Алғашқы қоғамдар туралы

Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгісі және бірден­бір жаратылыстығы – отбасы. Бірақ сол отбасының өзінде де балалар әкесімен оған мұқтаж кезінде ғана байланысты. Ол мұқтаждық жойылған бойда жаратылыстық байланыс үзіледі, Әкесіне бағыну қажеттігінен құтылған балалар және балалар қамын жеу міндетінен құтылған әке енді бірдей тәуелді болып шығады. Егер олар бірге тұра берсе де, олардың екендігі қатынастары жаратылыстық қажеттілік емес, ерікті қатынас; ал отбасының өзі тек келісіммен маталады. Осынау ортақ бостандық адам табиғатының салдары. Оның бірінші заңы – өзін­өзі қорғау, оның бірінші қамы – адам өзіне­өзі қарыздар нәрселер, және кәмелетке жеткен бойда, ол енді өзін сақтау үшін қандай құралдар жарайтынын өзі шыдауға тиіс, осылай ол өз билігі өзіндегі қожайын болып шығады. Сонымен, отбасы – қажет десеңіз, саяси қоғамдардың алғашқы бейнесі, әмірші – әке секілді, халық – балалар секілді, және тең де бостан болып туған барша, өз бостандығын басқаға берген күнде де, тек өз пайдасы үшін береді. Барлық айырмашылық мынада ғана: отбасында әкенің балаларға сүйіспеншілігі олардың әке қамқорлығына қайтаратын парызымен өтеледі; ал Мемлекетте әміршінің қолындағы биліктен алатын ләззаты халыққа сүйіспеншілікті алмастырады. Гроций адамдарда кез­келген өкімет халық мүддесі үшін құрылады деген ойды теріске шығарып, құлдық қоғамды мысал ретінде келтіреді 1 . Өзінің толғамдарында ол көбінесе құқықтың негізі тиісті факттың болуы деп біледі. Неғұрлым дәйекті, бірақ тирандар үшін қайткенде қолайлы бола алмайтын әдістерді қолдануға болар еді.

Гроцийдің пікірі бойынша, демек, мына нәрсе анық емес: адамзат баласы әлдеқандай жүз адамның уысында ма, әлде керісінше, сол жүз адам адамзат баласының уысында ма, және өз кітабының өн бойында ол осы екі пікірдің алғашқысына ойысатын тәрізді. Гоббс та солай деп ойлайды. Осылайша, адамзат баласы мал табындарына бөлінген болып шығады, олардың әрқайсысында өз жетекшісі болады да; ол өз табынын қорек ету үшін ғана қорғайды. Бақташының оз табынымен салыстырғанда, асқақ табиғаттың туындысы екендігі секілді, адамдар бақташысы да, яғни олардың басшысы да қоластындағы халқы жөнінде сондай асқақ табиғат туындысы. Филонның ақпары бойынша, император Калигула осылай ойлап, осындай салыстырудан әбден­ақ табиғи қорытынды жасаған: корольдер дегеніміз құдайлар, яки оның бодандары – мал. Ондай Калигуланың толғамы бізді Гоббс пен Гроцийдің толғамдарына қайта оралтады. Олардың бәрінен бұрын Аристотель де адамдар табиғатынан тіпті де тең емес, біреулер құл болу үшін, біреулер қожайын болу үшін туады деген. Аристотельдікі жөн, бірақ ол салдарды себеп деп қабылдаған. Құлдықта туған кез­ келген адам құл болу үшін туады; бұдан артық ештеңе де дұрыс бола алмайды. Бұғаудағы құл бәрінен де, тіпті құлдықтан құтылу тілегінен де айырылады, өздерінің мал тәрізді ахуалын жақсы көріп кеткен Улисстің жолдастары секілді олар құлдықты ұната бастайды.

Читайте также:  Зиярат ету салтындағы "айналу жоралғысы"

Сонымен, егер табиғаты жағынан құлдар болса, оның себебі табиғатқа жат құлдар болғандықтан ғана. Күш алғашқы құлдарды жасаған, олардың қорқақтығы оларды мәңгілік құлға айналдырған. Мен король Адам туралы да, Сатурнның балалары секілді бүкіл дүниені өзара бөлісіп алған үш ұлы монархтың әкесі император Нұх туралы да ештеңе айтқан жоқпын; Сатурнның ұлдарын кейде сол монархтар деп те білген. Менің соншалық қарапайымдылығыма алғыс та айтылар деп үміттенемін; өйткені, мен сол тақсырлардың бірінің, (тіпті үлкенінің де болуы мүмкін) тікелей ұрпағы болғандықтан, кім білсін, куәліктер тексерілгеннен кейін, мен адамзат баласының заңды королі де болып шыға келермін? Қалай болған күнде де, Робинзонның жападан­жалғыз жүргендіктен аралдың бірден­бір иесі болғаны секілді, Адамның дүниенің жалғыз әміршісі болғанын ешкім де теріске шығара алмайды, және де осынау ешкіммен бөліспей билеп­төстеудегі ыңғайлы нәрсе – өз тағында мықтап отырған монарх бүліктерден де, сол метан да, қаскүнемдерден де қорықпайтын.

Оставить комментарий