақыры 1984 жылы сәуір айында: «Саған керегі Жүсіпбектің өнердегі орны ғой, ­ деп бастады әңгімесін, ­ Бұрын шығармаларын оқып жүрген мен онымен Орынборда жақын таныстым. Өз басым қазақта мұндай білімді, жан­жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек тұңғыш роман жазған тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын. Ал, осыдан өзің қорытынды жасай бер де, іздей бер архивтерден… Оның драматургиялық шығармалары да шымыр, бүгінгіні бейнелейтін идеялық өткірлігі, көркемдік шоқтығы биік болып келетін. 20­шы жылдары жазушылықты бастағандар, кейін шығармаларын қайта қарап, өзгертіп, өңдеп шыққаны белгілі. Мұхтар да, мен де, басқалар да сөйтті. Жүсіпбекке шығармаларын қайта қарау бұйырмай кетті… Маржандай тізілген әсем жазуы тасқа басылғандай сұлу болатын. Мен оған еліктедім, ол жазғанын көшірмейтін. Менің жазушылыққа бет бұруым, шынын айтсам Жүсіпбектің ықпалы». 1929 жылы әйгілі Бутырка түрмесінде жатып жазып қалдырған бір шумақ өлеңін жазушы З.Ақышев өзінің естелігінде келтіріпті.

Оставить комментарий